Астананың қақ төрінен бой көтерген еңсесі биік Президент әкімшілігі Ақорданың оң жақ қанатынан орын тепкен Жоғарғы соттың жаңа ғимараты алыстан көз тартатын, жаңа астанаға ерекше көрік беріп тұрған сәулет құрылысы



жүктеу 38.14 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі38.14 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 3e991277e4729d234625709d001b8901 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Тарих тағылымы алаштың ардақты қайраткері заңгер ДосмҰхамедов хақында
$FILE -> ҚҰҚЫҚТЫҚ экология

ЖАҢАЛЫҚ

Астананың қақ төрінен бой көтерген еңсесі биік Президент әкімшілігі – Ақорданың оң жақ қанатынан орын тепкен Жоғарғы соттың жаңа ғимараты алыстан көз тартатын, жаңа астанаға ерекше көрік беріп тұрған сәулет құрылысы. Мемлекеттік жоғары орындар Үкімет және Сенат пен Мәжіліс ғимараттарымен бір ансамбльдік кешенде өзіндік сәні мен салтанаты жарасымдылық тапқан әділдіктің ақ отауы.

Жалпы көлемі 18853,6 шаршы метр аумақты алып жатқан, төрт қабаттан тұратын бұл ғимараттың құрылысы 2003 жылы сәуір айында басталып, өткен жылдың желтоқсан айының басында барлық жасау-жабдығымен дайын болды. 16 желтоқсандағы Тәуелсіздік мерекесі күні Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев келіп, салтанатты түрде ашып берді. Бүгінгі заман үлгісімен жабдықталған бұл ғимарат көркемдігі мен сәулет құрылысы жағынан әлемдік үлгідегі ең озығы. ТМД елдері мемлекеттеріндегі сот жүйесінің әлі ешқайсысының қолы жетпеген құтты қоныс.

Онда сот өндірісін заман талабына сай жүргізуге арналған кабинеттер барлық ұйымдастыру техникаларымен толық жабдықталған. Кең де, жарық бөлмелерге жарасымды қойылған құрал-жабдықтар, жиһаздар Жоғарғы соттың судьялары мен оларға қызмет көрсететін аппарат мамандары еркін отырып жұмыс жасауға жақсы мүмкіндік туғызары сөзсіз. Түрлі салада қызмет көрсетуге арналған 300 орындықты конференция залы, алқа мәжілістеріне арналған төрт зал талапқа сай жабдықталған. Ғимаратта барлық қызметкерлерге тұрмыстық қызмет көрсететін жүз қырық орындықты екі түрлі асхана, жеке өз алдына қазандық қойылған жылу жүйесі және АТС бар.

Судьялар үшін ең озық үлгімен жабдықталып берілген бұл ғимарат сот әділдігін жүзеге асыруда еліміздегі демократиялық құқықтық мемлекет құру жолында атқарылып жатқан жарқын істерге адал қызмет көрсететін болады.

Босағасы берік бағаналармен бекіген, кіреберістегі табалдырығы текшелене барып, көтерілген баспалдақтар ақ отаудай шеңберлене бой түзеген дәлізге ұласады. Дәліздің қақ ортасында дөңгелене салынған, бірнеше шүмегінен мөлдір су аққан “Ақиқат” композициясының монументі орналасқан. Бұл композиция бірнеше компанентті бір идеяға жинақтаған құрылымы ерекше өнер туындысы. Негізінен ақ пен сары түстен құралған металл қоспалары халқымыздың “Алтындай артақты, күмістей салмақты” бол деген ұғымын береді. Композицияның қарсы бетіндегі асқар тау оған бедерлеп, шекіп салынған барыс, күн бейнелі адам халқымыздың мыңдаған жылғы тарихын, мықтылығын, биіктігін, дәстүр-салты мен өнерін бейнелейді. Тізбектелген түйе керуені халқымыздың осы әлетке шаршамай жеткен төзімділігін, мықтылығы мен кемеңгерлігін паш етеді. Түйе өркешіндегі шудаланған қанат тәрізді бедерлер “Алысқа самға, қанатың талмасын!” деген ұғым береді. Асқар таудың ұшар басынан тік түскен үш жолақ аспан мен жерді жалғаған комета ізі шыңарғымызды шырқау биікке көтерген уық іспетті. Шаңырақтағы шар үстінде аспан көкке талпынған жас нәресте күнәдан мұнтаздай таза періштедей пәктіктің, адалдық бейнесі. Әрі халқымыздың “Асқар таудай биік бол!” деген бата-тілегін білдіреді. Осы нәресте “Ақиқат” композициясын жинақтап тұрған әділдіктің, шындықтың идеясы - әділдіктің ақ отауына бірден-бір жарасым беретін символ ретінде таңдап алынған.

“Ақиқат” композициясын шебер қиюластырып жасауға жетекшілік еткен белгілі көркем сурет шебері, жуырда ғана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған Ерболат Төлепбаев. Топ мүшелері: Республика суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Қайрат Сұраншы, дизайнер Арыстанбек Шалбаев, композицияны орындаған мүсіншілер мен мен қалыптаушылар Б. Әлбосынов, С. Қонарбаев, Б. Валиев, И. Нәдіров.

Жоғарғы сот ғимаратының дөңгеленген әр қабатында көз тартатын өнер туындылары аз емес. Ақшаңқан түсті қабырғаларға сән беріп тұрған көркем суретттердің шінде “Менің Отаным – Қазақстан” панно-гобелені қазіргі замандағы ұлттық қол өнеріміз бен еуропалық қолдан тоқу дәстүрлі өнерін ұштастыра қолдану арқылы дүниеге келген бұл туынды көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкені. Оның ұзындығы 12, ені екі метрге жетіп, үлкен полотноны құрайды. Автордың ойлаған мақсатын көркем тілмен келістіре жеткізген, өте сәтті шыққан шығарма. Гобелен бетінде қазақ халқының бай тарихы мен дәстүр-салты тартымды суреттелген. Мыңдаған жылдарға созылып жатқан еліміздің тарихында өзінің ұлттық қадір-қасиетімен есте қалған тарихи оқиғалар, тұрмыс-салтын бейнелеген суреттер мен тарихи ескерткіштердің көшірмелері мазмұн жағынан бірін-бірі толықтырып тұрған айшықтар. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Жамбыл мұражайы, Алматы мен Астана қаласының қазіргі заманғы сәулет-құрылысы бір-бірімен жарасымды кескінделген. Гобеленнің тура ортасында ұлттық киім киген, бір-біріне қарама-қарсы періштелер сияқты ұшып келе жатқан қазақтың екі жас өрені бейнеленген. Олардың шырқау төбесінде күн бейнелі шаңырақ, одан сәл төменде көк күмбезді Ел Президентінің Ақордасы асқақтайды. Бұл тәуелсіз еліміздің биікке көтеріліп, дамып бара жатқан кескінін бейнелейді.

Жоғарғы Сот ғимаратындағы тағы да бір атап айтар жаңалық, “Қазақстан Республикасының құқық тарихының музейінің” ашылуы. Музейге 160 шаршы метр кең бөлме бөлінген. Оның іші музей ережесіне сай жабдықталып, безендірілген. Еліміздің құқық тарихын қамтитын төрт бөлімнен тұрады. Яғни, көне Түркі дәуірінен бастау алатын “Ежелгі замандағы дәстүрлі құқық және билер соты”, “Ресей патшасының заңдары және дәстүрлі құқық”, “Кеңестік дәуір”, “Тәуелсіз Қазақстан” бөліміндегі экспонаттар құқық тарихынан мол мағлұмат береді.

Халқымыздың “Би болсын, би түсетін үй болсын” деген қанатты сөзінің астарында ата-бабамыздың шындық үшін ақыл-парасатын сарқа жұмсаған, сот ісін әділдікпен атқарған азаматтардың кіршіксіз еңбегіне деген зор құрметтің белгісі жатыр емес пе. Ендеше бұл ғимарат шындық іздеп сотқа жүгінген көпшіліктің мұң-мұқтажын шынайы шешіп беретін әділдіктің ақ отау болмақ.


Қанапия ОМАРХАНОВ,

Жоғарғы Сот аппаратының

бас консультанты



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет