Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы мм-нің басшысы Г. Аманкосова «31» шілде 2015 жыл



жүктеу 0.53 Mb.
бет1/4
Дата03.05.2016
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


БЕКІТЕМІН

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы ММ-нің басшысы
_________________Г.Аманкосова
«31» шілде 2015 жыл

39 Бұйрық



2015 жылы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік

маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу жөніндегі

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы: «Әйтеке би аудаңдық ішкі саясат бөлімі» ММ, 030010 Ақтөбе қаласы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Жургенов көшесі №45,е-mail:aitekebisayasat@bk.ru,СТН 060600211001, БСК ККМFKZ2A, ЖСК KZ11070102KSN0601000

ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті ММ. БСК KKMFKZ2A, Кбе 12.

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс 2015 жылы Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша қызметтер (бұдан әрі - қызметтер) көрсетушіні таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі аталған конкурс үшін бөлінген сома 1 000 000 теңгені құрайды, соның ішінде:

№ 1 лот – Жастарды кәсіп таңдау мен кәсіпкерлік негіздеріне үйрету, әлеуметтік қолдау және мүгедек жастарға колдау көрсету бойынша ісшаралар ұйымдастыру; сомасы – 350 000 теңге.

№ 2 лот – Аудан тұрғындары мен жастар арасында патриоттық және этнос аралық тәрбие, діни экстреммизм мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс- шаралар ұйымдастыру; сомасы – 350 000 теңге.

№ 3 лот – Зерттеулер жүргізу; сомасы300 000 теңге.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесін және көлемін;

2) осы Конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелікті қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;

3) осы Конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осы Конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) Әрбір өлшемдердің проценттік мәнін көрсетіп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңы (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы


27 желтоқсандағы № 1301 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында конкурс жеңімпазын айқындау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін.

4.Конкурсқа катысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін білдірген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамалаган нысандардың біріне енгізіледі;



2. Конкурстық өтініңмдердің қолданылу мерзімі
5. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің қолданылу мерзімі конверттерді ашқан күннен бастап, кемінде 35 күн болып белгіленеді.

6. Конкурстық құжаттамада көрсетілген қолданылу мерзіміне қарағанда қысқа мерзімді қамтитын конкурстық өтінім қабылданбайды.



3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттама көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге

оның ережелерін түсіндіруі
7. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы 2015 жылғы 21 тамыз 10 сағ. 00 мин. кешіктірмей жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 030010 Ақтөбе қаласы, Әйтеке би ауданы,Комсомол селосы Жургенов көшесі.№45, № 34 бөлме.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетпестен:

1) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді конкурстық құжаттама табыс етілген тұлғаларды тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға жіберуге;

2) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы 26 тамыз күні 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге өтемсіз негізде жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында www.sayasat.aktobe.gov.kz жариялайды.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесуді көздемейді.



4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің табыс етуі

Конкурсқа қатысуға өтінім

11. Конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.


12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:
1) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған келесі құжаттарды:

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс;

лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмесін (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмені;
3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушыларының) арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар:
осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге талаптардың толық тізбесін қамтитын мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер.
Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтердің бірлесіп орындаушыларын тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс;

осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар және әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында бірлесіп орындауға беруге тыйым салу шарты туралы мәліметтерді;

4) көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, қызметтерді көрсету кестесі (әдістері) және шарттары туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына сенімхат.


Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
13. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған түрде жеке беріледі.

14. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, мөрмен бекітілуі тиіс.

15. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

16. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «2015 ЖЫЛЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «2015 жылғы 31 тамыз күні 12 сағ. 00 мин. дейін ашпаңыз».

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

17. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып, 2015 жылғы 31 тамыз күні 10 сағ. 00 мин. дейін (қоса алғанда) мына мекен-жай бойынша береді: 030010, Ақтөбе қаласы, Әйтеке би ауданы,Комсомол селосы Жургенов көшесі.№45, № 34 бөлме, Әйтеке би аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты Елманова Альбина Мунсызбайқызы.

18. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін өткізілген барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

19. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

20. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған өтінімдер салынған конверттер конкурсқа қатысуға қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
21. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрмен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

22. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

23. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығын жоғалтпастан, мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы.

24. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.



5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2015 жылғы 31 тамыз_ 12 сағ. 00 мин. мына мекен жай бойынша: 030010, Әйтеке би ауданы,Комсомол селосы Жургенов көшесі.№45, № 34 бөлме жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді 030010, Әйтеке би ауданы,Комсомол селосы Жургенов көшесі.№45, № 34 бөлме ашу рәсіміне қатысқалы отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері 2015 жылғы 31 тамыз күні 11 сағ. 45мин. дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

28. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің, сондай-ақ себептерінің бар немесе жоқ екендігі;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкілдерге конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.


 

6. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді



олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
  Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қоса орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағының 87-1 және 87-2 тармақшасында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

32. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

33. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) Заңның 17 бабының 4 тармақшасына сәйкес мынадай өлшемдердің проценттік мәнін қолданады:

а)әлеуетті өнім берушіде:

өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;

мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуын;

б) жергілікті мазмұнды.

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

34. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырады www.sayasat.aktobe.gov.kz. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуымүмкін.
7. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
35. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары 5-қосымшаға сәйкес мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

36. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «2013 ЖЫЛЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» – КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫМЫ – «2015 жылғы «___» _______ сағат «____» ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ": уақыты мен күні конкурска қатысуға жиберу туралы протоколда көрсетіледі.

Қатысушының бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.



  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет