Атты республикалық конференция өтеді. Конференция соңына қарай «Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 9 томдық жинағы Собрание сочинений в 9 томах» жинағының тұсаукесері



Дата02.05.2016
өлшемі28.88 Kb.
Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

2014 жылы 6 наурыз күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН. Марксизм қағидасынан ұлттық «Алаш» идеясына дейінгі эволюциялық жол» атты республикалық конференция өтеді. Конференция соңына қарай «Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 9 томдық жинағы - Собрание сочинений в 9 томах» жинағының тұсаукесері. 5 наурызда қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, ХХ ғасырдың басындағы шынайы ұлт көсемі, публицист, энциклопедист-ғалым Әлихан Бөкейхан 148 жасқа толды, конференция қайраткердің туған күніне орайластырылып отыр.

Қазақ «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхан 1917 жылдың қыркүйегінде өткен Жалпы Сібір сиезінде: - Халықтарға марксистік қағида бойынша емес, өздері қалағандай өмір сүруге мүмкіндік беріңдер! - деп мәлімдеді. Бұл сөз өзі басқарған Алашорда Ұлттық-аймақтық автономиясын жариялау қарсаңында айтылған. Осыдан біраз ғана бұрын, 1917 жылдың жазында, Әлихан Бөкейхан қазақ бірлігі ұранымен жедел түрде алғашқы қазақтың «Алаш» саяси патриясын құрған болатын. Бұл партия Бүкілресейлік Құрылтай жиналысындағы сайлауда, басқа бәсекелес партиялардан айқын басымдықпен жеңіске жетіп, қазаққа берілген барлық 43 депутаттық мандатты иеленді.

Большевиктердің билікке келуіне байланысты, «Алаш» зиялылары ІІ Жалпықазақ съезін өткізіп, 1917 жылдың 12 желтоқсанында Алашорда Автономиясы, яғни Алаш мемлекетін құру арқылы шын мәнінде қазақтың ұлттық мемлекеттігін қайта қалпына келтірген еді. Әлихан Бөкейхан оның президенті (премьер-министрі) болып сайланды.

Әрі қарай 1918-1919 жылдары Ә.Н. Бөкейхан өзін-өзі жариялаушы барлық «жалпыресейлік үкіметтерге» өзі Алаш автономиясының құзырына біріктірген аймақта, яғни ғасырлар бойы ата-бабаның қанымен сақталып келген қазақтың байырғы жерінде ұлттың өзін-өзі басқару құқығын орнықтыруды дәйекті түрде, қайсарлықпен қорғады және Кеңес үкіметіне қазақтың мемлекеттілігін мойындатуға қол жеткізді.

Бүгінгі таңда Алаш мемлекетінің негізінде қалыптасқан Тәуелсіз Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзіндегі 9-орынды иеленеді, әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі. Бұл тарихи шындық. Ә.Н. Бөкейханның рухына бағышталған конференция оның халқы үшін атқарған орасан зор еңбегі мен артына қалдырған тағылымды мол мұрасын зерделеуге арналады.

Конференция жұмысына тарихшы-ғалымдар, ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысады. Іс-шара «Бабалар қорымында» дамыл тапқан көрнекті мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлы мен Кенесары хан сарбаздарының рухына зиярат етуден басталады. Конференциядан кейін Әлихан Бөкейханға арналып ас беріледі.
Ұйымдастыру комитеті

Байланыс:

8 (7172) 70-95-47 (ж.)

8701-557-05-67

8702-945-73-62

Ұйымдастарушы:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

Өткізу күні: 2014 жыл

6 наурыз,

сағат 9:00

Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз-қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548

+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова

Конференция бағдарламасы:

(2014 жыл, 6 наурыз)
Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Бас ғимарат, «Ғылыми кеңес» залы (№259)

Кешенді шараның жұмыс тәртібі:
09.00 – ЕҰУ Бас ғимараты алдында жиналу (Сбор перед Главном корпусом ЕНУ)
09.15-10.15 – «Бабалар қорымындағы» С. Сәдуақасұлы мен Кенесары хан сарбаздарының рухына зиярат ету (Посещение могил С.Сәдуақасулы и воинов хана Кенесары) («Жастар» шағын ауданы)

10.30-12.30 – Пленарлық мәжіліс (Бас ғимарат, «Ғылыми кеңес» залы)

12.00-12.20 – Қорытынды. Қарар қабылдау

12.20-12.50 – «Бөкейхан Әлихан. Шығармаларының 9 томдық толық жинағы – Полное собрание сочинений в 9 томах.» тұсаукесері



13.00-14.00 – Әлихан Бөкейхан рухына құран бағыштап, ас беру
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет