Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы



Дата02.05.2016
өлшемі41.79 Kb.
Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы

мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша іс-әрекеттерінің

ЕСЕБІ
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету –

мемлекеттік органдардың аса маңызды қағидаларының бірі

Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қазандағы №253 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы Ереже негізінде жұмыс істеп тұрған, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылының Советов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан . “Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі төрт мемлекетік қызмет түрін көрсетеді: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «Ветеринариялық анықтаманы беру», «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» , «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау». Екі мемлекеттік қызмет «Ветеринариялық анықтаманы беру», «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» ақылы негізде, екі мемлекеттік қызмет «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» тегін негізде көрсетіледі. Барлық 4 мемлекеттік қызмет қағаз формасында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысымен бекітілген “Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызмет стандарты , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi “Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы” № 464 қаулысымен бекiтiлген “Жануарға ветеринариялық паспорт беру”, «Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандарттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекiтiлген “Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттiк қызмет стандарты, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 350 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Регламенті негізінде көрсетіледі.






2013 жылы ауылдық округте 1410 мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлығы мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылды.

2013 жылы мемлекеттік қызмет алушы тұлғалар саны – 1410.

2013 жылғы өткізілген анализ қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы сферасында көбірек сұранысқа ие: «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» - 880, «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» - 286, «Ветеринариялық анықтаманы беру» - 244, «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» - 79.

Ауылда балаларды тасымалдау болмағандықтан «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» қызметі көрсетілген жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету реті туралы ақпарат Қараоба ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа жалпы қолжетімді жерде стендте орналасқан.



2013 жылғы Қараоба ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндірме іс-шаралар өткізілді.

Электронды Үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету реті туралы ақпарат Қараоба ауылдық округі әкімінің аппаратында стендте орналасқан.


2013 жылы тамызда әкімдік ғимаратында қоғамдық қолжетімді пункті орнатылды.

Электронды Үкімет арқылы тұрғындарға 12 электронды қызмет көрсетілді.

Олардың ішінде: мекенжай туралы анықтама – 6, зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу– 3, жылжымайтын мүлкі бар (жоғы) туралы анықтама алу – 2, Сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама алу – 1.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткізілген іс-шаралар: Қараоба ауылдық округінде желтоқсан айындағы 2013 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету қорытынды және сапасы бойынша 2013 жылы бір кеңес өткізілді.

Қараоба ауылдық округінің әкімінің аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын кесте бойынша санатын көтеру курстарынан өтеді.

2013 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін «Қараоба ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетілуіне ешқандай арыз түскен жоқ.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру бұл жемқорлыққа қарсы әрекеттің аса маңызды қадамы мен тұрғындардың мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне деген сенімі.
Мемлекеттік қызметтер келесі принциптер негізінде іске асырылады:


  • Қызмет алушыға қандай да бір әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға қарап кемсітушілікке жол берілмей, теңдей қолжетімді болатындығы;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілгенде бюрократизм мен сөзбұйдалыққа салынуына жол бермеуде;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілудің айналасында тазалық пен есептілікке;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілудің қолжетімділігі және сапалылығы;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілудің үрдісінің үнемі жетілдіріліп отыруында;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілудің тиімділігі және үнемділігінде.

Мемлекеттік қызмет критерийлерінің сапасын бағалау «Мемлекеттік орган көрсеткен мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушылардың қанағаттануын, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет алу карточкасын толтыру арқылы өткізіледі.


Алдағы уақыттағы мемлекеттік қызмет түрлерінің қызмет алушылардың қанағаттануын және тиімділігін көтерудің маусым сайынғы мониторингін өткізіп, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет алу карточкасын толтырып, аппарат ішіндегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, ауылдық округтегі бюрократизм мен сөзбұйдалыққа салынуды көрсетпей, мемлекеттк қызмет үрдісін үнемі жетілдіріп отыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және қоғамдық мониторинг мына қағидаларын негізге ала отырып жүзеге асады:



  1. Заңдылық;

  2. Объективтілік;

  3. Әділдік;

  4. Тыңғылықтылық.

: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет