Аталып өтілетін даталар



жүктеу 1.34 Mb.
бет1/7
Дата03.04.2016
өлшемі1.34 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: irbis64r 01 -> Kraeved -> Ukaz pdf
Kraeved -> Шәйір атындағы шаһардың тойы
Ukaz pdf -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Балажан ақын
Kraeved -> Алаштың арда туған Әлімханы Халқымызда «Жақсы адам – қазына»
Kraeved -> Қасым поэзиясындағы балладалар
Kraeved -> Қарқаралы арқадағы Гүлстан Облысымыздың атаулары
Kraeved -> Зобалаң жылдарында Қазыналы қарашаңырақ
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Орталық Қазақстан. 1991. 29 қазан Әдеби мұРА

Алғы сөз

«Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы» атты библиографиялық әдебиеттер көрсеткішін Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми–әмбебап кітапханасы 1971 жылдан бастап жыл сайын құрастырып шығарады.

Бұл көрсеткіште облысымыздың тарихындағы, экономикасы мен мәдениетіндегі көрнекті даталарға, белгілі қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталарына қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі беріледі.

Көрсеткіш материалдары хронология бойынша тізілген және де «Анықтамасыз және әдебиеттер тізімісіз қосымша даталар» тізімі бар. Айы мен күні белгісіз даталарды кітапханаларда жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады.

Материалдарды жинақтауда Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың каталогы, өлкетану картотекасы мен электрондық өлкетану каталогы пайдаланылды.

Әдебиеттер тізімін кейінгі кітаптармен және мерзімді басылымдар материалдарымен толықтырып отыру қажет.



Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде жасалған, кітапханашыларға, оқырмандарға, барша өлкетану әдебиеттерін насихаттаушыларға арналған.

Аталып өтілетін даталар


4 наурыз 1927

Ұстаз, қаламгер, ақын Рамазан Нәрешевтің туғанына 80 жыл

4 наурыз 1942

Жазушы Жеңіс Қашқыновтың туғанына 65 жыл.

23 наурыз 1927

Қазақ совет әдебиет зерттеушісі, сыншы, профессор Серік Қирабаевтың туғанына 80 жыл.


11 сәуір 1937

Балқаш қаласының құрылғанына 70 жыл.


24 сәуір 1932

Жазушы, публицист Камал Смайыловтың туғанына 75 жыл

10 мамыр 1927

Жазушы Асан Жұмаділдиннің туғанына 80 жыл


10 маусым 1912

Жазушы Жайық Бектұровтың туғанына 95 жыл.


6 шілде 1927

Жазушы Әмен Әзиевтің туғанына 80 жыл


27 қыркүйек 1937

Өлкетанушы Юрий Григорьевич Поповтың туғанына 70 жыл

15 қазан 1907

Жазушы Әлжаппар Әбішевтің туғанына 100 жыл.


5 қараша 1917

Қазақ ССР-інің халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың туғанына 90 жыл.

29 қараша 1902

Жазушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 105 жыл.


5 желтоқсан 1912

Аудармашы Әбітай Атығаевтың туғанына 95 жыл

12 желтоқсан 1942

Жазушы Ақселеу Сейдімбековтың туғанына 65 жыл.


25 желтоқсан 1917

Жазушы Қапан Сатыбалдиннің туғанына 90 жыл.


27 желтоксан 1927

Қазақ ССР-інің халық әртісі, домбырашы Мағауия Хамзиннің туғанына 75 жыл.

Желтоқсан 1922

Саран педагогикалық училищесінің құрылғанына 85 жыл.


Желтоқсан 1937

Қарағанды облыстық мұрағатының құрылғанына 70 жыл.


1882

Ақын Ғаббас Айтбаевтың туғанына 125 жыл.


1892

Халық ақыны Көшен Елеуовтің туғанына 115 жыл.


1922

Кеңес Одағының батыры Петр Иосифович Теряевтің туғанына 85 жыл.

1932

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылғанына 75 жыл.

1932

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының құрылғанына 75 жыл.

1972

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік

университетінің ашылуына 35 жыл.




4 наурыз 1927 – Ұстаз, қаламгер, ақын Рамазан Нәрешевтің туғанына 80 жыл
Қарт ұстаз, ақын ағамыз Р.Нәрешев 1927 жылы сонау Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деп аталатын жерде дүниеге келген. Қызметке жіберген ағасы Айтбаймен Рамазан Қарағандыға 1938 жылы келген. Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатын оқып бітіріп, 1942 жылы екі жылдық оқытушылар институтының тіл-әдебиет факультетіне оқуға түседі. Оны ойдағыдай бітіріп, Нұра ауданы, Киевка селосындағы орта мектепте әдебиет пәнінен сабақ береді.

Р.Нәрешев 16 жасынан бастап өлең жазған. Оның алғашқы өлеңдері облыстық «Советтік Қарағанды» газетінде жарық көрген. Екі жыл мұғалім болып қызмет атқарғаннан кейін Р.Нәрешев ҚазМу-дің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1949 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Сол жылы ғылым академиясының аспирантурасына қабылданады. Осында оқып жүргенде А.Кривицкийдің «Бессмертие» кітабын қазақшаға аударады. Сол жылдары оның жазған өлең-жырлары, сын мақалалары газет-журнал беттерінде жиі жарық көреді.

Ұлы Отан соғысынан кейін де елімізде жазықсыз жазаланғандар аз болған жоқ. Сол елуінші жылдары тағдыр тәлкегіне түсіп, тозақ кешкендердің бірі Р.Нәрешев. 1951 жылдың қаңтарында оны қаннен-қаперсіз отырған жерінде НКВД-ның адамдары келіп ұстайды. Апарып түрмеге жабады. Карцерге отырғызады. Сондағы жапқан кінәсі С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романын оқыған болып шығады. «Ұлтшылсың, халық жауының шығармасын оқыдың» деп айыптап, 24 жастағы аспирант Р.Нәрешевті он жылға соттап, көз көріп, құлақ естімеген жерге айдап әкетеді. Ол ауыр жолда қаншама тауқымет шексе де болашақтың жарқын күндерінен күдер үзбейді. Айдаудағы азапты ғұмыры, мұң-шері өзінің жан серігі өлеңінен ап-айқын көрінеді. Р.Нәрешевтің «Қамауда туған шұмақтар» топтамасындағы өлеңдерінде жазған. Бастан кешкен қайғы-қасірет, азапты күндерін ол әр кезде де жыр жолдарына түсіріп отырған.

Тар жол, тайғақ кешу сапарынан Р.Нәрешев 1956 жылдың ақпанында ақталып, аман-есен елге оралады. Бір жылдай Қарқаралы аудандық газетінде қызмет атқарып барып, өз мамандығы бойынша Қарағайлы орыс мектебіне мұғалім болып ауысады. Одан кейін Бұқар жырау аудандық оқу бөлімінде инспектор, мектепте оқу ісінің меңгерушісі, құрметті демалысқа шыққанға дейін кешкі жұмысшы-жастар орта мектебінің директоры қызметін атқарған.

1932 жылы ашаршылық жөнінде «Қайғылы мешін» деген атпен мына бір өлеңді:

Естігем шырылында жас баланың,

Төсін тырнап жатыр екен өлі ананың.

Көмусіз қалып жатты құзғынына қу даланың.

Арқада сайран құрған қайран елім,

Кездесті тағдырына қырғын елім.

Айтам деп басқа түскен зұлымдықты,

Сол үшін кешегі күн таяқ жедім, – деп жазған ақын әрі қарт ұстаз. Кейінгі жылдары республикамыздың дербес ел болғандығына қуанып шабытты өлеңдер жазған.

Сарыарқа өңірінде Рамазан Нәрешұлының 1994 жылы «Өмір өткелдері» атты кітабы жарық көрген. Жинаққа ұлы жазушы, академик М.Әуезов туралы естеліктері, жол жазбалары т.б. тақырыптарға жазылған мақалалары да енген.

Жерлесіміз, ұстаз – ақын Р.Нәрешұлы 2001 жылы 74 жасында қайтыс болды.


Р.Нәрешевтің шығармалары:
Нәрешев Р. Бұдан алпыс жыл бұрын: Д.Әлімбаевтың туғанына – 150 жыл // Орт.Қазақстан.- 2000.- 19 тамыз

Нәрешев Р. Өткен күнге саяхат: Естелік // Орт.Қазақстан.- 1991.- 8, 12 наур.

Нәрешев Р. Өткен күнге саяхат: Естелік // Сарыарқа.- 1991.- 1, 12, 14, 16, 21 ақпан

Нәрешев Р. Сағыныш екен сол жылдар...: Қ.Аманжоловтың туғанына – 90 жыл // Азия Транзит.- 2001.- №9.- 22, 23 б.

Нәрешев Р. Туған тіл туралы толғаныс // Сарыарқа.- 1992.- 15 тамыз

Нәрешев Р. Ұстаз: /Өлеңдері/ // Сарыарқа.- 1991.- 1 маус.

Нәрешев Р. Ұстазым – М.Әуезовке; Қайғылы мешін; Желтоқсан дауылы; Республикам менің; Қарқаралы: Жыр дәптерінен // Қарқаралы.- 1997.- №1-2.- 44-46 б.

Нәрешев Р. Өлеңдері: /Жерлес ақынымыз творчествосынан/ // Сарыарқа.- 1992.- 31 қазан

Нәрешұлы Р. Доскей: Өлең: /Доскей туғанына 150 жыл толуына орай/ // Орт.Қазақстан.- 2000.- 2 тамыз

Нәрешұлы Р. Қайғылы мешін: Өлең // Орт.Қазақстан.- 2000.- 31 мамыр

Нәрешұлы Р. Қасым оты сөнбейді: Қ.Аманжоловтың туғанына-90 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.- 30 маусым

Нәрешұлы Р. М.Әуезов–менің ұстазым: /«Өмір өткелдері» атты кітабынан үзінді/ // Қарқаралы.- 1999.- 11 қырк.

Нәрешұлы Р. Өмір өткелдері: Естеліктер, эсселер мен өлең-жырлар.-Қарағанды, 1994.-153 б.

Нәрешұлы Р. Ұмытылмас бейне: Қ.Аманжоловтың туғанына – 90 жыл // Орт.Қазақстан.- 2001.- 25 сәуір


Р.Нәрешевтің шығармашылығы туралы:
Қауысов Б. Талап пен тағдыр егессе.: 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні// Орт. Қазақстан.- Қарағанды, 2001.- 30 мамыр

Рамазан Нәрешұлы: [Некролог]// Орт.Қазақстан.- 2001.-18 шілде

Смаханұлы С. Әуезовтің алдын көрген: /Жерлесіміз, ұстаз ақын Р.Нәрешевтың туғанына 70 жыл/ // Қарқаралы.- 1997.- №1-2.- 47 б.

Шыныбеков Қ. Азап көрген азамат: /Р.Нәрешев туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 20 қырк.

Ыдырысова Қ. Мерейтойға-ақ тілек: /Р.Нәрешұлы 70 жаста/ // Сарыарқа.- 1997.- 1 наур.

4 наурыз 1942 – Жазушы Жеңіс Қашқыновтың туғанына 65 жыл
Жеңіс Қашқынов 1942 жылғы 4 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы, бұрынғы «Қуаныш» ауылында туған. 1959 жылы астанадағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ орта метебін, 1964 жылы ҚазМу-дің филология факультетін бітіріп шығады. Алғашқы кезде республикалық «Ленишіл жас» газетінде істеп, 1965 жылдан қазақ радиосында қызмет атқарып келді. Одан кейін «Мектеп» баспасында жұмыс істеді.

Жеңіс Қашқынов өлеңді мектепте оқып жүрген кезден жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» («Ақ желкен»)

«Қазақстан пионері» («Алау») газеттерінде жарық көрді. Балаларға арналған тұңғыш «Кешкі күн» аталатын кітапшасы 1967 жылы, ал «Қоңыраулы сағат» атты бір томдығы 1989 жылы жарық көрді. Бүгінде он бірге тарта жыр кітаптарын шығарған автор өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдаван, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдерінде аударылды. Ол сондай-ақ, бірқатар бауырлас жырларды ана тілімізге аударды.

Жеңіс Қашқыновтың өлең өлкесінде қаламының ұшталып қанатының қатаюына «Орталық Қазақстан» газеті ерекше ықпал етті.

Ж.Қашқынов шығармашылығының басты тақырыбы – халқымызыдың мәрттігі мен ерлігін жырлауға арналған. Бұған дәлел С.Сейфуллин жайлы «Қызыл сұңқар» атты балладасы мен Ақтоғай ауданынан шыққан, кешегі жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Қ.Нұржанов жайлы жазған прозалық поэзиялық шығармалары дәлел. Қ.Нұржанов жайлы жиырма жылдан артық уақыт бойы деректер мен материалдар жинап «Батыр Қазыбек Нұржанов» (1971 ж.) очерк кітабын, «Батырдың анасы» (1978 ж.) атты поэмасын қалың жұртшылыққа сыйға тартты.

Жеңіс Қашқынов ақындығымен қоса, мақала, очерктер, ой-толғамдарын ортаға салып, газет-журналдарға бұрын да жазып жүрген қаламгер тәуелсіздік таңы арайлап атқанда тарихи тақырыптарға батыл барды. Жалаң тұрғыдан емес, зерделі зерттеулерді салыстыра, бұрындары елден естігендерін толықтыра отырып жұрт кәдесіне ұсынды. 1994 жылы тарихи тақырыптарға жазған мақалалар мен очерктер топтамалары үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. Жазушы өз шығармашылығын екі сала бойынша дамытып жалғастырады. Тарихи тұлғалардың кескін-келбетін, іс-әрекеттерін, халқы үшін аямай жұмсаған күш-қайратын көрсететін жарқын бейнелерін 2001 жылы шыққан «Алыптар мен арыстар» деп аталатын өлеңдер мен дастандардан тұратын жыр жинағында сомдады.

Ж.Қашқыновтың өлең жолдарына сия бермейтін ел намысын жыртып, туған жерін кеудесін қалқан етіп жаудан қорғаған қаһармандардың ерліктерін кеңінен көрсету мақсатында проза жанрына бой ұруы тегін емес. 2002 жылы «Жібек жолы» баспа үйінен шыққан «Атыңнан айналайын атамекен» аталатын кітабында Балқаш пен Қарағанды арасындағы сайын даланы найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған батырлар, жалынды жырларымен елдің рухын көтерген арынды ақындар, би-шешендер, Алаш көсемдері, көрнекті ғалым, мемлекет қайраткерлері, майталман еңбек ерлері туралы деректі әңгімелер, толғаулары, портреттері енген.

Сонымен бірге «Ақжолтай Ағыбай батыр» (1996 ж.) туындысы жастарды Отанын шексіз сүюге баулитыны сөзсіз.

Жазушы 30 жылдан аса Балқаш көлінің әсем көрінісін жырлап қана қоймай, суының тартылып, балығының азаюына байланысты көптеген проблемалық мақалалар жазып, Қазақ радиосы арқылы: «Балқаштың бағын байламаңдар!» деп қалың елге үн тастағанын білеміз.

Әдеби газет-журналдар мен бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы.

Жеңіс Қашқынов Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Еңбектегі ерлегі үшін» медалімен, грамоталармен марапатталған.

2006 жылдың қаңтар айында 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды.


Ж.Қашқыновтың шығармалары:
Қашқынов Ж. Апайтөс батыр - Жалаңтөс// Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.-N2.-39-42 б.

Қашқынов Ж. Арман асуында: Өлең-очерк // Орт. Қазақстан.- 1967.- 1 қазан

Қашқынов Ж. "Бұл ғасыр менен екі-ақ жас үлкен": Ғабит Мүсіреповтің сөзі// Қазақ әдебиеті.- 2002.- 14 маусым(N24).-5 б.

Қашқынов Ж. Дала данышпандары // Қазақ батырлары.- 2003.- желтоқсан(N12).-6 б.

Қашқынов Ж. Диқан мерейі: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.- 72 б.

Қашқынов Ж. Елу ерім: Жыр–байғазы // Орт. Қазақстан.- 1995.- 28 қырк.

Қашқынов Ж. Еңбек торысы: Ғалым-геолог Т.Ақышев туралы// Орт.Қазақстан.- 2000.- 6 қыркүйек

Қашқынов Ж. Қасиетті, киелі Қарқаралы// Орт.Қазақстан.- 2000.- 8 қаңтар

Қашқынов Ж. Найзатас: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.- 72 б.

Қашқынов Ж. Оның сүрлеу соқпағы: Жазушы С.Сматаев - 60 жаста// Орт.Қазақстан.- 2001.-16 маусым

Қашқынов Ж. Соқпақтар: Өлеңдер, толғаулар, балладалар.- Алматы: Жазушы, 1973.- 64 б.

Қашқынов Ж. Тастанбек: [Дастан]// Орт.Қазақстан.- 2001.-17 қаңтар

Қашқынов Ж. Темеш – Дәмеш: Дастан: /Т.Жүргенов пен Д.Ермековаға ескерткіш/ // Орт. Қазақстан.- 1995.- 14 қаңт.

Қашқынов Ж. Туған жер – Атамекенім: Жыр дәптерінен // Орт. Қазақстан.- 1998.- 3 ақпан

Қашқынов Ж. Туған жерге ту тіктім: өлеңдер// Жұлдыз.- 2002.- N3.-3-4 б.

Қашқынов Ж. Хан Кене, Ер Ағыбай, Батыр Науан: дастан// Қазақстан сарбазы.- 2002.- 12 наурыз.-6 б.,Орт.Қазақстан.- 2001.-1 қыркүйек, Азия Транзит.- Қарағанды, 2001.-N11.-19, 20 б.

Қашқынов Ж. Шайтанкөл, Қасым ақын - егіз ұғым: Жыр дәптерінен// Орт.Қазақстан.- 2002.-5 қаңтар

Қашқынов Ж. Шашасына шаң жұқпаған Шашекең: Ақынның 135 жылдығына// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 шілде

Қашқынов Ж. Шежіре бауырмалдыққа баулиды// Орт.Қазақстан.- 2000.-2 тамыз
Ж.Қашқыновтың шығармашылығы туралы:
Ақын Жеңіс Қашқынов – 50 жаста // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 13 наур.

Ақын Жеңіс Қашқынов – 50 жасты // Орт. Қазақстан.- 1992.- 28 ақпан

Әлімбаев М. Бала танымдылығын арттырады: Жаңа кітап // Орт.Қазақстан.-2004.- 15 қаңтар.-8 б.

Жанысбай С. Ақынын ардақ тұтты: Ж.Қашқынов - 60 жаста / С.Жанысбай// Орт.Қазақстан.- 2002.- 7 қыркүйек.-9 б.

Жеңіс Қашқынов: некролог// Орт.Қазақстан.- 2006.- 3 қаңтар.-7 б., Қазақ әдебиеті.- 2006.- 6 қаңтар(№1).-15 б.

Кептербаев С. "Ауылым - арман әнім": Өнер күнделігі // Орт. Қазақстан.-2003.- 25 желтоқсан.-6 б.

Қасым тойында қанат қаққан жұлдыздар: [Өлеңдер]// Қарқаралы.- 2001.- 29 қыркүйек

Қашқынов Жеңіс // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004.- 185 б.

Қашқынов Жеңіс // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 347 б.

Қирабаев С. Балажан ақын: Ақын Ж.Қашынов - 60 жаста// Орт.Қазақстан.- 2002.-2 наурыз

Негимов С. Елдік пен ерлікті жырлаған: Ақын Ж.Қашынов - 60 жаста// Орт. Қазақстан.- 2002.-2 наурыз

Негимов С. Жырлары жанды баураған: Ақын Ж.Қашқынов–50 жаста // Орт. Қазақстан.- 1992.- 11 ақпан

Негимов С. Қасымды ұстаз санаған: Ақын Ж.Қашқыновтың туғанына – 50 жыл // Қарқаралы.- 1991.-21 желт.

Негимов С. Құнды туынды // Орт.Қазақстан.- 2002.- 21 желтоқсан.-10 б.

Негимов С. Оқырманын қуантатын туынды: Жаңа кітап// Орт.Қазақстан.- 2003.- 6 қараша.-8 б.

Омарұлы Ә. Жеңіс ақынның жыр кеші // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 24 шілде

Оспанов С. Ақжарма жырлар: [Ж.Қашыновтың "Алыптар мен арыстар" кітабы туралы]// Орт.Қазақстан.- 2002.-2 ақпан
23 наурыз 1927 – Қазақ совет әдебиет зерттеушісі, сыншы, профессор Серік Қирабаевтың туғанына 80 жыл.
Серік Қирабаев 1927 жылы, 23 наурызда қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында туған. 1951 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін, аспирантурада оқи жүріп, қазақ көркем әдебиет баспасының аға редакторы, «Әдебиет және өнер» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып істеген. 1952 жылдан 1955 жылға дейін С.Қирабаев – «Пионер» журналының редакторы, одан кейін «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясының әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болған. 1957 жылы кандидаттық диссертация, ал 1964 жылы филология ғылымының докторы ғылыми атағына диссертация қорғаған. Кейін Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болып, Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік университетінде көп жылдар бойы дәріс оқып, қазақ әдебиеті кафедрасын басқарған.

1988-1995 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып қызмет атқарған.

С.Қирабаевтың шығармашылық қызметі студенттік жылдарынан басталған. 1948 жылдан бастап баспасөзде оның сын мақалалары жиі басылды. 1956 жылы «Ғабиден Мұстафин» атты монографиясы жарық көрді, екі жылдан кейін бұл кітап орыс тілінде шықты. Содан кейін «Спандияр Көбеев» (1958), «Өнер өрісі» (1968), «Сәкен Сейфуллин» (1973), «Әдебиет және дәуір талабы» (1976), «Революция және әдебиет» (екі томдық, 1977), «Шындық және шығарма» (1981), «Шындық және шеберлік» (1983), «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері», «Жүсіпбек Аймауытов» (1990) және тағы басқа көптеген зерттеулер мен монографиялардың, әдеби процестің әртүрлі жақтарын әралуан қырынан сөз ететін көптеген мақалалардың, әсіресе, бірталай мектеп окулықтарының авторы ретінде қалың оқырман қауымға, әдеби-мәдени қоғамдық жұртшылыққа кеңінен танылды. Ол – Қазақ әдебиеттану ғылымы саласындағы жетекші ғалымдарымыздың бірінен саналады.

С.Қирабаев «Еңбек Қызыл ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталған.

1996 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Филология ғылымының докторы, профессор, КСРО педагогика ғылымдары академиясының кореспондент-мүшесі, көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, әдебиет сыншысы Серік Қирабаев - әдебиетке жан – жақты, білімімен, мол дайындық пен келген сыншы.
С.Қирабаевтың шығармалары:
Қирабаев С. Айтыс асыл қазына // Егемен Қазақстан.- 2003.- 18 наурыз.-3 б.

Қирабаев С. Ақын, қайраткер: К.Салықов - 70 жаста// Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 26 қыркүйек

Қирабаев С. Асқар: /Ақын Асқар Егеубаев туралы/ // Егемен Қазақстан. – 2000. – 28 наурыз

Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. Сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1976. – 300 б.

Қирабаев С. Балажан ақын: Ақын Ж.Қашынов - 60 жаста// Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2002.-2 наурыз

Қирабаев С. Біздің Мәлік // Егемен Қазақстан.- 2003.- 16 қазан.-4 б.

Қирабаев С. Ғабиден туралы сөз: Мұстафин-100//Егемен Қазақстан.- 2002.- 24 желтоқсан.-4 б.

Қирабаев С. Елдік пен ерлік жыршысы // Егемен Қазақстан.- 2003.- 12 тамыз.-3 б.

Қирабаев С. Естеліктер // Жұлдыз.- 2003.- N8.-103-121 б.

Қирабаев С. Елуінші жылдардың бас кезінде..: Қ.Аманжоловтың туғанына-90 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.- 8 қыркүйек

Қирабаев С. Жаны нұрға бөленген: (М.Әуезов туралы эссе)// Парасат.- 2002.- N5.-4-8 б.

Қирабаев С. Жырдың жарық жұлдызы: Тұманбай Молдағалиев 70 жаста// Егемен Қазақстан.- 2005.- 20 наурыз.-8 б.

Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов: Өмір мен шығармашылығы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 222 б.

Қирабаев С. "Кәдімгі Сәбит Мұқанов" // Егемен Қазақстан.- 2002.- 9 қазан.-4 б.

Қирабаев С .Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: Қысқаша очерк / С.Қирабаев.- Алматы: "Білім", 2003.- б.

Қирабаев С. Қазақ әдебиеттану ғылымы: бүгіні мен ертеңі: академик Серік Қирабаевпен сұхбат / әңгімел. Г.Пірәлиева// Егемен Қазақстан.- 2006.- 22 сәуір (№87-88).-6 б.

Қирабаев С. Қайта құру және әдебиеттану // Қазақ әдебиеті. – 1989. – 18 авг. – 6-7 б.

Қирабаев С. Қыран қанатты ақын: Қ.Аманжоловтың туғанына-90 жыл// Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2001.- 21 шілде

Қирабаев С. "Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген...": /Жыр жампозы Жұбан Молдағалиевтің поэзиясы осындай өшпес рухпен асқақтап тұрады/// Егемен Қазақстан.- 2000.- 4 қазан

Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті: Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы. 1968. – 288 б.

Қирабаев С. Өлең - жыр – Фаризаның өмірі: /Фариза Оңғарсынова туралы/ // Ана тілі. – 2000. – 28 маусым(N15).-7 б.

Қирабаев С. Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1971. – 272 б.

Қирабаев С. Өрлеу жолында. Әдеби-сын мақалалар. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1960. – 290 б.

Қирабаев С. Революция және әдебиет. Екі томдық. – Т.2. – Алматы: Жазушы, 1977. – 376 б.

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. Өмірі мен творчестволық жолы. – Алматы: Жазушы. 1974. – 432 б.

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. Творчестволық жолы. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962. – 442 б.

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. (Туғанына 70 жыл толуына). – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1964. – 80 б.

Қирабаев С. Спандияр Көбеев. Өмірі мен жазушылық қызметі. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1958. – 160 б.

Қирабаев С. Сырғаңды сағынамыз: Сырбай Мәуленов туралы естелік // Қазақстан ZAMAN.- 2002.- 11 қазан.-13 б.

Қирабаев С. Сырдың соны сүлейі: [ақын Асқар Тоқмағамбетов туралы]// Қазақ әдебиеті.- 2005.- 19 тамыз.-3 б.

Қирабаев С. Талантқа құрмет: Мақалалар, зерттеулер, портреттер. – Алматы: Жазушы, 1988. – 248 б.

Қирабаев С. Шығармалар жинағы: Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1991.

Т.1: Сәкен Сейфуллин. Монография.- 448 б.

Т.2: Сын мақалалар мен зерттеулер.- 544 б.

Қирабаев С. Телесынның сұлтаны: /Сұлтан Оразалинов- 60 жыл/// Қазақ әдебиеті.- 2001.- 27 сәуір(N17).--8 б.

Қирабаев С. Талантқа құрмет: Мақалалар, зерттеулер, портреттер .- Алматы: Жазушы, 1988.- 248 б.: портр.

Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен: Зерттеулер, мақалалар, естеліктер - Астана: Фолиант, 2002.- 504 б.: портр.

Қирабаев С. Шындық және шығарма: Сын мақалалар, зерттеулер. Портреттер. – Алматы: Жазушы, 1981. – 252 б.

Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет: Зерттеулер мен мақалалар / С.Қирабаев.- Алматы: Ғылым, 2001.- б.



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет