Атап айтсақ 2000 жылы Еуроодақ Қазақстанға демпингке қарсы анықтауға қатысты нарықтық экономикасы бар елдің мәртебесін берді



жүктеу 1.16 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі1.16 Mb.
  1   2   3   4
: referats
referats -> Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
referats -> М. Әуезовтың «Абай жолы» романы
referats -> Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
referats -> 3 тамыз 1936 Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл
referats -> Рақымжан Тұрысбек
referats -> Ұраны: Ұлтарақтай болса да Ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да Туып өскен ел қымбат. Мазмұны
referats -> Отбасы – КӨркем әдебиетте отбасы
referats -> «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттеріндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері
referats -> Құрастырушыдан Әлемге кеткен аты бар
referats -> Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары. (1893-1920 жж) Сұлтанмахмұт Торайғыров
КІРІСПЕ
1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Еліміздің тәуелсіздігінің айтарлықтай қысқа мерзімінде өзінің сыртқы экономикалық қызметінің географиясын біршама кеңейтті. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа ықпалдасуы барысында тауарлардың экпорттық легінің, қызметтер мен капиталдардың бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен дамыған елдердің рыногына қарай жаппай бағытталуы болып кетті.

1993-2001 жылдары аралығындағы сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорттың, жалпы тауар айналымының бірте-бірте ақырындап өсіп отырғандығын байқаймыз. Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарлар болып мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы өнімдері қалып отыр. Яғни еліміздің экспорты шикізаттық бағытта болып отыр. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80%-ы тиеді. Мұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге болады.

Осыған сәйкес, еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде экспортты ретеу мәселелері маңызды және өзекті болып табылады. Бұл жайында мынандай фактіге сүйенсек те жетіп жатыр: 2002 жылы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі 40%-ды құраса, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 44%-ды құраған. Ал осы экспортымыздың құрамы қандай осыған зор мән беруіміз қажет. Яғни, экспортымыз шикізаттық болып отыр. Дегенмен өндірістің және шикізат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретінде мойындап отырғанын атап өту керек, ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде бірінші болып инвестициялық ел рейтингіне ие болды.

Атап айтсақ 2000 жылы Еуроодақ Қазақстанға демпингке қарсы анықтауға қатысты нарықтық экономикасы бар елдің мәртебесін берді.

Америка Құрама Штаттарының демпингке қарсы заңына сәйкес 2002 жылы наурызда Америка Құрама Штаттарының Сауда Министрлігі Қазақстанның нарық экономикасы бар ел емес мәртебесін алып тастады.

Дүниежүзілік банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция салуға ең қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам Америка Құрама Штаттары доллары тартылды.

Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда, елде өмір сүру деңгейі жоғарылауда және ұзақ мерзімдік кезеңге индустриялық сервистік-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда.

Сонымен қатар, Қазақстан отын және минерал шикізатының ірі әлеуетін шоғырландырған шағын экономика ретінде өндірістің өңдеуші салаларына инвестициялар үшін тартымсыз. Бұл шикізат ресурстарына жағдаяттың өзгеруіне қатысты ел экономикасын осал, әрі тәуелді етеді.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шикізат ресурстары бай кейбір дамушы елдер тұрақты экономиқалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерістеріне тым тәуелді болып қала береді.

Экономиканың шикізат секторларына едәуір табысқа ие болып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бірге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегінде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемі әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзімді келешекте шикізат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін, тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулі проблемалар туғызады.

Экономиканың шикізат секторынан алынатын ірі кірістерден шектен тыс толығу қаупін ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуінің зардаптарын болжау негізінде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түсті металлдарға әлемдік баға деңгейінің белгіленген қалыпты шектен асып кетуінен түсетін кірістер жинақталады.

Бұл шара сондай-ақ Қазақстандық қаржы жүйесіне түсетін валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнімнің импортын тежейтін теңгенің айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетістіктерді, қаржы секторы сенімділігінің артуын және елдің экспорттық әлеуетінің жедел қарқынмен өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салалары, сондай-ақ өндірістік сипаттағы қызметтер көрсететін салалар тиісінше дамымай отырғанын атап өту керек.

Өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібі ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсібінің кейбір өнімдері осыған ұқсас шетелдік өнімдермен ішкі рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеуші өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі таңда тікелей және жанама субсидиялардың есебінен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, өнімді тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негізделмеген тарифтің белгіленуінен,кедендік қорғау баждарын белгілеуден көрініс беруде. 2003 жылы дейін өнеркәсіптің кейбір (машина жасау, тоқыма, тігін, былғары аяқ-киім, резина, және пластмасса бұйымдарын өндіру, химия өнеркәсібі) салаларына бюджет алдында жол берілген бұрынғы берешектерін төлеу өсімі есептелмей кейінге қалдырылды. Тоқыма, тігін, былғары аяқ-киім өнеркәсібі салаларының өзі өндірген өнімді өткізуге 2002 жылы дейін қосымша құн салығы нөлдік ставка бойынша салынды.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты экспортты мемлекеттік реттеудің жүйесін жетілдіру және экспортты дамытуға бағытталған іс-шараларды жасау болып табылады.

Осы мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер қойылған:


    • мемлекеттердің қазіргі таңдағы экспорттық саясатының шет елдердің тәжірибесін ала отырып теориялық аспектілерін қарастыру;

    • өтпелі кезең экономикасы жағдайындағы экспорттың ерекшелігін және оның ұлттық экономикаға, әсіресе салалық құрылымды оптимизациялауға қол жеткізуге әсер етуін табу;

    • ұлттық экономиканың сыртқы факторларға тәуелдігінің дәрежесін анықтау мақсатында республиканың экспортының қазіргі жағдайына аналитикалық баға беру;

    • экспортқа бағытталған өндірістің қазіргі таңдағы жағдайы мен мәнін және оны дамытудың қиындықтарын зерттеу;

    • экспортқа бағытталған өндіріске анықтама беріп, айтарлықтай приоритетті экспортқа бағытталған өндірісті анықтау үшін салыстырмалы артықшылықтарға талдау жүргізу;

    • экспортты дамытудың жолдарын көрсету;

    • экспортты мемлекеттік реттеудің негізгі проблемаларын тауып және осыған байланысты мемлекеттің атқарып жатқан іс-шараларына баға беру;

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Экспорт пен ұлттық экономика деген бірінші тарауда, халықаралық сауда теорияларының экспортты реттеудегі маңызы мен ұлттық экономиканы дамытудағы рөлі сөз болады. Сонымен қатар экспортты реттеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылады. Қазақстан экспортын талдау және оны дамыту деген екінші тарауда, еліміздіңэкспортына талдау жасалынып, экспорттық өндірісті дамытудың маңыздылығы айтылады. Ал Қазақстан Республикасындағы экспортты мемлекеттік реттеу шаралары деген үшінші тарауда, экспортты мемлекеттік реттеудің шаралары көрсетіліп, осыған сәйкес мемлекеттің атқарып жатқан іс-әрекеттеріне баға беріледі.

1. ЭКСПОРТ ПЕН ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА


1.1. Халықаралық сауда теорияларының дамуы және экспортты реттеуде қолдану
Халықаралық сауда бүгінгі елдердің өндірісін дамыта отырып, өзінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, осылайша тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтатын, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналып бара жатыр.

ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік сауданың орташа жылдық өсу қарқыны әлемдік жалпы ішкі өнімд өсу қарқынынан 1,5 есеге асып кетті. Бұл көптеген елдердің өмірінде әлемдік рыноктың рөлінің артқанын, олардың арасындағы байланыстың артқанын, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдегенін көрсетеді. Осылайша әлемдік экономикаға тартылған елдерге қатал халықаралық бәсекелесті жағдайында өзінің рыноктық үлесін алуға тура келеді.

Сол себепті де сыртқы сауда бір жағынан экономикалық өсудің қуатты факторы болып табылса, ал екінші жағынан елдердің халықаралық сауда айырбасына тәуелділігін арттырады. Сыртқы сауданың пайдасы, ол іскерлік белсенділікті жандандыру арқылы әр түрлі елдердің экономикалық дамуын теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты сыртқы саудададағы кез-келген шектеулер елдің экономикасының дамуына теріс әсер етеді.

«Сыртқы сауданың» түсінігіне келсек, ол бір елдің тауарлары мен қызмет түрінің басқа бір елдің еркін айырбасталатын валютасына немесе жалпыға бірдей басқа құндылықтарға айырбасталуы. Бұл жерде тауарлар мен қызмет түрінің экспорты мен импорты бөлініп шығады. Сыртқы сауда саясаты өз кезегінде экспорттық-импорттық операцияларды реттеуге және мемлекетпен жасалған даму стратегиясының шегінде олардың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатына бағытталған мемлекеттік әсер ету шараларының жиынтығы ретінде көрініс табады.[15]

Сыртқы сауда қазіргі экономикалық ғылымның даулы және ежелгілерінің біріне жатады. Саяси экономияның Адам Смит, Давид Рикардо және Джон Стюарт Мил сияқты классиктерінің тұжырымдары мен идеялары әлі күнге шейін өзекті болып табылады.

Сонымен қатар ХХІ ғасырдың қарсаңындағы әлемдік экономикадағы қазіргі таңдағы тенденциялар, еркін тауар айналымы мен протекционизм саясаты кезіндегі сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу механизмі жайындағы экономист ғалымдар арасындағы ескі теориялық дауларға жаңа серпін берді. Сыртқы саудадағы болған соңғы уақыттағы өзгерістерді зерделеуге деген ұмтылыстар негізі ретінде салыстырмалы артықшылықтар мен қатар, ұлғайып жатқан кіріс пен рыноктың құрылымы болып табылатын жаңа теориялардың пайда болуына әкелді. Бүгінде халықаралық сауда теориялары сыртқы сауданы дамытудан түскен пайданың негізіне және сыртқы сауда ағымдарының бағыты немен анықталады деген мәселелерге түсінік береді.

Әлемдік экономикалық ғылымда сыртқы сауданың жаратылысын түсіндіретін екі негізгі бағыт бар:


  • Дәстүрлі бағыт. Бұл елдің салыстырмалы артықшылығын (абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтар теориясы) Хекшер – Олин тұжырымдамасымен толықтырылған (факторлық пропорциялар теориясы) жүзеге асыруға байланысты.

  • Жаңа бағыт – ішкі салалық сауданың пайда болуын түсіндіреді.

Дәстүрлі бағыт дамушы елдер мен экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер үшін тән. Ол өндірісті табиғи фактормен қамтамасыз етудің әр түрлі деңгейіне негізделген. Осындай негізінен дамыған елдер арасындағы немесе дамушы мен дамыған елдер арасындағы әлемдік тауар айналымының ¼-ін құрайтын салааралық сауда пайда болады.

Жаңа бағыт (бір саланың әр түрлі тауарларымен сауда) масштабының әсері мен өнеркәсібтің мамандануын жүзеге асырумен байланысты. Сауданың осы түріне негізінен дамыған елдер арасындағы әлемдік сауданың 70% тиеді.

Сыртқы сауда мен халықаралық мамандану туралы мәселелерге жауапты экономикалық ғылым бұрыннан іздей бастады және оларды экономикалық теорияның негізгі мәселелеріне жатқызған.

Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі мәселелерді талдап, қандай тауарларды экспорттау, импорттау керек екендігі жайлы өз ойын былайша тұнсырымдады: «Егер бөтен бір мемлекет өзіміз шығара алатынымызға қарағанда, арзан тауармен бізді қамтамасыз етуге қабілетті болса, онда сол тауарды өзіміз шығармай-ақ шетелден сатып алу әлдеқайда тиімді».

Адам Смиттің «халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты басты еңбегінде (1776 жылы) басты идея-ұлттар мен халықтар байлығының негізі, еңбек бөлінісі екендігіне саяды. Автор келесі қорытынды шығарды: Халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысып жатқан елдер пайда табады.[18]

Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі елдің абсолюттік артықшылықтарын ескеру мен іске асырылу керек деп сендірді. Әр мемлекет өзінің абсолютті артықшылығы бар тауар өндірісіне мамандануы керек. Мемлекеттің өзінің абсолютті артықшылығы жоқ тауарларды өндіруден бас тартуы және басқа тауарлардың өндірісіне ресурстарын жұмылдыруы, өндіріс көлемінің ұлғаюына және елдер арасындағы тауар айырбасының кеңеюіне әкеледі.

Адам Смиттің қорытындысы меркантилистердің ойына қайшы болды. Экспорттың импорттан үлкен болуы салдарынан елге ағылатын алтын мен күміс емес, елдің өз иелігіндегі табиғи және абсолютті артықшылықтарын пайдалану арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысушылық қана мемлекеттің тұрмыс жағдайының өсуіне себепкер бола алады.

Тәжірибеде елдердің кез келгені өздерінің әріптестері алдында абсолюттік артықшылықтарға ие бола бермейді. Табиғи ресурстардың жетіспеушілігінен немесе ұлттық жұмыс күшінің төменгі өнімділігінен кейбір елдер маңызды тауарларды басқа елдерге қарағанда жоғары шығынмен өндіреді, бұл осындай тауарлармен сыртқы сауданың тиімсіз екендігін көрсетеді. Сондықтан да Давид Рикардоның шығын мен бағадағы салыстырмалы артықшылықтар тұжырымдамасы халықаралық сауданың классикалық теориясының негізін қалады. Осы тұжырымдамаға сәйкес кез-келген ел қай тауарды басқа елдерге қарағанда төмен шығынмен өндірсе, онда сол тауарды экспорттауға маманданады.

Бірақ та сауданың салыстырмалы артықшылықтары классикалық теориясы негізінде бір ғана өзгеріп отыратын факторы (жұмыс күшінің бағасы) немесе толық мамандану қағидасы бар статистикалық модель. Осы модельді шведтің екі экономисі Э. Хекшер мен Б. Олин жетілдірген. Олар халықаралық мамандануға өндіріс факторларымен (негізінен жер, еңбек, капитал) қамтамасыз етілудің айырмашылығының әсер етуін ескерген. Хекшер-Олиннің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілудің неоклассикалық теориясы сонымен қатар экономикалық өсімнің сауда параметріне, ұлттық экономиканың құрылымы мен әр түрлі өндіріс факторлары бойынша төлемдер мен түсімдердің дифференциясына әсерін талдап анықтауға мүмкіндік береді.

Факторлық қамтамыз ету теориясы капиталға бай ел технологиясы капиталды интенсивті пайдаланумен байланысты тауарларды өндіруге маманданады деп пайымдайды. Олар капиталды қажет ететін өнімді экспорттап, жер мен еңбекті интенсивті пайдалануды қажет ететін өнімге айырбастайды. Бұл теория дамушы елдерді жер мен еңбек ресурстарын интенсивті пайдалануды қажет ететін алғашқы өнімді экспорттауға күштерін жұмылдыруға итермелейді.

Еркін сауданың неоклассикалық моделінен шығатын негізгі қорытынды халықаралық сауда барлық елдерге пайда әкеледі, соның салдарынан тауарлар мен қызметтердің жалпы әлемдік өндірісі өсіп келе жатыр.

Сонымен бірге бірқатар теориялық қорытындыны бөліп қарастыруға болады.

Біріншіден, өндіріс факторында әртүрлі сұранысқа ие тауарлардың арасында бөлінуге ықпал ететін өндірістің балама шығындарының өсуіне байланысты, салыстырмалы артықшылықтардың қарапайым моделінде шамаланғанындай толық маманданудың болуы әбден мүмкін. Елдер қай тауарды өндіруде өзінде бар мол ресурстарды интенсивті пайдаланатын болса, онда сол тауарларға маманданады. Олар өздерінде жетіспейтін ресурстардың орнын дайын өнімді импорттау арқылы толтырады. Ішкі шығындардың өсуі мен бағаның әлемдік деңгейден жоғары болуы толық мамандануды жүзеге асыруға кедергі жасайды.

Екіншіден, өндірудің біртекті технологиясындағы тауарға деген ішкі бағаның арақатынасы мен халықаралық саудадағы бағаның арақатынасын саудаласушы елдердегі факторлық бағамен теңестіреді.

Үшіншіден, мемлекет ішіндегі процестерге факторлық қамтамасыз ету теориясын қолдансақ, мол ресурстарды интенсивті пайдаланғандықтан мол ресурстарды иеленушілер үшін экономикалық қайтарымы ресурстары жетіспеушілерге қарағанда көбейеді.

Төртіншіден, елдердің капитал мен тұтыну тауарларын алу үшін, өндірістік мүмкіндіктерінен тыс сыртқа шығуына мүмкіндік бере отырып, сыртқы сауда экономикалық өсімді ынталандырады. Сыртқы сауда әрбір елге тауар, білім, идея, жаңа технологияларды алуына мүмкіндік бере отырып, өнеркәсіптің дамуына жағдай жасайды.

Соңғы жылдары елдердің біркелкі емес дамуы мен өндіріс факторларын жинақтау процестеріне көңіл бөлетін статистикалық неоклассикалық моделден ерекшелінетін сауда мен өсудің жаңа динамикалық теориялары қалыптаса бастады. Мысал ретінде бай және кедей елдер үшін арналған «Солтүстік-Оңтүстік» деген сауда моделін келтіруге болады. Басында Солтүстіктің индустриялды елдерінің капиталмен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі өнеркәсіпті, өндірісті тиімді етеді. Нәтижесінде тез өсіп келе жатқан «Солтүстік» ақырын өсіп келе жатқан «Оңтүстік» алдында өзінің бәсекелестік артықшылықтарын арттырады.[15 11-бет]

Қай ел болмасын өзінің капиталы мен технологиясының жоғарғы біліктілігінің жемісін шетелдіктерге жегізіп қоймайды, осылайша біліктілігі төмен жұмыс күшінің орындаған операцияларына маманданғысы келмейді. «Азия барыстары» (Тайвань, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея) деп аталатын кейбір елдер мемлекеттің нақты іс-әрекеттері арқасында квалификацияланған еңбек пен капиталды қажет ететін өндіріске ойдағыдай көше білді.

Американ экономисі М. Портер 1991 жылы: «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді жариялады. Зерттеуде халықаралық сауда мәселелері мүлде жаңа қырынан талқыланды: «Халықаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекеге түседі. Елдің бұл процессте алатын орнын анықтау үшін фирманың бәсекелестік артықшылыққа қалайша қол жеткізетінін және оны қалай сақтап қалатынын түсіну керек».

Портер өз үлестеріне экспорттың ½-і келетін 10 ірі өндірістік елде зерттеу жүргізген. Ол осы зерттеу нәтижесінде елдің әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілеті соларға бағынышты негізгі параметрлерінің өзара байланысын көрсететін «ұлттық халықаралық бәсекелестік қабілеті» деген теориясын тұжырымдады.

Портер қазіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:


  • Факторлық шарттар;

  • Сұраныс шарттары;

  • Жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар;

  • Фирма стратегиясы және бәсекелестігі.

Портер бірінші параметрдің – саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы ұлғаятын факторлық шарттардың маңыздылығын мойындайды. Неоклассикалық теория негізін қалаушылар пікірлерінен өзгешелігі – ол аталған факторлар ел үшін мұра ретінде қалдырылмайды, өндірістің кеңеюі процесінде пайда болады деп санады. Мысалы, Жапониядағы жер жетіспеушілік факторы шағын технологиялық процестерді қалыптастыру үшін негізгі ынталандырушы күшке айналды. Бұл кейін әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Ал швейцар фирмалары соғыстан кейінгі жылдары жұмыс күшінің жетіспеушілігі салдарынан еңбек өнімділігін көтеру бағытын таңдады.

Екінші параметр – сұраныс шарттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін көрсетеді. Олар фирманың даму барысын айқындап, оның болашақтағы әлемдік нарықтың әлеуеттік дамуымен байланысын көрсетеді.

Портер Линдер теориясын дамыта отырып, компания қызметіне ықпал жасайтын ішкі нарықтың қажеттіліктерін аса маңызды фактор ретінде қарастырды. Мысалы, шағын бөлмелерде тұратын жапондықтар жапон өнеркәсібі шығара бастаған энергия қуатын сақтайтын арзан кондиционерлер тұтынуды қолайлы деп санайды. Кейіннен мұндай кондиционерлер экспортталуын жапондық компаниялар қамтамасыз етуі арқылы бүкіл әлемде кеңінен пайдаланылатын болды.

Үшінші параметр – жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар фирма қызметіне тікелей әсер ететін тиімді өндірістік ортаны сипаттайды. Әшекейлік бұйымдар өндіретін италиандық фирмалардың гүлденуінің себебі: Италия асыл тастар мен металлдарды өңдеу өндірісі бойынша әлемдік жетекші орынға ие болып отыр.

Төртінші фактор – фирма стратегиясы және бәсекелестік фирмалық стратегияға және ұйымдастырушылық құрылымына байланысты. Бұл жерде басқарудың жалпы және универсалдық жүйелерін ерекшелеп бөлуге болмайды. Мысалы жиһаз өндірісі, жарық беру құрылғылары, буып-түю машиналары өндірісінде жетекшілік орындағы италияндық фирмалар өзгерістерге тез бейімделгіштігімен, серпінділігімен, басқару нысандарының икемділігімен ерекшеленеді. Ал оптика, дәлме-дәл машина құрылысы өндірісіне бейімделетін неміс фирмалары үшін орталық басқарудың қатаң жүйесі үйреншікті жайт болып табылады.

Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің мемлекеттік көмекпен қорғалған бір ұлттық фирмаға жинақталуының барынша пайдалы екенділігін жоққа шығарады. Осындай мемлекеттік фирмалардың көпшілігі тиімділік деңгейінің төмендегімен, табиғи шикізаттарды асыралты пайдалануымен, өнімділігінің мардымсыздығымен ерекшеленеді.

Ішкі нарықтағы күшті бәсеке фирманы сыртқы нарықтар іздестіре отырып, шетелге шығуға ынталандырады. Ішкі бәсеке ұлттық фирмаларға өзінің тәтсіздіктері үшін шетелдіктерді кінәлауға, сөйтіп мемлекеттен көмек сұрауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы бәсекелестік тауардың жеткілікті дәрежедегі бәсекелестік қабілеттілігі жағдайында оның сыртқа шығарылу жолдарын белсенді түрде іздестіруге ықпалын тигізеді.

Осы М. Портердің теориясы 90-шы жылы Австралияда, Жаңа Зеландияда және Америка Құрама Штаттарында сыртқы сауда тауарларының бәсеке қабілеттілігін арттыруға байланысты мемлекеттік деңгейдегі ұсыныстарды дайындауда негіз ретінде қызмет атқарды.

Қазіргі таңда халықаралық сауданың қатысушыларының, оның ішінде экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің алдында ұлттық мүдде үшін не жақсы екенін анықтауды қажет ететін күрделі мәселе тұр:


  • Еркін сауданы ұстанушылардың айтуынша экспортты көбірек қолдап, сыртқа бағытталу;

  • Протекционизмді жақтаушылардың ұсынысына сәйкес ішке бағытталу және импортты отандық өніммен алмастыру;

  • Сыртқы саудадағы импорт алмастыру мен экспортқа бағытталу стратегияларын рационалды түрде араластыру (біріктіру).

Осы амалдардың шегінде көптеген жылдар бойы екі үлкен лагерь; тауарлар мен қызметтерді экспорттауды арттыруға мүдделілер фритерлер мен импорт алмастыру стратегиясын жақтаушылардың, протекционистердің арасында қызу пікір-талас жүріп келеді.

Импорт алмастыруды жақтаушылар дамушы елдерге алдымен жай тұтыну тауарларының импортын алмастыратын өздерінің өнеркәсібін ұйымдастыру керек, сосын отандық өндірісті дамыта отырып, жоғарғы тарифтер мен импорттық шектеулерді енгізіп бұдан күрделі өндірісті алмастыру қажет деп санайды. Ұзақ мерзімді келешекте протекционистер жергілікті өндірісті әртараптандыруды, бірқалыпты дамуды қамтамасыз етуді, содан кейін осылардың нәтижесі арқылы, жұмыс күшінің төмендігі және өндірістік тәжірибені меңгергеннен кейін ғана өндірістік тауарлардың ішкі бағасы бәсекеге қабілетті болып оны экспорттауға болады.

Экспортты көтеруді жақтайтындар өндіруші өндірісті дамыту мен тиімділігін қамтамасыз етуде сыртқы сауданың пайдалы екендігін, тар ұлттық рыноктан, сыйымды сыртқы рынокқа бағытталудың маңызды екендігін атап көрсетеді. Олардың ойынша экспорттық бағытталу стратегиясы мынандай негізгі идеяларға сүйенеді:


  • Бірінші кезекте өндіріс өнімдерінің экспортын ынталандыру еліміздің экономикасының индустриалдануына себін тигізеді;

  • Шикізат пен құрал-жабдықтардың импортын ырықтандыру өндіріс шығындарының төмендеуіне әкеледі;

  • Ұлттық экономиканы жалпы ырықтандыру ішкі рыноктағы бәсекені ынталандырады және әлемдік рынокта бәсекеқабілеттілігінің өсуіне әкеледі.

Неоклассикалық бағыттың көптеген зерттеушілері (А. Крюгер, Д. Лалл және тағы басқалар) сыртқы сауданы дамытуда экспортқа бағытталу моделінің тиімді екенін атап көрсетеді. Осындай моделдің концептуалдық мәні болып Жапонияның сәтті тәжірибесі одан әрі «бірінші эталондағы» жаңа индустриалды елдердің (Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур) тәжірибесі және «екінші эталондағы» Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филиппин елдерінің тәжірибесі табылады. Кейінгі уақытта осы елдердің қатарына Қытайды да қоса бастады.

Көптеген дамушы елдер ішкі және сыртқы рыноктағы ахуалдарға байланысты қос стратегияны да қолданады. ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары Азия, Африка және Латын Америкасы елдері импорт алмастыруға сүйенген индустриалдандыру стратегиясын жүзеге асырған, ал 60-шы жылы ортасынан бастап экспортты көтермелеу стратегиясын ұстанған елдердің саны арта бастады. Осындай елдерге «шығыс-азия барыстары» деген атқа ие болған Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, Гонконг, Тайланд, Бразилия, Чили, Түркияны жатқызуға болады.


1.2. Экспортты мемлекетік реттеудің шетелдік тәжірибесі

Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің қазіргі таңдағы тәжірибесінен мынадай негізгі қағидаларды бөліп қарауға болады:



  • алдымен шешілуге тиісті приоритетті мәселелерді табу;

  • басқару иерархиясының барлық деңгейіндегі шаруашылық жүйелердің тиімді пропорционалдығы және тепе-теңдігі;

  • мемлекеттік реттеудің мәселелерінің деңгейіне және сипатына сәйкес әдістерді іріктеу;

  • макроэкономикалық тұрақтылықтың жекелеген жағдайына, ал қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін объектіні реттеуге жан-жақты кірісу;

  • шешім қабылдауға жүйелі түрде кірісу.[26]

Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің қағидаларымен тұжырымдамасын анықтап алып, сонымен қатар осы қызметті жүзеге асыру механизмдерімен әдістерін де айта кеткеніміз жөн. Оларға мыналар жатады: болжау және стратегиялық жобалау; қаржы-бюджеттік реттеу; салықтық реттеу; ақша-несиелік реттеу; бағалық (құндық) реттеу; кедендік-баждық реттеу; нормативті-тарифтік реттеу; әкімшілік-құқықтық реттеу; лицензиялық реттеу;[15

Осы механизмдердің әрқайсының нақты сыртқыэкономикалық мәселелерге байланысты таңдап қолданылатын өздерінің әдістер жиынтығы бар. Шет елдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттің экономикаға оның ішінде сыртқы саудаға араласуының әр түрлі нысандары бар. Көбінесе дамушы және дамыған мемлекеттердің Үкіметтері импортқа тарифтік және бейтарифтік шектеулерді қолданады; субсидия, несие және экспортты арттырудың өзге де шаралары; тауарларды жеткізуге байланысты екі жақты Үкіметаралық келісімдерді бекітеді, мемлекеттік компанияларды құрады және өнеркәсіптік, сауда компанияларының капиталдарына қатысады, экспортқа немесе кейбір өнімдердің импортына мемлекеттік монополияны орнатады.

Халықаралық саудаға мемлекеттің араласуының себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бұл дамыған мемлекеттерде экспорттан түсетін пайданы арттыруға, ұлттық тауар өндірушілерді әлемдік рыноктағы бағаны құбылуынан және тиімді жұмыс істеп жатқан шетелдік өндірушілердің бәсекесінен қорғауға бағытталған. Ал дамушы мемлекеттердегі мемлекеттік араласу қазынаны толтырумен отандық тауар өндірушілерді қорғап қана қоймай, сонымен қатар олардың әлемдік рыноктағы тауарларын таратудағы позициясын рынокты диверсификациялау, шағын және орташа фирмаларға көмек көрсету, күш пен қаржыны жұмылдыру жолымен күшейтуге бағытталған.

Қазіргі таңда шет мемлекеттердегі сауда саясаты негізгі екі тенденцияның протекционизм мен либериализмнің күресінің сақталуымен ерекшеленеді. Егер де 50-60-шы жылдары либерализация басымдық танытса, 70-80-шы жылдары “жаңа” протекционизмнің толқыны байқалып, XXI-ші ғасырдың басында белгілі дәрежеде күшейді. Егер де 50 жылы еуропа мемлекеттері мен Америка Құрама Штаттарының кеден баждарының орташа көрсеткіші 30-40% құраса, 70-ші жылы ол 7-10% дейін қысқарған, ал қазіргі уақытта 3-5% шегінде құбылып тұр.

Ғаламдық деңгейде протекционистік реттеудің жаңа ережелері енгізілуде. Мысалға ұлттық өнеркәсіп шетелдік тауарлардың импортынан айтарлықтай дәрежеде зиян шегетін болса, онда кедендік баждарды көтеруге болады деген “шешуші түсініктеме” жиі қолданылатын болды.

Импорт салыстырғандағы сыртқы сауда саясатының либерализациясы мен бірге протекционизмнің бар болуы, экспортты мемлекеттік ынталандыру бағдармаларымен толықтырылады. Ғылымды қажет ететін тауарлардың экспортына мемлекеттік көмек жай жанама сипатта болып, ойлап тапқан нәрсені қаржыландырумен оның пайдаланғаны үшін амортизациялық төлемді көтеру түрінде көрінеді. Осындай әдістерді 80-ші жылы жаңа буын өкілдерінің электрондық есептеу машинасын жасау арқылы Америка Құрама Штаттары мен Жапония үкіметтері кеңінен қолданған.

“Жаңа индустриалды елдер” өздерінің экономикасын модернизациялауды міндеттеп, әлемдік экономикалық жүйенің дамуының заңдылықтарын пайдалануға әрекет жасаған. Олар арзан электроника мен тоқыма өнімдерін шығарып, әртүрлі сауда одақтарының шегінде интеграциялық процесстерді пайдалана отырып, өздерінің өнімдерін тарататын рынокты да тауып алды. Олар жалпы ішкі өнімді жан басына шаққанда жыл сайын 5-6% арттыруға қол жеткізеді және бұл өткен ғасырдың 60-90-шы жылдары жалғасып отырады. Осы жолмен кейбір азия мен латынамерикасы елдері жүреді. Атап айтсақ Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Бразилия, Перу, Чили, тағы басқалар.[22]

Дамушы елдердің ендігі бір қатары әлемдік экономикада басқа бір жолды таңдады. Олар мұнай өнімдерін экспорттаумен және мұнай рентасын пайдаланумен айналысты. Бұл жолды Мексика, Венесуэла, Нигерия сияқты елдер таңдады. Мұнай рентасы қазіргі уақытта көптеген елдердің даму қорының қаржылық негізін құрайды.

Еркін халықаралық сауда жүйесінде әр ел өзінің тауар өндірісінде салыстырмалы артықшылықтарын пайдалана алады. Егер бір ел өзінің салыстырмалы артықшылыққа ие тауарды әріптес елдер арасында тұтынудың көлемінің артуына қол жеткізеді. Елдер арасындағы еркін сауда өндірістің бұрынғы шегін кеңейтіп жаңа тұтыну рыноктарына шығуына жол ашады.

Бірақта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тәжірибесі көрсеткендей сыртқы сауданы либериализациялау туралы шешім қабылдау арқылы ашық экономиканың артықшылықтары автоматты түрде жүзеге аспайды. Бәсекеге жарамсыз тауар өндірісі салдарынан 90-шы жылы бірінші жартысында ішкі рынок шетелдік тауар өндірушілердің ырқында қалды. Сол кезде халық арзан, әрі сапалы тауарды алып пайдаға шықты, ал бұл өз кезегінде отандық кәсіпорындардың тоқтауына, жұмыссыздықтың қаптауына, валютаның сыртқа кетуіне себін тигізді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің ішкі рыногының ашықтығы кейбір Қытай, Түркия, Иран тағы басқалар сияқты елдердің арзан және сапалы өнім шығарып үлгірген өндірісін дамытуға қосымша себін тигізді. Нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің тауар өндірушілері ішкі рыногын жоғалтып қана қоймай, өзінің тауарларымен әлемдік рынокқа шығу мүмкіндігінен де айырылуы (табиғи шикізатты қоспағанда).

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан табиғи, әсіресе энергетикалық ресурстардың мол қорымен ерекшелінеді. Ғылыми ортада энергетикалық ресурстардың ағыл-тегілдігі Қазақстанға кері әсерін тигізбейді ме деген пікір-таластар жалғасуда. Өйткені қазіргі уақытта экономикалық өнімнің жоғарғы және тұрақты деңгейіне табиғи ресурстарға кедей елдер қол жеткізіп отыр.

Ғылыми әдебиеттерде “голландық ауру” деген термин бар. Бұл құбылыс былайша сипатталады, табиғи (көп жағдайда энергетикалық) ресурстарды таратудан түскен кірістің өсуі кезінде елдің өсу қарқыны төмендеп, инфляция артып, тағы басқалар кері процесстер байқалады.

Ал енді “голландық аурудың” пайда болу себептеріне тоқталайық. Шикізат ресурстарының экспортынан келіп түскен валюталардың есебінен артық қаржы ресурстары жиналады. Ал бұл өз кезегінде ұлттық валюта түріндегі экспорттан түскен валютаның құнын төмендетеді. Пайданың бір бөлігі импорттық тауарларды сатып алуға,қалғаны елдің ішінде өндірілген және экспортқа арналмаған тауарлар мен қызмет түрлеріне жұмсалады. Ал осындай тауарлар мен қызмет түрін батыс экономистері сатылмайтындар деп атайды. Уақыт өте келе ресурстарын экспорттаудан түскен кірістер сатылмайтын тауарлар мен қызметтерге көптеп жұмсала бастайды, ал бұл жағдай олардың бағасының көтерілуіне, ішкі инфляцияға әкеліп соғады. Сонымен бірге кадрлардың өнеркәсіптің артта қалған салаларынан, өркендеп келе жатқан салаларына ауысуы болады. Нәтижесінде сатылатын тауарлардың экспорты өндіруге кеткен шығынның шикізатты экспорттауға қарағанда тезірек өсуінен пайдасыз, бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Ақырында сатылатын тауарларды шығаратын өнеркәсіп секторы құлдырайды. [19]

Осы “голландық аурудың” синдромынан қашып құтылған елдердің бірі болып Норвегия табылады. Онда 1965 жылы Солтүстік теңіздің шельфінде мұнай мен газдың кен орны табылған. Көмірсутегі шикізатымен сыртқы сауданы реттеудегі мемлекеттің айтарлықтай зор рөл атқаруы, 1965 жылы кейін Норвегияның экономикалық өсімін қамтамасыз етті.

1972 жылы осы елдің Парламенті Норвегияның мұнай директорын құру туралы қаулы шығарып, оған жалпы қауіпті бағалау мен қадағалауға, сонымен қатар қажетті инструкцияларды шығаруға өкілеттіктер берілді. Норвегияның мұнай директорының мақсаты мұнай компаниялары өздерінің жұмысын тиімді жүзеге асыруы үшін экспорт секторындағы қызметті ұйымдастыру. Бұған орындаушы компаниялар арасындағы әділ бәсекелестік, ақпараттарды бөлудегі ұйымдастырылған жүйе және жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндіктер беру арқылы қол жеткізіледі. Норвегияның мұнай директорының директорының ақырғы мақсаты мүмкіндігінше өте жоғары экспорттық бағаны бекіту, ресурстарды парасатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың аспектілерін өзектілендіру.

Қазақстан мен Норвегияда мұнай өнеркәсіптің маңызды саласы және стратегиялық ресурс болып табылады. Норвегияның тәжірибесі көрсетіп отырғандай мемлекет пен трансұлттық корпорациялардың мүдделері арасында тепе-теңдік табуға болады. Бұл процессте көмірсутегі шикізатының иесі болып табылатын елге саяси, іскерлік және техникалық деңгейде тиімді, әр компонентті қоғамдық басқаруды құру қажет.

Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай “Голландық аурудың” симптомын болдырмаудың, экономиканың артта қалған салаларын мұнай-газ секторының даму қарқынынан қорғаудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың ішіндегі ең жиі қолданылатыны мұнай мен басқа да минералдық ресурстардың экспортынан түсетін, тез көбейіп жатқан кірісті мұнай қорын құру арқылы сақтау. Қазақстанда осы функцияны Ұлттық қор атқарады.

Америка Құрама Штаттары, Голландия, Люксембург сияқты елдердің сыртқы сауданы мемлекеттік реттеуіне талдау жасайтын болсақ, әр ел өзінің экспорттық шикізат саласын басқаруда әртүрлі амалдарды қолданады. Қазақстан үшін барлық мүдделі жақтардың міндеттері мен құқықтарын белгілейтін қатаң шаралар мен толық адалдыққа негізделген американдық модель қолайлы.

Дамыған елдердегі биржалық тауарлар мен сауданың мемлекеттік жүйесі дамушы елдерге қарағанда кең таралмаған. Олар ауылшаруашылық рыногымен байланысты. Өйткені оларды сатып алу мен сатудың жабық желісінің болуы әлемдік рынокта сатып алу, сатумен, экспортты арттыру және ішкі өндірісті реттеумен ғана шектеледі.

Дамыған Австралия, Канада, Оңтүстік Африка Республикасы, Израйль сияқты елдердің ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорттық саудасында коммерциялық дербестікке ие және тауарларды сыртқы рынокқа жылжытудың спецификалық тәсілдерін пайдаланатын сауда жөніндегі кеңес маңызды рөл атқарады.

Америка Құрама Штаттарында мемлекеттік органдар тек стратегиялық қорларға қатысты операцияларға байланысты ғана биржалық тауарлардың әлемдік нарығына шығады. Негізінен бұл Америка Құрама Штаттарының ауыл шаруашылығы Министрлігінің ауыл шаруашылығы тауарлардың артығын стратегиялық шикізатқа айырбастау үшін сыртқы шығындарына байланысты болып келеді. Көптеген мемлекеттік сауда ұйымдары салық жеңілдіктерін, қаржылық көмекті, тиімді несиелерді және басқа да жеңілдіктерді пайдаланады.

Жапониядан үйренетін бір жайт бар. Бұл ел әлемдік рынокқа бағытталған ұлттық экономиканың даму моделін ойдағыдай жүзеге асыра білді. Жапондардың пікірінше, мемлекеттің терең ойланбаған экспорттық-импорттық саясатынсыз елдің табысты экономикалық дамуына қол жеткізу мүмкін емес.

Жапонияның жаңалығы, олар әлемде алғаш рет өнімнің алдымен ішкі рынокта сынақтан өтіп, сосын сыртқы рынокқа шығатын дәстүрлі тәртібінен бас тартты. Олар әлемнің кейбір аймақтары мен елдерінде тұтынушылардың татымы мен құмарын мұқият ескере отырып, және әлемдік рыноктағы сұраныс пен талаптарға сай өнімді дайындау мен өндіруді ұсынды. Осының арқасында халықаралық сауда да секіріс жасап, 1983 жылы машина мен жабдықтарды экспорттауда бірінші орынға шықты.

Дамыған жерлерде негізінен ауылшаруашылығы тауарларын сыртқы рынокқа жеткізу үшін экспортты субсидиялау әлі де кеңінен қолданылуда. Осындай әдістер 70-шы жылы мен 80-шы жылы мұнай бұрғылау платформалары мен кемелерді жеткізуде Америка Құрама Штаттарында, Ұлыбританияда кеңінен қолданылған. Бұл ретте субсидияның мөлшері тауардың құнының 10-нан 30-40% дейін құрады. Бұндай тәжірибе сөз жүзінде аграрлық саясаттағы нарықтық қағидаларды қолдап, ал іс жүзінде фермерлікке мемлекеттік субсидияны арттыратын Америка Құрама Штаттары үшін әлі де тән нәрсе. Ал осы бөлінген қаржылардың 2/3-і “агроакулалар” деп аталатын ірі шаруашылықтардың үлесіне тиеді.[15]

Отандық тауарларды жарнамалаумен айналысып жүрген ұлттық өкілдіктерді қолдауда және экспорттық жеткізілімдерді сақтандыруда халықаралық нормалар барынша либералды болып келеді. Мысалға, Ұлыбритания 80-шы жылы жыл сайын шет елде 300-400-дей көрмелерді ұйымдастырып отырған және кеткен шығындардың көпшілігі мемлекет есебінен жабылған. Осындай көмекті дамыған басқа да мемлекеттер өздерінің компанияларына көрсетіп отыр.

Бірақта осы экспортты қаржыландыру мен несиелеу, отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік субсидиялар, Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы тұрғысынан әлемдік қауымдастық пен теріс бағалануда. Өйткені Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы еркін бәсекелестік қағидасын бұзып отыр.
1.3. Экспорт пен Ұлттық экономика
Экспорт пен ұлттық экономиканы дамытудағы мемлекеттің ролін бүгінде экономикалық ғылымда ешкімде жасырмайды. Өйткені Ұлттық шаруашылықты дамытуда халықаралық сауда оның ішінде экспорт ерекше әсер етеді. Бұл жағдай экономикасы дағдарыс жағдайында тұрған елдерге қатысты болып келеді.

Сыртқы сауданың құрамдас бөлігі болып, динамикасы сыртқы сауда айналымының өсуін немесе азаюын көрсететін экспорт пен импорт табылады. Атап айтсақ экономикалы тиімділік нені сыртқа шығару, нені ішке кіргізу керектігін анықтайды. Сауда теорияларына сәйкес айтарлықтай тиімді болып экспорт табылады, өйткені ол елімізге табыс, валюта әкеледі, жұмыс ен қамтиды тағы басқалар. Аталған артықшылықтар оның қызметіне байланысты. Анықтаушы қызметі болып табылатындар:

а) ішкі рыноктың шегін кеңейту есебінен сұранысты ұлғайту арқылы ұлттық экономиканы дамытуды ынталандыру қызметі;

б) тауарлардың сапасын көтеру жағдайында жалпы ішкі өнімдегі табиғи-заттық құрылымын әртүрлендіру, өндірісті трансформациялау қызметі;

в) еліміздегі үстемдік етуші монополияларды сыртқы рыноққа итермелеп, оларды өздері сияқты монополиялық бірлестіктермен бәсекеге түсуіне жағдай жасайтын антимонопольдық қызметі;

г) ұлттық экономиканы тиімдірек мамандандыру қызметі;

д) ішкі рынокпен шектелмейтін өндіріс қуатын тиімдірек пайдалану қызметі. Бұл Кеңестік социалистік республикалар одағы бұрынғы Кеңестік социалистік республикалар одағының біртұтас халық шаруашылығы шегінде ірі масштабты өндіріс ретінде есептелген Қазақстанның өндірісі үшін өте маңызды.

е) экспорт саласындағы жаңа технологияларды, негізгі қорларды жаңарту қызметі;

ж) еліміздің төлем балансын жақсарту қызметі.

Осы жерде экспорттың дамушы елдердің нарықтық экономикасы әсер ететін арнайы қызметін де айта кеткеніміз жөн. Олар:

а) экономикалық дағдарыстың салдарын жеңілдету қызметі.

б) экспорттық салаларға шетел капиталдарын тарту;

в) сыртқы экономикалық байланыстардың есебінен дифференциациалаудың есебінен еліміздің экономикалық тәуелсіздігін күшейту қызметі. Бұл ұлттық экономиканың жекелеген немесе біріккен елдердің тобына тәуелді болуын әлсіретеді.

Сондықтан да жас егеменді республикалар экспортты бақылап отырды. Қазақстан да шет қалған жоқ. Тәуелсіз дамуымыздың алғашқы жылдарында Үкімет ішкі рыноктағы сұранысты өтейтін және ұлттық экономиканың дамуына қажетті стратегиялық ресурстардың экспортына қатаң бақылау орнатып экспорттық шектеулерді пайдалану арқылы экспортты реттеуге ден қойды.[28]

Республикамыздың экспорты шикізатқа бағытталған, сондықтан да еліміздің экономикалық жағдайы шикізат пен полуфабрикаттың әлемдік нарықтағы жағдаятына тәуелді. Егер де сыртқа шығарылатын өнімнің бәсеке қабілеттілігі бір жағынан табиғи құрылымымен, ал екінші жағынан экспорттық бағасымен анықталады.

Ал осы экспорттық баға Қазақстанда салыстырмалы артықшылықтардың кесірінен өте төмен, ал экономикамыз мұнай мен металлургиялық өнімдердің тау-кен шикізатының әлемдік тауар рыногының тұтқыны болып қалып отыр.

Сыртқы сауданың талдауына сүйенсек сыртқы сауданың көлемінің артуы ішкі рыноктағы сұраныстың төмендеуімен мұнайдың түсті және қара металлдың негізгі тұтынушылары болып табылатын машина құрастыру, химия және нефтехимия салаларындағы өндірістің төмендеуімен байланысты. Мысалы, 1998 жылы машина құрастыру саласындағы өндірістің көлемі 1997 жылы салыстырсақ 1/3 қысқарған, ал химия өнеркәсібі – 37 % азайған.

Ұлттық экономиканың заманға сай дамуында таяу жылдарда көптеген сарапшылардың ойы бойынша, әлемдік қаржы рыногындағы дағдарыс пен экономиканың цикльді дамуының ерекшелігіне байланысты экспортты арттыру тенденциясы басымырақ болады (1-кестені қараңыз).[27]



Кесте 1.
Әлемдік экспорт (млрд. долл.).






1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

Тұтас әлем соның ішінде:

3418

3659

3648

4166

4950

5161

5641

ОЭСР

2592

2742

2691

3032

3613

3745

4138

Басқа елдер

826

917

957

1134

1337

1416

1503

Аймақтық топтар






















ЕО

1475

1563

1451

1655

2013

2100

2279

АТЭС

1324

1442

1542

1758

2054

2119

2394

НАФТА

549

581

607

672

776

832

948

АТЭС (НАФТА қоспағандағы)

775

861

935

1086

1278

1287

1446

Келтірілген мәліметтерді талдайтын болсақ әлемдік рынокта оңтүстік – шығыс Азия елдерінің позициясы күшеюде, сонымен қатар дамушы елдер арасында халықаралық сауда өсіп отыр. Әлемдік саудадағы Азияның (Жапониясыз) үлесі Солтүстік Американың үлесінен асып түсіп, өсе түсуде.

Дамушы елдер тарапынан экспорттық экспансия күшеюде. Экспорттық квотаның көрсеткіші дамыған елдер үшін 27%, дамушы елдер үшін 12%, ал өтпелі кезең экономикасындағы елдер үшін (Ресейсіз) 5,5% құраған. Шикізатты экспорттайтын жекелеген елдердегі экспорттық квота ортадан жоғары деңгейде. Осыған сәйкес жағдай Қазақстанда да орын алып отыр, біздегі экспорттық квота 1991жылы 61,4%-дан 1998 жылы 35% дейін қысқарған. Бұл негізінен жалпы ішкі өнімдегі екі есеге азаюының есебінен болған.

Экспорттың импорттан айтарлықтай көп болуы нақты ресурстардың елімізден шын мәнінде кетуін білдіреді. Бұл жағдайда экспорттық квота ашықтық деңгейін көрсетпейді, керісінше республиканың шикізатқа бағытталғанын көрсетеді. Сонымен бірге экспорттық квота мен экономиканың өсуі арасында тікелей байланыс бар.

Ал енді 1 және 2 кестелердегі мағлұматтарды салыстырсақ барлық елдер үшін олардың экономикалық даму деңгейлеріне қарамастан сыртқы сауда мен ұлттық экономиканың өсу қарқыны арасында тікелей байланыс тән. Осылайша ОЭСР елдерінің сыртқы саудасы 1991 жылы 2592 млрд. доллардан 1997 жылы 4138 млрд. долларға яғни 59,6% артқан (2-кестені қараңыз).

Осы жағдайда жыл сайынғы халықаралық айырбастың өсу қарқыны 8,5% құраған. Осы байланыс өтпелі кезең экономикасындағы елдер үшін де тән болып келеді. (3-кестені қараңыз).



Ал енді 3 кестедегі мағлұматтардың негізінде республиканың экспорттық салаларында экспорттың көлемінің өсуі, ал басқасында азаюын байқаймыз. Осы жағдайда жолшыбай газ бен шикі мұнайды артып жіберу көлемі өндіру көлемінен 5% асып түскен. Тау-кен өнеркәсібінде 1998 жылы өндірілген барлық өнім түгелімен жөнелтілген. Түсті металлдарды және қара металлдарды өндіру секілді қызмет түрлерінде жөнелтілген өнімнің көлемі өндірілген өнімнің көлемінен асып түскен. Осылайша республикамыздағы экспорттың өсуі, өндірістің өсуінен асып түскен.
Кесте 2.
Әлемдік шаруашылықтың өсуі қарқыны (% өткен жылға).





1990

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

әлем

2,8

0,8

1,8

1,4

3,0

2,5

3,0

3,2

3,0

Өндірістік Дамы-ған Елдер

2,9

0,7

1,6

0,8

2,7

2,1

2,4

2,6

2,5

Өтпелі кезең эко-номикасындағы елдер

1,6

-8,1

-13,0

-9,2

-7,0

-1,1

-0,3

1,7

3,25

Дамушы елдер

2,4

3,3

5,1

5,2

5,6

4,6

5,7

5,7

5,0

Жан басына шаққанда ЖІӨ өсуші елдер қатары

106

70

75

67

96

107

120

120

131

Іріктеудегі елдердің жалпы саны

127

128

142

143

143

143

143

143

143

Сатып алу қабілетінің паритеті тұрғысынан сал-мақты пайдалану арқылы есепте-лінген өсудің қарқыны

3,1

1,2

2,2

2,4

3,7

3,4

3,8

4,1

4,0

Экспортты талдау көрсетіп отырғандай сыртқы сауданың көлемінің артуы, ішкі рыноктағы сұраныстың төмендеуі, мұнайды негізгі тұтынушылары болып табылатын химия мен мұнай-химия және машина жасау, түсті және қара металл салаларындағы өндірістің құлдырауы есебінен болып отыр.

1998 жылы машина жасау саласындағы өндірістің көлемі, 1997 жылы салыстырғанда 1/3, химия саласнда 37% қысқарған.

Ұлттық экономиканың интернационалдануы процесінің тереңдеуі жағдайында экспорттың рөлі артып отыр. Экспорттың есебінсіз халық шаруашылығының қолайлы құрылымына қол жеткізу мүмкін емес. Осыған байланысты «салалық құрылымды оптимизациялау» деген ұғымның уақыттағы бағытын анықтайтын өндірісті приоритетті дамыту деген пікірдегі экономистердің көзқарасы кеңінен етек жайып отыр.



Кесте 3.
Қазақстанның жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі жекелеген тауарлардың топтарының экспорты мен салалардың үлес салмағы(%).



Тауарлар

Барлық экспорт, 100%

Сала

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі, 100%

1993

1994

1995

1997

1998

1993

1994

1995

1997

1998

Түрлі-түсті металдар

17,1

16,4

14,2

14,7

14,2

Түрлі-түсті

13,4

12,0

12,1

13,7

12,8

Қара металдар

16,7

16,5

14,2

17,6

13,4

Қара

10,5

11,9

13,8

12,0

5,7

Мұнай мен газ конденсаты




17,0

16,0

24,2

29,9

Мұнай газ өндіру

4,1

6,2

10,9

13,1

16,5

Машина құрал-жабдықтар көлік құралдары аспаптар




10,0

5,0

4,0

2,0

Машина жасау металл өңдеу

9,9

7,3

5,8

5,0

4,0

Тағамдар және оларды өндіруге қажетті шикізаттар

10,7

6,0

11,0

12,0

9,0

Тамақ

11,4

9,9

10,8

11,4

11,6

Бірақ та бұл түсінік дәл түсінік емес. Мысалға, Америка Құрама Штаттары өзінің салалық құрылымын оптимизациялау үшін шетелдік өндірушілерге ішкі тауар рыногының айтарлықтай бөлігін беріп қана қоймай, былғары аяқ-киім, металл, тоқыма тауарлары өнімдерін, сонымен қатар химия мен машина жасау өнеркәсібінің жекелеген секторларының өнімдерін өндіру үшін әлемдік рыногын да әрдайым ұсынып отырған. Бұл арзан импорт тауарлардың көмегімен бәсекеге қабілетсіз салаларға қатты соққы беру үшін жасалынған. Сонымен бірге мемлекет кейбір салаларға шикізат пен отынға деген бағаның құлдырауы есебінен өнеркәсіптің жекелеген секторларындағы жағдайын жақсартуына, сөйтіп өздерінің бәсеке қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік берген. Нәтижесінде осындай салалар қара металлургия, химия, өздерінің өндірісін модернизациялай алды. Бұл олардың шығаратын өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыруына себін тигізді. Осылайша Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі импортты айтарлықтай өнімді машиналарға, құрал-жабдықтар мен технологияларға тиімді капиталдарды салу үшін, өндірісті модернизациялау үшін қосымша ынталандырғыш ретінде пайдаланды. Әрине осындай іс-әрекеттер Америка Құрама Штаттары экономикасының салалық құрылымын оптимизациялауға алып келді.[34]

Біздің республикамызға қатысты сөз қозғайтын болсақ, импорттың құрылымының өзгергенін, оның өсуі өндірісі дағдарысқа байланысты төмендеп отырған тауарлар рыногында байқалып отыр. Машина жасау, азық-түлік өнімдерінің импортында өсу тенденциясы байқалады. Осы ретте сәйкес тауарлардың тобында импорт экспорттың үлесінен сәл асып түседі. Республикамызда машина жасау өнімдерінің импорты сол өнімдердің экспортынан 22,8 есе, азық-түлік бойынша 1,6 есеге артық. Нәтижесінде республиканың импорты өндірісті түгелімен құртуға себін тигізеді, ақырында экономиканың салалық құрылымын ауырлатады. Әрине, осындай жағдайда оптимизациялау жөнінде сөз қозғаудың да қажеті жоқ.

Туындап отырған жағдайда салалық құрылымды оптимизациялау жөніндегі іс-шаралар мемлекеттің экспорттық қызметке араласуының күшеюі арқылы басталуы керек. Ең алдымен бұл импорттық кеден баждарын төмендету, экспорттық өнімді өндіруге қажетті жинақтауға қатысты кері схеманы қолдану жолдарымен экспортты ынталандыратын іс-шараларды қабылдау қажет. Оларды бірінші кезекте машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде қолдану қажет. Осы ретте осы салалардағы ахуалдарды өндірілетін өнімнің ерекшелігіне, өндірістің технологиялық жағдайы мен сол тектес шетел компанияларының саясатына байланысты факторлардың жиынтығы анықтайтынын айта кеткеніміз жөн. Мысалға, химия өнеркәсібіне зор көлемде капиталдың сіңісуі тән, өйткені осы салада ұзақ уақыт бойы өнімнің жаңа түрінің технологиясына жетекшілікті сақтап тұру қиынырақ болып табылады. Сондықтан да шетелдік компаниялар тұтынушыларға жететін жолды қысқартып, осы өндірісті өткізетін елдің аумағына орналастыра бастады. Қазақстанның Үкіметіне осы ахуалды өзіміздің химия өнеркәсібімізді дамытуға пайдалануымызға болады. Бізде осы секторда айтырлықтай іске қосылмаған өндірістік қуаттар баршылық. Республикамыздағы бар химиялық кәсіпорындарға полимерлік материалдардың, минералдық тыңайтқыштардың, мұнай химия өндірісін араластырған абзал болар еді.

Сонымен «салалық құрылымды оптимизациялау» дегеніміз ұлттық экономиканың әлемдік рыноктағы бәсекеқабілеттілігін анықтайтын, экономикалық пайданы көбейтетін және еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірісті приоритетті дамыту. Бұған қосымша ресурстар есебінен емес, экспорттық және онымен байланысты өндірісті дамыту арқылы қол жеткізуге болады.

Ұлттық экономиканы ашық экономикаға айналдыру заңды және қарама-қайшы процесс болып табылады. Осы жағдай былай түсіндіріледі, мемлекет сыртқы экономикалық қызметті кеңейтуге ғана емес, сонымен бірге отандық өндірушілерді сыртқы ортаның әсерінен қорғауымен түсіндіріледі. Осылайша дамушы елдер мен өтпелі кезең экономикасындағы елдер үшін рыноктың ашықтығымен қатар, қорғау қиындық тудырып, асиметрия құбылысы пайда болады. Осы қиындықтарды өзара толықтыру, ұлттық экономиканың ашықтығы және қорғау негіздерінде жүзеге асырылады. Осы қиындықты шешудің негізгі құралы ретінде экспорттың жаппай қысқаруын болдырмауға бағытталған мемлекеттің экспорттық стратегиясы болып табылады.





  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет