Ата-ана, ескеріңіз! Баламен сөйлесудің 9 ережесі



Дата01.12.2019
өлшемі106.34 Kb.
Ата-ана, ескеріңіз!

Баламен сөйлесудің 9 ережесі.

1. Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз, мазасыз болады.

2. Өте шаршап қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл-ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес.

3. Қызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенің сезінбесін. Қызметіңіз сізге ұнайды, баланы жақсы көресіз.

4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында келген баланы итермеңіз. Бала - адам, ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады.

5. Бала көмекші, әрі отбасының тең құқылы мүшесі. Ыдыс жуу, еден жуу сияқты үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып, баланы жалықтырмаңыз. Неге қоқысты бала төгу керек? Себебі, сіз бұйырасыз.

6. Бала арқылы мен білемге салмаңыз. Сіз ересексіз, сондықтан көп білесіз. Егер де балаңыз басқалармен салыстырғанда өзіне, өз күшіне сенімді болсын десеңіз, бала ересектердей ой түйетінін сезінетіндей сөйлесіңіз.

7. Жұмыс - бұл жанұяны қамтамасыз ететін құрал. Егер өз өміріңіз үшін жұмыс маңызды болса, бала өзін бақытсыз, және тез ержетуге асығады.

8. Тыңдай біліңіз. Көпшілігіміз баланың ісі шала, сөзі маңызды емес деп санаймыз. Ол кішкентай болғанмен «глобальды» болуы мүмкін. Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды. Егер балаға сондай көзқарас танытсаңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды.

9. Баламен кеңесіңіз. Өз ойларыңызбен уайыммен бөлісіңіз. Ақыл-кеңес сұраңыз және соған жүгіңіз.



Сіздің балаңыздың «Жоқ» деп айтуына 10 кеңес.

- Сіз балаңызбен ішімдік пен есірткі заттар туралы әңгімелесіңіз.

- Шын мәнісінде сізбалаңызды тыңдауға үйреніңіз.

- Балаңызға өзіңізге қатысты жақсы нәрсені қабылдауға көмектесіңіз.

- Балаңыздың санасына қымбат құндылықтарды қалыптастыруға тырысыңыз.

- Балаңызға керемет үлгі болыңыз.

- Балаңыздың өз құрдастарының ықпалына қарсы тұра алуына көмектесіңіз.

- Отбасылық ережелерді жасаңыз.

- Салауатты өмір салтын ұсынуды, шығармашылық белсенділікті көтермелеңіз.

- Өзге ата-аналармен бірігіңіз.

- Егер сізді проблема деген күдік туса, не істейтінізді ойлап табыңыз.

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым,

мінез деген нәрселермен озады.

Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де -

ақымақшылық.

Шығыс даналығы

В.А. Сухомлинскийдің отбасылық тәрбиеге байланысты айтқан өсиеттері:

- намысына тиме,

- қорқытпа,

- уәде беруге талап етпе;

- шектен тыс көп ақыл айтпа;

- өз қатенді мойындауға қорықпа,

- тәрбиені өзіңнен баста;

- өз балаңа сен,

- балаға өзіне сенуге көмектес!


Балаңызға айналайын деп айтудың 77 мүмкіндігі

Балаға деген сүйіспеншілігіміз бен махаббатымызды білдіру арқылы оның өзін-өзі дамытуы мен шындауына себеп боламыз. Ең бастысы - сол сөздерді шын жүрегімізбен білдіру.

1. Жарайсын!

2. Жақсы!

3. Қысылма!

4. Таң қаларлық!

5. Мен күткеннен де жақсы!

6. Менен де жақсы!

7. Керемет!

8. Ғажап!

9. Таланттылық!

10. Міне, осы жақсы болды!

11. Өте мейірімді!

12. Өте жақсы!

13. Қиялдағыдай!

14. Тамаша!

15. Өте тартымды!

16. Жан-жақты!

17. Жоғарғы деңгей!

18. Бәрі ойдағыдай!

19. Ұмытылмастай!

20. Ақынжандылық!

21. Тамаша бастау!

22. Зергердің ісіндей!

23. Тамаша айтылды!

24. Жақсы ойластырылған!

25. Жүйелі жұмыс!

26. Сен үшін мақтанамын!

27. Ұқсамайды!

28. Бұл бір таңғажайып оқиға!

29. Сен нағыз ғалымсың!

30. Үнсіз қолын қысу!

31. Жақсы орындалған!

32. Мені де осылай үйретші!

33. Үнсіз құшақтау!

34. Үнсіз басынан сипау!

35. Сенсіз маған қиын!

36. Сен ылғи қуантасың!

37. Теңеу жоқ!

38. Әдемі!

39. Ертегідей!

40. Өте түсінікті!

41. Анық көрсетілген!

42. Өте жарқын!

43. Өте ғажапсың!

44. Дарындысың!

45. Бүгін көп нәрсе істедің!

46. Керегі дәл осы еді!

47. Ух! Қандай!

48. Құттықтаймын!

49. Қуаныштымын!

50. Дұрыс жолдасың!

51. Осы бағытта жалғастыр!

52. Бәрін жақсы істедің!

53. Бәрін байқайсын!

54. Өте жеңіл орындадың!

55. Анық ой!

56. Өте сәтті орындадың!

57. Осы қалпында қажетсің!

58. Бұрынғыдан да өте жақсы!

59. Тура энциклопедиялық білім!

60. Сен түпкі тамырына қарайсың!

61. Бар күшіңді салатыныңды білдім!

62. Меніңше, сен ұғып алдың!

63. Сенен артық сұлу жан жоқ!

64. Сені ешкім ауыстыра алмайды!

65. Осындай жұмыс істегеніңді көргенде бақыттымын!

66. Сенің қуанатының, толғанатының мен үшін маңызды!

67. Құттықтаймын! Сен өте әдемі салдың!

68. Күннен күнге бірден бәрі жақсарып келеді!

69. Мен өзім бұлай істей алмас едім!

70. Менің ішкі жан дүниеме әсер етеді!.

71. Сенің көмегің маған сондай қажет!

72. Осыны ұзақ күттік!

73. Тек алға ұмтыл!

74. Егер саған бір-нәрсе болма, маған қиын болады!

75. Бүгін сен өз-өзіңе келдің!

76. Меніңше, сенің ақылың жетеді!

77. Сен менің нағыз қорғанымсың!

Оқушылар үшін кеңестер

Сабаққа жақсы дайындалу үшін көптеген мәліметтерді есте сақтау керек. Бұны іске асыру оңай, егер сіз оның жолын білсеңіз.

Есте сақтаудың заңдылықтары.

1. Жақсы түсініп алғаның, есінде тез қалады.

2. Шоғырланып жаттағаннан гөрі реттеліп жаттаған тиімді. Бәрін бірден жаттамай үзіліспен жатта, көп жаттағанша, шағындап жатта, бірақ үнемі.

3. Көп уақытты қарапайым оқуға бос жібергенше, есте сақтағаныңды қайта жаңғыртуға жіберген тиімді.

4. Егер көп және аз мөлшердегі мағлұматтармен жұмыс істесең, әрине жұмысыңды көп мөлшердегі мағлұматтан бастаған жөн болар.

5. Есте сақтаудың қиындығы көлемнің пропорционалдығына тең келмей өседі. Қысқа тұжырымды жаттағанша, үлкен бөліктерді жаттаған тиімді.

Есте сақтауыңыз жақсы болсын десеңіз оны жаттықтырып отыру өте маңызды.

Ол үшін күнде 20-25 минут бөліп отыру қажет. Жадының жүйелі, жақсы жұмыс істеуі 8-12 сағат аралықтары. Содан кейін есте сақтау өнімділігі біртіндеп төмендейді, ал 17 сағаттан кейін қайта өсе бастайды, егер қатты шаршамасаңыз сағат 19-да жоғары деңгейге жетеді.

Ақыл-ой айробикасы.

Ойды ретке келтіру. Оянғаннан кейін 5-10 минут. Барлық жаттығуларды дауыстап айту керек.

№1- мүмкіндігінше 100-ден 1-ге қарай кему ретімен тез санап шығу керек.

№2- алфавитті айтып шығу керек, бірақ әрбір әріпке сөз ойлап тез айту керек. (А - алма, Ә - әрекет).

№3 - 20 ер адамның есімін тез айтып, нөмірлеу керек (1-Мақсат, 2 - Әскер, т.б.)

Осындай жаттығуларды қыздардың есімімен, тағам аттарымен үйлестіріп айту қажет.

№4 - Жаттығуды орындау барысында көзіңіз ашық болса, енді оларды жұмып 20-ға дейін санап шығыңыз.

Ми шабуылы. Уақыты 10 минут, кез келген журнал, немесе газетті алып орындау қажет. Бір мәтінді алып, оны терісінен аударып, оқыңыз. Оқу жылдамдығыңыз төмендейді, себебі миыңыз ыңғайсыз әрекетке қарсыласады. Дегенмен, бұл сіздің ақыл-ой қабілеттеріңіздің күшейіп жатқанын білдіреді.

Жұмысқа қабілеттілікті сүйемелдеу шарттары:

1. Ақыл-ой және дене еңбегін кезектестіріп отыру.

2. Гимнастикалық жаттығулар жасағанда домалауға, баста тұруға мән беріп отырған дұрыс, себебі ми жасушаларына қан айналымы күшейе түседі.

3. Көзді сақтау керек, ол үшін әрбір 20-30 минут сайын демалып отыру керек.

4. Теледидардан көруді минимумға жеткізу.

Сабаққа дайындық кезінде көз жанарға ауыртпалық түседі.

Көзің шаршаса не істеу керек?

Егер көздеріңіз шаршаса, онда ағза да шаршады: оның күш-қуаты көпке жетпей қалу мүмкін. Ол үшін көзді демалдырып алдырған алған дұрыс. Арналған жаттығулар орындау қажет:

- кезекпен төмен-жоғары қарау, онға-солға;

- көзбен өз аты-жөнінді жазып шығу;

- кезекпен көзқарасынды алыстағы затқа, алдындағы қағазға ауыстырып отыру;

- сағаттың тілі бойынша және кері жаққа көзбен ұшбұрыш, шаршы салу.

Сенің сәттілігіңнің негізі бұл - күн тәртібі.

Күнді үш бөлікке бөл:

*оқуға дайындыққа - 8 сағ;

*спортпен шұғылдануға, таза ауада демалуға, билеуге - 8 сағ;

* 8 сағатты ұйқыға жібер, егер қажет болса, түстен кейін демалып алу керек.

Есте сақтауды жақсарту үшін арнайы мәзір қажет.

жадыны жақсарту үшін

Жаттауды жеңілдету үшін сәбіз жеген дұрыс, өйткені ол мидағы зат алмасуды ынталандырады. Кеңес: жаттаудың алдында бір тарелка сұйық шаймен араласқан ұнтақталған сәбіз жеп алыңыз. Үлкен деректерді сақтау үшін күніне 1 стақан ананас шырынын ішіп отыру тиіс.

Зейінді шоғырландыру үшін

Пияз-миді оттегімен қамтамасыз етуді жақсартады.Күнде жартысын жеп отыру керек.

Жаңғақтар - жүйке жүйесін нығайта түседі, мидың әрекетін ынталандырады.

Сабақта жауап берудің алдындағы алаңдаушылықты жою үшін орамжапырақтан жасалған салат жеп алыңыз. Лимон да ойыңызды сергітіп, қабылдауыңызды жеңілдетеді.

Бойдағы психологиялық-жүйкелік қозуды, тітіркенуді жою тәсілдері:

1. Релаксация.

2. спортпен шұғылдану;

3. кір жуу.

4. сурет салу.

5. сүйікті әнді дауыстап айту.

6. қатты және ақырын айқайлау.

7. билеу.

8. 10 рет терең тыныс алу.

9. Орманда, аулада қыдырып келу.

10. Контрасты (салқын, жылы) душ қабылдау.

Ата-аналар үшін тесттер.
«Баланың дарындылығын анықтау» тесті

Ата-аналар өз байқауларын тексере отырып, өз баласының туа біткен дарынын анықтауға көмектесетін тест.Төмендегі сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет.

1. Сіздің балаңыз белгілі бір затқа ерекше қолданыс тапқан кезі болды ма?

2. Балаңыз өзі жақсы көретін істерін өзгерте ме?

3. Әр түрлі суреттерді салуды ұната ма?

4. Өзінің қиялдаған, елестеткен заттарын салуды ұната ма?

5. Қиял ғажайып әңгімелерді ұната ма?

6. Әңгіме немесе өлең шығара ма?

7. Қағаздан әр түрлі қиын фигураларды қиюды ұната ма?

8. Өзі білмеген немесе бұрын кездеспеген нәрсені жасап көрді ме?

9. Өз ойымен бір нәрсені өзгерту тілегі бола ма?

10. Қараңғыдан қорқа ма?

11. Жаңаша сөз ойлап тапты ма?

12. Бұл сөзді түсіндірмесе де түсінікті деп есептеді ме?

13. Өз тілегіне қарай жиһаздың орнын ауыстырып көрді ме?

14. Бұл ойы сәтті болды ма?

15. Бір нәрсені өз қажетінен басқа жағдайға қолданып көрді ме?

16. Сіздің балаңыз тым кішкене болған кезде, әр түрлі заттардың қолдануын таба алды ма?

17. Киімді сіздің емес, өз талғамына қарай кигенді ұната ма?

18. Басқаларға түсініксіз өзінің жеке жан дүниесі бар ма?

19. Өзі түсінбейтін нәрселердің жауабын іздей ме?

20. Қоршаған құбылыстарды түсіндіруін жиі сұрай ма?

21. Көркемделмеген, суреті аз кітаптарды оқығанды жақсы көре ме?

22. Ойындар мен қызықты көңіл көтерулер ойлап шығарды ма?

23. Көрген түстері мен бастан кешірген жағдайларын есінде сақтап, айта ала ма?

Ұпай санау: әрбір «ия» деген жауапқа - 1 ұпай санаңыз.


Нәтижелері:

20 - 23 ұпай. бала өте алғыр, қоршаған ортаға өзіндік көзқарасы бар, оған көмектесу қажет.

15-19 ұпай. бала үнемі өз қабілетін аша алмайды, ол бір нәрсеге қызыққанда ғана тапқырлық, ойлылық таныта алады.

9 - 14 ұпай. көп білім салаларына жеткілікті ойы бар, бірақ олар үшін жеке көзқарас міндетті емес. Дегенмен шығармашылықпен айналысуға көп нәрселер жетіспейді.

4 - 8 ұпай. балаңыз өзіне қажетті мақсатқа жету үшін ғана шығармашылықпен ойлана алады., тәдірибелік іс-әрекетке бейімі бар.

4-тен төмен. балаға ойлап табушылық жетіспейді, бірақ ол қиын мамандық болса да жақсы орындаушы ретінде жетістікке жете алады.



Сіз қандай ата-анасыз?» тесті

Берілген тұжырымдамалардың қайсысына келіссеңіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.

А) Қолымнан келеді және әрқашанда солай жасаймын. 3 ұпай.

Ә) Қолымнан келеді, бірақ олай жасамаймын. 2 ұпай.

Б) Қолымнан келмейді. 1 ұпай.

Тест сұрақтары:

1. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламен айналысамын.

2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.

3. Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.

4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.

5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де, мен өзімді ұстай алар едім.

6. Баламның орнына өзімді қоя аламын.

7. Мен өзімді 1 минут болса да, «сұлу перизат» немесе «мейірімді сұлтан» ретінде сезіне аламын.

8. Мен өзімнің балалық шағымды бейнем қолайсыз болып көрінетін және сабақ болатындай жағдайды бере аламын.

9. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.

10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын.

11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.

12. Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлесе, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатқан кезде мен үндемеймін.

13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын.

Тесттің кілті:

30-39 ұпай аралығында - өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбатты адам - балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нітижеге ие боласыз.

16-30 ұпай аралығында - бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде тереңірек ойлану қажет.



16 ұпайдан төмен - бала тәрбиесі Сіз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге не білім жетіспейді, не болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен Сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.


Жинақтаған Ғ.Т.Сұлтанова

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет