«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8



жүктеу 73.05 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі73.05 Kb.
түріКонкурс
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы,

Абай көшесі 75,

телефон: 8(71841)22011, 8(71841)21450 (факс).

abesinov.arman@pavlodar.gov.kz «Б» корпусы бос әкімшілік төменгі

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды

E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін: жоғары білімі, “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
1) Е-G-3** санаты, лауазым индексі № 10-05 «Ақтоғай ауданы Разумовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізіп құрастыру;

мемлекетік сатып алу, салық, қаржы есептерін, статистикалық есептілігін жүргізу;

бюджеттік өтінімдерді және бағдарламаларды құрастыру;


қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, экономика, менеджмент, есеп және аудит) білім



2) Е-R-4** санаты, 1 бірлік, лауазым индексі № 13-03 «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру жөніндегі жұмысын іске асыру. Өз шегінде құзірет коммуналдық мүлік басқару саласында нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:


Жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, экономика, менеджмент, есеп және аудит, құқық саласында: құқықтану ) білім.

3) Е-R-4** санаты, лауазым индексі № 23-05 «Ақтоғай ауданының ветеринария» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 73228 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттiк ветеринариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру.

Жануарлар өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.



Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару, ветеринария, ауылшаруашылық ғылымдары, техникалық ғылымдар және технология саласында, биотехнология) білім.,


4) Е-G-4 санаты, лауазым индексі № 11-05 «Ақтоғай ауданы Харьков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 62457 теңгеден 84114 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және коммуналдық жеке меншік жұмыстарын, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын, ауыліші жолдарының қызмет көрсетуін бақылап, ұйымдастырады; Өз құзыреті шегінде жалпы әскери міндеттілігі мен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс пен мобилизациялық дайындық және мобилизация жөніндегі мәселелерді ұйымдастырады және Заңда белгіленген түрде қамтамасыз етеді; мемлекеттік рәміздерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды



Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.



5) Е-G-4 санаты, лауазым индексі № 06-04 «Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 62457 теңгеден 84114 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізіп құрастыру;

мемлекетік сатып алу, салық, қаржы есептерін, статистикалық есептілігін жүргізу;

бюджеттік өтінімдерді және бағдарламаларды құрастыру;


қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында) білім не орта техникалық немесе кәсіптік (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында) білім.



Келесі құзыреттіліктің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Тиісті санат үшін әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында қарастырылған ҚР заңдарын білу.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.



Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет