Атырау облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы кіріспе



Дата02.05.2016
өлшемі202.49 Kb.
Облыс әкімдігінің

2014 жылғы «__» ________

№ ___ қаулысына

қосымша


АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
Кіріспе
Атырау облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Облыстың Даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары мен елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ескерумен әзірленген.

Даму болжамы Атырау облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, қарқындарын, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін, экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын, 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамын қамтиды.

  1. 2013 – 2014 ЖЫЛДАРДАҒЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ

Өңірдің макроэкономикалық ахуалы 2013 жылы негiзгi көрсеткiштер серпінінің тұрақтылығымен сипатталды.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына индустрияландыру бағдарламасының шеңберiндегі жаңа өндiрiстiк қуаттардың iске қосылуы айтарлықтай үлес қосты.

Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) 3 590,1 млрд.теңгені құрады, 2012 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – 103,5%. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 6 393,4 мың теңгеге жетті.

Өнеркәсіп ЖӨӨ-нің құрылымында (58%) құрайды.



Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 614,2 млрд. теңгені, өндірілген өнімнің НКИ 108,8%-ды құрады.

Тау-кен өндірісінде 4 245,2 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді, өндірілген өнімнің НКИ 109,3%-ды құрады.

Облыс бойынша 32,2 млн.тонна мұнай немесе 2012 жылмен салыстырғанда 111,1%, 14,8 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді (114,7%).

Соның ішінде «Теңізшевройл» ЖШС-де 27,1 млн. тонна мұнай өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғары, ілеспе мұнай газы 14,2 млрд. текше метр (112,1%).

«Ембімұнайгаз» АҚ-ы 2 840,9 мың тонна мұнай (100,9%), 194,2 млн. текше метр ілеспе мұнай газын (108,4%) өндірді.

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 322,4 млрд. теңгені құрады. НКИ 2012 жылдың деңгейінен 104,2% құрады.

«АМӨЗ» ЖШС-де 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 4 429,5 мың тонна көлемінде мұнай өндірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2%-ды құрады. Пеш отын майы 122,7 мың тонна (82,2%), автобензин 503,7 мың тонна (99,5%), ТС-1 отыны 41,2 мың тонна (76,0%), дизель отыны 1 220,5 мың тонна (100,3%), отындық мазут 1 506,0 мың тонна (95,0%) өндірді.

Индустрияландыру картасы шеңберінде облыс бойынша құны 10,6 млрд. теңгені құрайтын жаңа 7 инвестициялық жоба енгізіліп, 282 жұмыс орны ашылды:


  • «Шеврон МұнайГазИнк.» корпорациясының құбыр арматурасын шығаратын зауыты;

  • «Тұз» ЖШС-ның натрий гипохлоритін өндіру зауыты;

  • «ЖігерМұнайСервис» ЖШС-нің өндірісті жаңғырту (Сервистік қызмет көрсету, телеметрикалық жүйелерді қолданумен көлбеу бұрғылауды жөндеу және техникалық сүйемелдеу);

  • «СП Первомайский» ЖШС-нің сүт және сүт өнімдерін шығаратын тауарлы-сүт фермасының құрылысы;

  • «Сельбаева Ш.» ЖК-нің газды бетон блоктарының өндірісі;

  • «Розметова» ШҚ-ның ешкі сүті мен ешкі өнімдерінің өндірісі;

  • «Эко-Техникс» ЖШС-нің мұнайшламды қайта өңдеу бойынша өндірісті жаңғырту.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 44 млрд. теңгені құрады, НКИ – 101,3%.

Облыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету шеңберінде 2013 жылы өңірде бордақылау алаңын, көкөніс сақтау қоймасын, жылыжай құру және балық өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысын салу жөніндегі жобалар іске асырылды.



Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
1 038,4 млрд. теңгені құрады, НКИ – 97,3
%.

Негізгі капиталға салымдардың негізгі көздері сыртқы инвестициялар (38,5%) және шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаттары (58,0%) болып табылады. Бюджеттік қаражаттар 3,5% құрады.



Құрылыс жұмыстарының көлемі 253,9 млрд.теңгені құрап,
2012 жылдың деңгейіне қарағанда 84,6% болды.

515,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2012 жыл деңгейімен салыстырғанда 100,7% құрады.



Бөлшек тауар айналымының көлемі 169,4 млрд.теңгені құрап,
2012 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға жоғарылады.

Көлік инфрақұрылымында көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 7,6%-ға артып, 145,3 млн. тоннаны құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүк айналымы 51 554,1 млн.тонна/шақырымды, жолаушы айналымы – 1 191,8 млн. жолаушы/шақырымды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 31 947 бірлік құрап,
2012 жылдың көрсеткішінен 1,5%-ға өскен, бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 89,3 мың адам.

Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 471,5 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,1% құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 374 объектісі іске қосылды, соның ішінде, өндірістік мақсаттағы 17 объект, 8 қойма, 8 өндірістік база,
132 дүкен, 20 ТҚКС (техникалық қызмет көрсету станциясы), 2 автотұрақ,
1 әсемдік салоны, 8 шаштараз, 47 кафе, мейрамхана және асхана (қоғамдық тамақтандыру объектілері), 4 монша, 7 дәріхана, 120 тағы да басқа объектілер бар, оларда 1002 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сыртқы сауда айналымының көлемі 28,9 млрд. АҚШ долларын құрап, 2012 жылдың деңгейінен 8,8%-ға артық, соның ішінде: экспорт - 27,3 млрд. АҚШ долл. (109,7%), импорт - 1,6 млрд. АҚШ долл. (95,2%).

Облыстық бюджетке 2 096,6 млрд. теңге сомасында салықтар мен міндетті төлемдер түсті, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 116,1%-ды құрады, соның ішінде республикалық бюджетке – 387,7 млрд.теңге (103,7%), жергілікті бюджетке – 134,3 млрд.теңге (115,2%). Ұлттық қорға 1 574,6 млрд.теңге аударылды немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,3%.



Инфляция деңгейі жылдық көрсеткіште 4,9%-ды құрады.

Экономиканың өсімі еңбек нарығындағы жағдайды жақсартты.



Жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады.

Жұмыс істеп тұрған өндірістердің кеңеюі және жаңа өндірістердің ашылуы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы есебінен 8,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 5,7 мың орын тұрақты.

2014 жыл басында халық саны 567,9 мың адамды құрады, экономикалық белсенді халық саны (2013 жылға) – 294,3 мың адам, экономика саласында жұмыспен қамтылғандар – 279,5 мың адам.

2013 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 6,6%-ға артып, 192,4 мың теңгені құрады.



2014 жылы да экономика салалары дамуының тұрақты динамикасы сақталуда.

Жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы 2014 жылы 4 021 млрд. теңге көлемінде болжануда және 2013 жылмен салыстырғанда 99,0%.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 871,2 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 98,0%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 4 467,7 млрд. теңге сомасында өнім өндiрiлетін болады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi 99,0%-ды құрайды.

31,6 млн. тонна мұнай немесе 2013 жылдың деңгейіне 98,0%, 14,1 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы (95,2%) өндірілетін болады.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 355,5 млрд. теңгені құрайды, нақты көлем индексі – 100,5%.



Индустрияландыру картасы шеңберінде 2014 жылы жалпы құны
5,2 млрд. теңгені құрайтын және 403 жұмыс орнын ашумен 4 жобаны іске қосу жоспарлануда:

  • «Alan building systems» ЖШС-ның модульдік үй-тұрғызу фабрикасының құрылысы;

  • «Caspian Royal Fish» ЖШС тауар-бекіре фермасы;

  • «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нің үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру;

  • «АтырауНефтемаш» ЖШС ірі габаритті және аса ауыр бұйымдарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру.

Ауыл шаруашылығында 49,5 млрд. теңге сомасында өнім өндіру жоспарлануда, бұл 2013 жылдың деңгейіне 101,7%-ды құрайды.

Сыртқы сауда айналымы 32,4 млрд. АҚШ доллары көлемінде болжанады және 2013 жылмен салыстырғанда 12,1%-ға артады, соның ішінде экспорт – 114,1%, импорт – 77,0%.

Негізгі капиталға инвестиция көлемінің нақты көлем индексі – 99,5%.

Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік сала, сумен қамту жүйесі, электрмен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысын салу және жөндеу, автомобиль жолдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жоспарлануда.

Қазіргі таңда Атырау облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде 83 мың шаршы метрді құрайтын 1 200 пәтерлік 26 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде жыл аяғына дейін 60 мың шаршы метрді құрайтын 870 пәтерлік 19 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыс бюджеті 2014 жылы 199,9 млрд. теңгені құрайды (жеке табыстар – 76,1%, РБ-тен трансферттер – 23,9%). Соның ішінде білім беруге – 37,6 млрд. теңге (18,8%), денсаулық сақтауға – 17,5 млрд. теңге (8,7%) бөлінді. Тұтастай алғанда, әлеуметтік салаға – 67,8 млрд. теңге бағытталды, бұл облыс бюджеті көлемінің 33,9%-ын құрайды.

Республикалық бюджет есебінен 2 мектеп пен 2 балабақшаның (әрқайсысы 280 орынға арналған) құрылыстары аяқталды, сонымен қатар


7 білім беру нысандарының (300 орындық 2 орта мектеп және әрқайсысы
280 орынға арналған 5 балабақша) құрылыстары жалғасуда.

Облыс бюджеті есебінен Жылыой ауданының Құлсары қаласында


280 орындық балабақшаның құрылысы мен Қызылқоға ауданының Миялы селосында бұрынғы аурухана ғимаратын балабақша етіп жаңғырту жұмысы аяқталды. Құрманғазы ауданының Жамбыл селосында 120 орындық орта мектеп пен Исатай ауданының Тұщықұдық селосында балабақшаның жапсаржай құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Исатай ауданы Қызылүй селосында 80 орындық мектеп пен Индер ауданының Есбол селосында мектеп-интернаттың құрылыстары жоспарлануда.

Инвесторлар есебінен Мақат ауданы Доссор кентіндегі 100 орындық балабақшаның құрылысы жалғасуда, Индер ауданы Құрылыс селосында


120 орындық мектеп пен Атырау қаласында 320 орындық ұлттық гимназияның және 4 балабақшаның құрылыстары басталды, сондай-ақ 6 мектеп пен
5 балабақшаның құрылыстары жоспарлануда.

Білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 068,6 млн.теңге, күрделі жөндеуге 2 136 млн.теңге бөлінді.

Денсаулық сақтаудың емдеу-профилактикалық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 496,4 млн.теңге бөлінді, соның ішінде: республикалық бюджет есебінен – 684,7 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен – 812,4 млн.теңге.

«350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт және емхана» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыс бойынша 19 нысан (ауысымына


250 келушіге арналған аудандық емхана – 1; ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория (ДА) – 14; фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) – 4;) жоспарланса, республикалық бюджеттен жоспарланған 10 нысанның құрылыстары толық аяқталды, жергілікті бюджеттен жоспарланған 9 нысан бойынша: 6 нысанның құрылыстары аяқталып, 3 нысанның құрылысы жүруде.

Ағымдағы жылы демеушілер көмегі есебінен 2 ірі денсаулық сақтау нысанының құрылыстары аяқталды: облыстық балалар ауруханасы толық қайта жаңғыртудан өтті (110 кереуеттік хирургиялық бейіндегі жаңа корпус (жапсаржай) құрылысымен бірге). Сонымен қатар облыстық ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) (СПИД) орталығының жаңа ғимараты салынып пайдалануға берілді (Қазақстандағы алғашқы типтік жобадағы ЖИТС орталығы). Жыл соңына дейін демеушілік көмектің есебінен облыстық перзентхананы облыстық перинаталдық орталық ретінде қайта жаңғырту жұмыстары және 180 кереуеттік облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталуы тиіс.

2014 жылы жергілікті бюджет есебінен Махамбет ауданының Ақжайық селосынан ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салынып пайдалануға беріледі. Индербор және Геолог кенттерінде ауысымына
100 келушіге арналған аудандық емханалардың құрылыстары басталды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 80 нысанның құрылысы іске асырылуда. 2014 жылға 67 нысанды аяқтап, облыс елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткішін 73%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні облысымыздың елді мекендерінің табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 76,2% құрайды.

2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына 2,9 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Жұмыс істеп тұрған өндірістердің кеңеюі және жаңа өндірістердің ашылуы, инфрақұрылым жобаларының іске асырылуы есебінен облыс бойынша 16,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 435 адамды, Жастар тәжірибесіне – 1155 адамды, кәсіби даярлау мен қайта оқытумен 1094 адамды қамту жоспарлануда.

2014 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,0% көзделуде.

Жыл қорытындысы бойынша инфляция болжанатын дәліз шеңберінде 6-8% аралығында қалыптасады.


  1. 2015-2019 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ФАКТОРЫ

Орта мерзімді кезеңде экономикалық даму тепе-теңдікте жеке және мемлекет қаражаттары есебінен индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялардың өсетініне шамаланып, ішкі сұранысқа бағытталған болады.

Атырау облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға, Атырау облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасында белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталатын болады.


  1. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015-2019 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
Орта мерзімді перспективада экономикалық саясаттың маңызды бағыты макроэкономикалық тұрақтылықты және жоспарланған деңгейде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады.

2015-2019 жылдары инфляция деңгейi 6-8% деңгейінде қалыптасады.

Болжамдалып отырған кезеңде тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды өнеркәсіптің қайта өңдеу және өңдеу салаларына, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның құрылыстарына тарту жұмыстары жалғасады.

Жалпы өңірлік өнім индексінің болжамы 2015 жылы – 100,0%,
2016 жылы – 100,0%, 2017 жылы – 102,0%, 2018 жылы – 104,0%, 2019 жылы – 105,0%-ды құрайды.

Экономикалық өсудiң нысаналы параметрлеріне қол жеткізу экономиканың мемлекеттiк және жеке секторларының инвестициялық белсенділігімен және тұтынуды ынталандырумен қамтамасыз етіледi.

2015-2019 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны орта есеппен жылына 1,7%-ды құрайды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі болжамды деректер бойынша 2015 жылы – 1 057,7 млрд. теңге, 2019 жылы – 1 146,9 млрд. теңгені құрайды.

2015 – 2019 жылдары өнеркәсіп өнімі көлемінің орташа жылдық қарқыны 2,4% деңгейінде жоспарланады.

Тау-кен өнеркәсібінде өндірілген өнiм көлемінің өсуі жылына 5,0% шамасында болжанған.


НКИ, алдыңғы жылға қарағанда %-бен
Мұнай өндіру көлемінің артуы 2015 жылы 30,8 млн.тоннадан (100,0%) 2019 жылы 40 млн. тоннаға дейін (114,0%) жоспарлануда.

Ілеспе мұнай газын өндіру 2015 жылы 14,1 млрд.текше метрден (100,0%) 2019 жылы 18,4 млрд.текше метрге дейін (114,0%) өседі деп болжануда.

Өңдеу өнеркәсiбiндегі нақты көлем индексі 2015-2019 жылдары орташа есеппен 101,4%-ды құрайды.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде АМӨЗ жаңғырту және хош иісті көмір сутек өндіру жобасы аяқталу сатысында және газхимиялық кешеннің құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс-индустрия, ауыл шаруашылығы саласында жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Тұрақты экономикалық өсімді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту ҮИИДМБ іске асыру арқылы жалғасатын болады.

Экспортқа бағдарланған шикізаттық емес секторды кеңейтуге жаңа өндірістерді дамыту көзделіп отыр.

2015-2019 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жылдық орташа өсiмі 3,3%-ды құрайды. Жылына мал шаруашылығы өнімінің өсімі 2,9%-ға жуық, егін шаруашылығы – 2,9%.
НКИ, алдыңғы жылға қарағанда, %-бен
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнімдердің сапасын жоғарылату, азық-түлік тауарларының түрлерін кеңейту және сол арқылы Кеден одағы бойынша біздің негізгі сауда әріптестерімізбен бәсекелестік үшін тең жағдайлар жасауға өндірісті технологиялық және техникалық қайта жарақтандыру, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қала береді.

2015 – 2019 жылдары құрылыс жұмыстарының орташа жылдық көлемі 100,3% деңгейінде болжамдалады.

2015 – 2019 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы ауданы 2 705 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, соның ішінде: 2015 жылы – 531 мың шаршы метр, 2016 жылы – 535 мың шаршы метр,
2017 жылы – 542 мың шаршы метр, 2018 жылы – 546 мың шаршы метр,
2019 жылы – 551 мың шаршы метр.


Тұрғын үй құрылысы

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы және кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысы іске асырылуда. Облыс бюджеті есебінен «Жас Отау» бағдарламасы жасақталды. Бұл бағдарлама шеңберінде жас отбасыларына жеңілдетілген несиемен 90 пәтер бөлу жоспарлануда.

Нақты сектор салаларының позитивті динамикасын есепке алғанда сауда көлемінің жылдық орташа мөлшердегi өсу қарқыны 2015-2019 жылдары 6,2% деңгейінде болжамдалуда.

Көлік қызметі. Атырау облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 051,6 шақырым, республикалық маңызы бар 990 шақырым, облыстық маңызы бар 973 шақырым, аудандық маңызы бар 1 088,6 шақырым.

2015-2019 жылдар аралығында республикалық трансферт және облыстық бюджет қаражаты есебінен 442 шақырым автомобиль жолдарын, соның ішінде 4 облыстық маңызы бар және 32 аудандық маңызы бар елді мекеннің кірме жолдарымен қоса селоішілік жолдарын қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда.



Сыртқы сауда айналымының өсуі 2015-2019 жылдары жылына орташа 4,7% құрайды деп болжамдалуда, соның ішінде экспорттың жылдық орташа өсімі 5,0%, импорт – 94,7% деңгейінде болады деп жоспарлануда.

Сыртқы сауда көрсеткіштері, алдыңғы жылға қарағанда %-бен
Экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша міндет әлеуметтік жаңғыртумен қатар шешіледі.

Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын жақсарту, жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.

Жаңа жұмыс орындарын құру есебінен 2019 жылға жұмыссыздық деңгейін 4,8 %-ға дейін төмендету болжануда.

Жұмыспен қамтылғандар саны 2015 жылмен салыстырғанда 8,4 мың адамға артып, жұмыссыздар саны 14,6 мың адамға дейін төмендейді деп болжануда.

Экономикалық белсенді халық саны 2015 жылы 298,2 мың адамнан
2019 жылы 306,7 мың адамға дейін артады. Жұмыспен қамтылған халық саны 2015 жылы 283,2 мың адамнан 2019 жылы 291,6 мың адамға дейін, оның ішінде сәйкесінше жалдамалы жұмысшылар 250,1 мың адамнан 258,4 мың адамға дейін артады.

2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада көрсетілген.




  1. 2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БЮДЖЕТ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ БОЛЖАМЫ
Облыс бюджетіне кіріс түсімдерінің болжамы
2015-2017 жылдарда экономиканың болжамды сыртқы даму жағдайы есебімен жергілікті бюджет кірістерінің өсуі (трансферттерді есептемегенде) 2015 жылы 144,3 млрд. теңгеден 2017 жылы 157,9 млрд. теңгеге дейін болжануда.

2015-2017 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы


2-қосымшада көрсетілген.

2015 – 2017 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістерінің болжамы Салық және Кеден кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде есептелді.


Жергілікті бюджет кірістерінің болжамы

(трансферттерді есептемегенде), млрд. теңге





2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Кірістер (трансферттерді есептемегенде)

144,3

160,1

157,9

Салықтық түсімдер

142,2

157,8

155,6

Салықтық емес түсімдер

1,6

1,7

1,7

Негізгі капиталды сатудан түсім

0,5

0,6

0,6

Бюджет кірістерінің өсімі негізінен жергілікті бюджет кірістерінің 98,6%-ын қамтитын салық түсімдерінің болжамды өсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Салықтық түсімдердің негізгі түрлері: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке меншік салығы, табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін акциздік түсімдер болып табылады.

Салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсімдер жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін кірістердің түсімі бойынша болжам көрсеткіштерінің негізінде есептелген.


2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік шығыстардың басымдықтары
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған мақсаттарын ескере отырып, 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басты басымдықтары:


  1. Халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру

Тұрақты және табысты жұмыспен қамту арқылы халықтың табысын арттыру үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады.

Бағдарлама шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, бизнес-машықтарын оқыту арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және шағын несие беру іс-шараларды қаржыландыратын, сонымен қатар еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ететін болады.



  1. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, қолжетімді баспанамен қамту

Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, қолжетімді баспанамен қамту тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй қорын, тұрғын үй құрылысын жақсарту, халықты сапалы ауыз сумен қамту, табиғи газбен қамту, су тарту жүйесін дамыту арқылы іске асырылатын болады.

Бұл шаралар бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған


«Ақ бұлақ» және «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламалары арқылы жүзеге асатын болады.

  1. Адам капиталының сапалы өсімі

Денсаулық сақтау саласында басымдықтың бірі медициналық қызмет сапасының артуына, алғашқы медико-санитарлық көмекті дамытуға, төсекорын қорының және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін әрі қарай енгізу болып табылады.

Білім сапасын әрі қарай жетілдіру мақсатында мемлекеттік және жеке балабақшалар, мектепке дейінгі ұйымдардың (шағын орталықтар, мектеп-балабақшалар және т.б.) түрлі үлгілері дамитын болады, балабақшалар ғимараттарын қалпына келтіру, қызмет етуші балабақшаларға күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылады.



  1. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін толық көлемде орындау

Жергілікті бюджет қаражаттарын жұмсаудың басымдық бағыттарына білім, денсаулық сақтау, сумен қамту, табиғатты қорғау шаралары, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру нысандары, мәдениет және спорт салаларындағы жобалар жатқызылады.

  1. Өңірлік даму

Өңірлерді дамыту бойынша бюджеттік саясаттың маңызды бағыты елді мекендерде әлеуметтік нысандардың құрылысын салу болады, бұл оптимистік демографиялық болжамы және даму перспективасы, осы елді мекендерде өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға ресурстардың шоғырлануымен бірге бір мезгілде тиімсіз шығындарды қысқарту.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес елді мекендердің аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаты негізінде жүзеге асырылуы қажет.

ҚР Өңірлерді дамыту министрлігі 2011-2013 жылдар аралығында дайындаған Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасы ағымдағы жылдың соңында Үкіметтің қарауына және бекітілуіне ұсынылады. Бекітілген Бас схеманы негізге алып, аталған Заңның 44-бабына сәйкес облыс, аудан аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, сонымен бірге, 47-бабына сәйкес елді мекендердің бас жоспары, жеңілдетілген бас жоспары немесе даму схемасы дайындалуда.

Шағын қалаларды дамыту шеңберінде республикалық бюджеттен алдыңғы кезектегі инвестициялық жобаларды іске асыруға, кәсіпкерлікті қарқынды дамыту, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін Құлсары қаласын дамытуға трансферттер бөлінуде.


Бюджеттік инвестициялық саясаттың (соның ішінде бюджеттік инвестициялар) негізгі басымдықтары

Алдыңғы кезеңге бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.

Ортамерзімді перспективада бюджеттік инвестициялардың басты бағыты:


  1. Әлеуметтік саланы жаңғырту

Бұл бағыттың шеңберінде 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» атты және Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасының, 2010-2014 жылдарға арналған балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз ету бойынша «Балапан» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іс-шаралары қаржыландырылуда.

Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту, жаңа мектеп құрылысын салу арқылы апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою, 12-жылдық білім алуға көшуіне байланысты интернаттарды қалпына келтіру, білім беру мекемелері ғимаратынан жылу қазандарын шығару бойынша жұмыстар жалғастырылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және техникалық білім беру ұйымдарының жатақхана жүйесін кеңейту бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

Денсаулық сақтау саласы бойынша да даму бюджетінің маңызды мақсаты жаңа денсаулық сақтау объектілерін іске қосу болып табылады, бұл тұрғындар үшін медициналық көмектің сапасын және қолжетімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.


  1. Индустрияландыру бағдарламасы

Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы әрі қарай жаңғырту мен әртараптандырудың маңызды құралы болып қалады.

Бағдарлама шеңберінде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға, экономиканың шикізаттық емес секторда өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» іс-шаралары басымды қаржыландырылатын болады.

Аграрлық секторды әртараптандыру үшін фермерлердің қаржыландыруға, етті мал шаруашылығын дамыту бойынша жобаларды іске асыруға қолжеткізуін кеңейту, сонымен қатар мал азығын өндіруді дамыту бойынша шаралар алынатын болады.


  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тұрғын үй құрылысы, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту, сумен қамту және су айдау жүйесін дамыту арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, қолжетімді баспанамен қамту.

Бұл бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламалары арқылы іске асырылатын болады.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарлама шеңберінде келесі негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады:

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы іске асырылатын жергілікті атқарушы органдармен тұрғын үй құрылысын салу;

кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу;

жас отбасылар үшін іске асырылатын жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу;

инженерлік жүйелер құрылысын салу;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу.


  1. Өңірлік даму

Орта мерзімдік кезеңде өңірлік саясат «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» және бес жылдық мерзімге арналған аумақты дамыту бағдарламаларымен белгіленген, басымдықтардың негізінде қалыптастырылатын болады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде өңір үшін айтарлықтай маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, даму әлеуеттері орташа және жоғары өңірлердің экономикалық дамуына көмектесу жөніндегі шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Моноқалалардың өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шараларды үйлестіру Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл орайда экономикалық бастамаларды мемлекеттік қолдау инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы мен қайта жаңарту арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. Қысқартулардың толық жазылуы:

ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім

НКИ – нақты көлем индексі

млрд. – миллиард

млн. – миллион

ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

АМӨЗ – Атырау мұнай өңдеу зауыты

ҮИИД МБ – Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы

АҚШ – Америка құрама штаттары

АҚ – Акционерлік қоғам



ШҚ – Шаруа қожалығы

РБ – республикалық бюджет


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет