Атырау мұнай және газ институты



жүктеу 426.14 Kb.
бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі426.14 Kb.
  1   2   3
:
Атырау мұнай және газ институты
Атырау мұнай және газ институты (АтМГИ) Батыс Қазақстандағы мұнай-газ саласының мамандарын даярлайтын жалғыз мамандандырылған мемлекеттiк қазыналық жоғарғы оқу орыны болып табылады, Атырау қаласында орналасқан. Тарихқа үңілер болсақ институт өзінің бастауын 1978 жылы Бүкілодақтық сырттай политехникалық институттың оқу-консультативтік бөлімінен алады, 1980 жылы Қазақ политехникалық институтының жалпытехникалық факультеті, 1990 жылы Қазақ политехникалық институтының филиалы, 1996 жылы Атырау университетінің мұнай және газ институты, 1999 жылы РМҚК Атырау мұнай және газ институты.
Инфрақұрылым және қосымша мүмкіншіліктер


  • Оқу, ғылыми, патенттік және электронды кітапхана;

  • Компьютер және интернет класстары;

  • Студенттер жатаханасы;

  • Студенттер сарайы;

  • Спорт кешені;

  • Ағылшын тілі клубы;

  • Дағдарыс орталығы;

  • «Мирас» туристік клубы;

  • Талапкерлер және студенттер үшiн шегерімдер және жеңiлдiктер жүйесі.


барлығы сен үшiн, студент!
Оқу бөлімі


Күндізгі оқу бөлімі

Сырттай қысқартылған оқу бөлімі

  • Орта мектеп және КТМ түлектері үшін

  • Колледж және жоғарғы оқу орындарының түлектері үшін қысқартылған бағдарлама негізінде






  • Колледж және техникум түлектері үшін барлық мамандықтар бойынша

  • Жоғарғы білімі барлар үшін келесі мамандықтардан басқа мамандықтар бойынша:

5В071500 – Теңіз техникасы мен технологиясы

5В072900 – Құрылыс

5В072700 – Азық-түлік тағамдары технологиясы

Ескерту: Орташа бiлiмнiң базасында 08.02.2010 сырттай оқу формасы № 40

ҚР МОН бұйрықтың негiзiнде өзгертiлген.

Оқыту


        1. Мемлекеттік тапсырыс бойынша

        2. Ақылы түрде





Мемлекеттік диплом, әскер қатарынан уақытша босату

Атырау мұнай және газ институтынның 4 факультетінде 27 мамандық бойынша күндізгі бөлімде бакалавр мамандар толық және қысқартылған бағдарлама негізінде даярланса, сырттай оқыту факультетінде 24 мамандық бойынша қысқартылған бағдарлама негізінде (жоғары оқу орнын бітірген түлектер үшін) мамандар даярланады.



МҰНАЙ ФАКУЛЬТЕТІ
Мұнай факультеті Атырау мұнай және газ институтының құрамында 1990 жылы құрылды. Факультетте 55 оқытушы, оның ішінде 9 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты-профессорлар, 7 ғылым кандидаты-доценттер, 14 доцент, 9 аға оқытушы және 10 оқытушы қызмет етеді.

Факультетте бакалавриаттың келесі мамандықтары бойынша оқу жүргізіледі:

- 5В070600-«Геология және пайдалы қазбалар кеніштерін барлау» мамандығы «Геология және мұнай-газ кеніштерін барлау» және «Мұнай және газ кеніштерін іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері» бағытында;

-5В070800 –«Мұнай-газ ісі» мамандығы «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау», «Ұңғыларды күрделі жөндеу», «Теңіз ұңғыларын бұрғылау» және «Мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану» бағытында;

-5В071100-«Геодезия және картография»,

-5В090300-«Жергеорналыстыру».

Мұнай факультеті жалпы ауданы 7668 м2-лік №2 оқу корпусында орналасқан. Факультет иелігінде 40 тан астам мамандандырылған дәрісхана мен зертханалар, соныман қатар, кітапхана, асхана бар. Мақаш Балғымбаев және Зейнолла Қабдолов құрметіне аталған сыйымдылығы 200-250 орынды екі ілектік дәрісхана жұмыс жасайды. Мамандандырылған зертханалар қондырғылармен, стенділермен және басқа да көрнекті құралдармен жабдықталған.

Оқу сапасын көтеру мақсатында институт бұрғылау және игеру бойынша тренажер-имитатор және кеніштерді игеру техникасы мен технологиясы зертханалары жасақталған. Онда студенттер тәжірибелік және зертханалық дәрістерін өткізуге мүмкіндік алады . Осы зертханалардың негізінде мұнай факультетінің студенттері өндірістік тәжірибеден өтеді, дипломдық жобаларын қорғайды. Осымен қатар факультетте 7 интерактивтік тақтасы бар компьютерлік кластарды пайдаланып, дәріс беріледі.

Мұнай факультеті Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін «Геология және пайдалы қазбалар кеніштерін барлау», «Мұнай және газ кеніштерін іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері», «Мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану», «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» және «Геодезия және картография» мамандықтары бойынша жоғары білікті инженер кадрларын дайындауда.

Факультет құрылғалы мұнай-газ кеніштерінің геологиясы, геофизикасы, мұнай-газ ұңғыларын бұрғылау, мұнай мен газды өндіру және тасымалдау бойынша мыңнан астам мамандар дайындап шығарды. Факультет түлектері еліміздің ірі мұнай-газ компанияларында және шетел фирмаларында, атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз», КазНИГРИ, «Каспиймұнайгаз» НИПИ, «Тенгизшевроил» БК, «Agip KCO», «Schlumberger» және т.б. көптеген мекемелерде қызмет етеді.

Жыл сайын факультет студенттері әртүрлі конкурстардың жеңімпаздары болып аталады. Атап өтсек: «Золотой резерв нефти» Москва қ., «Казэнерджи» Астана қ., «Сименс» Астана қ., «Интелектуалдық олимпиадалар» Алматы қ. және тағы басқалар.

Факультетте жыл сайын кафедрааралық студенттік ғылыми конференциялар өткізіледі, студенттердің үздік баяндамалары сыйақымен марапатталып, институттық, республикалық және халықаралық конференцияларға ұсынылады. Факультет қызметкерлері мен студенттері институттық, қалалық, облыстық және халықаралық деңгейдегі барлық қоғамдық және спорттық шараларға белсенді қатысады.


ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Атырау мұнай және газ институтының технология факультеті 1992 жылы құрылған.

Факультеттің профессорлық - оқытушылық құрамы 87 маманнан құралған, оның 85 штатқа сай жұмыс жасаса, олардың ішінде: 9 ғылым докторлары, профессорлар, 32 ғылым кандидаттары, доценттер, 11 дәрежесі жоқ доценттер, 20 аға оқытушылар, 11 оқытушы, 2 тәжірбие жинақтаушы оқытушы. Факультет қызметкерлерінің орташа жасы 41 жасты құрайды. Факультетте ғылыми атағы және дәрежелері бар оқытушылар 48 %-дан артық деңгейде.

Бүгінгі күнде технология факультеті – жаңа технологияларға сай зерттеу-техникалық базасы жасақталған, елімізге танымал жоғарғы білікті профессорлы-оқтушылар дәріс беретін ірі ғылыми зерттеу және оқыту орталығы. Зертханалар қазіргі уақытқа сай қондырғылармен жабдықталған.

Факультетте төмендегі мамандықтарды дайындау бойынша, студенттерге күндізгі және сырттай қысқартылған оқу бөлімде дәріс жүргізіледі:

5В071800 - Электр энергетикасы;

5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация;

5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

5В060600 - Химия;

5В072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиялары;

5В073100 - Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

5В070400 - Балық шаруашылығы;

5В070200 - Автоматтандыру және басқару;

5В070300 - Ақпараттық жүйелер;

5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Бакалавриат бойынша білім алу – күндізгі бөлім бойынша – 4 жыл, қысқартылған сырттай оқу бөлімі бойынша 2, 3 жыл.

Жиырма жыл ішінде технология факультетінде 6000-нан астам түлектер шығарылса, соның ішінде 600 түлек үздік дипломмен бітірді. Біздің түлектер; АМӨЗ, ТШО, Ж ГӨЗ, Қаз ГӨЗ, ЦНИЛ, АДЖИП ККО, Қазмұнайгаз және басқа да мекемелерде жұмыс жасайды.

Біз келесі түлектермен мақтана аламыз: ЖШС АМӨЗ-дағы техникалық директоры - В.Козырев, ТШО-ның жобалық бөлімінің супервайзері - А.Байзақов, Өзен Қаз ГӨЗ қондырғы басшысы - Е.Ордабаев, АМӨЗ қондырғы басшысы - К.Шкодин, ЖШС АМӨЗ УПНК қондырғысының басшысы - О.Гульфаров, ТШО қондырғы басшысы - Е.Жайсманов, ЖШС АМӨЗ КУ ГБД қондырғысының басшысы - И.Қаирлиев, ЖШС АМӨЗ техникалық бөлімінің басшысы - Е.Сулейменов, А.Гордеев, А.Костерин, Д.Гацко - ЖШС АМӨЗ-ның бас мамандары, Т.Макуов т.ғ.к., ЖШС АМӨЗ-да жетекші маман, Ф.Каирлиева – т.ғ.к. «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы.

Институт қабырғасында көптеген студенттер білім алумен қатар ғылыммен де шұғылданады. Ғылыми ізденістерінің нәтежиесімен халықаралық, республикалық және институт ішілік конференциялар мен конкурстарға қатысуда.

1-халықаралық «Золотой резерв»-2008. Мәскеу (РФ) конкурсының жеңімпазы-ХКЭЭ-03 қ/т студентті Суйнешова К.А.

2-халықаралық «Золотой резерв»-2009 Мәскеу (РФ) конкурсының жеңімпазы-БЖД -05 о/т студентті Чиникова М.

Балмасов Д., Мухамедьяров Д., Ермекова Д., Тасмагамбетова Д., Бисенова Г. - «Siemens» және «KazEnergy» жобаларының стипендиаттары, Кухаева Н., Шугайпова И., Кабдуллина А. - «ҚР Президентінің », Науашева Г. - «Усанович атындағы» степендиялардың иегерлері атанады.
МЕХАНИКА ФАКУЛЬТЕТІ
1996 жылы институттың құрылымдық өзгерістерге ұшырауына байланысты индустриальды факультет негізінде Атырау мұнай және газ институтының инженерлік-механикалық факультеті құрылды.

Механикалық факультет болып Атырау мұнай және газ институты Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша 2005 жылдың 1 қыркүйегінде құрылған.

Факультет жұмыс жасап келе жатқан уақыттан бері С.М.Ахметов, Б.Ф.Анисимов, И.И.Жанұзақов, М.М.Ермеков, Д.М.Диарова, Н.М.Ахметов докторлық диссертацияларын қорғаса, Е.Ө.Арыстаналиев, Ш.А.Жолдасова, З.Х.Жоламанова, О.Ш.Иманғалиева, О.Ш.Төлегенова, М.Д. Бисенғалиев, Н.Ә. Шұғаепов, М.Н. Әбішев, Ж.Қ.Жантурин, Ш.М.Медетов, А.Т. Дүйсенов, Р.Х.Муханжанов, Ғ.Т.Қабылхалитов, Ғ.Е.Сүйінғариев, кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады. Факультеттегі ғылыми жұмыстардың дамуына ф-м.ғ.д. профессор Б.М.Мардонов, т.ғ.д. профессор Б.Ф.Анисимов, т.ғ.д. профессор М.Е.Баймиров көлемді үлестерін қосты.

Қазіргі кезде факультетте күндізгі және сырттай бөлімде студенттерге білім беру төмендегідей мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

5В071300 - Көлік, көлік технологиясы және технологиялар

5В071500 – Теңіз техникасы және технологиялар

5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар

5В072900 – Құрылыс

5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау

5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Факультетте күндізгі және сырттай оқыту бөлімінде 872 студент білім алады.

Факультет құрамына 5 кафедра кіреді: «Материалтану, стандарттау және сертификаттау», «Көлік және тасымалдауды ұйымдастыру», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Құрылыс», «Жоғарғы математика».

Факультет түлектері түрлі шетелдік және отандық ірі мұнай компанияларында, атап айтқанда, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Маңғышлақмұнайгаз» АҚ, «CNPS – Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазҒЗГБИ» АҚ, «Теңізшевройл» БК, «AgipKCO» және құрылыс кәсіпорындары мен мұнай және газ тасымалдау саласында еңбек етуде.

Факультеттің студенттері және түлектері Республикалық ғылыми жарыстарға, пәндік олимпиадаларға және қала, облыс көлеміндегі мәдени іс-шараларға белсене қатысады.

МТТ-08 қ/б студенті Жаншин Д. Астана қаласында «Қазэнерджи» халықаралық форумына қатысып, «Қалам қуаты» конкурсында бас жүлдені жеңіп алды. ПС-09 қ/б және ПС-08 қ/б студенттері Қуанышқалиев Д. және Саменов С. «Инженерлік механика» пәнінен Республикалық пәндік олимпиадада тиісінше 2 және 3 – орындарды жеңіп алды. ТПГС – 08 қ/б студенті Сүйінішқалиев Е. Алматы қаласындағы Қазақ сәулет-құрылыс Академиясында өткен «Құрлыс конструкциялары» пәнінен Республикалық олимпиадаға қатысып, жүлделі 3 орынды жеңіп алды. НМ-07 қ/б студенттері Оразғалиев Н. және Сарсенғалиев А. ЖОО арасында өткен «Техникада, технологияда және білім берудегі инновациялар» студенттік ғылыми конференциясында сәйкесінше 1-ші және 3-ші орындарды жеңіп алды.
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Атырау мұнай және газ институтының экономика факультеті 1992 жылы құрылған.

Факультетте бакалавриаттың келесі мамандықтары бойынша мамандар дайындау жүргізіледі:

5В050600 - «Экономика» оқу мерзімі орта білім негізінде - 4 жыл, арнайы орта білім негізінде - 3 жыл;

5В050800 - «Есеп және аудит» оқу мерзімі орта білім негізінде - 4 жыл, арнайы орта білім негізінде - 3 жыл; 5В051100 - «Маркетинг» оқу мерзімі орта білім негізінде - 4 жыл;

5В050700 – «Менеджмент»оқу мерзімі орта білім негізінде - 4 жыл;

5В090400 - «Әлеуметтік - мәдени сервис» оқу мерзімі орта білім негізінде - 4 жыл.

Факультет құрылғалы Экономика, Есеп және аудит, маркетинг, менеджмент және әлеуметтік мәдени сервис мамандықтары бойынша мыңдаған мамандар дайындап шығарған. Факультет түлектері еліміздің түпкір түпкірінде, белді-белді «Қазмұнайгаз» ҰК, «Казтрансойл», ТОО«АНПЗ», «Теңізшевройл» БК, «Agip KCO», «Schlumberger» сияқты ұлттық және шетел компанияларында, облыстық және қалалық әкім аппараттарынды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, «Халық банкі», «Казком» және т.б. сияқты алдыңғы қатарлы қаржы мекемелерінде жемісті еңбек етуде

Факультет кафедралары Астрахан Мемлекеттік техникалық Университетінің (Экономика институты), «Бизнес және қаржы экономикасы», «Маркетинг және жарнама», «Өндірістік менеджмент» кафедралармен тығыз байланыс орнатқан. Сонымен бірге Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, ҰР Білім және ғылым министрлігінің экономика институты, Халықаралық бизнес Университеті, Жәңгірхан атындағы Мемлекеттік Алматы көлік Университеті, Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы Бизнес мектебімен және т.б. білім ордаларымен тығыз байланыс орнатқан.

Факультетте жыл сайын кафедраішілік студенттік ғылыми конференциялар ұйымдастырылады және ең үздік деп танылған студенттік баяндамалар сыйақыланады және инститтутық, республикалық және халықаралық конференцияларға жіберіледі. Біздің студенттеріміз жыл сайын «Золотой резерв нефти», «Казэнерджи», «Сименс», «интелектуалдық олимпиадалар» сияқты конкурстарға белсене қатысып жеңімпаздар немесе жүлдегерлер арасынан жиі жиі көрініп жүр.

Ғылыми - зерттеулер барысында зерттеулердің сапасын жақсартуда әдістемелік оқу құрал әдебиеттерін басып шығаруда хат алмасу және хабарлама алмасу жүргізіледі. Бүтіндей факультет ТМД және Республикадағы алдыңғы қатарлы ЖОО- мен, сондай-ақ «Казтелеком» ААҚ, «Казпочта» ААҚ, «АМӨЗ» ЖШС, «Эмбамұнайгаз» ө.ф, «Өнерпаз» ААҚ, «Эмбамұнайавтоматика» ЖШС, «Тенгизшевройл» б.ө., «ААВ» компаниясы, «Нұрбанк» А.Ф., «ҚР Халық банкі» А.Ф., «БТА» А.ф., т.б. ұйымдармен және өндірістермен тығыз ынтымақтаста.



Факультет қызметкерлері мен студенттері институттық, қалалық, облыстық және халықаралық деңгейдегі барлық қоғамдық және спорттық шараларға белсенді қатысады.
Атырау мұнай және газ институты 2013-2014 оқу жылында келесі бакалавриат мамандықтары және маманданулары бойынша қабылдау жүргізеді




Мамандықтар

Маманданулар

4-ші пәні

Берілетін дәреже

1

5В050600 – Экономика

Мұнай және газ саласының (МГС) экономикасы

География

Экономика бакалавры

2

5В050700 – Менеджмент

Өндіріс менеджменті

География

Менеджмент бакалавры

Персоналды басқару

3

5В050800 – Есеп және Аудит

МГС есеп және аудит

География

Есеп және аудит бакалавры

4

5В051100 – Маркетинг

МГС маркетингі

География

Маркетинг бакалавры

Материалдық-техникалық жабдықтау

5

5В060600 – Химия

Жалпы химия және экология

Химия

Химия бакалавры

Химиялық және экологиялық сараптама

6

5В090400 – Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету

Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету

География

Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету бакалавры

Сервистік қызмет

Консалтингтік қызмет

7

5В070200 – Автоматтандыру және басқару

Басқару жүйесінде автоматтандыру және ақпараттандыру

Физика

Автоматтандыру және басқару бакалавры

Технологиялық процестерді автоматтандыру

8

5В070300 – Ақпараттық жүйелер

МГС ақпараттық жүйелер

Физика

Ақпараттық жүйелерінің бакалавры

9

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Ақпаратты өндеудің компьютерлік жүйелері және басқару

Физика

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етудің бакалавры

10

5В070600 – Геология және пайдалы қазбалар кенін барлау

Мұнай және газ кеніштерін игеру

Физика

Геология және пайдалы қазбалар кенін барлау бакалавры

Іздестіру мен барлаудын геофизикалық әдістері

11

5В070800 – Мұнайгаз ісі

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау

Физика

Мұнайгаз ісі бакалавры

Мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану

12

5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

МГС материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Физика

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

бакалавры



13

5В071100 - Геодезия және картография

Геодезия және картография

География

Геодезия және картография бакалавры

14

5В071300 – Көлік, транспорт техника-сы мен технология

Мұнай және газды сақтау мен тасымалдау және мұнайгаз құбырларын қолдану

Физика

Транспорт бакалавры

Автокөлікпен тасымалдау

15

5В071500 – Теңіз техникасы мен технологиясы

Теңіз техникасы мен технологиясы

Физика

Транспорт бакалавры

16

5В071800 – Электрэнергетикасы

Өнеркәсіптің әр түрлі салалы кәсіпорындарын электр мен жабдықтау

Физика

Электроэнергетика бакалавры

МГС-ғы технологиялық кешендердің электр жетегі және автомаматтандырылуы

17

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация

МГӨ-гі байланыс желілері мен жалғау жүйелері

Физика

Радиотехника, электроника және телекоммуникация бакалавры

18

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Мұнай және газдың химиялық технологиясы

Химия

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

бакалавры



Полимерлерді өңдеу және өндірудің химиялық технологиясы

Мұнайхимия өндірісінің технологиясы

19

5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар

МГӨ-нің жабдықтары мен машиналары

Физика

Технологиялық машиналар мен жабдықтары бакалавры

Қоршаған ортаны қорғау және көркейту машиналары мен жабдықтары

20

5В072700 – Азық-түлік өнімдері технологиясы

Балық өнімінің технологиясы

Химия

Азық-түлік өнімдері технологиясы

бакалавры



Қоғамдық тамақтану өнімдерінін технологиясы

21

5В072900 – Құрылыс

Газмұнай құбырларының және газмұнай қоймаларының құрылысы

Физика

Құрылыс бакалавры

Өндірістік және азаматтық құрылыс технологиясы

Аэродромдар және жолдар құрылысы

22

5В073000 – Құрылыс материалдары, бұйымдары мен жабдықтары өндірісі

Құрылыс материалдары, бұйымдары мен жабдықтары өндірісі

Физика

Құрылыс материалдары, бұйымдары мен жабдықтары өндірісі бакалавры

23

5В073100 – Тіршілік ету қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Қолданбалы экология

Физика

Тіршілік ету қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бакалавры

Қоршаған ортаны инженерлік қорғау

24

5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау

Стандарттау және сертификаттау

Физика

Стандарттау, метрология және сертификаттау

бакалавры



Метрология және метрологиялық жабдықтау

25

5В080400 - Балық шаруашылығы

Ихтиология және балық қорын қорғау

Биология

Балық шаруашылығы бакалавры

Аквакультура

26

5В090100 – Тасымал мен қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

МГС тасымал мен қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Физика

Транспорт

бакалавры




27

5В090300 – Жерге

орналастыру



Жерге орналастыру

География

Жерге орналастыру бакалавры


Жер кадастр



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет