Атқарылған жұмыстар туралыаны қ т а м а



жүктеу 130.72 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі130.72 Kb.
: img lib
img lib -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі
img lib -> Проект правового акта или вопросы, вынесенные на обсуждение
img lib -> Арал ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы анықтама
img lib -> «Сыбаға» бағдарламасымен бүгінгі күнге дейін, яғни. 05. 2015 жылға
img lib -> Ауыл шаруашылығы саласында 12 айда атқарылған жұмыстар туралы анықтама 2015 жылға «Сыбаға» бағдарламасы аясында
img lib -> Жарыс 2014 жылдың 25 қазан күні сағат 15-00 – 18-00 аралығында Арал қалалық ипподромында өткізіледі
img lib -> Қр конституциясы күніне орай, Астана қаласы бойынша өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары
img lib -> 2014 жылдың СӘуір айына арналған іс-шаралар жоспары
Атқарылған жұмыстар туралы

А Н Ы Қ Т А М А

Бүгінгі таңда ауданда 38 орта, 6 негізгі, 8 бастауыш мектеп жұмыс жасайды. Мектептерге 14798 оқушы, шағын орталықтар мен балабақшаларда 4493 бала, мектептен тыс мекемелерге 1272, кешкі мектепке 74 оқушы қамтылған. Оларға 2034 мұғалім (1852 – жоғары, 182 – арнаулы орта білімді), ал балабақшаларда 464 (250 – жоғары, 214 – арнаулы орта білімді) педагогикалық мамандар дәріс береді. Мектептердегі мұғалімдердің 34 – жоғары, 637 – бірінші, 785 – екінші, ал балабақшалардағы 26 – бірінші, 164 – екінші санаттағы мамандар болып табылады.



Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыруы туралы мәлімет:

Аудан бойынша үстіміздегі жылдың қаңтар – маусым айлары аралығында 242 педагог бюджет есебінен қысқа мерзімді курстан, 150 педагог маман жаңа оқыту технологиялары бойынша республикалық деңгейдегі көшпелі курстан өтіп отыр. Аудан бойынша 298 мұғалім І, ІІ, ІІІ деңгейлер, 15 директор көшбасшылық деңгей бағдарламалары бойынша үш айлық біліктілік арттыру курстарынан өтсе, үстіміздегі жылы деңгейлік курстарға 110 педагог маман қамтылып, оның ішінде 10 – ын мектеп басшылары құрап отыр.



Жалпы орта білім беру ұйымдарының құрылысы, күрделі жөндеу туралы мәлімет: Соңғы үш жылда 11 мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, 5 мектеп құрылысы (Тоқабай елді мекеніндегі 140 орындық № 248 орта мектебі және Қосаман елді мекеніндегі 100 орындық № 68 орта мектептердің құрылысы, №230 орта мектебі Жіңішкеқұм, №237 негізгі мектебі Ақеспе, №74 орта мектебі Жаңақұрылыс елді мекеніндегі жаңа типтік мектеп құрылыстары) жүргізілуде.

«Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2014 жылға аудандық білім бөліміне қарайтын 3 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 235178,0 мың теңге, қалған нысандардағы ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 24789,0 мың теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ, 59000,0 мың теңгеге Арал қаласындағы Т. Г. Шевченко атындағы № 13 орта мектебі ғимаратын (жаңадан 2 бу қазандығы салынады, толық жылу жүйесіне жөндеу жүргізілді), (мердігер мекеме - «Майдан құрылыс» ЖШС, Қызылорда қаласы) және № 220 орта мектебінде 60593,0 мың теңге (қосымша 4 жылу беру батареялары салынды) («Рустем Тех-строй» ЖШС, Алматы қаласы), 115585,0 мың теңгеге Шижаға елді мекеніндегі Е. Көшербаев атындағы № 57 орта мектебіне күрделі жөндеу («Арал-су-құрылысы» ЖШС), сондай-ақ 5006,0 мың теңгеге Мойнақ елді мекеніндегі бастауыш мектебінде (ЖК «Жалғасбаев»)

2014 жылдың шілде айында Сексеуіл кентіндегі 2 мектеп және 1 балабақшаға (№87, №177 орта мектептер, «Жауқазын» балабақшасы) Жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге барлығы – 232 468,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 209221,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 23247,0 мың теңге. ( №87 орта мектеп – 96482,0 мың теңге, Жауқазын балабақшасы – 84 978,0 мың теңге, №177 – 51008,0 мың теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары туралы мәлімет:

«Балапан» бағдарламасын іске асыру бойынша  2011 – 2020 жылдар арасында мектеп жасына дейінгі балаларды, мектепке дейінгі мекемемен  қамтылуын 100 пайызға жеткізу үшін, әрбір жылдарға ауылдық елді мекендерді балабақшалармен қамтамасыз ету жоспары құрылып, бүгінгі таңда 3 – 6 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 90,4 пайызы мектепке дейінгі мекемемен қамтылып отыр.  Оның 49,4 пайызы (2605 бала) балабақшада, 41 пайызы (2012 бала) шағын орталықта тәрбиеленуде.

2015 жылға Арал қаласындағы «Сартай» балабақшасын материалдық – техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 8130,0 мың теңге бөлініп толық игерілді. Алдағы уақытта Ақеспе елді мекенінен 20 орындық, Бекбауыл елді мекеніндегі № 65 мектеп жанынан 40 орындық толық шағын орталық, Құмбазар елді мекеніндегі ескі мектеп ғимратын күрделі жөндеуден өткізіп 20 орындық балабақша, сонымен қатар Арал қаласынан 100 орындық (кәсіпкер Т.Ибраева) және 45 орындық (кәсіпкер Е.Исатаева), Сексеуіл кентінен 140 орындық (кәсіпкер А.Еңсепова) жеке балабақшалар ашу қадамдық жоспарға енгізіліп отыр.



Материалдық – техникалық базамен қамтылуы: Білім сапасын жақсарту мақсатында білім ордаларының материалдық-техникалық базасының қазіргі заман талабына сай жабдықталуына баса назар аударылған. Бүгінгі таңда ауданның 29 мектебі 31 мультимедиялық кабинетпен, 7 физика, 14 химия, 14 биология кабинеттерімен, қаладағы 9 және ауылдық елді мекендердегі 8 мектеп әмбебап интерактивті (интерактивті физика, химия, биология) кабинеттерімен жабдықталған. 2013 жылы 4 мектепке (№ 21, 57, 87, 20 орта мектептер), 2014 жылы 3 мектепке (№ 62, 64, 262 орта мектептер) химия кабинеттері алынды. Сонымен қоса 926 дана «Эрисман» партасымен қамтамасыз етілді. Аудан мектептері қазіргі кезде 1313 комплекті компьютермен жабдықталған. Бұл әрбір 11 оқушыға бір компьютерден келеді деген сөз. 48 мектеп интернет желісіне қосылған. Олардың 16 – ы жолақты, 7 – уі спутниктік интернет жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Жалпыға міндетті білім беру қоры: Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қолдау мақсатында жалпыға бірдей білім беру қорына үстіміздегі жылы бөлінген қаржы 109381,0 мың теңгені құраса, оның ішінде 87 пайызы ыстық тамаққа қаралып, 3605 бала дерлік ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар 1 және 2 – сыныптың барлық оқушылары толық ыстық тамақпен қамтылған.

Оқулықпен қамтылуы: Аудан мектептерінің кітапханаларындағы жалпы кітаптың қоры – 355004, оның ішінде мектеп оқулықтары – 252996, оқырмандар саны 14386 – ны құрап отыр. 2014 – 2015 оқу жылында 33175,0 мың теңгеге 44236 оқулық алынса, 2015 – 2016 оқу жылында 42966,0 мың теңгеге 66548 дана оқулық алынады (оған 4,5,6,11 сыныптардың барлық пәндері, 3 – сыныптың «Ағылшын» тілі пәні, 7 – сыныптың «Информатика» пәні, «Өзін - өзі тану» пәндері мен оқушы дәптерлері, әдістемелік нұсқаулықтар мен электронды оқулықтар алынады). Дегенмен, алдымыздағы жаңа оқу жылында білім беру мекмелерін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен толық 100 пайыз қамту үшін қосымша 12100,0 мың теңге қаржы қажет. Облыстық «Жылдың үздік кітапханашысы» байқауынан бас жүлде иеленген № 13 орта мектептің кітапханашысы Ахметова Гүлбану республикалық кезең қорытындысымен Қ.Р Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Инклюзивті оқыту:

Инклюзивті білім беру жүйесі ауданымызда нақты жолға қойылып келеді. Аудан орталығында кемтар балаларға арналған «психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті», «Ұмай» қайырымдылық Үйі жұмыс жасайды. Сонымен бірге 2014 жылдан бастап № 220 мектепте арнайы бір сынып, «Алтын балық» және «Сартай» балабақшасында логопедиялық пункттер ашылып, онда психолог, дефектолог – логопед, № 83 орта мектепте дефектолог маманы балалармен жұмыс жасауда. 2014 жылдың қорытындысымен 489 бала мүмкіндігі шектеулі болып таңылса, оның ішінде мектеп партасында 182 бала оқиды, үйден оқитыны – 85, түзету кабинетінен қосымша түзету көмегін алатыны – 71, әлеуметтік қызмет алушы – 194, балабақшада – 19, дәрігер бақылауындағылар 22 – ні құрап отыр. Осы балаларға сапалы көмек көрсетіп, біліммен қамтамасыз ету – біздің негізгі мақсатымыз. Арнайы көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде анықтау үшін тиісті органдармен бірлесе отырып, жасы 18-ге дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тізімге алынып, оларға аталған қызмет түрін пайдалануға мүмкіндік жасалып, мамандар психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарын жүргізеді. Дер кезінде деңсаулығында түрлі бағытта ауытқушылығы бар балаларды анықтап, оларға сапалы көмек көрсету мақсатында кабинет мамандары үнемі мектеп, балабақшаларда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде және ай сайын практикалық семинар есебінде аудандық отырыстар ұйымдастырып, мектептердің психолог, дефектолог, әлеуметтік мұғалім және емдеу орталықтарының невропатолог- психиатр дәрігерлерін шақырып бас қосады.

Алдағы келе жатқан оқу жылына тағыда «психикалық дамуы тежелген» балаларды біліммен қамтамасыз ету мақсатында ауданымызда екі арнайы топ ашлу жұмыстары жоспарланды және 10 мектепке қосымша дефектолог қызметін қарастыру жағынан қаржы мәселесі шешілуде.

Қорғаншылық пен қамқоршылық: Аудандық білім бөлімінің есебінде жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 91 (оның ішінде жетім бала – 42, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 49). Олардың 60 – ы мектепте оқиды, бөлінген қаржы есебінен оқулықтармен, ыстық тамақ және киіммен, жазғы маусымдарда лагерьмен қамтамасыз етіліп отыр. 20 – ында ата – анасынан қалған үлестік үй, 2 – інің жеке үйі бар. 69 бала тұрғын үйге кезекке қойылды.

Оқушылар тасымалы туралы мәлімет: Үстіміздегі оқу жылының есебі бойынша аудан орталығынан шалғай орналасқан № 82 Қаратерең орта мектебіне Тастақ және көне Қаратерең елді мекендерінен (5,5 км) 5-11 сынып аралығындағы 43 оқушы екі мезгіл СТК (Селолық тұтынынушылар коперативі) мекемесінің УАЗ -22060 көлігімен тасымалданады. 2015 жылға осы мектепке оқушыларды тасымалдауға жаңа көлік алуға аудандық бюджеттен 2700,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. № 237 Сарбасат негізгі мектебіне «Қосбелгі» ауылынан (3 км-ге жуық) 25 бала тасымалданады. Биылғы жылы аудандық бюджеттен УАЗ -220695-440-04 автокөлігі алынып, оған қоса жанармайға қажетті қаржы және жүргізуші штаты қаралып, санитарлық норма талабына сай оқушылар тасымалдануда.

Жақсықылыш елді мекеніндегі № 19 орта мектептен шалғай орналасқан мөлтекаудандарынан 1 – 6 сыныптың 113 оқушысы тасымалдануда. Бұл мектепке де аудандық бюджеттен УАЗ - 220695-440-04 автокөлігі алынып, оған қоса жанармайға қажетті қаржы бөлінді (жүргізуші штаты бұрыннан бар). Санитарлық норма талабына сай тасымалдануда.

2011 жылы 5300,0 мың теңгеге қаладағы № 262 мектеп – гимназияға балалардың тасымалын қамтамасыз етуге арналған ПАЗ – 32054 автокөлігі алынған болатын. Қаражат мәселесі толық шешімін тауып, 112 оқушыны тасымалдануда. Арал ауданы бойынша 4 мектепке 293 оқушы тасымалдануда.

Пән олимпиадасы туралы:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі, яғни облыстық пән олимпиадасына үстіміздегі оку жылында 12 бала катысып, оның ішінде, қазақ тілі пәні бойынша Ұйқасбаева Ақбота ІІ орын (№ 262 м-г, 10 –сынып), география пәні бойынша Тубекбаев Жанарыс ІІІ орын (№ 14 м-л, 10 – сынып) географиядан ІІІ орын, орыс тілі пәні бойынша Алмашова Нуриля ІІІ орын (№ 14 м-л, 10 – сынып) иеленді. Республикалық кезеңге жолдама алған Ұйқасбаева Ақбота олимпиада қорытындысымен жүлделі ІІ орынға ие болды. Осы оқушы «Ақберен» республикалық олимпиадасынан ІІ орын иеленді.



ҰБТ нәтижесі:

2014/2015 оқу жылында аудан көлемінде 37 орта мектептен 694 оқушы бітірді, оның 425-і ҰБТ-ге қатысуға өтініш білдірді.

ҰБТ 3 маусым күні өткізілді. Өтініш білдірген 425 оқушының 12-сі өз арыздарына сәйкес ҰБТ-ге қатыспады. 413 мектеп бітіруші тестілеуге қатысты. Бұл барлық мектеп бітірушілердің 60% құрайды.

Ауданда ҰБТ 1 лекте өтті. 3 маусым күні 413 мектеп бітіруші қатысты, оның 225-і ауыл мектептерінен.

ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл - 81,47, ал былтырғы оқу жылы орташа балл – 72,71 болды. Өсім бар, орташа балл 8,8 балға көтерілді.




2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

Орташа балл

70,91

72,71

81,47

Аудан орташа балынан жоғары болған мектептер: №2 (қала), 63 (Ақбай), 67 (Қосжар), 73 (Аманөткел), 74 (Жаңақұрылыс), 231 (Сексеуіл), 69 (Сапақ), 59 (Қарақұм), 62 (қала), 57 (Шижаға), 75 (Қарашалаң), 22 (Ақбасты), 220 (қала), 262 (қала), 19 (Жақсықылыш), 20 (Бөген).

100 балл және 100 балдан жоғары алған оқушылар саны - 65 (15,74 %), ал былтырғы жылы 30 (6%) болды.




2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

100 балл және 100 балдан жоғары жинағандар

31

30

65

Пайызға шаққанда

6,47 пайыз

6 пайыз

15,74 пайыз

Сондай-ақ, қазақ тілі пәнінен - 15 оқушы, орыс тілінен – 1 оқушы, қазақстан тарихынан – 9 оқушы, математикадан – 4 оқушы, биологиядан – 5 оқушы, ағылшын тілінен – 1 оқушы, қазақ әдебиетінен – 1 оқушы пәндер бойынша ең жоғарғы 25 балды иемденді.

Аудан бойынша «Алтын Белгі» белгісіне ұсынылған 19 үміткердің 9-ы (№262 Арал мектеп-гимназиядан– 2 оқушы, №83 Арал мектептен – 1 оқушы, №62 Арал мектептен – 3 оқушы, №57 Шижаға мектебінен – 1 оқушы, №260 Арал мектептен – 1 оқушы, №13 Арал мектептен – 1 оқушы) қорғады. «Алтын Белгі»-нің дәлелденуі - 47,4 пайыз, былтыр қорғау пайызы – 30 пайыз (20 үміткердің 6-уы қорғаған еді). Үздік аттестатқа 4 үміткер оқушының 2-еуі (№62 Арал қаласы мектептен – 1 оқушы, №63 Ақбай мектебінен – 1 оқушы) қорғады. Сонымен қатар Алтын белгіге 1 балы жетпей қалған 2 оқушы (№73 Аманөткел мектебінен – 2 оқушы) Үздік аттестат алады.




2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

Алтын белгі үміткерлер саны

20

20

19

Алтын белгі қорғағандар

4

6

9

Қорғау пайызы

20 пайыз

30 пайыз

47,37 пайыз


Жазғы тынығу маусымының ұйымдастырылу барысы:

Аудандық білім бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 86 өкіміне және облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлының 2015 жылғы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтыру шараларын ұйымдастырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан оқушыларын сауықтыру үшін қажетті жағдайларды жасау, олардың демалыс мезгілдерін тиімді қолдану және денсаулығын, шығармашылық еңбегін, қабілеттілігін арттыру үшін барынша жағдай жасау мақсатында жұмыстар жүргізілді.

Ауданда жазғы сауықтыру лагерлері үш түрлі: күндізгі, тұрақты және көшпелі формада ұйымдастырылған. Барлық күндізгі лагерлер мен қала сыртындағы «Қамбаш» сауықтыру және қосымша білім беру орталығы 1- маусым «Халықаралық балаларды қорғау» мерекесі күні ашылды.

Биылғы жылы аудандағы 1-10 сынып аралығындағы 14103 баланы төмендегідей формада ұйымдастырылатын сауықтыру және демалыспен қамту шаралары жоспарланды.



- қала сыртындағы лагерге - жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан 500 бала және кәсіподақ есебінен 100 бала;

- мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер аудандағы 43 орта және негізгі мектеп жанынан ұйымдастырылып, оған ыстық тамақпен 2370 бала; мектеп жанындағы ыстық тамақсыз лагерге - 6795 бала;

- Аудандық Оқушылар Үйінің жобасымен құрылған шатырлы лагерь 2006 жылдан бастап жұмыс жасауда. Үстіміздегі жылы аудандағы 19 мектепте шатырлы лагерь ұйымдастырылып, оған 750 бала;

- бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, оның ішінде көркейту-көгалдандыруға - 828 бала, экскурсияға - 1620, аулалық клубқа - 780 бала, ауданнан тыс лагерлерге 360 бала яғни, барлық шаралармен толық қамту жоспарланған болатын.

Жазғы сауықтыру лагерлеріне бірінші кезекте жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасы балалары және құқық бұзушылықпен есепке алынған оқушыларды қамтылуда.

Бұл бағытта аудан бюджетінің мүмкіндігіне қарай қажетті қаржы көлемі де тиісінше бөлінді.

Күндізгі лагерлер ІІ ауысымға 10 күндік ыстық тамақпен және ыстық тамақсыз болып ұйымдастырылды. Осы лагердегі балаларға жазғы демалыс кезінде мәдени-тарихи құндылығы бар аудандық өлкетану және балықшылар мұражайына экскурсиялар, орталықтағы жабық бассейнге бару ұйымдастырылды. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Оқушылар үйі жанындағы үйірмелер жұмыстарын жалғастырып, лагерь ұйымдастырылған барлық мектептерде балалардың қызығушылығын танытатын мектепішілік үйірмелер жұмыс жүргізді.

Аудандағы 43 орта және негізгі мектептердің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен тәлімгерлеріне балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жолдарына нақты бағыт-бағдарлар, қажетті іс-құжаттардың жүргізілуіне әдістемелік нұсқаулар берілді. Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының жазғы лагерді ұйымдастыру тақырыбындағы курсына наурыз, сәуір айларында мектептен тыс және мектептерден қосымша білім беру педагогтары және тәлімгерлер арнайы курсты оқып келді. Белгіленетін кесте бойынша лагерлерге баратын балалардың категорияға сай тізімдерін нақтылау, болуға тиісті медициналық құжаттарының дұрыс толтырылуына және уақытылы баруына білім бөлімі тарапынан тұрақты қадағалау жұмыстары жүргізілуде.

Күндізгі тынығу лагерлері ұйымдастырылған мектептерде жатын керуеттер, тумба мен төсектік әбзелдер жыл сайын тапсырыспен алынады.

Жалпы үстіміздегі жылы қала сыртындағы «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы жұмысын ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 15 477,0 мың теңге қаралса, оның толыққанды қажеттіліктерін өтеу үшін 2015 жылға облыстық бюджеттен 123 млн .412 мың теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Қазіргі таңдағы тұрақты штат кестесі – 12 қызметкер (директор, есепші, жүргізуші, сантехник, электрик, қарауыл-3, оператор-3).

Көгалдандыру жұмысын жандандыру мақсатында сәуір айында лагерьге 1600 түп ағаш, 1000 терек, 150 сонақ, 450 қара тал, 1 гектар жерге газон, 100 шаршы метр жерге гүл егілді.

Орталықта әр ауысым 10 күнге жоспарланып , жазғы 7 ауысымға 150 баладан барлығы 1050 бала демалдыру жоспарланған болатын. Бір балаға жолдама құны 20 мың теңге. Әр ауысымға жыл сайын кезекпен аудан мектептерінен жасақталған педагогикалық кадрлар жұмыс жасауда. Биылғы жылы №14, №13, №262 мектептер және Оқушылар үйі жақсы дайындықпен барып, жұмыстарын тыңғылықты атқарды.Алдағы ауысымдарда №83, №59, №73 мектептердің пед. жасақтары жұмыс жүргізетін болады. Қызылорда, Қазалы және облыстық мекемелерден келетін балаларды жазғы демалу жұмыстарымен қамтуға ауысым кестесі жасалып, жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі таңда күндізгі лагерлер ІІ ауысымға жұмыс жасап ыстық тамақпен 2370 бала, ыстық тамақсыз 6795 бала, шатырлы лагерге 750 бала демалса, бос уақытын тиімді ұйымдастыруда оның ішінде көркейту-көгалдандыруға - 828 бала, экскурсияға - 1620, аулалық клубқа - 780 бала қамтылды. Сонымен бірге ауданнан тыс лагерлерге осы таңға дейін білім саласы кәсіподағы есебінен Көкшетаудағы «Лесная сказкаға» 15 бала барса, тамыз айына 16 бала жолдама алды. Жаңақорғандағы «Талды су» лагеріне 10 бала, «Таң нұрына» 25 бала демалды. Денсаулық сақтау саласы кәсіподағы есебінен «Лесная сказкаға» 3 бала, «Таң нұрына» 13 бала демалса, темір жол кәсіподағы есебінен Алматыдағы «Мадагаскар» лагеріне 50 бала демалып қайтты. Қызылодадағы «Сан-Райз» лагеріне жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасынан 15 бала маусым айының алғашқы 10 күндігінде демалдырылды. Қала сыртындағы «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығына осы таңға дейін 4 ауысымға 600 бала демалса, жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасы балалары бірінші кезекте демалса, облыстық мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы-11, аудандық білім саласы кәсіподағы 50, Қазалы ауданы ата-ана есебінен -46 бала, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» кәсіподақ комитеті -27 бала, мәдениет, мұрағат және құжаттама қызметкерлері облыстық филиалы -30, Қызылорда КРЭК-30 бала демалды. Алдағы У-УІ ауысымда облыстық білім, денсаулық кәсіподағы 150 баладан 300 балаға жолдама алды.



Жазғы маусымда 16 жасқа толған кәмелетке толмаған балаларды көркейту-көгалдандыру жасақтарында ақылы жұмыс жасауға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын басшылыққа ала отырып балалардың жұмыспен қамтылуын жүзеге асыру мақсатында аз қамтылған, көп балалы отбасынан 50 баланы жұмыспен қамтуға мамыр айында ұсыныс беріліп, 1 маусымнан бастап жұмыс жасауда.

Жалпы оқу - әдістемелік қызмет: Білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен тікелей негізгі 13 аудандық орталықтандырылған әдістемелік пән бірлестігі және 4 шығармашыл мұғалімдердің желілік кәсіби қауымдастықтары жұмыс жасайды. Жалпы алғанда, үстіміздегі оқу жылы ішінде жеке категориядағы педагог мамандар үшін 21 семинар - кеңестер өткізіліп, онда қазіргі оқыту парадигмалары, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі әдістемелерді жетілдіру, білім сапасын бағлау мен бақылау өлшемдері, рейтингтік көрсеткіштерді мектеп практикасына ендіру арқылы басқарудың негіздері туралы, пәндерге оқушы қызығушылығын және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы ОЖСБ, ПИЗА, ТИММС критерилерінің ерекшеліктеріне байланысты әдістемелік нұсқаулармен таныстырылды. Аудандық «Жыл мұғалімі» кәсіби байқауы бойынша анықталған жеңімпаз, жүлдегерлердің іс – тәжірибелері жинақталып, семинарларда, пән бірлестік отырыстарында жалпыланды. Шығармашыл, жаңашыл ұстаздардың жазғы тәжірибе алаңында инновациялық жұмыстар ой елегінен өткізіліп, практикалық шаралар талқыланды.


Арал аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Дабылов



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет