«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8



жүктеу 64.65 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі64.65 Kb.
түріКонкурс
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы,

Абай көшесі 75,

телефон: 8(71841)22011, 8(71841)21450 (факс).

abesinov.arman@pavlodar.gov.kz Ақтоғай ауданы әкімдігінің жергілікті

атқарушы органдары және ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік

қызметкерлері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды
1) Е-G-3** санаты, лауазым индексі № 03-03 «Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Қорғаныс істер бөліміне қатысты жұмыс жүргізу;

салық жинау жұмыстарын жүргізу. Салық басқармасымен тығыз жұмыс істеу және уақытылы есептерді ұсыну;

ауыл әкімінің қатысуымен өтетін жиналыстардың, есеп беру кездесулердің, жиындардың хаттамаларын жүргізу;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім


2) Е-G-3** санаты, лауазым индексі № 04-03 «Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізіп құрастыру;

мемлекетік сатып алу, салық, қаржы есептерін, статистикалық есептілігін жүргізу;

бюджеттік өтінімдерді және бағдарламаларды құрастыру;


қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында) білім.


3) Е-G-3** санаты, лауазым индексі № 09-06 «Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Әскери есеп жүргізу. Жалпы әскери міндеттілік пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс пен мобилизациялық дайындық және мобилизация жөніндегі мәселелерді ұйымдастыру және заңда белгіленген түрде қамтамасыз ету;

Шаруашылық кітаптарды жүргізуге көмек жасау. Тұрғындар үшін мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізуіне көмек көрсету.


Елді мекендерге көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізуіне көмек көрсету.

Мекеменің оңтайлы жұмыс істеуі үшін ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.



Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім


Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар Е-G-3** санаттары бойынша:

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*



4) Е-R-4** санаты, лауазым индексі № 21-03 «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік саласындағы бас маманы. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту, ауданның шағын және орта бизнес дамыту өңірлік басым бағдарламаларды іске асыру;

ауданның кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы шеңберінде қоғамыдқ біріккен кәсіпкерлермен ынтымақтастықта болу;

инвестициялық жобаларды іске асыру, кәсіпкерлікті дамыту, соның ішінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу объектілері.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім басшысының өзгеде тапсырмаларын орындау.




Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:


Жоғары (әлеуметтік ғылымдар саласында, экономика және бизнес: мемлекеттік жергілікті басқару, экономикалық, қаржы, есеп және аудит, менеджмент; ауыл шаруашылығы саласында: агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; техникалық ғылымдар және технология саласында: көлік, көліктік техника және технология; құқық саласында: заңгерлік; жаратылыстану ғылымдары саласында: экология, информатика, биология; қызмет саласында: туризм, мейрамхана ісі және қонақ үйлік кәсіп) білім, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Келесі құзыреттіліктің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет