Ақтоғай селолық округі әкімі Е.Құрмаштың «2013 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға алда тұрған міндеттері» туралы есебі



жүктеу 93.58 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі93.58 Kb.
: sites -> default -> files -> Node 9317
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 9317 -> Мөңке би селолық округінің әкімі Ж. А. Тлеубергеновтың 2013 жылдың 9 айлығында атқарған жұмыстарының
Node 9317 -> Шетырғыз ауылдық округі бойынша 2013 жылда атқарылған жұмыстар мәліметі
Node 9317 -> Айшуақ селолық округі әкімі Е.Әдімановтың 2013 жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Node 9317 -> Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Е. Ж.Құрмаштың «2014 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылға арналған міндеттері» туралы есебі
Node 9317 -> Тоғыз селолық округі әкімі А. Ж. Жақановтың 2013 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алға қойылған міндеттері туралы есебі
Node 9317 -> Шалқар қаласының әкімі қала бойынша 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050»
Ақтоғай селолық округі әкімі Е.Құрмаштың «2013 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға алда тұрған міндеттері» туралы есебі.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт бағдарлап берді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауларын басшылыққа ала отырып, 2013 жылы округ көлемінде даму, әлеуметтік жағдайдың көтерілуі бағытында төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Жолдау кең көлемде насихатталып, Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды. «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес округ әкімдері әр тоқсан сайын есеп беретін болды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148-ІІ Заңының 35 бабына толықтырулар енгізіліп ауылдық округ әкімінің атқаратын міндеттері 67 бөліммен белгіленді. Мұның өзі жергілікті әкімдердің атқаратын міндеттерінің көбейгендігін көрсетеді. Биылғы жылдан бастап ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық өкілдері ауылдық округ алдында тұрған міндеттерді бірлесіп шешетін болады. Бүгін сіздер «2013 жылда округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алда тұрған міндеттері» туралы есебімді тыңдау үшін жиналып отырсыздар. Бұл бір жағынан Президент тапсырмасына сәйкес түрлі дәрежедегі әкімдердің халық алдындағы есебі болса, екінші жағынан атқарылған шараларды ой елегінен өткізіп, алда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беретін жиналыс. 2013 жыл біздің округке қандай ерекшеліктерімен есте қалды дейтін болсақ әрине ол еліміздің өркендеуі, жетіп жатқан жетістіктері, ал біз үшін ол ғасырда бір болатын жаңалық біздің елді мекенге газдың келуі.

2013 жылы округ көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтетін болсам:

1. Ауыл шаруашылығы.

Округ бойынша 01.01.2014 жылға мал басы МІҚ- 740, жылқы- 158, қой-ешкі -2200, түйе- 11 бас тіркеліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мал басының бір қалыпта екендігін көрсетіп отыр. Оның басты себебі, біз округ көлеміндегі мал басының нақты санын анықтадық. Округ бойынша 19 шаруа қожалығы, 1 селолық тұтыну кооперативі тіркеліп, жұмыс жасауда. 2013 жылы 39910 центнер шөп дайындалып, 25000 ц. шөп сатылды.Округ тұрғындарының бойдақ малдарын жаз айларында күтіп-бағу үшін 2 нүктеде, Ақтоғай, Төкеш жерлерінде мал бағылуды және ауыл сауын сиырлары бағылды. Жазғы науқандық жұмыстарда мал күтімін ұйымдастырып, бағуда «Қонысбай» шаруа қожалығы және кәсіпкер А.Тілеужанов, И.Құрманалин жақсы жұмыстар жасады. Мал азығын дайындауда «Маханбеталин», «Ынтымақ», «Серікболсын», «Сартөбе», «Байжан» «Қонысбай» шаруа қожалықтары және жеке көліктерімен Ж.Ізағанбетов, Б.Маханбетов жақсы жұмыстар атқарды.

Мал басын бірдейлендіру жұмыстары жүргізу 100 пайыз көлемінде атқарылды. Бірдейленген мал бастарының құлақ жапсырмаларын толық көлемде төлемей отырған ауыл азаматтары бар, келешекте олар түсіністікпен қарап төлемдерін төлейді деген сенімдемін. Биылғы жылы округ бойынша «Қонысбай» шаруа қожалығы шаруашылығын түзетіп, мал басын өсіру үшін 800 мың теңгеден несие алып, мал алып несиесін толық көлемде қайтарды. Қазіргі күнге несие алып шаруашылығын түзетуге мүмкіншілік бар, бірақ несие алуға ниет білдірушілер істі аяғына дейін апармай жарты жолдан тоқтап қалуда.Сонымен бірге Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы лизингке техника алушылар саны да аз. 2014 жылғы лизингке МТЗ -80 тракторын алуға Б.Маханбетовтен сұраныс түсіп, осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде және «Сартөбе» шаруа қожалығы МТЗ-80 тракторын алуға ниет білдіруде. Айта кететіні өткен жылдары лизингке техника алғандағы үстеме пайызы 14 болса, биылғы жылдан бастап ол 7 пайызға дейін төмендеді. Мал ауруларын болдырмау және профилактикалық шараларды уақытылы өткізу үшін мал дәрігерлері жұмыс жасауда.Барлық дәрігерлік шаралар алынды. Дәрігерлік пунк мамандары автокөлікпен қамтамасыз етілді. Қоғамдық күтуге «Береке» шаруа қожалығы 1 асыл тұқымды бұқа алды және биылғы жалға әр қожалықтар бойынша қосымша 6 бұқа алуға сұраныс түсіп отыр. Асыл тұқымды бұқаларды наурыз айына алу жоспарланды. Асыл тұқымды малдарды алуды лизингке алуға болады және үкімет тарапынан субсидиялар беріледі. Жер көлемін тиімді пайдаланбаған 4 шаруа қожалығынан жерлерін қайтару жөнінде жұмыстар жүргізіліп, ісі облыстық жер инспекциясына жіберілді, бір шаруа қожалығы өз еркімен жерін қайтарды.

Міндеттер:

1. Асыл тұқымды мал алу жұмыстарын одан әрі насихаттап, ұйымдастыру.

2. Лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын алуды ұйымдастыру.

3.Жұмыс жасамай тұрған шаруа қожалықтарының жерін қайтару.

2.Білім беру саласы. Округте 1 орта, 2 бастауыш мектеп, «Қызғалдақ»мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс жасайды. 2013 жылы Ақтоғай орта мектебі ҰБТ-ге қатысып аудан бойынша орташа көрсеткіш көрсетті. «Оқу сапасын арттыру және оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» бағытында Ақтоғай орта мектебі нәтежелі жұмыстар атқарды.Мектеп мұғалімдері өз білімдерін ұдайы жетілдіре отырып, оқыту процесіне қазіргі заман талабына сай жаңа техналогияларды меңгеріп, өз тәжірбиелерінде үнемі қолдануда. 2013 -2014 оқу жылына мектептер толық дайындықпен кіріп отыр.Дегенмен пәндер бойынша кадр жетіспеушілігі байқалады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқу бітіріп келген 2 мұғалім жастар практикасы бойынша жұмысқа алынып, қазіргі күнге тұрақты жұмысқа орналасты. 1-4 сынып оқушылары, мектеп алды даярлық сыныптары мен мини орталықтары, аз қамтылған отбасылар балалары бір мезгіл ыстық тамақпен тегін тамақтануда.Оқу жылы басында «Мектепке жол» акциясы өткізіліп, «Емшан» компаниясы президенті М.Өндіргенов 1 сынып оқушылары мен аз қамтылған мектеп оқушыларына оқу құралдарын алып берді. Көрсетілген көмектің жалпы көлемі 375 мың тенге. «Емшан» компаниясы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 300 мың теңгеге құрылыс материялдарымен көмектесті. Біршоғыр жол дистансиясының директоры М.Игісінов Ақтан батыр ауылындағы бастауыш мектепке аула қондырып берді.

Міндеттер:

1.Мұғалімдердің білімін жетілдіре отырып, білім сапасын көтеру.

2.Жылу жүйесін газ желісіне қосу.



Денсаулық сақтау саласы бойынша бір дәрігерлік пункт, мектеп, балабақшаны қосқанда 5 мед.қызметкерлер жұмыс жасайды. Жалпы флюрографиядан 556 адам өтіп, денсаулықтарын тексертті. 2013 жылы 22 бала дүниеге келді. Мектеп жасына дейінгі және оқушы балаларға профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда қайтыс болу азайып, туу көрсеткіші жақсарды.

Міндеттер:

1.Профилактикалық шараларды уақытылы жүргізіп, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру.

Мәдениет және спорт саласы бойынша округте клуб және кітапхана жұмыс жасайды. Мәдени шаралар өтікізіліп, ауданда өтетін іс-шараларға қатысып тұрады. Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі халыққа жолдауында халықытың тұрмыс-жағдайы, еліміздің өсіп-өркендеуі, болашақ жастардың тәрбиесі, білімі төңірегіндегі келелі мәселелер қозғап дамуға жаңа серпіліс, жаңа күш, жаңа бағыт беріп отырады.Биылғы жылы өткізілген ауыл жастары спартакиясында Ақтоғай селолық округі командасы аумақтық жарыста 1 орын , ақтық жарыста 3 орын иелендік. Кітапхана халықтық яғни Наурыз, Құрбан айт, қарттар күні сияқты мерекелерге және Ел басының жыл сайынғы халыққа жолдаған жолдауын саяси ахуалдарға байланысты, кітап көрмелері, тақырыптық кештер, дөңгелек столдар т.б. жұмыс түрлері жүйелі түрде насихатталып отырады. Округ кітапханасында 10100 кітап қоры бар, 2013 жылы жаңа кітаппен толықты. 350 оқырман бар.Биылғы жылға құны 820 мың теңгеге балалардың ойын алаңын салу жоспарланып, сметалық жобасы дайындалуда.

Міндеттер:

1.Аудан көлемінде өтетін мәдени, спорттық шараларға қатысу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

2.Округте спорт секциясының ашылуына қол жеткізу.

Кәсіпкерлік саласы. Округте 2 дүкен, 1 монша жұмыс жасайды. Бұл салық органдарына тіркеліп жұмыс жасап тұрғаны. Тіркелмей жұмыс жасап отырған сауда орындары бар, оларды салық органдарына тіркетіп жұмыс жасатуымыз қажет. Қазіргі күнге тіркелмей жұмыс жасайтын нүктелерге ескерту қағаздары таратылып берілді, ол азаматтар да тіркетіп жұмыс жасаймыз деп жатыр.Біздің округ бойынша кәсіпкерліктің дамуы жоғары болмай тұр. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген әрбір азаматқа несие алып немесе өз қаржысы есебінен кәсіпкерлік нысандарын ашуға мүмкіншіліктер мол. Биылғы жылға бір кәсіпкер тойхана салу үшін жер алып отыр, бір кәсіпкер жаңа типтегі дүкен және монша салуға құжаттарын дайындауда. Осы жылы осы азаматтарға 2020 бағдарламасы бойынша программаға енгізу үшін құжаттары аудандық жұмыспен қамту орталығына тапсырылды. Бағаны тұрақтандыру бойынша да елді мекенге азық-түлік пен жем-шөп таситын кәсіпкерлермен мемарандум жасалынып, сататын тауарларын белгіленген бағадан асырмау жөнінде келісімдер жасалынды, жолдың ашық кездерін пайдаланып қызмет көрсетуде .

Міндеттер:

1.Шағын кәсіпкерлікті дамыту, жеңілдетілген несие алуға көмектесу, 2020 бағдарламасы бойынша салынатын кәсіпкерлік нысандарды бағдарламаға енгізу.



Әлеуметтік сала. Округімізде үш елді мекенде 900 адам тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны - 486 адам, зейнеткерлер- 88, мүгедектер- 23, дүниеге келгендер- 22, қайтыс болған- 4 адам. 4 отбасы 18 жасқа дейінгі берілетін жәрдемақы алады. Жәрдемақы алушылар да азайып келеді, ол да тұрғындардың тұрмыс деңгейінің жоғарылап келе жатқандығын көрсетеді. Осы жылы аз қамтылған отбас мүшесінен 2 адам жұмысқа тұрды, 3 адам әлеуметтік жұмыс жасайды. Нотариалдық қызмет бойынша 102 рет нотариалдық қызмет түрі көрсетілді. Тылда жұмыс жасаған- 9 адам қазіргі күнге тиесілі жәрдемақыларын (жеңілдіктерді) алуда.Биылғы басты жаңалығымыз елді мекенге көгілдір отынның келуі болды. Қазіргі күнге 32 үйге газ кіргізілді, 14 үйдің материалдары жеткізіліп газ тартылуда ,12 үйдің құжаттары сметасын жасауға жіберілді.

Міндеттер:

1.Бір отбасынан бір адамды тұрақты жұмыспен қамтемесіз ету.

2.2020 бағдарламасы бойынша курстар арқылы жұмыссыз азаматтардың білімін жетілдіріп отыру.

Инфрақұрылым. Округ орталығында сандық АТС-тен ДАМА сымсыз телефон желісіне көшкен. Телефон желісі арқылы интернетке шығу мүмкіншілігі ұлғайды. Мектеп және әкімшілік интернетке қосылды.Округ елді мекендері толық телефонмен қамтемесіз етілді. Сонымен бірге округ көлемінде «Кисель», «Биллаин» ұялы телефон желілері жұмыс жасайды.Су жүйесі аудандық «Ұлы Борсық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқаруында. Су қазіргі күнге дейін тұрақты беріліп келеді. Осы жылға қосымша ұңғыма қазып негізгі құбырға жалғанса келешекте су тапшылығы болмайды.Бұл жөнінде жұмыстар жүріп жатыр. Электр қуатын беру бойынша да жұмыс тұрақты. Биылғы жылы елді мекендерді жарықтаныру бағдарламасы бойынша орталықта 7 нүктеде электр шамдары жұмыс жасап тұр, түн мезгілінде көшелерге жарық береді. Осы жылға қосымша 2 нүктеге жарық орнату жоспарланып отыр.

Қоршаған ортаны қорғау. «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша 30 түп ағаш алынып, отырғызылды. Дегенмен су көзінің тапшылығына байланысты бұл отырғызылған ағаштың толық шығуына мүмкіншілік болмай тұр. Тұрғындар тарапынан үй жайларын жөнге келтіру жұмыстары жақсы жүруде , биылғы жылы көгалдандыру жұмыстарын қолға алуларын сұраймын. Биылғы жылы «Емшан» компаниясы арқылы және өңірлерді дамыту бағдарламасы негізінде 2700 тонна қатты қалдық шығарылды. Округтегі мекемелер қатысуымен 8 рет сенбіліктер өткізілді. Саябақтар тазартылып, ағаштары әктелді.Округ көлеміндегі елді мекендерде орналасқан мектептерге тамызық отынмен, көлікпен және ауыл көшелерін тазартуда техникаға жанар маймен қамтуда аудандық мәслихат депутаты, Біршоғыр жол дистанциясының директоры М.Игісінов мырза да көмегін берді. Жоғарыда аты аталған азаматтарға округ көлеміндегі түрлі жұмыстарға көмек көрсеткендері үшін алғысым шексіз. Дегенмен әлі де ауыл тұрғындары күл-қоқыстарын, кір суларын көшеге төгу фактілері кездеседі.Бұл бойынша учаскелік инспектормен бірлесе отырып рейдтер жүргізіліп, тұрғындарға ескертулер жасалып, айыппұлдар салынды. Тазалық жұмыстарына ат салысып, өз көмектерін көрсетіп отыратын азаматтар да баршылық. Бұл жұмыс келешекте де жалғасын тауып, жаза түрлері қатаятын болады.

Міндеттер:

1.Тазартылған және басқа да белгіленбеген орындарға қатты қалдықтардың төгілуіне жол бермеу.

2.Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын одан әрі дамыту.

Бюджет саласы. 2013 жылдық тапсырма, мүлік, көлік және жер салықтары толық төленді. Ал кейбір шаруа қожалықтары салықтарын уақтылы төлемей округ көрсеткішіне кері әсерін тигізуде. Ол жөнінде жұмыстар жүргізіліп, шаралары алынуда. Аудандық жер комитеті мен жер инспекциясы арқылы жұмыс жасамай отырған шаруа қожалықтарын жабу жөнінде жұмыстар жүргізілді.

Міндеттер:

1.Салық түсімінің түсімін барынша арттыру(тіркелмей тұрған, жасырын жұмыс жасайтын нүктелерді анықтау арқылы)



Қоғамдық тәртіп. Құқықтық оқу сабақтары жүргізіліп келеді. Тұрғындар мен мектеп оқушылары арасында аудандық полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірігіп түсінік жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы округ бойынша қылмыстық іс тіркелген жоқ. Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу үшін, мектеп мұғалімдері, ата-ананалар, уч. инспектормен бірігіп құрылған кезекшілік жұмыстары жүргізілуде. Округ тұрғындарының шағымдары бойынша ауданнан арнайы ит ататын мекеменің адамдары ауыл көшелеріне шығып, иесіз жүрген 15 ит атылды.Биылғы жылы учаскелік инспекторға әкімшілік балансында тұрған бір пәтерлік тұрғын үй берілген болатын. Қазіргі күнге учаскелік инспектор басқа жерге қоныс аударып көшіп кетті, үш айдан бері округте учаскелік инспектор жоқ. Бұл ьжөнінде аудандық ІІБ басшысына қатынас берілді, жақын күнде учаскелік инспектор келеді деген үміттемін.

Міндеттер:



1.Округ тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Құрметті Ақтоғайлықтар: 2013 жылы біз, бүкіл дүниені дағдарыс буып тұрғанына қарамастан, өзіміздің жасампаздық жолымызды жемісті жалғастырдық, экономикамыз дамып, халықтың әл-ауқаты арта түсті.Келіп жатқан жылқы жылы да мол табыстарға толы болады деген сенімдемін.


Тыңдағандарыңызға рахмет!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет