Атамекен ауылдық кітапханасы



Дата02.05.2016
өлшемі19.35 Kb.
Атамекен ауылдық кітапханасы
Атамекен ауылдық кітапханасы

ОКЖ-нің баланстық есебіндегі

кітапхъана ғимаратында орналасқан.

Жалпы көлемі- 50кв.м

Атамекен ауылы Ақжайық ауданынан 102 км қашықтықта Жайықтың оң жағалауында орналасқан.

Атамекен (бұрынғы Антонов) ауылдық кітапханасы 1955 жылы «Оқу үйі» болып құрылған.

Алғашқы құрылған жылдарда кітапханашы Габдуллина Тойған. Кітапханада Т.Габдуллина 1958 жылға дейін қызмет етті.

1963-1965 жылдар аралығында Кайрекеева Жамал қызмет атқарды.

Кітап қоры небары 160 -қа жуық әдебиеттерді құрады. Кітап қорының аздығына қарамастан оқырман қауым көптеп келіп, кітапханашы Жамал апай тұрғындар арасында білікті насихатшы танылып кітапханалық шараларды да көптеп өткізіп жүрді. Соның ішінде С.Сейфуллинің «Тар жол тайғақ кешу», Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» кітабы бойынша оқырман конференциялары өткізілді.

Кітапхана жұмысын жалғастыра келе 1966-1967 жыл аралығында Тасмағамбетова Бақыт қызмет атқарды. 1967 жылы жас маман ретінде Жангалиева Жамиға кітапханашы қызмет атқарды. Еңбек еткен жылдары бастамасында Алмалы (бұрынғы Котельный) ауылдық кітапханасынан 300–ге жуық әдебиет, т.б. кітапханалардан алып және кітапханалардан келген кітаппен қамтылып кітап қоры 5000-ға жетіп кітапхана одан әрі жандануына жол ашылды. Кітапханашы жұмысының басты мақсаты- оқырман қауымды отаншылдыққа, ұлағатты ұрпақтың жақсы білім алуына, ұлттық-салт дәстүрімізді сақтау т.б. сияқты басты мәселерді халыққа кітапхана оқырмандарына кеңінен насихаттау екені анық. Осы мақсатта ауыл фермаларға, алыс шалғайдағы елді-мекендер немесе шопандардың ой-өрісін кеңейту бағытында оқырмандар сұранысы бойынша әдебиеттер, газет-журналдар жеткізіліп тұрды.

«Ардагерлер әуесқойлар» клубын ауыл ардагерлермен құрып, Тайпақ ауданың 60 –жылдық мерекесіне орай Клуб қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Сырласайық жеңеше» (суретте) атты әдеби байқау ұйымдастырды. Котелный совхозының партия ұйымының мақтау қағазы мен бірнеше рет марапатталды.

2006 жылдың қараша айында жас маман Жангалиева София Тлекқабылқызы кітапхана жұмысын жалғастырды.

Қазіргі танда кітапхана шағын бөлек ғимаратта орналасқан. 2007 жылдың қорытындысы бойынша жақсы жас маман ретінде Жангалиева София Тлекқабылқызы мақтау қағазымен марапатталды.





Каталог: zkolib -> rus -> nav
nav -> Аудандық кітапхана. Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау»
nav -> Шағырлой ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 751 Кітап берілімі: 15100 дана
nav -> Аудандық балалар кітапханасы
nav -> Ұзынкөл ауылдық кітапханасы
nav -> 1920 жылдары Ілбішінде қызыл әскерлер горнизонының Чапаев атындағы клубы ашылды. Клубта алғашқы кітапхана, оқу бөлімі, үйірме ұйымдастырылды. Тұрғындар рухани құндылықтармен оқу бөлмелерінде отырып ой бөлісті, сауат ашып
nav -> Бұлан ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 515 Кітап берілімі: 10276 дана
nav -> Түрлі сайыстар,ойындар,байқаулар; оқырман конференциясы, әдеби талқылау, дауыстап оқу; ақпаратты шолулар, ұсыныс әңгімелер т с. с өткізіледі
nav -> Абай ауылдық кітапханасының шежіресі
nav -> Оян ауылдық кітапханасы
nav -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет