Атмосферада



жүктеу 25.09 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі25.09 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
« Имандылық - оқушылардың экстремизм, ұлттық, нәсілдік және діни тұрғыдан жеккөрушілігі мен қатыгездігінің алдын алу құралы»
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – Түркі, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек.» деген еді.

Оқушыларды экстремизм, ұлттық, нәсілдік және діни тұрғыдан жеккөрушілігін, қатыгездігін алдын алу мақсатында мектебімізде 5-11 класс оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараға ауыл ақсақалымыз - өңірлік жазушы Шүкіранов Мәскеу Нәбиұлы шақырылды. Бейресми, жылы атмосферада ыссы шайдан алып отырып балалар мен аталары арасында терең әңгіме басталды. Ақсақал : « Иман – мұсылмандықтың негізі, тұтқасы екенін, адамды адам еткен иман және адал еңбек екенін түйіндеді. Алладан өзге құдірет жоқ, - деп өз еркімен куәлік берген әр мұсылман ендігі жерде ұлы жаратушының құдіреті мен күшіне шексіз сеніп, оның әміріне мойынсұнады. Барлық пен байлыққа шүкіршілік қылып, өмірдегі бар жағдайда да адам өзін жоғалтпай, Алланы есінен шығармай ғұмыр кешуі керек. Жас ұрпақты ата - ананы сыйлап, олардың жан жүректеріне қаяу салмауға, ішімдік, есірткі атаулыдан іргесін аулақ ұстауға, ұлттық ізгі әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлерді аяқ асты етпеуге міндеттейді. Адамдардың бір - біріне адал болып, Алланың ақ жолынан адаспай, бұл жолды таза ұстауы сияқты асыл арман, мұратты ойлардың бәрі осы иман патшалығы бөлімінің негізгі өзекті арқауы.» деп түсіндірді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даутов Н.Ұ. : «Исламда тазалықтың орны ерекше. Ұл – қыздарымызды жастайынан тазалыққа үйретіп, көшеге және мектеп ауласына, жұмыс орны мен басқа да жерлерге күл - қоқыс тастамауға баулуымыз керек. Адамның жас кезінен бастап бұндай нәрселерге дағдылануы, кейіннен оның өмірлік әдетіне айналып, жақсы азамат болып қалыптасуына септігін тигізбек. Адамның бұлайша тәрбиеленуі жасандылыққа жол бермейтін табиғи мінезіне айналады.» деп пікірн білдіртті.
Оқушылар белсенділік танытып «Бөгде дін ағымдарының әдебиеттерін оқуға ұсыныс жасап, бізге оларды таратса – біз не істеу керекпіз?», «Исламның жеке адам өміріне әсері неде?», «Дәстүрлі және бізге тән емес діни қызметкерлерді қалай ажыратуға болады?» және т.б. сұрақтарын аталары мен ұстаздарына қойды.

Үстіміздегі ғасырда технология мен ғылым дамыған кезде бізді аса алаңдататын ұғым - жиі қолданылудағы діни экстремизм деген ұғым. Ол сөздің астында көбінесе «ислам терроризмі» деген түсінік жатады. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады.

Қазіргі таңда дін үлкен күш. Бірақ сол үлкен күш кімнің қолында екендігінің де маңызы зор. Егер ол соқырлар немесе діни фанатик, яки экстремисттер мен дүмшелердің қолына тисе халық қасірет шегеді деген ойды оқушыларымызға жеткізгендей болдық.

Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халықтың арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы – осының айғағы деп оқушыларымыздың көздерін жеткізу – мектеп міндеттерінің бірі деп санаймыз.



Осы отырысты қорыта отырып, келесі отырыстың тақырыбын – «Дін насихаттауындағы интернеттің рөлі» деп анықтадық.
Дін тұғыры кемелденіп, адамдардың исламға бұрылуы кері бұрылмайтын құбылыс. Бүгінгі таңда 17 миллионнан астам Республика халқының жетпіс пайызы мұсылмандар. Оның ішінде қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз, татар, дүнген т.б. жарасып өмір сүріп жатыр. Тәуелсіздікпен бірге бізге үлкен жаңғыру, өсу, өрлеу келгені баршамызды қуантады. Сол реттен, қасиетті ислам құндылықтарын көздің қарашығындай сақтауға шақырамыз!




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет