Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында



жүктеу 29.8 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі29.8 Kb.
: user -> uploads -> files
files -> Бекітілді қалалық мәслихаттың коммуналдық шаруашылық мәселелер жөніндегі
files -> Құрамы Абдрахманов Онайбай Рахиевич
files -> Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17/111 Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
files -> Екінші сайланған Мұнайлы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелерін сайлау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару
files -> Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
files -> Абдрахманов Онайбай Рахиевич
files -> «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
files -> 12 селолық округ, 21 елді мекен бар
files -> Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына! Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»


ЖОБА
Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтау қаласы № 34/ 2015 жылғы 28 қазан

Ақтау қаласының білім беру

ұйымдарының күндізгі оқу нысанында

оқитындар мен тәрбиеленушілері үшін

қала ішіндегі қоғамдық көлікте

(таксиден басқа) жеңілдікпен жол

жүруді белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы» 2015 жылғы 02 шілдедегі № 841 Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысына, сондай-ақ Ақтау қаласы прокуратурасының 2015 жылғы 12 қаңтардағы №2-110107-15-00311 наразылығын және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2015 жылғы 13 қазандағы №10-11-3741 ұсынысын орындау мақсатында, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтау қаласының келесі білім беру ұйымдарының:

1) жоғары оқу орындары;

2) орта және (немесе) жалпы орта білім беру және орта білімнен кейінгі базасындағы техникалық, кәсіптік білім беру оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілері үшін қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруі қолданыстағы тарифтің 50 пайызын төлеу түрінде жеңілдікпен белгіленсін.

2. Оқу орындары күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер туралы мәліметтерді қалалық білім бөліміне ұсыну негізінде жеңілдікпен жол жүруді белгілеу шешімі қабылданады.

3. оқу орындары келесідей құжаттарын қалалық білім бөліміне тапсырады:

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

студенттік билеттің көшірмесі;

карточкалық базадағы ағымдағы шоттың ашылғандығы туралы хабарландыру;

пластикалық карточканың көшірмесі.

Студенттің деректері өзгерген жағдайда тиісті мәліметті уақытылы ұсыну қажет.

4. Қалалық білім бөлімі ұсынылған мәліметтер және құжаттардың көшірмелері негізінде тиісті банк бойынша алушылардың тізімін жасақтайды және өтемақы төлеу жолымен дара студенттердің дербес шоттарына аударады жүргізеді.

5. Қалалық бюджеттен тиісті қаржы жылына арналған «Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау» 6.02.464.008 бағдарламасы бойынша қаражат бөлу қамтамасыз етілсін.

6. Ақтау қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қабылдау ұсынылсын.

7. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 26 наурыздағы №10/113 «Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілері үшін қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2242 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 75 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

8. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

9. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.Шудабаева).

10. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Қалалық мәслихат

хатшысы Б.Түркпенбаева М.Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы

______________С. Төлебаева

«__» _______ 2015 жыл

«Ақтау қалалық экономика және

бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы

______________ А. Ким



«__» _______ 2015 жыл






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет