"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 127.34 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі127.34 Kb.
: files -> reglament
reglament -> Регламенті Жалпы ережелер «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу»
reglament -> «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
reglament -> Қарағанды қалалық мәслихатының
reglament -> Қарағанды қалалық мәслихатының регламенті
reglament -> 2015 жылғы 11 тамыздағы №205 Батыс Қазақстан облысы
reglament -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Электрондық мемлекеттік қызмет «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
reglament -> Биологиялық активті заттарды, фармакологиялық, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер
reglament -> Программа лояльности
reglament -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
2015 жылғы 11 тамыздағы № 205
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер



      1. "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11374 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.
      2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер);
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдары (бұдан әрі – ХҚКО);
      3) "электрондық үкіметтің" www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу туралы қайталама куәлік (бұдан әрі-куәлік).
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында электронды 
      өтініштің қабылданғаны туралы және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің белгіленуі туралы хабарлама жолданады. 
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. 
      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мемлекеттік баж алынады. 
      Мемлекеттік баж сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
      ХҚКО мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызмет берушiнiң


құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме:


      көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО жүгінген кезде Стандарттың 12-қосымшаларына сәйкес өтініш;
      порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш негіз болып табылады.
      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету процессінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны, оның ұзақтығы және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе әкімге 15 (он бес) минут ішінде ұсынады;
      2) әкім құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, журналға тіркейді және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтінішті қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
      Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі және Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөрін басу үшін жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, куәлікте елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды.
      Нәтижесі – куәлікке қол қойып, елтаңбалы мөр басады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын куәлікті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға немесе әкімге қол қойғызып береді. 
      Нәтижесі – куәлікті береді;
      8) әкім дайын куәлікті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызып береді.
      Нәтижесі – куәлікті береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi


берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:


      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) әкім.
      9. Мемлекеттік қызметтің процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттері реттілігінің толық сипаттамасы "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

4. ХҚКО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара


іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. ХҚКО арқылы жүгiну тәртiбiнің әрбір процестің ұзақтығын көрсетіп сипаттау:


      1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды және өтінішті ХҚКО қызметкеріне береді, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады – 2 (екі) минут ішінде;
      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін ХҚКО-ның қызметкері ХҚКО Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына ( бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ АЖО) логинді және парольді (авторландыру процесі) енгізуі - 1 (бір) минут ішінде;
      3) 2-процесс – ХҚКО-ның қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығару және ХҚКО қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхаттың болуы қажет, басқалай куәландырылған сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізуі - 2 (екі) минут ішінде;
      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау жолдауы - 2 (екі) минут ішінде;
      5) 1-шарт - ЖТ МДҚ - нда көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеруі - 1 (бір) минут ішінде;
      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ - нда көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің немесе БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыруы - 1 (бір) минут ішінде;
      7) 5-процесс – электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) ЭҮШ арқылы ХҚКО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдауы - 1 (бір) минут ішінде.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО арқылы алу процесінің сипаттасы, оның ұзақтығы: 
      1) 6-процесс – электрондық құжаттарын ЭҮАШ АЖО - да тіркеуі - 1 (бір) минут ішінде;
      2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі) - 1 (бір) минут ішінде;
      3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөніндегі хабарламаны қалыптастыруы - 1 (бір) минут ішінде;
      4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО - нда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты) алуы – 2 (екі) минут ішінде.
      ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммасында көрсетіледі.
      12. Портал арқылы көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара iс-әрекетін және жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады); 
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН және паролін порталға енгізу (авторизациялау процессі);
      3) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ Стандартың 9 тармағында көрсетілгендей нақтылау үшін (қол қою үшін) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы; 
      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін) тексеруі;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куәландыру және электронды құжатты (сұранысты) өңдеуі үшін портал арқылы "АХАЖ" АЖ жолдауы;
      9) 3-шарт – азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді "АХАЖ" АЖ тексеруі;
      10) 6-процесс – "АХАЖ" АЖ акт жазбаларының болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      11) 7-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық үкіметтің төлемдік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеуі;
      12) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      13) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      14) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызмет (хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы Регламенттің 3-қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.



 

"Атын, әкесінің атын, тегін
ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен
түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      

http://adilet.zan.kz/files/0694/58/12.jpg


      Шартты белгілер:


      

http://adilet.zan.kz/files/0694/58/13.jpg

 

"Атын, әкесінің атын, тегін
ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен
түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 - қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық
жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы

      

http://adilet.zan.kz/files/0694/58/14.jpg

 

"Атын, әкесінің атын, тегін
ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен
түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы

      

http://adilet.zan.kz/files/0694/58/15.jpg



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет