Атырау қаласы Ғ. Мұратбаев мектебінің тарих пәнінің мұғалімі



Дата28.04.2016
өлшемі39.19 Kb.
Көк Тудың желбірегені

Қызылова Дәмелі Мырзабайқызы

Атырау қаласы Ғ.Мұратбаев мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Міндеті: Оқушылардың өз елінің тарихын білуге үйрету,іскерлікке , топпен жұмыс жасай білуге, тез ойлауға дағдыландыру

Күтілетін нәтиже: Өз көзқарасын қорғай алатын, тез шешім қабылдайтын,коммуникативті тұлғаны қалыптастыру

Өту формасы: іскерлік ойын

Көрнекілігі:Мемлекеттік Ту, мемлекеттік рәміздет плакаты, интеактивтік тақта,аудио-бейне жазбалар,т.б.

Қатысушылар: 5-6 сынып оқушылары

Жүрісі:


І жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі өткелі отырған «Көк Тудың желбірегені»тақырыбындағы іскерлік ойынымызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арнаймыз.Бүгінгі шарада оқушылар өз елінің тарихын қаншалықты білетінін, болашағының қандай болатындығын армандайтынын және өз Отанынының дамуына қандай үлес қоса алатыны туралы өз ұстанымын көрсетуге тиісті. Ал, тақырыптың бұлай аталуына келетін болсақ, Ту қашаннан елдіктің және ерліктің белгісі болған. Мемлекет пайда болған кезде ол мемлекеттің Туы да пайда болады. Яғни, Ту мемлекеттің айырықша белгісі. Өз Отанының патриотымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік Туды қастерлеуге тиісті. Әрбір азамат Туға қарап бой түзейді. Әрбір жауынгер небір қанды шайқаста өз құрамасының әскери Туын қорғауға тиісті.

ІІ жүргізуші: Әскери Жарғыда Туы жоғалған жағдайда әскери құрама да таратылып қасиетті көк Туына арналады.ҚР Мемлекеттік Туы туралы заң 1992жылы маусым айының 4-жұлдызында қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Мемлекеттік Ту- егемендіктің , тәуелсіздіктің белгісі.Жалаудың ортасында ұшқан қыран бейнеленген ,тікбұрышты көгілдір мата, сол жағында ұлттық ою-өрнекпен нақышталған.Тудың ұзындығы 2метр, ені бір метр.Оның жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков.Тудың түсі-көгілдір Жоғарыда айтылғандай бүгінгі сайысымызды Тәуелсіздік меркесіне арнаймыз!

І жүргізуші: Іскерлік ойынның шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Топты таныстыру

2. «Еліміздің тарихын білеміз бе?»сауалнамаға жауап беру

3.Бейнесұрақтар

4.Эссе «Елімнің болашағы-менің болашағым»

5.Шешендік мінбесі «Егер де мен...»



ІІ жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды бағалайтын қазылар алқасымен таныстырамын:

1.Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

2.Тарих пәні мұғалімі

3.Тәлімгер

Сайыс нәтижесінде жеңіске жеткен топ алдарыңызда тұрған мемлекеттік Тудың жанында тұрып суретке түсу және осы әнді шырқау құрметіне ие болады.

І жүргізуші: Cонымен сайысымызды бастаймыз! Іске сәт, ойыншылар! Жанкүйерлер, сіздер қандай дайындықпен келдіңіздер! Кәне, көрейік!

Сайысымыздың бірінші бөлімі: Топты таныстыру



ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасының Туы туралы «Көк тудың желбірегені» әні - сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. Осы шара барысында бұл әннің шығу тарихы туралы танысамыз.Бұл ән арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған ән. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін ән авторы Ермұрат Зейіпхан. Ал сөзін ақын Алмас Ахметбекұлы жазған. Екеуі де Қытайдан елге оралған қандастар.

І жүргізуші: Сайысымыздың екінші бөлімі: Сауалнама

« Еліміздің тарихын білеміз бе? »

Әуелі «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзі дүниеге келген. 1992 жылдың 22 мамырында Алматыда тәуелсіз елдің көк Туы қабылданады. Бұл шара барлық арналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Қытайдың Шәуешек деген мекенінде тұратын ақын Алмас Ахметбекұлы бір топ қазақ бауырлармен жиналып, теледидардан тамашалайды. Елбасы байрақты тізерлеп тұрып сүйгенде экран алдында отырған қандастар көз жастарына ерік береді.  Ақын өзі көк Туды Қорғас шекарасынан елге өтіп келе жатқанда көреді. Самал жел соғып тұрғанда көк ту әуелеп, желбіреп тұрды. Сол кезде ақын жүрегі елжіреп, бойын ерекше бір сезім билеп, «Көк тудың желбірегені» деген өлең жолдары ойына келеді.

ІІ жүргізуші: Сайысымыздың үшінші бөлімі: «Бейнесұрақтар»

Алматыға келген кезде өлеңнің қалған жолдары жазылады. Кейін ақын Еркін Ергенұлы деген сазгерге өлеңге ән жазып беруін өтініп сұрайды. Алайда, ән ақынның көңілінен шықпай, ол ақын-сазгер, опера әншісі Ермұрат Зейіпханұлына өлеңге ән жаз деп ұсыныс білдіреді. Сазгер әннің екі нұсқасын жазады. Ақын екеуін де тыңдап, ұнатқан нұсқасын қалдырады. Алғаш рет сахнаға «Көк тудың желбірегені» әнін әнші, отандық опера жұлдызы Майра Мұхаммедқызы орындап шығады.Кейін ән бірнеше дауыста опералық бағытта жазылып, радиодан беріліп жүреді. Осы кезде ән жас әнші Ибрагим Ескендір құлағына шалынып, ол әнді домбыраға салып, айта бастайды.Енді осы әннің екі нұсқасын тыңдап көрелік.



І жүргізуші: Сайысымыздың төртінші бөлімі: Эссе «Елімнің болашағы-менің болашағым»

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай әнші «Қазақстан» ұлттық арнасының қолдауымен «Көк тудың желбірегені» әніне бейнебаян түсіреді. Сөйтіп, осы асқақ әннің өмірінің жаңа кезеңі басталады.

ІІ жүргізуші: Сайысымыздың бесінші бөлімі: «Шешендік трибунасы»

І жүргізуші: Ойынды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік:

Қазылар алқасы ойынды қорытындылайды. Сонымен, оқушылар ,бүгінгі сайысымызды еліміздің көк байрағына арнадық. Ендеше , жеңіп шыққан топ қасиетті көк Тудың жаннында тұрып суретке түсу және осы бір патриотизмге толы әнді шырқау құрметіне ие болды.



(Суретке түсу , әнді шырқау)

Қош, сау болыңыздар!
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет