Астана мен Токио: диалог пен ынтымақтастықты нығайту жолында 2014 жылы 16 шілдеде Бішкекте «Орталық Азия – Жапония»



жүктеу 37.58 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі37.58 Kb.
: images -> ArchivNewsAll
ArchivNewsAll -> Посол рк в Палестине по совместительству Б. Сарсенбаев встретился с Президентом Палестины Махмудом Аббасом
ArchivNewsAll -> Қазақстан Елшісі А. Бердібай Иордания Королі Абдалла II сенім грамоталарын тапсырды
ArchivNewsAll -> Самая высокотиражная газета Турции «Заман» издала спецвыпуск, посвященный Дню Независимости Казахстана в турции вышел в свет специальный номер
ArchivNewsAll -> Н. А. Назарбаева в столичном университете «Атылым» Турции состоялся научно-практический семинар
ArchivNewsAll -> Посол Казахстана К. Лама Шариф аккредитован при Международном агентстве по возобновляемым источникам энергии
ArchivNewsAll -> Юко презентовала свой инвестиционный потенциал в Польше
ArchivNewsAll -> «Подарок Сталину» показан в Вашингтоне
ArchivNewsAll -> Астанада халықаралық Адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел өтті
ArchivNewsAll -> Внеочередные выборы Президента Казахстана прошли в России
ArchivNewsAll -> БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы отырысының қатысушылары ясжтш күшіне енуіне қол жеткізуге шақырды
Астана мен Токио: диалог пен ынтымақтастықты

нығайту жолында
2014 жылы 16 шілдеде Бішкекте «Орталық Азия – Жапония» диалогы мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің V Кеңесін өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кишидамен кездесіп, екіжақты және көпжақты форматтағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сұхбаттастар диалогтың жоғары деңгейдегі жалғасының, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, азаматтардың өзара қатынасуын жеңілдетудің мүмкіндіктерін қарастырды. Е. Ыдырысов пен Ф. Кишида Қостанайда Toyota Fortuner автокөлік өндірісінің іске қосылғанының зор маңызын атап өтіп, бұл іс басқа жапондық автоөндірушілеріне жол ашатындығына үміт білдірді. Сонымен қатар, атом энергетикасы мен сирек металдар өдірісі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жасалынған қолайлы мүмкіндіктер атап өтілді.

Экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы сөз қозғағанда, Ф. Кишида Қазақстан-2050 Стратегиясының мақсаттарына жетуді көздейтін Қазақстан реформаларының бағытын Жапонияның қолдайтындығын жария етіп, кіші және орта бизнестің дамуында жапон тарапының қатысу мүмкіндіктерін атап өтті.

Екі сыртқы саяси мекемелердің басшылары Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндіктерін қарастырды. Олар ҚР-да ү.ж. 15 шілдеден бастап Жапония және тағы тоғыз ел үшін бір жақты визасыз тәртіптің орнағаны Қазақстанға туристер мен инвесторлар ағымын арттырады деген үміттерін білдірді. Ф.Кишида әріптесіне Жапония, өз кезегінде, дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттар иелері үшін визалық талаптарды жою мәселесін жедел түрде қарастырады деп айтты.

Е.Ыдырысов Жапонияны ресми түрде Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды және жаңа энергетика саласында өздерінің өнімдері мен технологияларымен аты шыққан жапониялық компаниялар белсенді атсалысады деген сенімін білдірді.

Сұхбаттасушы тараптар БҰҰ мен ЮНЕСКО секілді ұйымдарда өзара ықпалдастықты нығайтуға келісті. Және жақында ғана Қазақстанның да, Жапонияның да Ұлы Жібек Жолындағы бірқатар объектілері ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енуінің маңызы ерекше аталып өтілді.

Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ынтымақтастығы бөлек талқыға салынды. Соның ішінде, ЭЫДҰ-ның Қазақстанға арнайы елдік бағдарламасын әзірлеу қарастырылды. Жапония Қазақстанның болашақта аталмыш ұйымға кіруіне алып келетін осы ынтымақтастықтың одан әрі дамуын қолдайды деп атап өтті токиолық дипломат.

Көпжақты кездесу үшін Бішкекте бас қосқан алты сыртқы істер министрлерінің жиналу себебіне тоқтала келе, Е.Ыдырысов пен Ф.Кишида «Орталық Азия + Жапония» Диалогының аймақтық мәселелерді ұжымдық талқылау мен шешуге қажетті механизм ретінде одан әрі даму маңыздылығын атап өтті.



Астана и Токио: укрепляя диалог и сотрудничество
16 июля 2014 года в Бишкеке, в рамках проведения V Совещания министров иностранных дел стран-участниц Диалога «Центральная Азия - Япония», Министр иностранных дел Республики Казахстан Ерлан Идрисов провел встречу с Министром иностранных дел Японии Фумио Кишида, в ходе которой главы внешнеполитических ведомств обсудили актуальные вопросы взаимодействия в двустороннем и многостороннем форматах.

Собеседники рассмотрели перспективы продолжения диалога на высшем уровне, торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества, облегчения взаимных поездок граждан. Е. Идрисов и Ф. Кишида отметили большое значение запуска производства автомобилей Toyota Fortuner в Кустанае и выразили надежду, что это проложит путь для других японских автопроизводителей. Были также отмечены благоприятные перспективы для дальнейшего развития сотрудничества в сфере атомной энергетики и разработки редкоземельных металлов.

Говоря о перспективах экономического сотрудничества, Ф. Кишида заявил о поддержке Японией курса реформ Казахстана, нацеленного на достижение целей Стратегии Казахстан-2050, отметив возможности японского участия в развитии малого и среднего бизнеса.

Главы двух внешнеполитических ведомств рассмотрели возможности открытия прямого авиационного сообщения между Казахстаном и Японией. Они выразили надежду на то, что введение РК безвизового режима в одностороннем порядке для граждан Японии и еще девяти стран с 15 июля с.г. приведет к увеличению потоков туристов и инвесторов в Казахстан. Ф. Кишида заверил коллегу, что в свою очередь Япония оперативно рассмотрит вопрос отмены визовых требований для владельцев дипломатических и служебных паспортов.

Е. Идрисов официально пригласил Японию к участию в международной специализированной выставке ЭКСПО-2017 в Астане и выразил надежду на то, что японские компании, известные своими наработками и технологиями в сфере новой энергетики, примут в ней активное участие.

Собеседники договорились наращивать сотрудничество в таких организациях, как ООН и ЮНЕСКО. При этом была особо отмечена важность недавнего включения в список мирового культурного наследия ЮНЕСКО ряда объектов Великого шелкового пути и в Казахстане, и в Японии.



Отдельно было рассмотрено сотрудничество Казахстана с Организацией Экономического Сотрудничества и Развития (ОЭСР), в том числе в свете разработки страновой программы ОЭСР для РК. Япония приветствует дальнейшее развитие этого сотрудничества с перспективой вступления Казахстана в нее, отметил токийский дипломат.

Обращаясь к поводу прибытия в Бишкек шести министров иностранных дел для многосторонней встречи, Е. Идрисов и Ф. Кишида отметили большое значение продолжения Диалога "Центральная Азия плюс Япония" в качестве востребованного механизма коллективного рассмотрения и решения проблем региона.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет