Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!


Ата жолы тарихаты мен мағрипат ерекшеліктері және масхаб ұстанымы



жүктеу 4.02 Mb.
бет12/24
Дата18.04.2016
өлшемі4.02 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Ата жолы тарихаты мен мағрипат ерекшеліктері және масхаб ұстанымы.

Жалпы адам баласына негізінен алғашқы рухани өлім кедергісінен өту адамзаттың негізгі намаз оқуы болып табылатын; ғылым-білімді меңгеру дәрежесіне яғни жартқанан берілген өзіндік ерекшелік, сынақтарымен тағдыр сөзі болып келген жанды жетілдіріп өсіруге тәуелді болып, бұл жағдайдың жер әлем халқына ортақ мәдениет құндылықтарын қалыптастыруда, адамгершілік еркіндікті қалыптастыру сияқты әрбір мемлекеттің өз ата заңдарымен бекітілген қағидаларын сақтап өмір сүрсе де жеткілікті болмақ. Кейде мұны заманына қарай, адамы деп те ұғынамыз. Заман Алла тағаланың біздерге көрсетіп қойған «Ар» қуаты болып саналады. Сондықтан заманға сай «Ман»-ға жету үшін ардан үлес алуды шариғатты, ұлтық тәрбиені, ар білімін жетілдіріп, меңгеруді қалыптастыру керек. Ар Құдайлық нұр болып, сондықтан аталарымыз «Жаным арымның садақасы» деп «Жар»-дың нұрын алып, рухани өлімді меңгеруді білдірген. Алғашқы рухани күнәлі болмыстың толық өлімі де ақыл толып, кәмелетке жетіп; «Отызыңда (жыланның, күнәнің ордасын) орда бұзбасаң, қырқыңда қамал (ібіліс кедергісін жеңу, ілім сынағы) алмасың» деп ескерткен. Ал енді аятта; «Сендерге екі ерін бір тіл, екі көз жаратып, екі жол көрсетпедім бе, сонда да кедергіден аса алмадыңдар» деген үкімнің осындай надандықтың қамалын бұзып, екінші және үшінші рухани өлім сатыларынан өтудің ерекшелігі де, рухани негіздегі аманат періштелік жанды ақиретке толық тапсырып, сезімдік негіздегі нәпсіні өртеп, жағумен, ұлттық ділінен ғана пайда болатын адамның парсатылығын, зайырлығын қалыптастыратын мінездік, қылықтық жанды жетілдіруді; бұл дінде тарихат, мағрипат деп аталғанымен негізінен әрбір пенде өзінің ұлтық болмысын тауып, тарихи есіне жалғану, діл білімін жетілдіру ата-баба әдет-ғұрпына сай, сөз аманатымен жүктелген тағдырлық ғұрпын толық меңгеруді айтады. Бұл жағдайды атларымыз «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп, бірінші негізгі жанның төрт сападан тұрып, ал екінші болмыстың алтау арқылы нәпсімен, сезімен байланысты екенін ескерткен. Бұл жағдайды 6-шы басылымда (13-11) аят арқылы дәлелдер мен мысалдар көрсеткенбіз. Осы екі санның қимасынан яғни 23-санынан мүміндік қасиеттік кітапқа жалғану арқылы ғана қажылық амалдарды орындауға болады. Болмаса қазіргі таңдағы жасы 40-қа жетпей, жасы келгеннің, аяқ түгіл басының қадірін де білмей, бөріксіз, мүміндік есті-ақылды меңгермеген қажылардың болмысы, тек «мұнафықтық», екі жүзділіктің жетілген түрі болмақ. Бұндай әрбір адам баласының алғашқы иманды меңгеру, сенім дәрежесіндегі міндетті болған кедергі екі жүзділіктен арылудың, орда бұзып, қамалдарды қалай алудың Ата жолының да өз мектебі бар. Негізінен адам өз бетімен бойын сынап, екі жүзділігін анықтай алуы екі талай. Аталарымыз; «Кім екеніңді білгің келсе өзіңді халықтың көзімен қарап үйрен» деп ескертіпті. Ал халықтың көп жағын «Аруақтар» және біртұтас адамдар періштелігі «Біздер» деп атайтынын да естен шығармаған абзал. Сондықтанда ата-жолының мазхабтық өздерін жол-ғылым көзі атаған ұсанымдарымен ерекшелігі де, өз бойын, арлылығын халыққа сынату үшін және қандай қызмет атқаратын дәрежесіне қарамай халықтың өкілетілігін алған жамағатпен бірге кіші керуенге, бес аталрына рухани сезім қуатын алуға шығып, жомартығын көрсетіп, әулиелер аруағының батасымен жетеленіп, Түркістан арқылы үлкен керуеннен де өтіп, әрбір 9-жылдық тәубе сынағымен аманаталған адам баласы шариғат амалдарын; тәубеге келіп күнәлі болмысының білімін анықтау барысында, ойын түзеп; сөз, мінез тазалықтарын жетілдірумен бірге тарихат амалдарын яғни жеті атасына жалғану ұлттық намаздарын да қоса орындай бастайды. Енді ата жолының басты сынағы да әрбір пенде өз еркімен шариғатын, ғұрпын, сөз, тіл мүкістерін қалыптастыру, жетілдіру және екі жүзділігінен арылу керек. Негізінен ата жолынан келген әрбір пенденің белгілі бір жағдайларда қиындықтарға, сынақтарға, әбігерге, екіжүзділікке түсіп барып, мұндай тығырықтан өз ақылымен жол таба алмай екі жүзділікпен келуі де сөзсіз. Оған себеп әрбір адам баласына берілген алғашқы рухани өлім сатысынан өткенінен кейінгі түстермен күнәлі болмысын көрсетумен және аян-аяттары арқылы аманатталған тағдырға берілетін ескертулерді екінің бірі көріп, немесе көргенімен ақ-қарысын, жақсылық-жамандығын ажыратып, жорып іске айналдыруы екі талай. Бұл жағдайда негізінен дін ілімін оқып, үйренбей-ақ әрбір пенденің сауатты, сауатсыздығының да арасын жалғап, тағдырлық несібесін теңестіріп тұратын түс көру қабілеті жартылыстан сыйға берілген алғашқы негізгі жанның білімділігіне, қауымдық аруақ қуатының жүректердің, бірліктердің тазалығына тағдырының мықтылығына да тікелей тәуелді. Сондықтан әрбір пенденің көрген түсі, өткен өмірінің кіші тарихаты, тағдыр болып қалыптасқан өмір тәжрибесінен, қол екі істерінен келген хабарды мойындап, күнәсін екі жүзділігін түсініп, бірақ теріске жақсылыққа қарай жорып және тәубеге келіп, шүкірлік амалымен түзу жолға, сауаппен ақталуға шақырған жаратқанның нығметі, тағдыр кітабыңды оқытуы болып саналады. Өз өткен өміріңдегі тарихи өмір белестеріндегі қалдырған күнәлі іздеріңді тазартып қана енді ата-ана шежіресіне тарихына жалғану басталады. Ал адам бойындағы екі жүзділік жылын ордасын өзі бұза алмаса онда үнемі ескертумен болатын сынақтардан да құтылыуы екі талай. Сондықтан жалпы тарихат дегеннің екі сипаты болып; бірі кітаппен қағаз жүзінде жазылған тарихи білімді, шежірені меңгерумен, екінші ақирет білім арқылы түс білімін яғни шындықты шынға айналдыруды меңгеру керек. Бұрынғы сауатсыздық және кітаптармен, білімнің жетімсіздігі тұсында тарихаттың екінші саласы дәуріштік сопылық жолы арқылы меңгерсе, ал Абай атамыз ғылым, білім арқылы сопылық, тақуалық жолмен дінінің ақиқатына дейін меңгергендігін еңбегінен оқып аянмен көруге жалғануға болады. Ал Шәкәрім атамыз бұл екі жағында тең ұстап, меңгерумен жан сырының ішкі құпиясын, ақиқатын да меңгере білген. Ал ендігі таңдағы тарихат, сопылық жодағыларымызда сол надандық дәуірлердің амалдарына, бөлшек намаздарына оралумен; дінді бір «фонат», жалпы халықтың тағдырынан ерекшеленумен және тәубе сатыларының реттілігімен, рухани өлім сатыларының хикметтерін меңгеруді былай қойғанда білімсіз, кітапсыз құлшылықты «жансыз», сезімге негізделген сопылықты дәріптейді. Негізінен мағрипат білімі тарихатың ішінен ғана пайда болатынын тағы ескерілмейді. Мағрипат біліміне арнаулы кітаптарға жалғанбаса онда тарихат кедергісін қамалын ала-алмаған болып саналатынын әлемнің барлық сопылық топтарында да ескерілмейді және нақты білімі де. намаздарының ерекшелігі де көрсетілмеген. Ал ата жолының сопылығы да, барлық шариғат масхаб амалы да біртұтастай қамтылуымен ерекшеленеді. Сондықтан ата жолында мынау масхабтық, мынау тарихаттық немесе тақуалық, сопылық жол деген болмайды. Әркім шамасына қарай тарихатық, мағрипаттық белестерден кедергілерден өту үшін масхабтық білімін ұлтық әдет-ғұрып, салт дәстүр негізінде жетілдіру шамасына қарай өз бигін қамал, қорған ерекшелігін алуымен; қасиет, дарындылықтарын меңгеру тиіс. Алдыңғы қатардағы ерекше жеңілдік берілген, Ақ ұлдың жанына топтасқан қасиеті аққу, сұңқарлардың тән тазалығын, ата ғұрпын толық мойындап меңгере білмегендіктен орта топ деңгейінде қалғанымен қазіргі тарихатық жолдамыз дегендерден әлде қайда ақпараттық деңгейдің де рухани өлім сатыларынан да биікте тұрғаны сөзсіз. Тек арасындағы шариғат ұстанымына, ата ғұрпына мүлде қарсы немесе екі жүзді қылықтылардың ғана ата жолын ібіліс жолы қылып көрсетумен ақылы сау адамдардың жиркенішін тудырып жүргені де сөзсіз шын. Ал негізінен ата жолының нақты шынайы бейнесін іздесеңіз, онда кейінгі орта буындағылардың 9-жылдық тәуба сатыларынан өтумен, онда да үкімет тарапынан қудалаудан, сынақтарынан сүрінбей өткендердің арасында, енді ғана жемісін беріп келеді. Бұған алда хикметерден нақты дәлел келтіреміз. Бұндай жағдай тек зияратап қана, немесе дін жалбарыну намаздарын орындаумен ғана шектелмей, барлық дүние істері мен ғылым-білім саларына тәуелді болып, соған байланысты 9-жылдық дайындық рухани дәрежелену тәубе сатыларын меңгеру шарт. Ата жолы негізінен қарапайым қара халықтың ортасынан басталып және еліміздің барлық шаруашылық саларын да қамтығаны да сөзсіз. Ата жолына келген қандай да пенденің, біліміне, қызметіне, немесе қандай ортадан шықанына да қарамай, көп жағдайда алғашқы адамзатқа ортақ екі жүзділік тәубелік сынақтарға түсіп, өздігімізден тазарып, рухани жетіле алмай, күнәлі болмысымызды, нәпсімізді өлтіре алмай, сондықтан біреулеріміздің дүние істерінде жолымыз болмай, енді бағзы біреулер түрлі рухани кеселдермен, енді біреулеріміз қанша намаз оқып, жалбарынып шариғат ұсанымдарын да бұзбай, білімді, кәсіпті меңгеріп, мемлекетіміздің заңын бұзбай «ниетім дұрыс» дегенмен, түрлі кедергілерден, қиындықтардан жол іздеп, немесе ұрпақ, жар сүйе алмай, амал жоқ көріпкелдерді, құмалақшыларды, сәуегейлерді жағалап жүріп, әйтеуір кездейсоқ біреулердің себепшілігімен, көрсетуімен ата жолына келгендеріміз де жеткілікті. Жалпы енді ата жолына келмей-ақ, бұндай жағдайдайлардан, «орда бұзып» қыспақтардан шығу үшін, құдайдан сынақ түсіп, нұрдың, аманат сөздің келуімен кейбіреулерінің қауымдық аруақтары яғни жеті атасында қасиетті, әулие болған ата-аналары болса және жартылыстан мықты тағдырмен туылған болса; мұндай қараңғылықтан, күнәнің құлдығынан түрлі сынақтармен, жан түршігерлік қорқыныштармен, тозақтарды аралатып өлімге, азаптарға кездестірумен, жанды тазартушы аруақтарының, күзетшілерінің жетелеп алып шығары сөзсіз. Себебі аятта; «Әрбір қауым өзін өзгертпейінше Алла оны өзгертуші емес» деп өз ата-аналарыңды, аруақтарыңды иман келтіруге аралық себепші қылдым, деген жаратқанның айқын берген уәде, серті бар. Сондықтан да бәрібір қандай дәрежелі хан, патша, ғұлама болсаң да тарихи есімізге, жандағы жадымызға, аруақ, жан білімінің заңдылығына жүгінеріміз де сөзсіз. Бірақ мұндай алғашқы рухани сатыдан өтіп, өз дәрежесінде иман келтіріп, халқымыздың жалпы ортақ мүддесіне сай өмір сүріп, ақылы толуымен, кейде тән өсуі тоқтап (34-жаста) жасы келуімен, енді екінші рухани дәреженің, тәнді тазарту арқылы имандылық қуатын меңгеруге өз бетімен із кесіп, өз қауымын жетілдіруге ізденген адам баласын, жолында отырып өз қауымына қосылып кетуден тосатын, бір топты өзге топтан үстем деп отанын, рухын сататын, бабалары иіріп берген «Ар»-жарық және жыныс аралық «Қа» (шаш) (уақтық) ала жібін тарқатып, дінді басқа жағдайда бөлшектейтін, өздерін бәрінен білгіш санайтын, арамызда ақылы қысқа білімсіз, сезім жетегінде жүрген жыланның ордасын емес, ұлтының рухани ордасын бұзатын қатын құсаған топтықтар да болып, бұдан да жоғары намаз оқуды жетілдіріп, түрлі зікірлермен бас айналдыратын топтардың, білгіш пірлердің де тосып тұруы да, екінші бір сәл ғана жоғары 19-санды негізгі сынақ тәубаның, екі жүзділіктің орта топтың, қызылбастық намаз оқушылар сатысына көтеріліп, бәрібір жан, діл білімі жетілмеген жағдайда, қайтадан құдыққа құлап қараңғылыққа тап болуы да қазақ еліндегі қалыпты жағдай. Иман қуаты мәңгілік тұрақты зат емес, толықтырып, тазартып жетілдіріп тұрмаса көлікке құйған жанар май сияқты өз межесіне жеткенен кейін таусылатыны да хақ. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз; «Зікіршіл тіл, шүкіршіл жүрек, таусылмайтын иман сұраңдар!», деп ескертіпті. Ал ұлтық діл білімі жетілмеген діни топтардың ортасына түскен әрбір пенденің; тарихатына, шежіресіне жат, жалған сенім-нанымы бекіп, болмаса пірге, ұстазға сенім келтірумен «тәкледи иманы» яғни тақсырлық, құлдық иманы пайда болып, пірлерінің арқасында ғана өзін-өзін ерекше жетілдірген, кеудесін керіп, тура жолға түсіп, көкке күнде көтерілгендей бес сезімге бөлейтін қалыпқа түсумен қайта рухани адасуы әбден мүмкін. Бұл құлдыққа түскен құлдың бір қожайынан босап, екінші бір қожайынның қарамағына өткендегі өзін бір бостандыққа шықанындай сезінгені сияқты. Бұндай иман келтірудің алғашқы «Сұбханалла, Әлхамдулла» сатыларын толық меңгеріп, Алла жолында мал-жаныңмен соғысқа шығып, қамал бұзып рухани өлім дәрежесінен өтіп; «Аллауақбар» таспихымен яғни жартқанның растығымен Раббымызбен жолығып нұсқауларын алмайынша өте қауіпті және екі жүзді иманның негізі болып қаланады. Сондықтан шын иесін табу яғни Раббысының нұрына жеке аруағымен, көместегі сыңары «Бір» жүрегімен қайта табысу екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Бұндай жағдайды аятта; «Расында адамзатты әбігер жараттық.(4) Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?(5) «Толып жатқан мал ысрап етім» дейді. (6) Оны біреу көрмеді деп ойлай ма? (7) Оған екі көз жартападық па?(8) Әрі бір тіл, екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) Бұл аяттар бойынша егер сандар мәндерің сырымен тәпсірлесе ата жолының қағидалары осы сүремен аталарымыз өсиет еткен мақалдың; «Отызыңда орда бұзып, қырқыңда қамал алатын», «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні» болып ескертіп тұр. Екі жолдың аманат болып жүктеліп, аянмен, уахимен көрсетілу сырын; бірі тарихат ал екіншісі мағрипат яғни ғылым, білімен даналықты, сабырлық қуатты толық меңгеру жолы. Бұл жағдайға тек ана тілің «бір»-дің ірге тасы кірпіші болып қаланып, ішкі сыры 13-кірпіш, ал көктік сыры 31-кірпішпен бірліктердің жиынтығымен Алланың сүйген құлы «Лұқманға» (Лұқ-ар; Ман-насыр) айналу ата жолының басты қағидасы. Ол үшінде алдымен тән тазалығын, шариғат құндылықтарын толық меңгеру арқылы ғана жүректегі сөзден хабар беретін екі ерін сөзі сұхбатты меңгеру яғни бас пен аяқтың тұтас тазаруының белгісі; бойдың толық қалыптасып, еттегі теріс санды білімдер тазарып, 7-кітап болып қол сүйектерінде аруақ болып, пері-бой болып теріде жазылып, оның жүрекпен байланысты кітабы екі ерінмен көрнісін табатын, тәубенің 10-шы дәрежесін яғни 99-санын, үшінші рухани өлімнен кейінгі сүнетелу істерін меңгеруді меңзеп тұр. Ал тарихат құндылығының қазақ халқында масхаб білімі болып, салт-дәстүрімізге яғни тұрақты намазымызға айналғанын Міржақып атамыз: «Тарих дейтін-бұрынғы заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғұн бір ғылым. (Тарихат) Қазақтың көбі оны «Шежіре» деп атайды. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мағлұм деп түсінеді. Тарих түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих-халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүниеде түзушіліктің (нұрландырушы дін) кітабы, тіршіліктің жолбасшысы деуге де болады. Келешек күнің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұртар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих нет айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп,не бітіргендігі, қандай құты (иман қуаты) барлығы, ол құтты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады. Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Сол секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы...» Сонымен сопылық ағымдамын, тарихаттамын деген ұғымның өзі болашағымды тағдырымды, тарихи шежіремді жаңғыртып қайта құрып жатырмын деген ұғымды береді. Шындығында қазіргі таңдағы осындай тарихат сопылық ағымдары өз тағдырларын мықтап тұрғызып, болашақтың баққытты ұрпағы қатарынан табыла алды ма екен? Оны өзіңіз ақыл таразысына салып байқап көріңіз. Негізінен қазіргі таңдағы тек намаз оқудың соңына түсіп алған тарихаттық сопылық ағымдарымыз тек адасушылықты ғана яғни тура жолдың қисығына түсіп алған, жеке-жеке біріміз білімнің, біреулеріміз ілімнің соңына түсіп оларды тазартып, ортасын белгілеп, бастарын «бір» көңілде тоғыстыратын кітап шындығымызды яғни аян, уахимызды көріп, ести алмайтын қараңғылықтарға түсіп, жүрек көздерінің жабылуынан деп біліңіз. Тарихат құндылықтарын меңгеру адам баласының шығармашылық дарындылықтарының, өткен тарихы оқиғалардың ақ-қарсын ажыратуға әулиелердің меңгерген хикметті кітаптарымен жалғана білуімен де ерекшеленеді. Және әрбір мұндай тақуалық қабілетке жеткен адам баласының тарихи құндылықтардың ұмыт қалған тұстарын түзеп, ескіргенін жаңалап, тылсымнан хабар алатын көріпкелдік қасиетті, яғни білмегенін ақиреттегі білгендерден сұрап, жауап алатын қабілеті ашылып; «Төртеуі де түгел» болуы керек. Мұндай шығармашылыққа және қазақ елінің дін ілімі, тура жолы тарихат, мағрипат құндылықтарын меңгеруде кеңес үкіметіне дейін де жалғасты түрде меңгерген дана аталарымыздың Абай-Шәкәрім сияқты философ, ғалым-сопы аталарымыздың шығармалары айқын дәлелге тұра алады. Абай атамыз тағдырдың екі түрлі жазудан, яғни адам баласында екі тағдырдың бірі тарихат, екіншісін мағрипат болып айқындалып, шариғат арқылы негізгі дін тағдырымызға жалғануын насихатап көрсетіпті. Адам балсының тағдырын негізінен алғашқы екі сөзді жаратқанан келетін рухқа байланысты екенін; «Сөз сатып алып не керек? Тәңір сені екі сөзбен атқан» деп алғашқы тағдырдың нәсілдің ерекшелігін және екі түрлі тағдырдың да болатынын ескерткен. Сондықтан әрбір адам баласының тағдыры екі негізден ана тілі, ата сөзінен пайда болып, бұл сөздің тағдыры бата, уахи болып оқылуы яғни Ата жолы бұрын да болған, қазірде жалғасын тауып жатқаны даусыз. Ал арап сөзі арқылы пайғамбарлар, сахабалар тағдырына жалғануды «шал емшегін ему» деп; «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген астарлы мақалмен, алысқа барма-ақ олардың сөзі атаңның аруақтық кітабында, жандары. Тілге байланысыт діл білімі де жаңбырмен келіп; «Жер емшегін» де еме білуді ескертіпті. Сондықтан тарихатты білімен ғана меңгеріп, жалпы ілім, білімді зертеп, шығармашылықта жүргендер ұлттық ғұрыптық дініміз емес, қызылбастық немесе түрлі жалған сопылық жолдарға түсуімен нақты шындықтың өзін таба алмай ата жолының құлдырауына себепші болғаны да сөзсіз. Тарихат дегеніміз сопылық жол дегеніміз қайдан бастау алады және ол іргелі білімнен бөлек пе?- деген сауалды қойып, енді құран философиясына жүгінсек онда бұл жағдайдың сырын аятта; «Мұхаммед айт; «Әй Кітап иелері! Сендер Інжіл, Тәуратты және Раббылырың тарапынан сендерге (пайғамбарларыңа, жол басшы елшілеріңе) түсірілгендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Міне осы аяттың үкімін орындау барысында Інжіл, Тәурат және ата –бабаларға келген дін істерін ислам дінін енді қабылдағандардың және сауатсыз халық арасында қарсылығын тудырмас үшін астарлы түрде тарихты меңгеру яғни бұрынғы кітап берілгендердің християн, тәурат, зәбурліктердің сопылық, тақуалық амалдарын, намаздарын орындау деп түсіндірген. Негізінен тарихат және мағрипаттық сопылық жолдар Тәураттың барлық жер бетіндегі жаратылыс сырлары мен білімдер жинағы болып, кітап болып түсумен тікелей байланысты. Және бұл сопылық амалдардың негізі Мұса пайғамбарымыздың 40-жыл Қазығұрт жерінде өмір сүрумен, кітап алуымен қалыптасып, оның да негізгі мұрагерлерінің бірі қазақ елі болып табылатынын біле бермейміз. Енді құран, тәуратты қайталайтынын ескерсек, құран ғылымын меңгеру дегеніміз мағрипатты меңгеру яғни туратты, Мұса пайғамбарға түскен нұсқауларды да меңгеру болып есептеледі. Ал тарихатымыз өз тарихымыздан бастау алып, әлемдік шежіре негізі 18-ғаламмен байланысты намаз орындаулары да Інжіл және Ғиса пайғамбарға келген нұсқаулармен, кітаптармен тікелей байланысты. Сопылық таспихтық 11-санды белгімін «Һұд» сүресімен де байланысты бөлігі хақиқатты меңгеру яғни зәбурмен бірге үш кітапты да құран арқылы толық меңгеру және діл білімі болып саналады. Мұхаммед пайғамбарымыз осы алдыңғы 3-кітаптардағы сопылық амалдардың бәрін жетілдіріп, намаз оқу және көктен аяндар алу арқылы, жер, көк есіктеріне жалғанып, рухани өлімдерді тез жетілдіру хикметтері сияқты хаж амалдармен оңайластырумен тура жолдың негізін қалады. Жалпы ол кезде иманның негізгі 60-бұтақты дәрежесін ғана меңгеруді тек санаулы сахабалар ғана тән болғаны да сөзсіз. Сондықтан пайғамбарымыз екінші дәрежелі 70-бұтақты иманның жоғарғы хикметті сатысын меңгеруді; «Негізінен 69-сан қауіпті белес» деп ол кезде тиым салып, пайғамбарымыз сопылық жолдың көптеген намаздарын тек жеке оңаша меңгергенін көрсетеді. Және бұл намаздардың әйел жанымен бірігуге яғни әйел тақуалығына тікелей байланысты болып, ондай тақуалықты тек пайғамбарымыздың жұбайларына ғана парыз болып және бұл әдетті сол қалпымен көшіріп, жұбайларын перделеп ұстаудың өзі осы екінші иман ағашына жалғанудың жоғарғы дәрежелі сопылықты меңгерумен байланысты. Бірақ бұндай жеке әулиелер ғана орындай алған тақуалық сопылық намазадарының сахабалардан кейін масхабтарға бөлінуімен тек Құран аяттарынан ғана үлгі алуымен, тек аты ғана қалып, кейіннен келген жол басшы, әулие-әмбилердің алған кітаптарға, аяттарына мүлде қарсылыққа ауыстырып алатындардың келетінін пайғамбарымызға ашық ескертіп, көрсеткен сүнеттерін, тура жол үлгісін үмметерінің жоғалтып алатына, олар үшін уайым жемей, ақырын күтіп, бұл істерді түзейтін елшінің болатынын астарлы ескертеді. Және Арыстан баба арқылы құрмаммен 1000-түрлі зікір, Алланы еске алу намаздарын орындауды аманаттап, 69-шы яғни тәубенің 7-ші сатысы болған жан тазалығының, тәубалық біліммен, ілімен және діл білімімен байланысты кедергіні меңгеріп, екі иман ағашының да арсын жалғап біртұтас ғұрыптық, жалпы халықтық тағдыр-ғұмырлық үлгісін қалыптастыруды Ясауи бабамызға тапсыруының өзі осы жағдайды растап тұр. Сондықтан иманның рухани негізін толық меңгерудің 60-бұтақты, екінші тағдырлық 4-сөзді жетілдіріп жандық, хақиқаттық 70-бұтақты имандардың бірлігінен 13-сатыдан тұртатын түркілік сопылық жолдың енді жалпы әлемдік білім жолы қалыптасуы ата жолының негізгі шарты болды. Бірақ алғашқы 60-бұтақты иманның тарихаттық бейнесі түгіл, шариғат білімін тура жол қылып алған масхабтық адасулардан кейін ғасырлар өте дін істерімен тура жолын тауып табандары бекіген түркі елдерінде де, әулиелердің азайуымен қызылбастық жол қайта бас көтеріп, қазіргі таңдағы «Нақшпанди», «Ахмедия» т,б бір жақты ілімге, жеке басын рухани тазарып, яғни 60-бұтақты иман негізін қалыптастыруға, ал екінші дәрежесін оймен ғана өлшеп; «жаным хикметті білімге толып, ағарып жетілді» деген пәтуаларға сүйенген сопылық тарихаттары осы қызылбастық жолдың, иманның екінші 11-сатылық жағдайының сипатын орындай алмауын білдіреді. Бірақ негізгі Имам Ағзам әулие көрсеткен шариғат біліміне ған тоқталып қалмай, кейінгі келген әулиелер білімі арқылы жетілген түрде орындауымен де, екі жүзді шариғаттық тәубе құлдығында жүргендердің ызасын келтіріп, үкімет басшыларын да алдап, айдап салумен де қазақ елінде болып жатқан дін сынақтарының жеткілікті белгілері бар. Және мұндай жағдайды құран арқылы теріске алудың үлгісін біздің мүфтият басшы хазіретіміздің жоғарыдағы пәтуасынан; «Оларда берілген діни үкімдерді бекіте келді және алдыңғы кітаптардың (Інжіл, Зәбур, Тәурат аяттарының) үкімін жойған соңғы түскен қасиетті кітап болды.» деген ой жорумен берілген надандық, діни сауатсыздық, ілімсіздік тұжырымының негізі сонау сахабалар заманынан кейін масхабтар арқылы дін істерін бөлшектегендерден (жансыз діншілерден) бастап келе жатқан ескі ұғымды қайта жаңғыртып отырғанын көруге болады. Және біздің ата-жолына қарсы болған бүкіл дін ғалымдарымыздың да, ел басшыларының да әрекеттерін Раббымыз; «Алла бір елді тура жолға салғанан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше (ата–бабаларының аруақтарымен, пайғамбарларымен, елшілерімен сөйлестірмейінше), оларды адастырмайды. Расында Алла әр нәрсені толық білуші.» (9-115) аятпен ашық ата жолының хақиқатын растайды. Енді бұндай ашық үкімге Құранға қарсы шығып, «Алла жер бетіндегі пендесімен сөйлеспейді», дегендердің яғни «Алла жер бетіндегі бұндай қарсылық жағдайды білмейді» деп пайғамбарлардан сұрауға болатынын, куәлік бере алатынын да мүлде ескермей, өздерін тәңір қылып, Алламен бірге теңдес жасап, ортақ қосып кәпір болғандар деп, Құран философиясы жүздеген аяттармен дәлелдер береді. Сондықтан да әрбір тарихат намаздары тылсымнан берілген дәлелдермен, заманға қарай сақсынатын нәрселерді ескерту аяттар-аяндар, уахи, батамен бірге түрлі дарындылықтардың себептік белгілерін хикметтерді меңгерумен яғни заман өзгерістеріне қарай білім, ғылымды жетілдіру мақсатындағы түсіп тұратын мұғжиза кереметермен де тығыз байланысты. Енді дінің алғашқы келген сауатсыздық заманында шариғат ісін Раббымыздан түсіріп тұратын аяндамен яғни Құдай ісіне қосып орындау мүмкін де емес те еді. Сондықтан да сопылық жолдамыз деген сылтаумен ел езіп, халықтан жырақта жүріп жеке басын немесе аздаған шәкіртер арқылы ған дін хикметерін меңгерген әулиелер де жеткілікті тарихта. Ал қазіргі таңдағы қандай да бір хикметті істерді түсіндіруге болатын, білім-ғылымның жетілген заманында және әрбір жер бетінің тұрғынында, екі сөзді тағдырында және әке-шеше қанында, ұлттық діл білімін де, тарихат, мағрипат белгілері де жаратақанан жазылып келеді де қазіргі жастардың өз бетінше дінде, ғылымда ізденіп және адасуға да түсіп жатқаны осы алғашқы жандағы «Карма» заңдылығынан туындап отырғаны сөзсіз. Сондықтан ол замандағы ілімді дінші мен бұл замандағы қарапайым адам баласының өзінің «қармасын» мүлде салыстыруға болмайды. Ол замандағы емес кешегі өткен әулиелеріміз меңгерген кітаптардың белгісі де қазіргі әлі тілі шықпаған ұрпақтарымыздың қанында дайын жазулы тұрғанын және тек шариғат пен ұлтық тәрбиені ғана қалыптастырса әрі қарай жалғастырып, тарихат түгіл, мағрипат сатысын меңгермей-ақ ақиқаттан хикметер алып, мұғжизаларға жалғануға жандарының қабілеттілігі де періштелік қуаттылығы да дайын екенін біле бермейміз. Оған қазіргі туған бабалар арсына шығатын тума дарындарды есептемей-ақ Жабыл атамыздың аруағы қайта жаралып, Жамбыл атты баланың шығарған өлеңінің, сөз мәйегінің азулы ақындарыдың да өзін еріксіз мойындатқанына қазақ елі түгел куә бола алады. Мұндай әлі талай әлемді де таңқалдыратын қазақ ұрпақтарынң өмірге келумен, Ақ ұлға түскен жартақаның сыйы мөр мұғжизасына тікелей байланысты екнін әзірге тек екі жүзді надандарға ғана түсініксіз. Ата жолына ғана байланысты болған мұндай хикметті жайғдайлардың, енді 3-негізгі кітаптардың, көктегі сақтаулы кітаптық, иман жапырақтарына, парақтарына байланысты 11-санды хикметерін құран арқылы меңгеруге байланысты
: public -> upload
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
upload -> ҚҰрамы №165 учаскелік сайлак комиссиясы
upload -> Государственный стандарт республики казахстан
upload -> Национальный стандарт республики казахстан
upload -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
upload -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет