Атамекен ауылдық кітапханасы



жүктеу 34.44 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі34.44 Kb.
: zkolib -> rus -> nav -> tas
tas -> Аудандық кітапхана. Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау»
tas -> Аудандық балалар кітапханасы
nav -> Абай ауылдық кітапханасының шежіресі
tas -> Оян ауылдық кітапханасы
nav -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана
tas -> Ермольчев ауылдық кітапханасы
tas -> Амангелді ауылдық кітапханасы
tas -> Кузнецов ауылдық кітапханасы
tas -> Қисықсай ауылдық кітапханасы
Атамекен ауылдық кітапханасы.

Атамекен ауылдық кітапханасының тарихы сонау Ұлы Отан соғысына дейінгі 1940-шы жылдардан басталса керек. Атамекен ауылдық кітапханасында әр жылдары еңбек еткен қызметкерлер - Бекбаулова Ғазиза Ихсанғалиқызы /1950-1955 ж.ж./, Алмағамбетов Махмұд /1955-1958 ж.ж./, Айсағалиева Рысқаным Нұрғалиқызы /1958-1974 ж.ж./, Нұрашева Маржан Жұманайқызы /1974-1984 ж.ж./, Қаламқалиева Зұлхия Дұйсешқызы /1984-1997 ж.ж./, Кенжешева Гүлсім Әлиқызы /1997-2000 ж.ж./, Ерниязова Тұрсынай Мұтиғоллақызы /2000-2001 ж.ж./, 2001 жылдан осы күнге дейін Калмурзин Жайсан Ғарифұлы жұмыстанып келеді.

1950-шы жылдан 1955-ке дейін кітапханашы қызметін атқарған, 7 класстық білімі бар Бекбаулова Ғазиза Ихсанғалиқызы 1928 жылы дүниеге келген. Соғыс жылдарында совхоздың шеберханасында токарлық қызметте және әртүрлі жұмыстарда жүрді. Ол кісіден кейін кітапханашы болған Алмағамбетов Махмұд. 1958-1974 жылдары Рысқаным Нұрғалиқызы кітапханашылық қызметке 16 жыл бойы үздіксіз қызмет еткен. Әрдайым өз әріптестерінің, қызметтестерінің арасында өте сыйлы болған. Облыстық, аудандық, ауылдық семинарларға қатысып жүрген. Өз жұмысына өте жауапкершілікпен қараған.

1966 жылы совхозда үлкен ғимарат, мәдениет үйі және оған қанаттас кітапхана іргетасы құйылды. Екі жылға созылған құрылыс аяқталып, 1968 жылы пайдалануға берілді.

Калмурзин Жайсан Ғарифұлы 1968 жылы Орал облысының Камен ауданы, Қазақстанның 40 жылдық атындағы совхозда дүниеге келді. 1985 жылы мектеп бітіргеннен кейін Куйбышев қаласында құрылыс техникумына түсіп, оны 1990 жылы аяқтады. 1986-1988 жылдары әскери борышын өтеді. 2001 жылға дейін құрылыста жұмыс жасады. 2001 жылдың наурыз айынан, осы күнге дейін Атамекен ауылдық кітапханасында жұмыс жасайды. 2005 жылы Орал қаласында Құрманғазы атындағы саз колледжіне түсіп, кітапхана ісі мамандығы бойынша 2007 жылы аяқтады.

Атамекен ауылдық кітапханасының екі филиалы бар. Олар - Қалмақ шабын, Қисықсай ауылдарында орналасқан. Бүгінгі күні кітапхананың кітап қоры-12543.

Жылда оқырмандарға сұраныстары бойынша 50 ақпараттық-анықтамалары беріледі. Сонымен қатар картотекалармен жұмыс жасалады. Жыл бойына 150-ден астам карточка толтырылады. Олар экономика, өлкетану, мәдениет, спорт, тарих, денсаулық сақтау, тән белгілерінің жиынтығы бойынша. Жаңа түскен әдебиеттерге ақпараттық бюллетень толтырылып, алфавиттік каталогтың карточкалары кесте бойынша қойылады. Жүйелі каталогтың карточкалары көшіріліп сала бойынша орналастырылған. 2007 жылы кітапханаға компьютер берілді.

Кітапханада «Атамекен» қызығушылық үйірмесі жұмысын жасайды. Мақсаты: Отанды сүю, патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар, үйірме мүшелеріне, оқырмандарға түрлі әдеби кештер, интеллектуалды сайыстар, кітап көрмелері т.с.с. іс-шаралар арқылы ерлік - патриоттық сабақтарын ұйымдастырып келеді. Кітапханашы Жайсан Калмурзин жылда аудандық, облыстық кітапханалары өткізетін семинар-тренингтеріне қатысып, жинаған тәжірибелерді пайдаланып, оқырман қауымға қызметін көрсетеді.

Кітапхана 2003 жылы наурыз айында 2003-2005 ж.ж. ауыл жылдарына арналған «Қазіргі кезде ауыл кітапханасының жаңа бейнесін қалыптастыру» атты семинар-тренингке қатысып, оны табыстай аяқтап, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының сертификаттын алды. Жылдан-жылға кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетіп, кітаптарды насихаттау жұмыстарын өткізеді. Соның ішінде: М.Мақатаевқа «Ақын сыры», Ж.Жабаевқа «Мен жүзжылдық бәйтерекпін», Д.Қонаевқа «Өтті дәурен осылай», А.С.Пушкинге «Пушкиннің жарқын аты», А.Құнанбаевқа «Қазақ халқының ұлы ақыны» т.с.с. тақырыптарда кітап көрмелері, әдеби кештер, әңгімелер, шолулар ұйымдастырылды.

Осы бағытта еліміздің қоғамдық-саяси жағдайынан оқырмандарды тыс қалдырмау бағытында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жылдағы кезекті Жолдауына және атаулы еске алатын, мерекелік күндеріне «Желтоқсанның мұзда жанған алауы», Шектеулі Кеңес әскерлері Ауған елінен шығарылғанына, «Жарияланбаған соғыс», «Достық болсын мәңгілік», «Ұлы Жеңіс күніне мың тағзым», саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне «Арманда кеткен арулар», «Мемлекеттік рәміздерге құрмет», жаратылыстану әдебиеттерін насихаттауға «Табиғатты аялайық», «Нашақорлық-ауыр індет», техника әдебиеттерін насихаттауға «Ашық аспан аясында», өлкетану әдебиеттерін насихаттауға Э.Ғаббасовқа «Жайық өңірінің айнасы», Х.Доспановаға «Әуе қарлығашы», М.Маметоваға «Ер жүрек батыр», мемлекеттік тілді насихаттауға «Мемлекеттік тіл- елдіктің айнасы», «Қазақ тілінің келешегі- қазақ тілінде», жанұя тәрбиесіне «Жанұя сәні- сыйластық», «Отбасы-шағын мемлекет» т.с.с. тақырыптарға кітап көрмелері, тақырыптық сабақтар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер өткізу жұмыстары жүргізілді.



Кітапхананың негізгі бағыты-оқырманға жылдан-жылға кітап насихаттау жұмысын жақсарту. Оларға өлкетану және туған жер тарихы жөніндегі әдебиеттерді насихаттау, жасөспірімдерге патриоттық, Отан сүю сезім білдіру, мәдениет т.с.с. әдебиеттерін қолдануда.

Қазақстанның және шет елдердің белгілі жазушыларымен басқада қоғам, өнер қайраткерлерінің мерейтойларына іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Кітапханада тұрғылықты халыққа ақпарат беріп, еліміздегі саяси-қоғамдық жағдайға назарын аударуға көңіл бөлу және оларға қызмет көрсету жұмысының сапасын көтеру жолында кітапханашылар әріқарай жұмыстанатын болады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет