Ата- ана жиналысы



жүктеу 78.83 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі78.83 Kb.
:
Ата- Ана жиналысы.

Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі жиналысқа қатысып отырған ата-аналар және құрметті қонақтар . Бүгінгі ата-аналар жиналысын ашық деп жариялауға рухсат етіңіздер .


--- (көрініс )

(плакатта салынған суретке қарап айту )

Ия, осы миуа ағашымыз мектеп болса , ондағы жас жеткіншек жемісі деп , қарап , жемісі шырынды болу үшін , білімді , тәрбиелі , адамгершілігі мол азамат қалыптасуы керек .Ырыс алды ынтымақ демекші ,ынтымақ –істі бітірер , ата-анамен ұстаз арасындағы байланыс жалғасын тауып жатса , нұр үстіне нұр ғой .

Сондықтан ,бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы :



,, Білімді азамат –ел ертеңі .

(Лекция)Қандайда азамат, қоғам мүшесі , сол болашақ қоғамның қандай болуын , бүгінгі мектептегі тәрбиеден басталады . Осы бағытта мектебімізде жүйелі жүргізіліп келе жатқан өзін -өзі , бірін –бірі бағалау диагностикасы әр жыл аяғында жүргізіліп, сол бойынша жаңа оқу жылына жоспар құрамыз . Ол-13 критерилерден тұрады. Солардың ішінен бүгінгі пікіралыс тәрбие, денсаулық , оқу , ұқыптылық бағыттары талқыланады .

Осы зеріттеулерге сәйкес адам бойындағы адамгершілік асыл қасиеттеріне арнағым келеді .

Адамгершілік тәрбиесі –адамның моральдық қасиеттерін , мінез-құлқы мен тәртібін ,адамгершілік сезімі мен санасы белгілі бір мақсатқа бағыттап қарастыру .

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына , ең алдымен ,Отанға , елге деген сүйіспеншілік , борыш сезімін тәрбиелеу , жолдастық , достық , жанашырлыққа баулу , үлкенді сыйлау , тыңдау , беделін мойындау , еңбек адамдарын құрметтеу , қамқорлық жасау , адалдыққа , шыншылдыққа ,қарапайымдылыққа , мақсаттылыққа , табандылыққа , белсенділікке , батылдыққа ,ұстамдылыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу жатады . Осы тәрбиенің негізгі жолы – оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін , іс -әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру .

Адамгершілік тәрбиесі имандылық тұрғысынан , адамның барлық әрекетіне , әдетіне және барлық мінез –құлқына дұрыс бағыт беріп , жөн сілтеп отыратын , Отанын , халқын сүюге үйрететін тәрбие . Оқушылардың адамгершілік тұралы түсінігі мол болғанымен ,тәжірибеде іс-әрекеті , тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жайлар кездеседі .Олар жақсы , жаман әдеттерді білгенімен , оны өз өміріне сәйкестендіре , тәртібінде іске асыра алмайды . Өйткені ережені есте сақтау оңай , да оны іске асыру қиын .Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін , іс- әрекетін ұйымдастыруды көздейді . Өйткені бүгінгі бала – ертенгі ата-ана , бала тәрбиелеуші ұлт рухындағы халық өкілі , ел намысын қорғаушы , ата-бабаларымыздың ісін жалғастырушы мәңгілік күш .

(Негізгі бөлім )


Отан –отбасынан басталады демекші , тәрбиенің бастауын ата- аналардан бастайық . Бүгін сіздер ,,Жас ұрпақтың рухани сәулеткері ,, атты клубна жиналып отырсыздар .Мұнда 4- секция мына бағыттар бойынша жұмыс істейді. 1) тәрбие ,2)денсаулық, 3) оқу( мектеп ) ,4) ұқыптылық ( гүл) бағыттары.
--( ата-аналарды топқа бөліп отырғызу қолдарындағы қағаз бойынша топ жетекшілерін сайлау , тұрғызып таныстыру )

Бүгінгі біздің мақсатымыз : мына миуалы ағаштағы жеміс – баламыз деп , қарап суыққа үсітпей , құртқа жегізбей, шырынды да , тәтті алма қылып өсіруіміз керек .
Тапсырма.-1.Тәрбие бағытына сұрақ .

Бала тәрбиесінің жоғары болуындағы менің ықпалым ..

,,Денсаулық,, бағытына :Баланың дені болуына отбасының ықпалы.



,,Білім,, бағытына : Өз баламның оқу үлгерімі жоғары денгейде болуына отбасының ықпалы .

,, Ұқыптылық ,, бағытына : Қоғам мүлкіне ,жеке меншік мүлкіне деген, жауапкершілігіне менің ықпалым .

(әр топ өз бағыттары бойынша жұмыс жасайды , алдарына плакат , маркер таратылады , ойларын сурет салама ,сөзбен жазасыздарма өз еріктеріңіз )

---белгілі уақыт беріледі .(10-мин )
(Тақтада жазылып тұрады. Содан қарап оқу )
,,Адамға ең бірінші білім емес , тәрбие берілуі керек . Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы . Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі ,, ( Әбу Насыр Әл-Фараби) айтқандай

- ең бірінші тәрбие бағытына сөз берейік .



1 - ата-ана( топ жетекшісі ) плакат бойынша топ алдына шағып қорғайды
2.Басқа бағыттағы топтар толықтырады .

3-бейне таспаға назар аударыңыздар . Бұдан 1- желтоқсан СПИД) ЖҚТБ мен күрестің Бүкіләлемдік күніне байланысты 9-11 сыныптар аралығында театырланған қойылымды сот түрінде өткізілген .



  • Назар аударыңыздар . Осы көрініс қазақ қызына тән қасиет не ? сіздердің ойларыңыз .

Тәрбие деңгейін диагностикалық зерттеу бойынша айту.
Ұлы данышпан ұстаздар әңгімесінен :

--Ұлы ұстаз Ыбрай Алтынсариннің мысалынан үзінді тыңдаңыздар ; ,, Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрады . Қасынан жарлы кісі өтіп бара жатып , оқымыстыға иіліп сәлем береді . Оған оқымысты одан да төменірек басын иіп қайтара сәлем береді . Сонда қасындағы бай :

-Тақсыр , осынша біліміңіз бар ғалымсыз , сөйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп , неге сәлем бердіңіз ? – деп сұрапты . Сонда ғалым тұрып :

- Ешбір ғылым – білім үйренбеген кісі сонша иіліп , әдептілігін көрсеткенде , менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді ,- депті .

Тәрбие көзі ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек , ата-ана – сол насихатты жүргізуші.

Тәрбиелі – Тәртіптің құлы ,

Тәртіпті – елдің ұлы . (Б. Момышұлы )
Тәртіп – адамдардың қоғамдағы келісімді іс- қимылын реттейтін тетік , соны іске қосу ережелерінің сөзсіз орындалуы мен барысын қадағалайтын қоғамдық құрал , Ол адамның жеке және қоғамдық өмірінде , күнделікті тұрмыс пен рухани тіршілікте , ұжымдық , қоғамдық және мемлекеттік істе ерекше маңызды .Бәленің көбі тәртіпсіздіктен туындайды . Алғашында тәртіпті босаңсытып алып , қайтып оны жолға қоя алмай жатқан қазіргі кезде тәртіпсіздіктен қандай бейберекет істер , қайғылы оқиғалар туындағаны баршаға аян . Тәртіп - өзіңді- өзің қадағалаудың , өзіңді -өзің басқарудың көрінісі мен құралы . Бұл өз иланымыңмен , саналы түрде істелмесе , сырттан танылған , күштің , зорлау ретінде қабылданса , жағымсыз ауыртпалыққа немесе іс жүзінде мәні жоқ бос сөзге айналады .

  • плакаттағы ағаштың жапырағына тәрбие сөзін жазу



2-) Баланың саулығы –ұлттың байлығы .Денсаулық бағытына сөз берейік . 2-сұрақ . Баланың дені сау болуына отбасының ықпалы .

1- топ жетекшісі қорғайды .

2- басқа топтар толықтырады. (Бейне таспадан үзінді ).Сот үрдісі аяқталғаннан кейін басты кейіпкерлермен ,,Пусть говарят,, теле бағдарлама негізінде талқылаған . Содан үзіндіге назар аударыңыздар .Мынадай сұраққа жауап беріңіздер .(Маржанның анасына қойған сұрағы) .Сіздер осы сұраққа не деп жауап берер едіңіздер?сіздер осы жайлы әнгіме қозғайсыздарма ?

1- Данышпан сөздеріне сүйенсек ...

,, Денсаулыққа зор кесел,

Үйрене көрме шылымға

Насыбай ,арақ , анаша,

Қайшы келер ғылымға ,, - деп ақын айтқандай , бүгінгі қоғамымыздағы жастардың ауруы – темекі , арақ , есірткі, жуқпалы ауру болып отыр . Қазақта атадан балаға мирас болып келе жатқан ,, аурудың алдын ал ,, деген сөз бар.Осыны мықтап еске алайық ағайын .

Адамның денсаулығы –ол тазалық , өң –түсінің шырайлылығы , өмір жасының ұзақтығы , тұла бойының сәнділігі , өз қадыр қасиетінің бағалауы , айналасына тартымдылығы , сүйкімділігі деген сөз .
2- диагностикалық зерттеулерге қарасақ . Диагностикада салауатты өмір салты деген бөлігі бар .Сол бойынша екі жылғы қорытындысы 2003-2004 оқу жылында 2,35 болса , 2004-2005 оқу жылында 2,53 –ке көтерілген ( ең жоғары бал-3).Қорытынды :өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарайтыны байқалған.

Плкаттағы ағаштың жапырағына денсаулық деген сөз жазу керек


3) ,, Білім ,, бағыты . Өз баламның оқу үлгерімі жоғары денгейде болуына отбасының ықпалы .

-- ата-ана қорғауы .

-- толықтырады .

-Сіздің балаңыз үйге ,,2,, алып келсе , сіз не айтасыз ?

Плакаттың екінші жағына ; ата-ана : неге оқымайсың,ақылсызсың , қолыңнан ештеңе келмейді , ұятқа қалдырасың , енді еш жерге бармайсың .-деп айтамыз.

Осындай жағдайда мінез –құлқымызды түзетіп көрейік. Ол үшін : байланыста болу керек , көмектесу керек , сену керек.

Бірақ..... сенбейміз, ерінеміз , уақытымыз жоқ . Осы бірақты жойсақ , бала екісін жояды , талпыну деңгейін де көтереді.
-- диагностикалық зерттеу бойынша ,, оқу кезіндегі өзіндік дамыту ,, бөлігі бойынша 2003-2004 оқу жылында 2,57болса , 2004-2005 оқу жылында 2,26 . себебі айтқызу (жас ерекшеліктеріне байланысты , кішірек кезде өзін жағары бағалайды …


  • Плакаттағы ағаштың жапырағына білім деген сөз жазу керек


Ойын ,, Хат жазу ,, Баланың білім алатын жері мектеп балғандықтан ата-ана мен пән мұғалімінің арасындағы байланыс мақсатында талап ,тілектеріңізді хат арқылы жолдаңыздар.

Барлығын оқуға уақыт тығыз ,сондықтан қазір бір хатты ғана қарау ) қалған хаттарға келесіде жауап аласыздар пән мұғ. сөз.

4- ),,Ұқыптылық ,,бағыты : Қоғам мүлкіне ,жеке меншік мүлкіне деген, жауапкершілігіне менің ықпалым .

1-- Ата-ана сөзі.

2- толықтыру ( мектеп мүлкі ; парта , кітабы,дәптері, мектеп киімі , екінші аяқ киім , қоғамдық және бөтен жеке меншікке үнемділігі)

3--Диагностика бойынша 2003-2004 о.ж 2,64 ; 2004-2005 о.ж 2.

4- пайдалы ұсыныстар: ,,Бала – жастан ,, - демекші мектеп жасындағы бала ең алдымен өзінің жеке мүлкін , оқу құралдарын , киім –кешегін , төсек орнын таза ұстап дағдыланса ,өсе келе , осыны өзінің өмірлік нормасына айналдырады да , күнбе –күн бәрін солай болуға тиісті нәрсе деп есептеп, айттырмай-ақ істей беретін болады .
Плакаттағы ағаштың жапырағына ұқыптылық деген сөз жазу керек

Тест .
Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?

Тест қорытындысы:

4-6 “а” жауабы болса-ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Ең дұрысы Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.

3 немесе одан аз “а” жауабы-өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.

(Қорытынды бөлім)


1 ;Ия, бүгінгі өткізілген жиналысымызды қортындылай келе адамзат қоғамының алдында тұрған ұлы міндеттердің бірі -өзінің ұрпағын жалғастыратын , саналыда , сапалы ұрпақ тәрбиелеу үшін – адамгершілік тәрбиесінің маңызын аштық деп айта аламыз . Адам мен қоғам үнемі дамуға қарай өзгерісте болса , кешегі күнге қарағанда , бүгінгі күннің талабы өте жоғары , яғни , жетілген , саналы , жан-жақты дамыған ,,Ел ертеңі – саналы азаматты тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру екендігін , оған әсер ететін факторлар :

  • Орта

  • Отбасы

  • Мектеп

екендігін ескере келе , осы факторлардың ынтымақтастығының нәтижесі – миуалы ағаштың басындағы –пысқан жемісі ,- деп айта аламыз . Бұл жеміс – біздің ертеңіміз-біздің тәрбиеміздің жемісі , жас Қазақстанымыздың барыстай азаматы .

Ұрпақ гүлденсе ел жаңарады . Көргенді ұрпақтан көреген дана тарайды . Міне , осыны мықтап есте ұстағанымыз абзал.


2-Ата-анаға сөз ( бүгінгі жиналыстан алған әсерлеріңіз , пікірлеріңіз болса ).

Бағалау . Бүгінгі клубымызға келіп пікір алмасып қатысқандарыңыз үшін рахмет айтамын . 4-секцияда өте жақсы жұмыс жасады баға беріңіз . Құдабаева С.


(Үйге тапсырма )беру, ата-ана есіне деген парақты тарату .



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет