Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!



жүктеу 4.02 Mb.
бет14/24
Дата18.04.2016
өлшемі4.02 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
: public -> upload
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
upload -> ҚҰрамы №165 учаскелік сайлак комиссиясы
upload -> Государственный стандарт республики казахстан
upload -> Национальный стандарт республики казахстан
upload -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
upload -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
Түтінсіз оттан» яғни ішке байқатпай еніп жатқан аптап ыстықтан және кенетен пайда болып игеруге мүмкіндік бермейтін от апатарынан; «Отсыз түтінен»-кенеттен баурап алатын, тыныс жолдары арқылы өкпеге өтіп, қанға сіңіп жатқан иісті түтінен және алда күтіп тұрған қуаңшылық, су, от апаттарынан масхабымыз да, оқыған намазымыз да, анда санда амал жоқ мешітерге қолымыздағы артығын, ауысқанын ғана атаған садақамыз да, жылына кейбіреулеріміздің көрсету үшін бір рет қана шалатын құрбандығымыз, немесе өзге елдің тағдыр кітабына жалғанған көптеген құрбандықтарсыз атқарылатын «Умра» және бір-ақ құрбандықпен жасаған, жер рухымен табаны бекіп, хажы және жаны жетілмеген, жансыз рухпен ғана жасаған қажылығымыз да, жинаған дүние байлығымыз да, салған салқын, жылы сарайларымыз да құтқара алмайтыны да хақ. Сондықтан мұндай жағдайға түскенде амал жоқ кейбіреулер; «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген ұлттық дәстүрімізді қайта жаңғыртуға, жаныма тікелей сөзбен қуат беретін кімнен бата алсам екен және қандай ақсақал, тақуаның батасы нақты қабыл болады деген пейілмен із кесіп кетсе, ал енді бағзы біреулеріміз байдан шықыш қатындардың, ең соңында өкінішке түсіп, іштей алғашқы құдай қосқан байын жоқтағаны сияқты, ата-жолында әулиелерден тікелей бата алып, жаны жай тауып жағдайы жақсарғаны есіне түсіп, қайта солай қарай жүгіріп, ордалардың арасында із кесері де сөзсіз және тағы «мен білем» мен өзгені де тағы адастырары да сөзсіз. Ал енді арамызда аруаққа Құдайдың құдіретті қолына сенбей; «Бір Аллаға» құлшылық қылдым деп, өзі сол «Бірдің» (жүректердің, аруақтардың) де сипатына ақыл жетпей жүргендер мен мүлде ата-жолына қарсы шығып; «шерік қосылады» деп халықты ашық азғырғандардың қораларына мықты әскерлердің түсіп, жүректері мен рухы, ескі күнәлі баураушы киімі (аурасы-ар сауыты) мен жындары мен жандарының арасына перде болып килігумен, тәндегі үндердің қуат алмасуы болған; 19-санды «натрий» жолдарының жабылып қалуымен, сыртқы 38-санды рухани бақшасы қурап, солып, лағнеттің жыннан, шеріктерден болған қара шекпенін киіп, ер тоқымы басына түскен есектей, сонан басын тауға-да тасқа да ұрып, немесе түрлі мүгедектік, ауру азаптармен жинаған сақтаған, құтқарады деп жинап тыққан, шоқынған қазыналарын шашып, шипасын іздеп шет ел кезіп кеткенімен, дем де көмек те болмағандықтан амалсыздан ата баба дінінің хақтығын, тылсымнан берілген батаның шындығына иман келтіріп; ата жолына келумен ғана әулиелер аманатын, енді алғашқы берілген жеңілдіксіз, амалы құрып еселеп орындаумен, жинаған дүниесін қазынасын төлеп, ақталумен ғана әулиелер шапағатын, батасын алумен басына түскен қайғы-қасірет азаптардан құтқарылуы да мүмкін. Бірақ көбінесе бұндай қоғамның тұрғындарының бәрі бірдей өзіндік сезімдік кесірлігін, екі жүзді ойын, тәкәпарлық мінезін, ескі әдетін, қылық-жынын, шайтан жамағатына айналып, өзінің мазаққа айналдырғандарының жүректеріне еніп алуымен, азапқа түсіп, шайтанның салатын екіжүзділік ойдан құтыла алмай және енді жыны мен шайтан сезімінің арасы қосылып кетуінен, күнәлі кәпір жындарын өз еріктілігімен жеңе білулері де екі талай. Бұндай жағдайда халықтың көмегімен көтерлген аруақтарының әулие-әмбилердің аруағынан жалғануы арқылы ғана қауымдық ұрпақтарына еріксіз, шақырусыз аян болып еніп, қолдау беріп келетін рухани шапағатшысыз, кісілікке жеткен таза жынсыз, әулиелер аруағынсыз жағдайының оңалып кетуіде мүмкін емес. «Сендерге Алладан азап келсе, кім одан арашалайды, (ақымақ болмай ойлансаңдаршы) Ол, Алла емес пе?», «РаХ(уақ)» + «Ман»-ға ғана құлшылық етіңдер» яғни «Ар» және белгісіз Х-«2»-Мен-рух»тарыңмен, өздеріңнің «Ман»-тектерінің иесіне жалбарыныңдар-деп Раббымыз қайта-қайта ескертуі бекер дейсіз бе? Сондықтанда ендігі үміт, жаман да болса да, жаудан да жаман отанына қастық, дініне, аруағына сатқындық, еліне, ұлтына опасыздық қылса да; өзіміздің ағайын қандас, құда жек- жат дегендей, қазақтың түп негізі Алаш атамыздың ұрпағы болғандықтан: «ештен кеш жақсы», ал «адасқандардың айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң», «алдыңа келсе атаңның да құнын кешір» деген аталар аманатынан аттап өтпей, бірақ аруағынан, ата-анасынан аяған құндарын артығымен төлетіп, бастарына белгілерін салдыртып, қайта батаменен көгеріп, бірге көктеуге шақырғанымыз абзал болар. Бірақ осындай жағдайда кейбір надандардың, көзіне шел басқан бауырларымыздың, жақсылықтан көрі жаманшылықты тез көріп, жиренуінен Алла үкімінің, аруақтармен, біртұтас адамдардың, тірілген өліктердің лағнетіне ұшырап қалмау үшін де, ата жолымыздың ішіндегі болып жатқан, айтуға да ауыз бармайтың кейбір келеңсіз істермен, жалған аққу, сұңқарлардың кім екенін де халыққа өздеріміз-ақ алдын-ала көрсетіп, анық пен танықтың, бұзықтық пен хақиқат шындықтың арасын айыруды үйретуіміз де керек. Сын түзелумен, кешегі өткен, немесе бүгінгі жеткен шынды емес, өзгермейтін аталарымыздың қанымен қорғалып, жанымен саудаланып, аққан терімен жуып тазартқан шынды қорғаумен ғана екі жүзділік мін түзелетінін ұмытпайық ағайын!

Батаменен ел көгерер немесе рухани тірілу туралы өнеге.

Ата бамыздан келе жатқан дініміздің жарқын үлгісі болған әулиелердің, ақсақалдардың батасын алумен, өмір жасың ұзақ және баққытқа жетесің деген наным қалыптасқаны және бұған тарихи шежіремізде жеткілікті ашық дәлелдер бар. Мысалға; Райымбек атамаздың ел қорғаған хас батыр әрі әулие болуын, Әлмерек атамыздан бата алуымен байланыстырса, сол сияқты пір Бекет атамыздың Шопан атадан аянмен батамен бағдар алуы да хақ. Осындай жүздеген мысалмен-ақ ата жолының масхабтық тек имамдар, дін ғалымдары арқылы шариғаттық білімен, өздері құранды түсінуі бойынша ғана беретін бағыт-бағдарымен салыстырғанда, ақирет өмірінен тікелей таза ақылдан және іс басында тұрған белгілі әулиелер батасымен атқарылады. Батаның да мақсаты адам баласының жанының қараңғылықтардан, рухани өлім сатыларынан жеңіл өту үшін, әрбір пендесіне Раббымыздың жеке-жеке күнәлі болмысына, жан біліміне сыймдылығын өлшеумен ғана батамен, аянмен жол сілтеп бағыт берумен ерекшеленеді. Ең маңыздысы адам баласы қандайда бір жағдаймен ескі рухани күнәлі болмысы өз міндетін аяқтап, түрлі нәпсілік, арсыздық істермен пендені батпаққа батырып, қараңғылыққа айналғанан кейін ғана Құдайдың уәдесі бойынша нұры-сөзі де жетіп, қандай пенденің де дәрежесіне, қоғамдағы орнына, дін ұстанымына, сеніміне, кәсібіне және жынысына да қарамай, өмір көшінде қол екі істеген істерінің нәтижеленетін мерзімі келуімен рухани өлімге тап болары даусыз. Мұндай рухани ахуалдың әрбір пендеге міндетті түрде болатын кезеңдері болатынын Мұхаммед пайғамбарымыз; «Алла тағала адам балсына 100-түрлі өлімді себеп қылып қоса жаратқан, егер осы 99- себеп өлімдерден аман өте білсе онда өз ажалымен ғана өледі» деп ескертіпті. Яғни таспихтың 99-санды кіші өлім себептерінің белгісімен және негізгі арасын пердемен бөліп тұрған қауіпті үш кезеңнің де бар екенін растап тұрғаны даусыз. Шәкәрім атамыз мұндай рухани өмірдің адамзатқа ортақ қағидасы деп; «Үш-ақ түрлі өмір ба: бәрі де мас, Бір рәуішті болады шал менен жас, Ең керекті дегенің-ортаншы өмір, Түгел қолың жетпейтін бір жанталас. Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын, Өкініші қалмайды, кетсе ағатың. Күні-түні дей гөрме, ғылым ізде, Қалсын десең артыңда адам атың. Өмірдің басы-бала, ортасы-адам, Қартайып шал болған соң кетті шамаң. Мақтап жүрген өмірің осы болса, Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тамам.» Мұндай жағдайды әрбір 32-санмен адам баласының Алла жолында құлшылығы мен адамгершілік қызметін айқындайтын сынақ кезеңіне 33-ші тәубеге кедергісіне кездесуді, аятта «Олар, Алланың нұрын (уахи, бата, сөзін) өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла (Т) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) деп ескертумен Алла тағаланың нұры көркем сөздің көз-денесі иман шары болып, өзінің сүйікті құлдарының аруақтары арқылы ғана иман болып зейнетелуін, сәзжденің бір намаз амалы етіп ескерткен. Енді бұл жағдайдың әрбір адам баласының ішкі жанның билогиялық (биоритм) сағатына және тағдыр жазуының мықты, күнәлі, күнәсінің жеңілдігне және тіршілік ету барысындағы рухани қуаттарды меңгеру нәтижесіне қарай ғұмырлық мезгілі де әр түрлі болып келеді де негізінен сәзжделік ар білімін меңгерумен, бой ұсыну және кәсіптік, жыныстық тағат ерекшелігінен туындайды. Осындай алғашқы рухани өлім сатысынан өтудің үлгісін Шәкәрім атамыз өткеннен өнеге қылып астарлы әңгімемен насихатап кетіпті; «Өткен заманда Мекке, Мәдинеге Құжаж деген адам патша болған. Елге мейрімсіз, қатты жүректігінен Құжаж залым атанған. Сол Бағдат шаһерінде дұғасы қабыл болатын бір әулие бар деп есітіп, соған барып: «Маған бір жақсы бата беріңіз!»,-десе, әулие: «Қолыңды жай да, я құдай осы кісінің батасын қабыл қыл деп тіле»,-депті. Құжаж, әулиенің айтқанын айтып қолын жайса, әулие: «А-құдай! Мына Құжаждың жанын ал!»-депті. Құжаж: «Мұның қалай?»-деп ашуланса, әулие айтыпты: «Шырағым бұл екі жаққа бірдей пайдалы бата. Сен өлсең, зұлымдық қылудан тыйыласың. Ел сенің зұлымдығыңнан құтылады. Алғашқы туыс-бір туыс, әдет-екінші туыс. Алғашқы туысыңнан түзелуге болады. Әдетті тастап түзелу-сендей жуанның қолынан келуі қиын іс, бірақ шырағым, мен саған бір әңгіме айтайын, соны ұғып алсаң сен де түзелер едің»,-депті де айтыпты: «Бұрынғы заманда әлі жеткенге күшпен, әлі жетпегенге айламен зорлық қылып, ел қақсатқан залым ұйықтап жатса, қасынан өтіп бара жатқан үш адамның бірі: «Мына залым кешке дейін оянбаса, талай момын зұлымдығынан аман болар еді»,-депті. Онда тағы біреуі:-«Тіпті, ертең де оянбаса игі еді»,-дегенде, қалған біреуі:-«Шынында, мұның осы ұйқыдан оянбай өлгені артық, сөйтсе тамам адам зұлымдығынан құтылар еді»-депті. Әлгі залым ұйқылы ояу жатып, сөздің бәрін естіпті де, өзіне-өзі «Үш кісі қауым деуші еді. Мынаның бәрі менен безер болды. Ойлап қарасам, тамам адам баласы бір бауыр, бір дене сияқты, әр адам сол дененің мүшесі, бір мүше аурулы, зиянды боса, тамам денені тынышсыздандырады. Мен аурулы мүше екенмін де, тамам адамды тынышсыздандырған екенмін. Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, не барша жанға тынышсыз болатын залымдықты қойуым керек екен ғой»,-деп, бұрынғы мінезін тастап, түзеліп кетіпті. Шырағым! Мен керемет әулие емеспін. Әулиелік деген түзу жолмен жүріп, түзу ақыл айтумен болады. Менің саған соңғы берген батам-осы әңгімем. Мұны қабыл көрсең, сен де түзелесің»,-депті. Насихатты тыңдаған адамның құлағында қырағы көзі болса, жүрегінде әділ тезі(ұжданы) болса, сәті келген дәрідей ем болып, жаман мінезді жазады. Егер ондай болмай, құры ғана қуыс құлақпен тыңдаса, құмға сіңген сумен бір есеп болып, жалғыз тал жасыл шөп (рухани егін) шықпайды Бірақ тәнін күтіп, толық дәретпен яғни зейнет киімін; бас. Аяқ тән мүшелерін де ата ғұрпын сақтап құлақтағы қырағы көздерін тазарту үшін де, қазіргі таңдағы жалаңбастық, жалған тәңірге шоқынып кеткен салтты ағайындар арасындағы жаман әдеттен арнаулы заңмен де түзеу қиын іс. Сондықтан мұндай ұйқылы ояу қалыптағы жанның рухани өлім сатысынан өту үшін Арыстан бабаға түнеп; өлім патшасы «Арыстанмен» кездесіп, ескі күнәлі рухының көлеңкесін кестіріп (сүнететіп, жынын піштіріп) жанның түршігіп, күнәнің қорыққанан тітіреп өлумен бірге, Түркістанға келіп қайта тірілуге батамен ұлықсат алу керек. Енді осындай үш рет қайталасаңыз, яғни кіші қажылықтың бір сатысынан өтіп, рухани тәубе сатысынан өткеніңіз де немесе ескі мінез, күнәңізді жуып ақталғаныңыз болады. Бұл ата жолының негізгі рухани тазару шартын аятта, «Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтады. Және күндіз не істегендеріңді біледі, (жандарыңдағы ақпартар оқылады, тазартылады). Сонан соң сендерді белгілі мерзім толтыру үшін оятады. (рухани өлімнен өткізеді) Соңыра қайтып бара жерлерің Сол жақ (ақирет өмірі, жер қойнына, қабірлерге). Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді.» (6-60) деген үкіммен 60-жапырақты иманның келуі өлідей ұйықтаумен байланысты болса, ал ұйқы арқылы рухани екінші дәрежеге өтуге болатынын және сол қолдағы 81-санының енді ақирет өмірі сол жақпен байланысты болып, аятта; «Толған айға серт, (18) Әлбетте сендер, бір жағдайдан ( айына бір рухани өліп, тірілесіңдер, өлілермен кездесесіңдер) бір жағдайға өтесіңдер. (19) Сонда оларға иман келтірмейтін не болды? (20) Оларға Құран оқылған сәтте (аяттары АЯН болып көрсетілген кезде) сәзжде қылмайды (жорып амал қылмайды). (21) Әрине кәпірлер «Өтірік»дейді.» (84-22) Енді 21-саны Айша анамыздың ақ туымен байланысты және 22-ші ортадағы күмбезімен хаж санын берсе, ал 19-саны бір жағдайдан, бір жағдайға өту үшін «Атың шықпаса жер өрте» деген аталар мақалын орындап, тәнді қымтап, рухты тазартып, негізгі жер рухы болған әйел тәнінің өртеніп шайтандық иістен тазаруын қалыптастырып, оған еркек ұрығы арқылы егілетін рухани егінді де ескертіп тұр. Және иманның «Бірдің» орны болған, 20-түрлі көздердің де бар екенін ескертеді. Ал әулиелер тарапынан берілетін бата иманың насихаты, мұсылмандық қарыздарды өтеудің үгіті, ақыл-кеңес құран емес деп қалай айта аламыз. Мұнда жер өртеудің әдет-ғұрыптық ұлтық ерекшелігі болып, арап елдері әйелдерін күн ыстықта қара кимен тұмшалап орап қойу салтыны көруге болады. Сол сияқты християнда мұндай ат шығаруды күйеуі өлгенен кейі ғана қара жамылып аза тұтумен немесе монастырларға тығылумен атқарады. Ал енді қазақтың ұлттық киімдері жер ықылымызға қарай нағыз жетілген нұсқа болып табылады. Енді осындай ата жолының ғұмырлық, жер өртеумен негізгі тарихаттық жолға түсу амалын, рухани өлімнен қайта оятатын аят-аяндарды «маркетинг», «Өтірік», «шерік қосу» деп бағалағандар, қандай дәрежеде болса да иманы жойылып, кәпірлер қатарынан болады екен. Тазарған жанның, немесе оған алған жарық нұрдың, өмірдің нәріннің, адамзаттың бағасы, жаннаттың құны сонда қанша болу керектігін ел, заң, дін басшылары білер ме екен? Әй бірақ, тегіне, санасына «инсан» берілмеген, ынсапсыз, санасыздарға қарапайым аталарымыз меңгерген сан тағлымымен түсіндірмек болған, менде кейде ақымақ шығармын деген ой де келеді. Дегенмен де «Оян қазақ, ата жол келді еліңе» деген қазақ еліне русыз «Бір» болған аруақтың үнінін тағы да қайталап кетсек артық болмас; «Алға басып, өркені өсіп келе жатыр адамзат, Не боларын ертеңгі күн болашақ. Бар дүние, бар ғаламат бір Алланың қолында, Алла жолын мойындасаң оңғарылар жолың да. Растығын «Аланың» Абай атам жырлап өткен өлеңмен, Алла жалғыз, Алла шексіз шек келтірме оған сен. «Құдайсыз қурай сынбас» деген сөз ескіден, Шындығына ақ ниетің, ой-өрісің жеткізер.» «Аруақтың пендесімін аманатты жүктеген, Бұйрығын Бабалардың орындайтын көптеген. Алла барын мойындатып, иманды ғып ұрпақты, «Ата жолға елің үшін еңбек терін төк» деген... Аруақ көп, тылсым жақтан ел үшін, Алла жолмен биіктетер ел ісін. Ту көтерді Айша-Бибі періште, Еңбек етер, ұрпақ үшін біз үшін. «Бір жеңнен қол шығарып» бірлесіп, «Бір жағадан бас шығарып» жүздесіп, Айша –Ананың ақ туына ілессек, Жетерміз-ау биіктерге күнде өсіп, Аманатын аруақтың жеткіздім, Ақылға сап, сараптап бір өткізгін. «Өлі риза болмай, тірі байымас» дегенді, Туралықты Бабалар, айтып кеткен тек біздің.» «Жүрегіңде «Алла» болсын бар ғаламды билеуші, Жол көрсетер құран кітап, бір өзіңе жетекші. Аруақтар батасымен болсын қазақ, тіреуің, Сонда ғана жалған өмір сынағынан өтерсің..!» (21 қазан, 2000 жыл. Қыдырәлі Момбай ұлы)

Ар және ман қуатарын меңгеру құлшылықтары немесе бой ұсыну.

Ар білімін және адам баласының рухани ақ сауыты бойын қалыптастырудың басты шарты әрбір адам баласының және сол өзі өмір сүріп жатқан отанының барлық тұрғындарымен және өмірден өткен ата-ана, әке-шеше дін қандастарың ар және ман қуаттарының біртектілігі яғни ақыл-ойдың белгілі бір ортақ тарихи мақсат, мүдеде тоғысуымен көрнісін береді. Адамзаттың белгілі қоғамдағы алатын орны, қызметі т,б қасиет ерекшелігі мен жыныстық, ұлттық таптық белгілеріне және заман өзгерісіне құбылысына қарай армандары, (Ар; Ман азықтары) ойлау қасиеттері ұқсас болған жағдайда ғана әділетті қоғам, мемлекет құруға болады. Енді әрбір жаратылыстың қозғалыс себептерінің белгілі бір қозғалыстық, әрекеттік, түрлік, жарықтық, сезімдік, қозғалыстық, иістік т,б түрлі жартылыстық ерекшеліктеріне байланысты кеңістікте алатын орны, яғни денесі болу шартты нәрсе. Осындай түрлі денелерден тұратын, белгілі күрделі іс егесі және жанның уақытша сарайы, тұрағы болатын тән пайда болады. Бұндай тәнді белгілі бір қозғалыс және уақытқа себепшіні Құран философиясы бойынша кісі деп атайды. Енді қазақта алыстан бір келе жатқан адам баласының сұлбасын көрсе; мысалға атқа мініп келе жатты делік, онда әуелі көлікті сипатап сосын үстіндегі денені; «Атты кісі келе жатқанын көрдім» деп сипаттайды. Сондықтан «Кісі» адам баласының жалпы қаракеттік түрлі денелерден тұратын күрделі белгі болып және оның денелік ерекшелігін «Аллаға тән» деп атаймыз. Олай болса; кісі қуат яғни адамдық қасиеттердің денесі болған бойдың ақирет өміріндегі арлылық көрнісі. Сондықтанда әрбір жер бетіндегі пенденің тәндік құрлымына байланысты сыртқы өрістік қабы болып, оны кісілігі немесе Құранда «Бой»-деп атайды және бойдан барып өлгенен кейін кісілік бейнесі, мәңгі өлмейтін түрлі сипаттағы рухани бейнесі пайда болу керек. Енді әйел затының қуаттық жиілігі нөлден төменгі жиілікте және қызыл түсті сандар жинағын құрайтын болғандықтан оның бейнесі періштелік яғни су перілік сипатта болып, ұзын етекпен аяқ арасында ашықтық, қараңғылық болмай, керісінше нұрланып жарықтық (киіз қазық) сипатта болып, сондықтан ондай қыздарымызды бой жеткен немесе періште деп атаймыз. Бой негізінен періштелік қасиеттің, тазалықтың пайда болуымен байланысты болып, әйел затының екі аяқтың арасындағы тақымдық өрістің жетілумен, нұрлануымен байланысты болады. Ал еркектің періштелігі жынмен байланысты, сыртқы қоршаған ортамен тәуелділікте болғандықтан, бойының жетілуі тек от басын құрып, неке төсегінен әйел затынан алтын үлесіне ар киіміне, рухани егініне тәуелді болғандықтан «Бойдақ» яғни бойына үнемі қара дақтардың пайда болып, оны дұрыс жаға білуіне де тәуелді. Сондықтан еркектерге тек бой суытушы яғни яғни тұрақты қатынасқа арналамаған, некесіз жыныстық қатынасты зинақорлық деп ескерткен. Әйел затының бойы, сезімдік, кісілік жиілігі шайтан періштесіне жақын және тән болғандықтан, көруші яғни төменгі жиілікте және ұзын толқынды болғандықтан әйел жолы жіңішке, әрі «Шашы-тіл жолы, тылсымды көріп қабылдау жетілген де, бірақ тылсымдық алыстан ақылы-есту қабілеті қысқа» деп атайды. Керісінше еркек шалбар киіп, жын періштелігін, күн, көк қуатын меңгеруге бағыталғандықтан, бас құрлысының ерекшелігімен есту қабілеті жетілген яғни қысқа толқынды (укв) және жуан тербелістерді қабылдауға қабілетті болып; сондықтан естуші, көру қабілеті әйел затынан төмен яғни салыстырмалы түрде еркек соқыр, әйел таза ақылды қағыс, жаңылыс еститін саңырау болып келеді. Бұл қабілет қасиеттерді бойға сіңіру үшін жартылыстан әйел төмен етекті, шайтандық қуаттарды тазартушы, меңгеруші қылықты «қатын» болса, ал еркек затын шалбарлы яғни жын қуатын меңгеруге, тазартуға қабілетті ер (кісі) мінезді болу керек. Сондықтанда «Ар» қуатының да жыныстық ерекшелігі болып, сыртқы боймен байланысты қалыптасады да, ішкі сезімдік ерекшеліктен де ұяттық ерекшеліктің де сипатымен, әурет жерді жынысына сай қорғауды жартушымыз парыз қылып, үкім түсіріп, ондай еркек және әйел жынысты құлдарын, өз кәсіптік, жыныстық ерекшелігін сақтаушы болғандарды «Бой ұсынушы» деп атайды. Бой негізінен ішкі рухани қаралықтардың жану әсерінен пайда болатын иістердің, сырттан келетін сәулелердің өз-ара әрекетімен жарыққа айналуымен қалыптасады. Сондықтан әрбір пенденің тәнінен шығатын иісі оның бойындағы жарықтық сипаты немесе арлылық белгісін де ескертеді. Жаратылыстағы адамзатқа ең жақын ұқсас хайуан маймыл мен шошқа болғандықтан, адам кісілігінің төменгі бейнесі осындай сасық иісті доңыз бен, жындылықтың жоғарғы пенделік бейнесі маймыл болып үгіттеледі. Сондықтан еркек бой-кісілігі әйел сияқты қылықтарды кәсіпке айналдырумен, өрістік шегін меңгере алмаудан маймылға, ал әйел араммен, адалдың шегін білмей және еркекке ұқсағысы келсе, мүлде бойсыз, ар сауытынсыз, денесіз жалаңаш қалумен, доңызға айналып, өз баласын, рухани өнімін өзі жейтіні даусыз. Діннің негізгі мақсаты осы ар білімін үнемі жетілдіріп, адам баласының заманына қарай табиғи сыртан келетін әсерлерден және қарсылық тіршілік егелерінің адам денесінен, бойынан, рухани сезімдерінен, тәнінен, жанынан өз орнын алуымен байланысыты, күн-түн демей үнемі жасалатын шабуылынан қорғана білетін ар-ақ сауытын қалыптастыру мақсатында, білім ғылымның да дамуына және заман өзгерістеріне күнәлі нәрселердің көбейіп отыруына қарай, ар білімін жетілдіріп отыру шартты үкім болған. Аталарымыздың меңгерген құран аяттарының насихаттының ұрпақтарына көрініп, аян болып ашылумен, соған байланысты қарсылық, күнәлік кері теріс аяттардың да пайда болып, өрісінің кеңіп отыруы да шартты жағдай. Мысалға «Аяқтарыңнан, табандарыңнан жейсіңдер» деген аяттың бұрынғы замандарда тәндік білімі де болмай, аталарымыз аяқ киім мен бас киімнің маңызын түсініп, оны әдет-ғұрыпқа, ар біліміне айналдырумен, жал-аң-бас, жал-аң аяқ деген сөздермен яғни «хайуан» иісті деп ғылымын белгілеп қойған. Сондықтан жалаң бас, жалаң аяқ,-деген сөз ұғымы көлеңке серігің «АҢ»-басты, аяқты болып қалыптасты деген мағынаны көрсетіп тұрғаны сөсіз. Негізінен бой ұсыну және осынған байланысты тылсым қуаттарын меңгерудің ғылымы; Зәбур кітабымен, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымызға беріліп, оны негізгі кітап егелері түркілер болғандықтан, діннің бұл тармағының исламда тек пайғамбарымызға берілген, Құранның кітаптары, хадистермен, аямен көрсетіліп орындалған сүнеттік істерде ғана көрініп, көп қағида, аяттары қағазға жазылғандары жоғалып, ғұрыптары ұмытылып, сондықтан Құранға теріс аяттардың күші басым болып, исламдық та християндықтардың негізінен жалаң бас, жалаң аяқтықпен, жалаңаштықпен қара тазармаған қуаттарды, иістерді сіңіруге, тозақтық сипатқа айналуға азғырылуға түскендіктерін білеміз. Зәбурлік қағидалардың якуди, еврей т,б қызылбас елдеріне түркілер арқылы барғандықтан сүйекке сіңбеген, тек жанға жазылған әдеттің ислам діні келумен тез ұмытылып, немесе арамза ғалымдардың ол кітаптарды, құран келуіне байланысты үкімдері күшін жойды деп түсіндірумен жан ғылымы мүлде ұмытылған. Ал керісінше; «Сендерге араптар жан сыры туралы аз мәлімет берілді» деп, бұл кітаптардың Тәурат, Зәбур, Інжіл нұсқауларын терең меңгеріп, әдет-ғұрыпқа айналдырған біздер үшін ғана ғұмырлық амал болып, ал исламнның соңғы діни нұсқауларын ғана намаз оқу ерекшеліктерін сіңіру де жалпы халықтық жағдайда қиынға түскені де сөзсіз. Бірақ жан ғылымын терең меңгергендіктен арлы халық біздердің осындай негізінен християндық, тәураттық ілімін жоғалтқан исламдық, қызылбастық жолдың замандар өте қайта бас көтеріп, надан ғалымдардың, ел басқарушылардың өз арамыздан шығып азғыруымен, тек бір жақты біліммен сусындаудан мұндай әрекеттердің ұят деген мағынасы мүлде жойылып, ар қуатын жоғалтып, санамыз жабылып, қарапайым жақсылыққа бастайтын нәрселерді аңғарудан қалып, керісінше өзгенің жамандығын дереу көре қоятын тозақтық тіршілікке ауысып алғанымызды біле бермейміз. Ібіліс-шайтанның да негізгі мақсаты; тылсымнан берілетін хақиқат кітаптарын аяндарын көріп, оқып түсініп қоямауы үшін де, жамандыққа апаратын нәрселерді жақсы қылып, ал жақсылықты үнемі жаман көрсетіп, ішкен тамақ арқылы, жыныстық қатынас та арқылы бейнеленіп, тіптен түске еніп, ақылды да адастырып алдау басты қызметі болып табылады. Енді бұндай теріс аяттарға жәрдемге тұрып шайтан жамағатына айналған дін ғалымдары, философ т,б көш басшыларын керісінше теріс пікірлерімен, тозған білімдеріне жәрдем беріп, халыққа білгіш, ғұлама қылып көрсетумен, түс көру, аян, уахи алудың маңызын жойып, Раббыларымыздан түсіріліп, оқылып тұратын нұсқау кітаптарды әлем дін саласынан, соңғы бірлеуші дін ислам ғылымынан да мүлде жоғалтып жеңіске жеткені де хақ. Осындай жағдайдың тарихи оқиға болып, адамдар арасында айналып жүруін жартушымыз құранда ескертіп кетіпті. Ал бұл жағдайдың бұрын да тәураттықтар мен інжілдіктер арасында болып, оның болашақта да қайталануын Ғиса пайғамбарымыз алдын ала болжап ескерткен екен. «Бірақ парызшылар (намазхандар), сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті жалбыз, тасшөп және басқа да әр түрлі майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің оннан бірін садақа бересіңдер (намазхандар тек құрбан айтта ғана құрбандық шаласыңдар), бірақта әділдікке және

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет