«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мм жоғары спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімінің бас маманы, санаты d-о-4



жүктеу 51.22 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі51.22 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 56-67-83, факс: 8(7132) 55-21-75, e-mail: aktobesport@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жоғары спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4 (04-2-5, 1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Оқу-спорттық жұмысы бойынша бұйрықтар дайындайды және олардың орындауына бақылау жасайды. Басқарма жүзеге асырып отырған спорттық жарыстардың ұйымдастырылуы және өткізілуіне қатысады. Күнтізбелік жоспарлардың құрылуын жүзеге асырады. Сыйлықтар тапсыру және есептен шығару құжаттарын толтырады. Спорттық шаралардың жоспарлануы кезінде сметалық құжаттардың жасалуына қатысады. 7-ФК есебінің жинағына, басқарманың күнтізбелік жоспарының орындалуына, спорт түрлері бойынша құрамалардың дайындығы мен жарысқа қатысуына бақылау жасайды. Спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру комиссиясы жұмысын ұйымдастырады, құжаттарын рәсімдейді, есеп-ақпараттар дайындайды. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу, спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру комиссияларының жұмысына қатысады. Басқарманың алқа мәжілісіне, кеңестерге, мәжілістерге, конференцияларға қатысады. Жоғары спорт жетістіктері және спорт резервін дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады. Дене тәрбиесі және спортты дамыту барысындағы басқарма қызметі, өткізілген спорттық іс-шаралар жөнінде жинақ есептер дайындауға ақпараттар әзірлейді, уақытылы есеп, хабарламалар берілуін бақылауға алады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары - дене тәрбиесі және спорт.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі дене тәрбиесі және спорт білімі барларға рұқсат етіледі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. нысанға сәйкес өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

  3. білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген ) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

  7. Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшасында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әнгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әнгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпараттық құралдарының, басқа мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанда дейін кешіктермей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының келесімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Казақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн.

Құжаттар «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, ұйымдастыру жұмыстары бөлімі, №639 кабинетіне қағаз түрінде қабылданады немесе электрондық поштаға жолданады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әнгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Құжаттардың тұпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әнгімелесуден өтуууге жіберілмейді.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

D-О-4 санаты үшін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасына мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы» (15 сұрақ) «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет