Қаңтар Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе



жүктеу 0.49 Mb.
бет2/3
Дата25.04.2016
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3
: userfiles -> file
file -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
file -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
file -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
file -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
file -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі
file -> Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер
file -> Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер,үй алу кезегінің тізімі
file -> Личная информация
file -> Жамбыл облысының құрметті азаматтарының тізімі 1999 жыл

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2013 жылы 63,8 млрд. теңге қарастырылып, 2013 жылдың 1 сәуіріне 13,9 млрд. тенге немесе есепті кезең жоспарының 95%-ы игерілген.

Білім беру нысандарын жаңғыртуға және құрылысына 2013 жылы бюджеттен 5,7 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,6 млрд. теңге, қосымша қаржыландыруды есепке алғанда жергілікті бюджеттен – 3,1 млрд. теңге қарастырылған. 2013 жылдың қаңтар-наурызында 0,5 млрд. теңге (49,7%) игерілген, оның ішінде 0,2 млрд. теңге (49,6%) республикалық бюджеттің және 0,3 млрд. теңге (49,8%) жергілікті бюджеттің қаражаттары.

2013 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижелері шығарылып, жылдың басынан құрылысы жоспарланған 22 білім беру нысанының 15-і бойынша мердігерлер белгіленген.

2013 жылы 37 білім беру нысандарын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 2,6 млрд. тенге бөлінді.

163,9 млн. теңге республикалық бюджет қаражаты есебінен 40 химия кабинетін, 221,2 млн. теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 17 лингофондық, 16 физика, 9 биология, 12 химия, кабинеттерін сатып алу қарастырылған.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 16 оқушыдан құрайды, ауылдық жерде – 14. Жалпы облыста 461 мектептің барлығы компьютерленген және телефондандырылған, Интернет желісіне 97,2%-ы қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақталар орнатылған, кең ауқымды Интернет желісіне облыстың 414 мектебі немесе 89,8% қосылған, 45 білім нысанында электронды оқыту жүйесі енгізілді.

2013 жылдын 1 сәуіріне 367 (356 мемлекеттік, 11 жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдарда 36,8 мың бала тәрбиеленіп, 1 - 6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу үлесі 45,7%-ды құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 3,5 пайыздық тармаққа жоғары.

Сонымен қатар, Меркі (28,0%), Т.Рысқұлов (35,3%) Шу (40,6%) аудандарында 1 - 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі төмен болып қалуда.

Мәдениет саласын қаржыландыруға 2013 жылы 3,1 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2012 жылғыдан 7,7%-ға артық. 2013 жылдың 1 тоқсанында 858,1 млн. теңге немесе есепті кезеңге жоспардың 98,2%-ы игерілді.

2013 жылы «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасының шеңберінде «Көне Тараз», «Жеті төбе» ғылыми - археологиялық зерттеу жұмыстары жалғасуда. 2013 жылдың 1 тоқсанында 31,5 млн. теңге облыстық бюджет қаражаты игерілген.

Кітапханалардың кітаптар қоры 91,8 мың дана кітапқа толықтырылды. Жуалы ауданында тарихи-мәдени ескерткіштер жинағын басылымға шығару жұмыстары басталды.

2013 жылдың қаңтар-наурызында облыста 13 кітапхана және 4 клуб компьютермен жабдықталды, 21 кітапхана интернет желісіне, 21 телефон желісіне қосылды.

Тараз қаласында классикалық өнер және «Аспара» сән фестивалі өтті.

Спорт. 2013 жылы спорт саласын қаржыландыруға 7,0 млрд.теңге қарастырылып, 2013 жылдың 1 сәуіріне 2,6 млрд.теңге игерілген.

2013 жылы облыстық бюджетте Тараз қаласында облыстық спорт сарайын аяқтауға 1,5 млрд.теңге қарастырылып, 2013 жылдың 1 сәуіріне 0,8 млрд.теңге игерілген.

Спортта дарынды балалар үшін облыстық мектеп-интернатының 2 спортзал, облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын №1 спорт мектебінің және Сарысу ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залдар құрылысын аяқтауға 271 млн.теңге қарастырылып, 2013 жылдың 1 сәуіріне 55 млн.теңге игерілген.

2013 жылдың 1 сәуіріне спортпен және дене шынықтырумен жүйелі айналысатын азаматтар саны 207,9 мың адам құрады, оның ішінде 19,6 мың балалар мен жасөспірімдер.

Облыста қылмыспен күресу және оның алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылдың бірінші тоқсанында облыста 2178 қылмыс тіркелген, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңіне 96,9% құрайды.

Облыста саяси ахуал тұрақты.


Облыстық іс-шаралар
«Рождество Христово» діни мейрамын өткізу
Үстіміздегі жылдың 7 қаңтарында орыс-православ сенушілерінің «Рождество Христово» діни мерекесіне орай Тараз қаласындағы «Успение Божьей матери» шіркеуіне облыс әкімінің бірінші орынбасары барып, шіркеу келушілері мен орыс-православ дінінің сенушілерін облыс әкімі Қ.А.Бозымбаевтың атынан құттықтады. Шараға мемлекеттік қызметшілер, этномәдени орталықтар, БАҚ өкілдері мен азаматтық қоғам институттары өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Мектеп оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасы
2013 жылдың 8-9 қаңтар күндері Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясы мен №53 орта мектебінің базасында Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық олимпиада 15 пән бойынша өткізіліп, оған барлығы 653 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша барлығы 252 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның 46-ы І дәрежелі, 62-і ІІ дәрежелі, 144-і ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«Мемлекеттік тіл – жергілікті БАҚ назарында» атты

«Дөнгелек үстел» отырысын өткізу
2013 жылдың 27 ақпан күні облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тілінің қызмет ету өрісін кеңейту, сондай-ақ, ана тіліміздегі жарияланымдар мен хабарлардың сапасын жақсарту, мемлекеттік тілді насихаттауды бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жалғастыру мақсатында «Мемлекеттік тіл жергілікті БАҚ назарында» атты «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

«Дөңгелек үстел» отырысы барысында бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің үлесі туралы мониторинг жасалып, ономастика, терминдерді біріздендіру және көрнекі ақпараттардың сауаттылығы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамасының 24 сәуірден бастап күшіне енетіндігі туралы айтылып, пікірталас жағдайында өтті. Іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдерінен 7 редактор мен тілшілер қатысты.


Аудандық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен көшпелі семинар-практикум өткізу

2013 жылғы 1 ақпанда Достық үйінде аудандық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстың жаңа түрлері мен әдістеріне оқыту бойынша семинар-практикум өткізілді. Барлығы 100 адам қатысты.


Облыстық ақпараттық – насихаттық топтары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы

Қазақстан халқына Жолдауын елді мекендерге шығып

насихаттау мен түсіндіру жұмысын жүргізу
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларының іске асырылуын халық арасында насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы облыс әкімінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 25-ө өкімі жобасы, іс-шаралар жоспары, ОАНТ-дің құрамы, шығу кестесі дайындалып, бекітілді.

Облыс әкімінің 2012 жылдың 21 желтоқсандағы № 477-ө өкімімен құрамына зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдары, сондай-ақ, ел ішінде беделі бар және өз ортасына танымал қоғамдық насихатшылар енгізілген облыстық 11 ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, олардың аудандар мен Тараз қаласына шығу кестесі әзірленді.

Кестеге сәйкес, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері 16-18 қаңтар, 20-22 ақпан күндері елді мекендерге шығып, тұрғындарды Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарымен таныстырды.
ақпан
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Облыстағы ветеринарияның жай – күйі туралы

2013 жылға белгіленген ветеринариялық – профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрамындағы ветеринариялық пункттердің жұмыстарын үйлестіру, ветеринариялық – санитариялық нысандарды күтіп ұстау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы барлық аудандарда және Тараз қаласында жиналыстар өткізілді. Жиналыстарда 2012 жылғы атқарылған жұмыстар талқыланып, жіберілген кемшіліктер мен олқылықтар зерделенді, оларды болдырмау туралы ветеринария мамандарына нықты нұсқаулар берілді.

Малдардың көктемде өріске шықпай тұрған кезінде аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау және диагностикалық тексерулерден өткізу тиімді, әрі жедел жүретіндігі маңызды болғандықтан, 2013 жылдың 1 тоқсанына қажетті ветеринариялық препараттар әдеттегіден ерте, ақпан айында жеткізіліп, аудандарға уақытша сақталуға қойылды. Ал, 2013 жылдың 3 тоқсанына қажетті ветеринариялық препараттар облысқа сәуір айында толық жеткізілді.

Облысқа ветеринариялық препараттар ерте алынғандықтан, малдарды иммунизациялау да 2 ай ерте басталды.

2013 жылдың 1 тоқсанында вакцинациялау және диагностикалау жұмыстары толықтай жоспар бойынша орындалды. Ветеринария мамандары малдарды вакцинациялауда және диагностикалау жұмыстарын жүргізу барысында 4651091 рет манупилация жасады. Ол көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп немесе ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жүргізуді ерте бастаудың нәтижесінде еңбек өнімділігі артты.

Облыстағы мүйізді ірі қараның қан паразиті ауруы –тейлериозға қарсы көктемде қолданылатын вакцина облыстық бюджеттен бөлінген 34750,0 мың тенгеге 2013 жылдың соңында 139000 доза вакцина сатылынып алынып, аудандарға таратылынған болатын. Ол вакцинамен ерте көктемде Меркі, Қордай аудандары мен Тараз қаласынан басқа аудандарда 139000 бас мүйізді ірі қара малдар вакциациялаудан өткізілді. Одан басқа аудандарда кездесетін, белгілі бір жерлерге тән қарасан (эмкар), ақтышқақ (салманеллез), лептоспироз, пастерелез, энтеротоксемия, жылқы сақауы (мыт), шошқа тілмесі (рожа), ауески, оқалақ (гиподерматоз) ауруларына эпизоотиялық мониторинг жүргізілуде және жоғарыда аталынған энзоотиялық аурулардың алдын алуға қажетті ветеринариялық препараттардың көлемі мен жалпы құны анықталуда.

Облыста ауыл шаруашылығы малдарды сапалы, дер кезінде иммунизациядан өткізудің нәтижесінде өте жедел өтетін вирустық жұқпалы мал аурулары тіркелген жоқ.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарындағы малдарды, қоралар мен аулаларды кенеден тазартуға қолданылатын акарацидтік препараттарды сатып алуға облыстық бюджеттен бөлінген 47158,0 мың тенгеге акарацидтік препараттар сатылып алынып, Сарысу, Талас және Мойынқұм аудандарына таратылып берілді.

Кенелерге қарсы 1 кезеңнің жұмыстары аяқталып, 2 кезең жұмыстары жүргізілуде. Акарацидтік препараттармен малдарды, қора–аулаларды өңдеу жұмыстарына 24 ветеринария мамандары, 46 жұмысшылар, 9 ДУК автомашиналары жұмылдырылды.

Облыста ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті сырғалар, чиптер, ветеринариялық паспорттар 2013 жылға жеткілікті көлемде сатылынып алынған және барлық аудандар мен Тараз қаласына таратылып берілген.

2013 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша 124442 бас МІҚ, 1127510 бас уақ малдар, 12037 бас жылқылар, 3289 бас түйелер, 17600 бас шошқалар сырғаланған. Бірдейлендіру жұмыстары жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін сатып алынған құлақ жапсырмалары мен ветеринариялық паспорттардың қаржысының бюджетке кері қайтарылғаны 99397,0 мың тенге.

Облыста барлығы 65 мал сою орындары жұмыс істеуде. Оның ішінде ет комбинаты 1, мал сою пункттері 10, мал сою алаңдары 54. Мал сою алаңдарының 18 алаңы облыстық бюджеттің қаржысына салынған, олар аудандық КМК-лардың теңгерімінде. Бірдейлендіру кодын алмай, іске қосылмай тұрғаны Меркі және Мойынқұм аудандарының ішінде, Мойынқұм ауданыдағы алаң сәуір айында код алып, іске қосылды.

Облыс бойынша 28 типтік мал қорымдары бар. 2012 жылы Жамбыл ауданында - 3, Меркі, Т.Рысқұлов және Шу аудандарында біреуден, барлығы 6 мал қорымы салынды.

Облыстағы аудандардың барлығында сібір жарасы көмінділері түгендеуден өткізіліп, ретке келтірілген.
Облыстық іс-шаралар
«Жыр алыбы – Жамбылым» атты республикалық ақындар айтысы
Үстіміздегі жылғы ақпан айының 27-28 жұлдызыңда Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай «Жамбыл-менің жай атым, Халық-менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы өтті. «Баласағұн» орталық концерт залына ұйымдастырылған бұл шара «Айтыс өнеріндегі жанрлар тоғысы: дәстүр және ықпалдастық» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен басталды.

Қазақ жырының жыраулар поэзиясынан кейінгі жеткен биігі – Жамбыл ақынның көкірегінен сорғалаған алдаспан жырлар екені анық. Бір ғасыр жасаған жыр алыбының 28 ақпан – туған күні биыл өз атымен аталатын облыста өзгеше қарқынмен, сән-салтанатпен аталып өтті.

Айтысқа Астана, Алматы қалаларынан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан барлығы 16 ақын қатысты. Олардың суырыпсалма ақындық шеберліктерін, сөздерінің дәлдігін, ұтқырлығын бағалап, саралайтын қазылар алқасының құрамында белгілі кино және театр актері А.Әшімов, жазушылар Н.Дәутайұлы, Е. Әлімжан, Ж.Шаштайұлы, М.Рысдәулет, ақын Ж.Әшімжан және облыстық филармония директорының орынбасары А.Жұмабеков болды. Ақындар айтысын еліміздегі айтыс өнерінің қайта жаңғыруына, дамуына қосқан үлесі мол, белгілі ақын, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының президенті Жүрсін Ерман ашып, жүргізіп отырды. Бірінші күні жұптық жекпе-жектерден жоғары ұпай жинаған 8 ақын суырылып шығып, екінші күнгі ширек финалға жолдама алды. Сегіз ақынның жыр додасынан кейінгі жартылай сыңға жолдама алған төрт ақын екі жұпқа жұптасты. Нәтижесінде ақтық сыңда сөз сайыстыру мәртебесі алматылық Сара Тоқтамысова мен Жандарбек Бұлғақовтарға бұйырды. Суырыпсалмалықтың сан-сырына қанық қос ақын жалынды жырлары, ұтымды ойларымен Жамбыл жұртшылығын ризашылығына бөленді. Қорытындысында Сара Тоқтамысова бас жүлденің бір жарым миллион көлеміндегі сыйақысын қанжығасына байласа, Жандарбек Бұлғақов бірінші орын мінберінен көрініп, бес жүз мың ақшалай сыйлықты иеленді. Екінші орын жүлдесіне (үш жыз мың теңге) батыстық Бауыржан Халиолла лайық деп табылса, қызылордалық Мұхтар Ниязов үшінші орыннан көрініп, екі жүз мың ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. Сондай-ақ, бірқатар ақындар арнайы сыйлықтармен марапатталса, қатысқан барлық ақын жүз мың теңгеден сыйлықтарын еншіледі. Марапаттау рәсімінде сөз алған әйгілі кино және театр әртісі, жерлесіміз Асанәлі Әшімов облыс әкімінің үлкен қолдау көрсетуінің арқасында өткен аламан айтыстың барысына тоқталып өтіп, бұл тұрғыда облыстық мәдениет басқармасына ризашылығын да білдірді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Жолдауына байланысты «Жолдаудың мәні – ел жұрттың қамы» тақырыбында «Дөңгелек үстел» отырысын өткізу
Үстіміздегі жылдың 24 қаңтарында облыстағы саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен жоғары оқу орындарының, этно-мәдени орталықтар, жастар бірлестіктері көшбасшыларының қатысуымен «Елбасы Жолдауы - жарқын болашақтың бастауы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Елбасы Жолдауының басым бағыттарын талқылауға арналған «Жолдау бағыттарын орындау – болашақ дамудың басты кепілі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу
Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын насихаттау және түсіндіруге бағытталған жұмыстар өз жалғасын табуда.

Елбасы Жолдауын насихаттау мен түсіндіруде облыс аумағында атқарушы органдар тарапынан өткізілген түрлі тақырыптардағы кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, көпшілік акциялары және т.б. қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралар оң ықпалын тигізуде.

Есепті аралықта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Жолдауды жүзеге асыруға арналған жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік -гуманитарлық және экономика ғылымдары бойынша студенттердің XV ғылыми -практикалық конференциясы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақстан-2050 – жаңа қазақстандық патриотизмді дамытудың бастауы» тақырыбында конференция, «Қазақ тілін оқыту әдістемесін модернизациялау ізденістері» атты облыстық практикалық семинарлар ұйымдастырылды.

Елбасы Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстарына жоғары оқу орындары үн қосуда. Бұл мәселе бойынша Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Ел ертеңі латын әліпбиі» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Сондай-ақ, есепті аралықта «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту және жергілікті қауымдастықты дамыту» тақырыбында ҮЕҰ-мен семинар-кеңес, «Этномәдени құзыреттілік: жаңа жолдар, методология және түрлері» атты семинар-тренинг өткізілді. Онда Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер жайлы келелі ой қозғалып, жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және конфессиялы қоғамымыздың негізі екендігі атап өтілді.

Жолдауды түсіндіру және іске асыруға саяси партиялар да белсенділік танытуда. «Нұр Отан» ХДП Жуалы ауданында «Жұмыссыздық және жастар» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын, Шу ауданында «Елбасы Жолдауы – болашаққа бағдар!» тақырыбында жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесуін, Сарысу ауданында «Қылмыс пен құқық бұзушылық» тақырыбында көшпелі Кеңес отырысын ұйымдастырды.


«Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында

облыстық конференциясын өткізу
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Жастар сарайында» 20 наурызда облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» тақырбында облыстық конференциясы өтті.Оның мақсаты конфессияаралық келісім саласында тұрғындардың мәдениетаралық коммуникативтік кеңістігін қалыптастыру, дінаралық сұхбат және азаматтарды Қазақстан аумағында діни экстремизм мен терроризмге қарсы біріктіру болып табылды. Конференция соңында қатысушылардың үндеуі қабылданады.Конференцияның жұмысына облыстық дін істері департаменті, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкілеттігі, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшылары, жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері мен ауыл жастары қатысты.
Облыстық «Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» байқауын өткізу
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні өскелең ұрпаққа ақиық ақын М.Мақатаевтың көркем шығармаларын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулу мақсатында «Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлері» облыстық байқауы Жамбыл ауданында өткізілді.

Байқауға аудандар мен Тараз қаласында ұйымдастырылған «Мұқағали оқуларының» жеңімпазадары - он бір үміткер қатысты.

Олар байқау Ережесіне сәйкес Мұқағали Мақатаев шығармашылығына және мемлекеттік тілге арнаған өз өлеңдерін оқып, соңғы кезеңінде М.Мақатаевтың күнделігінен сыр шертіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындады.

Қазылар алқасы мүшелерінің қорытындысы бойынша бас жүлде Жамбыл ауданынан келген Айболат Жаңабекке, І орын - байзақтық Алтынай Баймамыроваға, ІІ орын - Т.Рысқұлов ауданының өкілі Нұркелді Оспановқа, ІІІ орын - тараздық Айбек Қадіралиевке бұйырды.

Ал, таластық Айнұр Бейсенбековаға «Өнер алды – қызыл тіл», шулық Эльмира Төлешоваға «Көркемсөз оқу шебері» номинациясы, қалған үміткерлер басқарма бастығының алғыс хатымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жалпы іс-шараға 70 адам қатысты.
«21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні» мерекесіне орай

этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Ана тілі – айбыным!»

атты облыстық Тіл фестивалін өткізу
Облыс ассамблеясы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп 21-ақпан - Халықаралық ана тілдері күніне орай қалалық киноконцерт залында «Ана тілі - айбыным!» атты облыстық Тіл фестивалін өткізді. Фестивальдің мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және насихаттау, әртүрлі этностардың ана тілдерін дамыту, мемлекеттік тілді оқып-үйренуге ықпал еті және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Ана тілі фестиваліне облыстағы «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы, облыстық «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығы, «Архыз» қарашай-балкарлардың - Бірлік қоғамдық бірлестігі, «Барбанг» күрді, Махмұт Қашқари атындағы және Меркі аудандық ұйғыр, Байзақ аудандық кәріс, «Ахыска» түрік (Шу), әзірбайжан (Жуалы), «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестіктерінің топтары белсене қатысып, мемлекеттік және ана тілдерінде өнер көрсетті.

Фестивальда үздік өнерімен және ұлттық таным жөнінен біліктілігімен ерекшеленген барлық этномәдени топтардың еңбектері атап өтіліп, «Алғыс хаттармен» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, 300-ге жуық адам қатысты.

Жамбыл облысының (КВН) көңілді тапқырлар

клубы маусымның ашылуын ұйымдастыру
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігі жаңа маусымның ашылуына байланысты үстіміздегі жылдың 18наурызында облысымыздағы жоғарғы және арнаулы оқу орындарының КВН командаларымен «МАУСЫМАШАР-2013» ойынын өтті. Аталмыш фестивалге республикамыздың оңтүстік өңірлерінен және облысымыздан 40 жуық команда тіркелді.

Фествалдің іріктеу нәтижесі бойынша 12 мемлекуттік тілде, 3 орыс тілінде ойнайтын командалар «МАУСЫМАШАР-2013» фестивалінің гала концертінде сахнада өнер көрсетті.

Іріктеу шараларының нәтижесінде Жамбыл обысында респуликалық ашық лигада өнер көрсететін 13 команда жолдама алды, 17 команда облыстық премьер лигаға жолдама алды, 10 команда қалалық орыс лигасына жолдама алды.

Облыстық (КВН) көңілді тапқырлар клубыныңойындарына Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының әлеуметтік жобалар шеңберінде 4,5 млн. теңге қаражат қарастырылған.



21-ақпан - Халықаралық ана тілдері күніне арналған іс-шаралар
20 ақпанда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесіп «21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні» мерекесіне орай жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында «Тіл – татулық тірегі!» атты Тіл фестивалін өткізді.

Фестивальді ұйымдастыруда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау және өңірдегі түрлі этностардың өз ана тілдерін дамытуына қолдау көрсету, олардың мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылығы мен құрметін арттыруға, ортақ Отаны – Қазақстанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына ықпал ету мақсаты алға қойылды.

Ана тілі фестиваліне жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан «Достық» (Жамбыл политехникалық колледжі, түрік), «Жұлдыз» (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, орыс), «Милиоре» (Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, кәріс), «Нохчи Даймохк» (Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, шешен) және «Абзал жандар» (Жамбыл медициналық колледжі, өзбек), сондай-ақ «Бірлік» (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, түрік) топтары белсене қатысты. Тіл фестиваліне қатысқан 6 топ «Таныстыру», «Өнерлі өрге жүзер» және үй тапсырмасы «Атадан аманат» кезеңдері бойынша мемлекеттік және өз ана тілдерінде өнер көрсетті.

Фестивальда үздік өнерімен және ұлттық таным жөнінен біліктілігімен ерекшеленген «Бірлікке» (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) – I орын, «Нохчи Даймохкқа» (Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті) – II орын, «Милиореге» (Тараз мемлекеттік педагогикалық институты) – III орын берілді, сондай-ақ басқа да топтардың еңбектері атап өтіліп, «Алғыс хаттармен» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Аталған іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты.



Дін саласында қызмет атқаратын облыстық

ақпараттық-насихаттық топтардың аудандарға шығуы
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы тарапынан облыс аумағында дін мәселелері бойынша тұрғындармен тұрақты түрде кездесуге арналған ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, облыс әкімінің бірінші орынбасары К.Көкрекбаевпен 2013 жылдың 4 қаңтарында бекітілді.

Оның құрамына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы Д.Жұмабаев (облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы) пен басқа да білікті және беделді имамдары Е.М.Аманбаев (облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы), А.П.Керімбек («Әулие ата» мешітінің бас имамы), Б.В.Мыңбаев («Намаз ата» мешітінің бас имамы), Қ.О.Қуанышбеков («Айсұлу ана» мешітінің бас имамы) қосылды.

Аталған имамдар ағымдағы жылдың 13-15 наурыз аралығында облыс аудандары мен Тараз қаласының 48 мешітінде (оның ішінде 5 мешітте жұма намазға қатысты) жамағатпен кездесіп, терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған уағыздар айтты.

Сонымен қатар, ақпараттық-насихаттық топтар мүшелері облыс көлемінде жергілікті тұрғындар арасында, мемлекеттік органдарда, түзеу мекемелерінде, оқу орындарында және мешіттерде түрлі форматта 42 іс-шара өткізіп, оған 3500-ден астам мақсатты топ өкілдері қамтылды.

Ақпараттық-насихаттық кездесулер барысында топ мүшелері тарапынан «Мазхабтардың ерекшеліктері», «Экстремизм мен лаңкестікке ислам ғұламаларының көзқарасы»,«Ислам дінінің рухани құндылықтары», «Джиһад туралы түсінік»,«Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары», «Дәстүрлі емес діни ағымдар туралы»,«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ережелері», «Жастар арасындағы суицид»,«Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас», «Еліміздегі діни ахуал туралы» тақырыптарына сөз қозғалды.



1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет