Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!



жүктеу 4.02 Mb.
бет8/24
Дата18.04.2016
өлшемі4.02 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
: public -> upload
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
upload -> ҚҰрамы №165 учаскелік сайлак комиссиясы
upload -> Государственный стандарт республики казахстан
upload -> Национальный стандарт республики казахстан
upload -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
upload -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
«Әрбір 100-жылда сөз ұғымдары өзгеріске түседі» деп аяттардың насихатының, хадис үгітінің екінші құпия сырларының, кейбір сөз атаулардың әрбір 100-жылдықта ашылып отыруын, сөз ғылымының даму заңдылығын ескерткен екен. Жалпы тәпсірдегі «Құл азат ету, жолда қалғандарды құтқару» ұғымын тәпсіршілер тек дүниелік істермен байланыстырып, ал қазақ әулиелерінің оны көктегі жеті жолға қарсы жер бетіндегі, жер қараңғылықтарындағы қарама-қарсы жеті тозақ жолдарында, мақсатына жете алмай, ұрпақтарының түсіне еніп, жаны жетілмей қолын жайып су сұрап жүретін, немесе жүрегі мөрленіп, ондай аруағынан хабар ала алмай жүрген пенделердің де жақын туыстары, бақилық болып қабірде жатқан дін қандастарымыздың яғни жолда қалған құлдарын, аруақтарының басын көтеру, жанын тозақтан шығару үшін құрбан мал шалумен қатыстылығын ескерген діни ғұрпымызды, ағайынгершілік дәстүрімізді яғни құдайы тамақ беру салтымызды, тура жолдық бекіген шариғаттық істерімізді бұрыннан келе жатқан исламға қатысы жоқ, адасқан дінсіздік ырымға санайды. Зияратаудың негізгі себебі де аруақтың басын, жанын басқа, шарға-арға, жарыққа дәрежелеп көтеру яғни жолда қалғандарды құтқару, яғни «Құл азат ету» болып саналады. Ал осындай көп замандардан бері жиналып қалған, өз қауымың жеті ата-аналарыңнан қалған аманат істердің біреуін ғана орындаған пенделерін «Құдай саған не берді? Бір барғанда бермесе «маркетинг», Ата-бабаңа апарып құран оқытып, құрбандық шалдырып ақшаңды босқа шаштырып алдап алды.» деп Ала жолында мал-жаныңмен соғысып, артық хайыр жасау, дүниені босқа шашу дегендей сараңдыққа шақырып, кедейлікпен қорқытқан, шайтан жамағаттары болған діншілердің әрекетімен, ата жолын былай қойғанда қарапайым салт-дәстүріміз, жомартық ғұрпымыз жамағат қағидасына жала жабылғаны да хақ. Ал дінде жомартық қасиетті меңгермей, сабырлық туралы әңгіме етудің де қажеті жоқ. Қарапайым ғана өз тапқан дүниеңмен, өзгеге жақсылық жасай білмесең, сапарға шығып қиындықтармен, алған азығымен халықпен тең бөлісіп жеуді үйренбесең, онда басқа жомартық қасиет туралы сөз етудің де қажеті жоқ. Егер масхабшылар тура жолда болған болса, онда әуелі тілге, сөзге, күншілдікке, мен білемдікке, тәкәпарлыққа, көреалмастық мінезге абай болып, сараңдықтан тиятын сабырлық керек еді. Жомартық негізіне үш нәрседен тұрып; біріншісі-айтқан сөзіңді қалтқысыз орындау, екіншісі-туралыққа нұқсан келтірмеу, үшіншісі-қайрымдылықты естен шығармау. Осы үш негізгі жамағатық қағиданы да біздің дін масхабымыздың имамдары алдымен өздері бұзғаны да хақ. Сондықтан әрбір зияраттаған сайын өз қауымыма ізгілік жасадым, әйтеуір бір уақыттарда аруақтың басы көтеріліп, межелі орындарға жетіп, дұға, тілегімнің, тілімнің ұзарып, олардың аралық өмірі ұжмақтарға енуімен хабар келіп, рахметі де ем-шипа, несібе болып жетеді деген жомартықтан пайда болатын сабырлықты меңгерудің орнына, керісінше; «менің осы жұмсаған дүниеме не берді, керуен апарғандар мені өтірік айтып алдап кетті ме?»- деген көзқарасты қалыптасуына, тілектердің (тіл жібінің) қысқаруына шайтанға жәрдемге тұрған дін, мәдениет орындарының, заң орындарының қызметшілері де арсыздан ата жолдық өз ағайындарымыздың да теріс қылықтармен, шайтан болып, халықтың пиғылын ата-баба аманатын аяққа таптауға және халықты сараңдыққа бұруға ерекше үлестерін қосқаны да хақ. Бұл бабалар аманаты; «Өлі разы болмай тірі байымас» деген мақалды, жомарттықтың бірінші шартын орындау былай тұрсын туралыққа нұқсан келтірумен, үшінші шартты да бұзғандығын осы бір амалмен-ақ көрсетеді. Олай болса жомартықтан жұрдай болғанда, жан да қараңғыланып, перделеніп, өзінен хабар бермей жоғалумен, жүректер мөрленіп, ақиреттен белгі келу де тоқтайтыны хақ. Ал, енді масхаб білімімен шариғат істері бойынша да, ондай жерлерге дүние жұмсап кәне не алдың?- деп, сараңдықа шақыру тағы да жамағат қағидасына ашық қарсылық. Олай болса; әрбір жұмаға барғанда оқыған намазыма, берген садақама осы жолы не берді,- деп сұраңыз? Жоқ, жұмаға қатысудың да арасын үзбей, жинаған ар қуатыңнан, жинаған алтын, күміс өріс ақшаңнан сапта тұрған иықтастарыңа қанша несібе беріп, денеден шығатын сөз буы жұпар иісіңмен, бояуыңмен бөлісе алсаң соған байланысты ғана сауаппен жауап аласың, әйтеуір онда да жылдың бір күні, өз жұлдызың көктен жылт етіп көрінген сәтте ғана. Ал жалаң аяқ, жалаң бас дәретсіз барсаң; онда ұрлық жасауға жын-шайтанға жәрдем беріп, өзгелерге, арын араммен былғап, шерік қосуға барасың. Ал осындай жағдайға жол беріп қойған, мешіттерді таза ұстауға міндеттенген масхабымыздың дін имамдары онда кім болып шығады? Халықтың адал ниетпен берген садақасын, араммен арластырып жеген наданың өзі емес пе? Сондықтан жамағат дегеніміздің өзі адам баларының арасындағы періштелері арқылы тылсымдағы сауда амалдарының орындалуына жәрдем беру болып табылады. Мен бұл жолы ала алмасам, яғни бір сапарлас, дастархандас серіктесіме берген болып, осылай сауаптармен жалғану арқылы әйтеуір келесі бір сапарларда Алланың сынынан өтіп, өзімнің сараң, дүние қоңыз және Алла жолына, ағайындарыма сүйгенімді берген мұсылман құл, ниетімнің дұрыс екенін дәлелдеу арқылы жаратқаның түсірген несібесін, нығметін алатыным хақ. Сондықтан ондай жомартықпен сыналып, дүниқоңыздық нәпсіңмен күресіп, ерлік жасау екінің бірінің қолынан келмейтінін ескерткен екен аталарымыз; «Ер (жүр+ек) кезегі үшке дейін» деп ескерткен. Бұл «аруақ жүректі» Алланың бірлігін, күзетшісін соңыңа ертуге негіздеген ата жолының шариғатының бір қағидасы деп біліңіз. «Үш рет Түркістанға зияратағаннан кіші қажылықтың сауабы болады!» яғни хаждың зейнетін, Құдайдың оң көзін 18-ін аласың деген сөздің осы жан құпия сырына, Құдай патшалығына енуге ұлықсат алуға байланысты қалыптасқан. Олай болса, намаз орындау амалдарын кем дегенде үш рет қайталап жасамай, артыңнан аруақ иман-кітап, жүрек болып ермейді деп ескертеді. Абай атамыздың; «Артағы майда көңіл (ұждан-жүрек) жүр, шақырсаң қайтып келе ме?» деген астарлы сөзінің өзі осындай аруақты шақыру амалын ашық ескертіп тұр. Шәкәрім атамыз артыңнан ерген аруақтың, шындықтың шынға айналған болашақта, ақирет өмірінде нағыз досың болатынын ескертіп, әуелі сен арқылы тазаруды сұрайтынын; «Шын досың саған не берді, Соңынан сенің неге ерді? «Арам да болсам ақтасын, Күнәма керек»-деп ерді. Еш нәрсеңді алмайды, Жұмысы келсе, жалдайды. Күй, отқа түс, суға түс, Арам да болсаң қалмайды...» деген насихатпен аруақты әуелі шариғатты берік ұстанып, құран арқылы тазарумен атқарылатын ата жолының 9-жылдық Алла жолында малыңмен, жаныңмен өз нәпсіңмен соғыса білуді, сол замандарда біздің қазіргі таңдағы білмейтін жан ғылымын ескерткен екен. Әрине шайтан жамағатарына айналған қандастарымыз өзіне ергендерді, құлақ салып тыңдағандарды дүниемен, кедейлікпен қорқытып және сараңдыққа шақырып тура жолынан бұру негізгі міндеті. Сондықтан осындай қазақ баларының жамағатқа айналып, ата-жолы деп шариғат білімдерін жетілдіріп, қасиеттерін меңгере бастауы ел басқарған, дін басқарған, мәдениет баспасөз, заң орындарындағы өздерін жоғарғы саналы «зайырлы», (аруақты, киеліміз) деп санайтын жаңадан қалыптастырған өздеріне ыңғайлы салттарымен, өзгерген шала қазақтық халықтық сипаттары үшін қауіпті болып, ойдан шығарған заңмен, құранға теріс өтірік пәтуалармен қудалауы заңдылық та, және оған ренжуге де болмайды, керісінше ұрпақтарына, қауымдарына, артына арамда болса ерген аруақтық жын жүректеріне өз достарына зияндары тиетін болды деп аяған абзал. Себебі аруақта жүз, ру, туысқандық жіктелу де болмайды. Тек ұлттық, үмметтік тіл және сөз аманат пен уәденің тұрағы, Алланың бірлігі, құдірет қолының екі аралық себептік, кәсіптік, қасиеттік белгісі болып саналады. Және бұл ата жолының халық арасына толық насихатталмай, ғылымы да дәлелденбей, керісінше жаман жақтарымен, дінге, ұлттық ғұрыптық, дәстүрлік құндылықтарымызға қайшы европалық азған салттармен көрінуге басты себепші болғандар; Алланың нығметі ерекше берілген Ақ ұлдың жанына тұрып, ғылым, білімін жетілдіріп, тазару амалдарын қалыптастырып, аталар аманатын ақтауға тиісті болып, іс басына тұрып, кейінен қосылған қасиетті жастарға нағыз қазақ салт-дәстүрінің, дін ұстанымының заманға қарай білімен жетілген үлгі-өнегесін көрсетіп, тура жолдың қағидасын қалыптастыруға, бір тұтас жамағатқа айналдыруға міндеттелген аққу, сұңқарлардың надандық әркеттері негізгі себеп болғаны даусыз. Бұл пәтуаға қарсы болсаңыз, сондай өздерін әулие атаған; «Ақ ұлмен бірге болдық, сондықтан осы жолдың ілімінің білгіріміз» дегендердің ата жолы көш басшылардың араларына кіріп, бірге болып көрсеңіз, бірақ онда да өзіңіз европалық жаңа қазақтық көзқараста және тіліңіз мүкіс, ойыңыз шолақ болмай, тарихи ата-баба ғұрпы мен дін шариғат істерінен, салт –дәстүрінен аз ғана хабар біліміңіз болса, ақ қарысын ажыратуға жеткілікті болмақ. Бұл жағдайдан ата жолының мүлде тоқырап, немесе құлағанын білдірмейді, керісінше осындай теріс қылықты дүние мақтаннан жиренген, жасынан көк жиекті көріп өскен, қазақтың ар білімін, қан тазалығын сақтай білген көптеген асылдың сынықтары өз бетімен ізденумен, ата жолының негізгі бағытын, дінің бет бейнесін, бата құндылығын да сақтап, алда талай жетістіктермен әлемге де қазақ халқының, бабаларымыздың өшпес рухын, дін жолындағы қажыр, қайратпен күресіп, біздерге қалдырған аманаттарын, уәдесін ақтап алып шығып, Айша анамыздың ақ туы әлі талай елдерде ақиқаттың адал ақ туы болып желбіретені хақ. Тек әзір «Тіл көзім тасқа» деп көпшілік көзіне түсіп мақтанның және қулардың, тасадан сый дәметіп қолын созатын, ондай өнегелі, көргенді жастарға сыйлықтарын тықпалап, дүние қызығымен алдайтын екі жүзділердің қапанына түсіп қалмас үшін, ата жолының жамағат қағидасы толық өз дәрежесіне жетіп қалыптасқанша, көлеңкеде қасиеттерін шыңдай түссе екен деген ізгі ниетіміз ғана бар. Мұндай дәрежеге көтерілу үшін де, дүние қуанышы мен ақирет қуанышы қатар жүрмейтінін ескергеніңіз де жөн және дүниеқоңыздықтан сақтану мен пен жомартықтықтың үш қағидасын меңгермеу де, дарындылық пен қасиетті меңгерудің жолындағы ең үлкен кедергі болып саналады. Ата жолының, масхабтық ұстанымен жамағаттық ерекшелгінің ең маңыздысы да, қазақ халқын ру және ағайындық немесе тіпті ұлттық ерекшелігінен де қарамай, бір қазаннан ас ішіп, өз-ара бір бірінің аруақтарына жалғану арқылы үш түрлі ілім негіздерін қамту керек. Мысалы масхаб бойынша барлығы жұмада кездесумен «намазхан» аталып, тек мешіттегі құлшылық арқылы өздерін анда-санда жетісіне бір рет қана туысқан, дін қандас етіп сезінумен және осындай мешіттерде ғана орындалатын намаз оқулар сияқты амалдарды бірге орындау арқылы ғана қалыптасуы керек. Қалған оның дүние тіршілігінде, кім қандай қызмет жасайтынында, жан ұсында қандай қиындықтарға тап болғанында, ауру сырқаулығында өзге жұрттың шаруасы да болмау керек. Ал ата жолында тек қана жұмаға және құрбан айт, намаздарында ғана емес, үнемі сапарлас болу және ордалалар арқылы батаменен аманаттар алып тағдырлас, сынақтармен бірге бөлісіп мұңдас болу, үнемі құдайы тамақтармен аруақтарға құран бағыштау арқылы ағайындас дастархандас, дәм-тұздас болу және кейбір кәсіпке байланысты ілімдерді бірге меңгеру бірге, енді ілімге байланысты кәсіпті яғни түрлі қасиет, дарындылықтарды меңеруде бір-біріне жәрдем, жетекшілік етумен ерекшеленеді. Ал негізігі тәнді тазарту, өз ара дем салу, жанды жетілдіру барысындағы бақсылық істерін меңгеру мен, тіптен өз ара қаржылық жәрдем беруді әрбір ата жолының өз еріктілік шамасына байланысты жағдайларды есепке алмағанда, ағайынгершілік сапасына араптық шариғаттан, мезгілмен өлшеп қана жасайтын сауаптық әдеттерден әлде қайда биік тұрғаны сөзсіз. Және ата жолының шарты болып, қандай жағдайда да үш нәрседен сақтануды; көзіңді жаман қарудан, қызғаныштан, зинадан сақтауды; қолыңды жаман істерден, бұзықтықтардан сақтауды, және досыңа да, дұшпаныңа да дастарханыңды ашық ұстап; «Таспен атқанды, ас пен ат!» деген аманатты жүктейді. Сондықтан да ата-жолы ордаларға бөлініп, әр орданың мүшелерінің дастархандары да көптеген нығметері де жамағатпен ортақ болып саналады. Масхаб жамағаттарындай жетісінде бір кездесіп, құшақтап арқасын қаққанға мәз болмай, кем дегенде жетісінде бір рет хал-ахуалдарын сұрасып, ортақ дастарғанан дәм татып, сұхбат құрады және «қырықтың бірі қыдыр» деген дәстүрлі салтымызды, қазақи қонақжайлығымызды міндетті деп санайды. Сондай-ақ үшінші ілімнің түрі; өз-ара қайрымдылық және батамен Раббымыздан аруақтар арқылы көрсетілетін хикметтер, қисынды дәлелдер, белгілерге қатысты әдет-ғұрыптар мен заманға қарай салттарды қалыптастыру жолындағы қазақ ұлтына тән жетілген масхабты яғни дін істерін қалыптастыру болып саналады. Ал енді осы үш негізгі ата жолдың шариғат ілімінен ғана, әрбір 9-жылдың аманатын алған, керуен жолына шыққан еліміздің тұрғынына жеке-жеке орындайтын жол-жобасымен ғана толық ата-жолы «Ақ жол» болып қалыптасуы шарт. Бұл жағдайдың намаз орындау ерекшелігі әрбір адам баласының қолының ағаруы яғни Шыңғысхан бабамыздың; «Мен ешкімнің саусақ арасындағы күрең жолын кесуге келген жоқпын!» деген өсиетінен пәтуа алсақ, онда екі қолдағы саусақ арасындағы жолдар саны 8-болып шығады да 9-шы жол кеудемен байланысты және екі алақанды бір-бірімен қанша рет қосып, намаздарын орындаумен Алладан несібе су, қолдау сұрауымызға да жалбарынып, Алла достарын еске алып құран бағыштауымызға да байланысты болмақ. Енді бұдан қандай ілім алып гүл тердіңіз оқушым? Ал енді жол ілімінің негізгі дәл ортасы болып саналатын қазығынан бастап ата жолын салыстыра кетейік.

Ата жолы - Ыбырайым жолы және масхабтық дәстүрмен ерекшелігі.

Құран философиясына жүгінсек жол негізінен әрбір үметтік ерекшеліктерімен ұлттық негізден бастау алып, адам балалары дінде ортақ бір пікірге және намаздарының орындауларының дүние, жаратылыс себептерінің ерекшеліктеріне бірдей көзқарасқа келу үшін тек ислам діні ғана емес барлық діндер үшін ортақ қағидаларды түсірген де, оны негізінен Ыбырайым жолы деп атаған. Яғни барлық дідре қағидасы Ыбырайым жолында ортасында тоғысу керек. Енді 24-пайғамбарлық қасиет, нұсқауларға 4-кітапты қосаңыз, негізгі жер бетіндегі діндердің 28-саны пайда болады. Ал Ясауи бабамыз; Мұндай жолдың ортасын табуға керекті барлық белгі мен дәлелдерді және рухани азықты да тек шариғат базарын аралап, өзіңе лайықтысын таңдап аласың,-деп ескертеді. Яғни шариғатты меңгеру арқылы әрбір адам баласының өз жанының қалауы бойынша белгілі бір өзіне тән жобасын яғни ата бабаларының аманатын орындауға қасиеттік бағыттарға жалғану керек. Бұл бағытардың 9-түрлі негізгі сипаты болып, екеуі ұлттық ерекшелікті қамтыса, ал қалған 7-еуі адамзатқа ортақ жолдар болу керек. Бұл жолдардың енді жұбы және парыда болуы құран ғылымының негізгі шарты болса онда негізгі жолдардың санымен, 7-көктік, 7-жерлік белгі дәлелдердің, Ыбырайым жолының сандық мәні 14-ші сүремен белгіленіп, ал ата жолының сандық мәні аралық жолдардың 7-белгісін қоссаңыз; негізінен 21-санымен белгіленуінен осы сөз ғылымының және 3-түрлі ілім негізін қамтуымен оның жұбын қоссақ; 6-санды рухани білімді көрсетіп және пайғамбарымыздың исламдық «Жеті сүйекпен сәзждесін» тақуалын намаздарын меңгеру арқылы 21+7=28-санымен жалпы әлемдік діндердік қалай бірлену белгісін беретіні сөзсіз. Олай боса пайғамбарымыздың намаздарын және намаздарды толық орындау қағидасын 28;82-ші қиямет күні туралы насихаттан, Ата жолының мөр ашу мұғжизасынан табасыз. Ал, енді жоғарыдығы муфтиятымыздың дін басшысының, хазіретіміздің насихатына жүгінсек; «Масхаб-жол», әрі кәсіптік ілім үйрететін мектеп, әрі жанатқа тура кіретін бағыт яғни адамзатқа ортақ Имам Ағзам әулие салған даңғыл жол деп ескертеді. Олай болса масхабтық «Фиқһ» ілімі жоғарыдағы баяндалған үш ілімді де қамтып және төртіншіден Құранда көрсетілген пайғамбарларға берілген, Раббыларынан түсірілген нұсқаулармен, ұлттық, үмметік ерекшеліктерді жол-жобаларды да, және барлық әлемдік діндерге ортақ жолдардың бәрінің білімін де түсіндіріп және біздердің ұстанған дін масхабымыз тек қана дін істерін қамтып қана қоймай адам баласын ұлттының, үмметік ерекшеліктеріне, кәсіптік, жыныстық дәрежелеріне де қарамай, барлық жағдайлардағы қараңғылықтардан жарыққа шығаруға жеке-жеке нұсқаулар беру яғни түс көру, аян-аяттарын оқылуын да қамтамасыз ету де шарт. Және қимет күнінің білімін де, барлық пайғамбарлар меңгерген нұсқау қасиетерді меңгеру амалдарын да түсіндіре біліу керек. Ал негізінен ондай білімді кітап болып жазылған масхабтық білім емес, керісінше ғылым келумен, яғни кітаптардың ашылып оқылумен болатын жағдайды яғни әрбір адам балсына жол-жобасына бағдар алуды аятта: «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-46) Осы аяттқа негізінен мазхаб ғалымдары сүйеніп, пәтуа шығарумен өздерін уақи алушы яғни періштелермен тікелей байланыста болып, тілдесуші кітап берілген пайғамбар, елшілерге, әулиелерге өздерінің қолмен жазылған білімдерін теңдес жасау салдарынан осындай «масхаб бағыт немесе тура жол» деген ұғым пайда болған. Болмаса қалай бағыт болып есептеліп, әрбір пенденің тағдыр ерекшелігінен байланысты жеке жобасын бере алады? Енді ақиқатына жүгінсек; жоғары діни білімді имамдарымыз түгіл, дін ғалымдарының өзі бұндай жағдайлардың негізгі ілімін түс жору және ақиреттік өмірінің базарын жүргізуші, пайғамбарлар, әулие-әмбилер, бағыт сілтеп білмегенін түсіндіретін кітаптар алған ғұламалармен байланысу тарихаттық шарттары түгіл, адам баласының өлгеннен кейін белгілі бір мерзімдерде аруағының көтеріліп бейнеленумен, көмес, өрістік бейнеде тіршілік етіп, өз ағайындарымен Раббылары арасында көздерге яғни күзетшілікке, қарауылдыққа және түрлі үкімдерді орындаушы, хабар беруші, бейнелеп көрсетуші, жаратқаннан түскен несібе ризықтарды үлестіруші, қараңғылыққа түскенде ақыл беріп тура жолға жетелеуші т,б қызметшілік сипаттарын мүлде діннен шығарып тастауменен және оны жек-жеке кейбір сипаттарын меңгеруге тырысқан дін топтарын; «секта» деп айдар тағып атайтынына дәлелдерді келтірудің де қажеті жоқ. Негізінен 9-жыл тұрақты түрде хаж амалдарын орындап барып, 3-ші дәрежелі тәубені меңгеріп, 99-санды таспихтан шамасына қарай белгі, дәлеледер алып барып, сол белгілерді бекітуге арналып жасайтын қажылықтың ғана ислам дінінің негізгі жетістіктерінің ортасы болуы да хақ. Ал ол үшін де иман келтірудің де 22-сатысын, парыздық амалдарын меңгеру керек екен. Негізінен 22-хаж болып, иман қазықтары болып, жер рухымен байланысты иман ағашының тамыры және ғылыми 10-санымен көктік белгімен дәрежеленетін, 60-бұтақты иманның білім негізі болып, ал 1; 11; 22; 33; 44 55; сүрелердің бірі болып саналуынан да, осындай 6-кедергіні меңгеруді, «Бір»-ді, фатиханы жоғалтып, бес парыз деп адасудың да себебі құранның сан тағлымынан білімсіздіктен пайда болған. Ал негізнен әлемдік діндердің де, барлық түсірілген кітаптардың да және жер бетіндегі барлық исламдық дін топтарының да ортақ шарттарының құпия білімін меңгеру және де намаз орындау амалдары да Ыбырайым жолында тоғысады. Діннің турасы Ыбырайым жолы болып табылып аятта; «Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбырайымның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді.» де (161) «Намазым, құлшылғым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де.» (6-162) (18;9) Енді осы дінің ортасын табу үшін барлық намаздардың және құлшылық істердің, тіршілікке байланысты орындайтын салт-дәстүрлік ұлттық ерекшелік шариғат амалдарын және өлім, ақиретті еске алудың ерекшелігі мен соған байланысты өмір сүру қағидаларын әдет-ғұрыптарды орындау арқылы Ыбырайым жолына келіп жер, көктің мүліктерінің құпия сырларын және жан ғылымын меңгерумен жер бетінің істерінің толық меңгерушілігі халифалық дәрежеге көтерілуімен білінеді. Әрбір сүренің оң және сол парлық белгісі болып; Мысалаға Ыбырайым жолының солдан оңға қарай орындайтын намздары 41-ші сүремен көрсетілген де, бұл сүренің Мұхаммед пайғамбарымыздың орындаған намаздарына, қалдырған өсеттеріне байланысты орындалу керек екенін ашық аятпен сүре басында ескерткен. Сондықтан Ыбырайым пайғамбарымыз көк мүлкімен жалғану намаздарын, яғни жеті жолға және қараңғылықтан, жарыққа көтерілу намаз орындауларын көрсетсе, ал Мұхаммед пайғамбарымыз жер бетінің барлық істерінің халифасы шапағатшы дәрежесімен, барлық діндердің басын қосқан және барлық жер және көк жолдардың орындау намаздарын толық біріктіп, жалғаған исламдық жетілген түрі болып дәрежелеген, біртұтастық алғашқы әлемге ортақ барлық діндердің де тура жолды бастаушысы болып саналады. Енді біздің муфтият масхаб мектебін ұстанушылар негізінен тек шариғат ісімен Имам Ағзаб білімінен, көрсеткен үлгісінен сүйенген пәтуалар арқылы ғана діннің құлшылығының ірге тасын ғана қалыптастыратын пәтуалармен, діни істердің бастауыш мектебінің негізін қалауымен ғана шектеледі де, осы Мұхаммед пайғамбарымыз ұстанған тура жол деп, негізінен пайғамбарымызға өздерін теңдес қылып насихаттайды. Шындығында көптеген Имам Ағзам әулиенің меңгерген дін істері мен берген пәтуалары да тасада қалумен бірге, заманның дәуірлер өзгерісінен қарай үнемі Раббымыздың аяттары түсіріліп, Құранның сырларын ашып көрсететін, Құдай ісі шындық болып түсіріліп, елшілердің, әулие-әмбилердің хақиқатқа айналдырған дін істері арқылы шариғат яғни масхаб болып бекіген, кірпіш болып қаланған кітаптардың аяттарының аян, уахи болып оқылуымен, яғни Құдай ісінің заманына қарай орындалуымен, елшілік істердің, әулие-әмилері арқылы түсірілген мұғжиза, хикметтердің білімге айналып, бүкіл халық тұтынатын тұрмыстық жағдайлардың өркениетін қалыптастырып шариғат істері 9-дәуірлік оқиғаларды, себептерді толық қамтып отыруы да шартты жағдай. Осындай заман сынақтарынан өткен және Құранның Алла тарапындағы құпия білімінің кітаптары болып оқылған, хикметтері арқылы жетілген масхабымыз, қазақ әдет-ғұрып, салт-дәстүрлі дін құлшылығымыздың нахыл, мақал мәтелдермен бекіген аяттарымызды ырым, тәңірлік ескі діннен қалған дегендей теріске шығарған пәтуалар арқылы негізінен қазақ дін істері мекемесі мен муфтият ғалымдары өздерінің қысқартылған дін істерін жүргізіуші «сектаға» яғни масхаб істерінің бөлшегіне айналғанын білмейді. Ал масхаб негізін ірге тасын қалушы, дін ортасы Ыбырайым жолы яғни тәуба сүресімен арадағы барлық негізгі пайғамбарларға келген үлгілерді Рабымыздан түсірген барлық елшілерге көрсетілген нұсқауларды біріктіп, Құран ғылымы болып жалғанған. Сондықтан ислам қағидасы бойынша кітаптармен жетілдірілген Ыбырайым жолы Алладан келетін аяндармен, әрбір пенденің тағдыр ерекшелігі және дін жолында жасаған сауап, ізгілік істері мен сәзждесіне алатын жаратқанан жауабын түстердің ақ қарасын ажыратып, жорып, іштегі қараңғылықтардағы, жындарды тәрбиелеп көбейтіп, бірлеу және қандағы шайтандарды тазартып, жанға азық алумен, көңілді кеңітіп, жүрек көздерінің ашылуымен Ыбрайым атамызға берілген кітабқа жалғану және ол үшінде хаж амалдарының 29-сатысынан яғни 99-сипатпен берілген Алла тағаланың көркем есімдеріне жалғанумен және 3-дәрежелі рухани өлім дәрежесінен өтумен (92-ші сүре және 92-пайғамбарымыздың намаздарын меңгеру) құрбандық, артық хайыр жасау арқылы өтіп, тағдырда жазылған сынақтарды кетіру болып саналады. Сондықтан қажылық негізінен тақуалықты толық меңгеру барысындағы 4-ді түгелдегендер үшін ғана, мүміндік дәржедегі құлшылық ісі болып саналады. (Тәубенің дәрежелеріне, намаз орындау ерекшеліктерін алдағы басылымда баяндаймыз.) Енді қазіргі таңдағы исламдық ғалымдарымыз, тиеологтарымыз әрбір үмметерге берілген құрбандық үкімін жетілдіріп, әдет-ғұрыпқа діни салтқа, дәстүрлі намаздарға айналдырған елшілер мен жолбасшылар ісін мүлде қаперге алмай, бұл жолдың жалпы ислам әлемінде мүлде жоғалуына және тек араптарға яғни орта топтағы құранды сақтап, ислам дінінің ортасының куәлігінде болып, қажылыққа келген халықты күтіп, намаз оқып, шырақшылық міндетін атқарушы Меккені таза ұстаушыларға арналған діни істердің ғана негізімен, тек құрбан айтта ғана бір-ақ рет құрбан шалу пәтуасымен ғана шектелумен, ендігі қалпымыз дінді бөлуші исламдық діни сектаға айналып шыға келдік. Ыбырайым жолының негізгі шарты құлшылық арқылы және жаратқаннан берілген аян-аяттарды намаз қылып орындау арқылы және көктің, жердің мүліктерінің құпия сырларын хикметтерін көріп, іліммен білім арасындағы жаратқаннан берілетін таза ақыл құпия білім жолын ұстану және заманына қарай үнемі дамытып отыру яғни жер бетінің адам баласы халифасы болудың қабілет, қасиеттілік ілімдерін меңгеру керек. Ал қажы болудың мақсаты; Алланың мұғжиза, хикметтерін орындаушы, түсірген дінін, кітаптарын қорғаушы және Алла жолында қажырлықпен күресуші екенін білдіру еді. Енді ата жолының ең басты мақсаты да шариғат тазалықтарын меңгерумен бірге, бүкіл пайғамбарлар, елшілер істерінен бата арқылы нұсққау үлгі алумен алдымен тарихатқа жалғанудың білім жолынан басталып, іс басындағы аққу, сұңқарлардың жетеленумен, әрбір ата жолдық сарбаздар түстің, аянның және әулие бабаларымыздың кітаптарына жалғануға яғни Жүсіп жолы, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Ғиса пайғамбарлар ұстанған жол Мұхаммед пайғамбарымыздың Ыбырайым, Нұх пайғамбарларға дейін бірленген жолына түсу керек болатын. Сондықтан әрбір ата жолынан келген пенденің ата салт-дәстүрін өз бетінше меңгеру керек болды және бүкіл шариғаттық тәнді күту, арам жемеу, шерік қоспау, шерік қатып сөз білімін бұзбай сөйлеу, серік қосып құран аяттарының үкімінен қарсы шықпау сияқты шарттары бірінші міндет және оны дұрыс орындау үшінде де алғашқы кезде тылсымнан батамен жетектеліп, яғни орда мектептерінен сабақ дәріс алумен және жеке-жеке әрбір пендесіне кітап берілген әулиелер тарапынан қасиет, қабілет, кәсіптік, білімдік шамасына қарай, белгілі бір әулие-әмбилердің пір болып жетектеп, бағыт беруімен аяндармен қадағаланып, ескертіліп түстермен өткен тағдырындағы күнәлі болмыстары көрсетіліп отырды. Бұл жағдайды енді ата жолының масхабын түсіндіруші ордалардағы аққу сұңқарлар үгіттерімен және әулие баталарымен атқарылса, ал тура жолға қарай бағыт сілтеуші тылсымнан ақиретің мектебі болып іліммен, білім ортасын қалыптастырушы әрбір адам баласының жол-жобасы болып, күнәлі болмысыңды көрсететін түстермен, аяттарын оқитын аяндармен және кейбір озық болған құлдарына уахиларды көрсетіп, кітаптардың құпия сырларының оқылуы әрбір ата-жолдық сарбаздың Алла жолында артық хайыр жасап, өз мал-жанын тазартып, Құранды, ілімді зертеп, қалай меңгеруіне ғана байланысты дәрежеленіп отырды. Негізінен ата-жолының алғашқы шариғатты меңгеріп, жобасына тарихатқа жалғану, мағрипаттық жолын алуға негізделген ілімін меңгеру де 3-кезеңнен тұрып және жоба тарихаты яғни жеті бұтақты жеті атасының ақпартық шежіре ағашына, тарихына толық жалғану 3-жылда қалыптастыру шарт болды. Осы 3-жылда рухани өлімен, ілімен зейнеттелудің шариғатпен қосқанда ішкі 4-рухани дәреже сатысынан өту шарт. Төртеуін түгелдеу арқылы ған төбеден келетін жолына, тылсымнан берілетін мағрипаттық білімінен жалғанумен шығармашылық, дарындылықтың қасиетерін меңгеру, екінші 3-жылдықта атқарылу керек. Ал 3-ші 3-жылдықта ақиқатпен кездесу, белгілі бір пірі болған әулиенің меңгерген кітабына, хикметті істеріне жалғанумен ақ бақсылықты меңгерумен ерекшелену керек. Осылай 9-жылда негізгі 9-тәубенің және ата-жолының негізгі шарты ұлттық қазаққа тән әдет-ғұрып яғни тағдыр ғұмырды толық меңгеруге негізделген. Тек сонан кейін аманаттарды ақтап, көлеңке періштелігіңді ақиретке өткізіп, толық хақиқат дәрежесіне көтерілумен өміріңнің соңына дейін шамаңа қарай ақиреттік сый несібе жеке кітабыңды алып, аяттарын намаз қылып орындаумен, яғни тақуалықпен Алла жолында күресуші «хауарилік» яғни сахабалық дәрежені меңгеру керек. Енді осындай жаратқаннан берілген айқын бағыт мектебтің сабақтарын меңгеру, екінің-бірінің қолынан келмеді және шыдам, ар-намыстылық та жете бермейді. Ал негізінен осындай 3- кезеңнен (субуханалла; әлхамдулла; алауақбар) тұратын 9-жыл тәубе сынағынан өтумен ғана әулие-әмбилер мен ғұлама болған аталарымыздың меңгерген кітаптарына яғни қисынды дәлелдермен, тарихи оқиғалармен, хикметті істермен бекіген әдеттер мен ғұрыптық істерге, түрлі шипагерлік, рухты, тәнді тазарту амалдарын, бақсылық істерді меңгерумен, сұхбат, дарындылықтарды меңеруге арналған әулиелер кітабына толық жалғанумен атқарылу шарт. Ал, енді 9-жылдық сынақтан өткенен кейінгі тақуалықтың алғашқы мектебін толық меңгергендерге, 2-ші тақуалықтың кезеңі мағрипат-хақиқаты яғни әрбір адам баласының кәсібіне, жинаған білім, сана қуатына, естілігіне қарай ілімдік кәсіптерді және мықты тағдырлық, ақиретік несібең кітабыңды алу пайғамбарлар меңгерген кітаптарға жалғанып, пайғамбарлық белгілі қасиетерді меңгеріп, дүние тіршілігіне де байланысты шығармашылық, өнер, ғылым, шаруашылық саларында жетістіктерге жетумен әрбір пенде шамасына қарай бақытты ғұмырдың сатысына көтеріле білу керек еді. Және бұл алғашқы тарихатты толық меңгеруге негізделген 9-жылдық сынақтарды ғана меңгерулермен шектеліп қалмай, бұдан кейін де әрбір адам баласының жеке дарындылық қабілетімен білімділік, ілімділік шамасына қарай тақуалық негізде жетілу сапасына қарай қосымша тағы жылдармен белгіленген міндеттерді алумен, енді хақиқаттық дәрежедегі пайғамбарларға берілген мұғжизалар мен кереметтерді өз халіше меңгеріп, кереметтерін қайталап көрсетумен, ислам дінінің тура жолын, қазақ дін ұстанымын, және соған байланысты түскен Алла үкімі Айша анамыздың ақ туын әлемге үлгі қылып, өзге діндегі де халықтардың топ-топ болып ислам дініне кіруін қамтамасыз ету, ата жолындағыларға басты бағыт берілген жоба болды. Сондықтан ақ ұлдың жанына осындай істерде қажырлы, үлгі өнеге көрсетеді деген артарындағы аруақтарының және сенім артқан тылсымнан ата-аналарымыздың әулиелердің жетегімен; ақылды деген жастармен, орта жас қазақтың текті ұрпақтарын, аруақтың жетелеуімен топтастырып, керуеннің алғашқы жылдарында Ақ ұлдың жеке өз басқаруымен, түрлі хикметтердің көрнісімен, бүкіл еліміздің шығысы мен батысы арасын жүйелі түрде қамтығаны да сөзсіз. Және халықтың түрлі жағдайда бұл игі шараға ат салысуымен, қазақ салт-дәстүрінің, тарихат біліміміз, діндегі көтерілген мағрипатық жолымыз кең түрде үгіттеліп, мүлде мәңгүтенген орыс елімен шекаралас елді мекендердің өзінде халықтың рухани оянуына, қоғамға, заман ағымына деген біртекті көзқарастардың қалыптасуына үлкен септігін тигізіп, ел бірлігін қалыптастығаны да даусыз. Және осындай істерде, ұйымдастырушылық қабілеттерімен озық шыққан сұңқар, аққулардың іс басына келуімен, Ақ ұлдың тек жүрек ашу ісін ғана қадағалап, соның өзін игеріп қамтып отыру да үлкен қайратты қажет ететін еді. Оған себеп ай сайын жарты мыңға дейін жүрек ашуға талаптанғандар, Алматы қаласына жиналып отыратын. Бұл жағдайда ислам ғалымдарының ұмыт қалдырған, көбіне әйел затының жер ана рухымен тұрақты байланыста тұратынын, ал еркек затының балтырында арнаулы перде болуымен түс көру үш күндік дүние істерін меңгеруде әйел затына тең келу мүмкін емес еді. Осы жағдайды пайдаланған небір көріпкел, дарынды бата бергіш аққулар ата жолы жамағаты, халық беделіне ие болумен алға шығып; «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып», сондықтан керуен басқару ісін қолдарына алып, еркектердің тасада қалумен бірге пенденің барлық жер тұрғынына ортақ «жұлдыздық» аурудың да кең өріс алуымен де ерекшеленді. Ал кейде саналы еркектердің тақуалықты, ұлтық әдет-ғұрпымызды қалыптастырыуға және шариғатқа қайшы кейбір істерді түзетуге тырысқан әрекеттері, жалпы діни сауатсыз, шариғат шарттарын меңгеруден салақсынған, әр түрлі ұлттардан құралған жамағаттардың тарапынан да қолдау көрмей және осындай «жұлдызды» аққулардың ондай азаматқа жабылып, немесе Ақ ұлға, іс басындағы еркектерге теріс ақпар берумен ортадан аласталып, артында тек қатын жанды, қатын басты еректер ғана қалумен керуен ісі шайқалып, қазақ салт-дәстүріне тән тақуалық істер көлеңкеде қалып қойды. Пайғамбарымыздың; «Егер әйелге жақсы тәрбие берілмесе, ол отбасының да бүкіл қоғамның күйреуіне себепкер болады.» (697-ө) «Егер басшыларыңыз жаман, байларыңыз сараң, істеріңіз бей-берекет және

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет