Ауа райы. Климат



жүктеу 55.49 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі55.49 Kb.
Ауа райы. Климат

Ауа рауйын күн сайын сiз радио мен теледидардан тыңдайсыз. Ал ауа райы деген не?

    Ауа райы дегенiмiз белгiлi жердегi сол уақыт аралығында атмосфералық күйi. Ауа райы сипаттамасына ауа температурасы, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын, жердiң күшi мен бағыты жатады.

Ауа райының негiзгi ерекшелiгi – тұрақсыздығы және өзгергiштiгi . Бүгiн аспанда Күн сәулесi өте жарық, ал ертең бұлттар қаптап және майда жаңбыр жауады. Ауа райы белгiлi жерде өзгермейдi, ол 1 күнде жер шарының әр түрлi жерлерiнде де өзгередi.

Тропосфера ауасы бiртектi еместiгiнен әр түрлi ауалық массалар бар. Ауалық масса тропосферадағы ауаның үлкен көлемi, ол бiртектi және қозғалысы да бiрдей.

Ауалық массаның мөлшерi өте үлкен. Мысалы, 1 ауалық масса толығымен барлық Европаның ауданын жауып қала алады.

Ауалық массаның қасиеттерi әртүрлi. Олар жылы және суық, түссiз және шаңданған болуы мүмкiн, ылғалды және құрғақ ауа алып жүруi де мүмкiн. Мысалы, бiздiң елiмiздiң ауданына Атлант мұхитынан ауалық массалар келедi, олар жазда ылғалды және суық ауа және қыста ылғалды және жылы ауа алып келедi. Онымен жауын-шашыны бар бұлтты ауа райы байланысты. Оңтүстiктен бiзге жылы ауалық массалар келедi. Соларға байланысты ыстық және құрғақ ауа-райы болады. Ал Солтүстiк Мұзды мұхитынан келетiн ауалық массасы суық түсудi қамтамасыз етедi, және бұлтсыз ашық ауа-райын әкеледi.

    Берiлген жергiлiкке тән көпжылдық ауа-райының ауысу тәртiбiн климат деп атайды. Мысалы, жазда бiздiң жергiлiкте ыстық және құрғақ немесе салқын және жаңбырлы, қыста-аязды немесе жылы, қарлы немесе қары аз болуы мүмкiн екенiн байқадыңыз. Бұл өзгерiстер ауа-райының өзгергiштiгi туралы айтады. Ешқашан қыс жаздан жылы, ал жаз-қыстан суық болмайды. Климат осы ерекшелiкпен сипатталады. Теңiздер мен мұхиттар, таулы массивтер және жергiлiктi жердiң басқа да ерекшелiктерi климатқа әсер етедi.

   “Климат” сөзi грек тiлiнен аударғанда “ылди, еңiс” мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi тәуелдi күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды.

  Көкжиектен күн неғұрлым жоғары болса, соғұрлым күн сәулесiнiң түсу бұрышы үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады.

  Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Бұл жерде жыл бойы ауа температурасы с-қа жуық. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.

  Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.

   Бiз сiзбен қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Осы жағдайда тiршiлiк ететiн өсiмдiктер мен жануарлар да қолайсыз қыс кезеңiне шыдай алатын бейiмделгiштiгi бар. Өсiмдiктер қыс кезiнде тыныштық күйде болады. Олардың өсуi тоқтап, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, қыстауға қалған жануарлар қоректiк қорын қысқа жинайды.

  Ауа райы өзгергiш, ал климатқа тұрақтылық тән. Ауа райының өзгергiштiгi әртүрлi қасиеттерi бар ауалық массаның ауысуына байланысты. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Тiрi организмдерде әртүрлi климаттық жағдайда өмiр сүру бейiмдiлгiштiгi бар.



Ауаның ластануы. Ауаны ластанудан қорғау.

         Қазiргi уақытта атмосфераны завод құбырларынан, жылу электростанцияларынан, жарылғыш құбырлардан, автомобильдерден шығатын түтiннен, қаракүйеден, газтәрiздi заттардан және шаң бөлшектерiнен қорғау туралы мәселесi тұр. Бұл заттың барлығы ауаны бұзып, шаңдатады, тiрi организмдердi жою қаупiн тудырады. Ауалық ағындармен улы заттар үлкен арақашықтыққа тасымалданып, топыраққа, су қоймасына - өзендер мен көлдерге жаңбыр және қармен түседi.

         Күйе, шаң өсiмдiктiң жапырағына жабысып, олардың өмiрлiк процесстерi: фотосинтез, тыныс алу, булану процессiн бұзады. Өсiмдiктер ауаның ластануынан зардап шегедi. Шегiршiн ағашы орманда өссе, 300 жыл жасайды, ал қалалық жағдайда орташа 45 жыл тiршiлiк етедi. Орманда жасы 400 жыл болған жөке ағашы кездеседi, ал қала көшелерiнде ол 50-80 жыл ғана өседi.

         Жаңбырдағы қышқыл сумен қосылатын күкiрттi газдан түзiледi. Күкiрттi газ-ауаны ластаушының ең қауiптiлерiнiң бiрi. Ол тас көмiрдi, мұнайды, сланцтарды жандырғанда, темiрдi, мысты балқытқанда бөлiнедi. Күкiрттi газ тек қана қышқылды жаңбырдың жаууын емес, сонымен бiрге ауада улы туман, күйенiң концентрациясының жоғары болуын тудырады.

         Күйе-бұл бутәрiздi судың және түтiннiң қоспасы. Күйе ауаны тыныс алуға қажетсiз етiп, қан құрамының бұзылуына, тұншығуға әкеп соқтырады, организмнiң аураларға қарсы тұру қабiлетiн төмендетедi.

         Ең бiрiншiден өңдiрiстiк өнеркәсiптерде, жылу электростанцияларында тазартушы қондырғылардың шаңдар, көмiр бөлшектерi, зиянды газдарды ұстаушылардың болуы қажет.

         Ауаны тазартудың ең негiзгi әдiсi, бұрыннан берi қолданыста бар – саяжай, бақ, шалғындар, газондарды көгалдандыру. Өсiмдiктер жапырақтары шаңды, майда қатты заттарды ұстап қалады. Бiр гектар шыршалы немесе қарағайлы ормандар жылына 30 т шаң бөлшектерiн ұстап қалады. Жаңбыр бұтақтардан шаңды жуады, ол орман қайтадан ауаны шаңнан , күйеден, кiрден сақтайды.

         Қалада бәрiнен де шаңды шегiршiн ағашы мен сирень ағашы жақсы ұстайды. Олардың жапырақтарында майда өскiндер бар, олар шаңдарды ұстап тұрады. Көптеген өсiмдiктер атмосфераға ауру тудырушы бактерияларды өлтiретiн заттарды бөлiп шығарады. Әсiресе  мұндай заттар қарағайлы ормандарда көп. Олар пиязда, сарымсақта өте көп. Мойыл бөлетiн зат шыбын-шiркейдi, масаларды қуады.

         Өсiмдiктер атмосфераны көмiрқышқыл газынан тазартады. Фотосинтез процесiнде олар көмiрқышқыл газын сiңiрiп, атмосфераға  оттегi бөледi. Қалалар мен ауылдарда, яғни ауа ластанған жерлерде түтiндi жақсы көтеретiн өсiмдiктердi отырғызады. Мұндай өсiмдiктерге терек, үйеңкi, жөке, бузина, емен, сары акация, түймедақ, жауқазын жатады. Атмосфераны көмiр, мұнай, газ және торфтың жану өнiмдерiнен қорғау әдiстерiнiң бiрi жанғыш зат ретiнде сутегi газын пайдалану. Сутектi отынның болашағы бар. Ол жанғанда энергия бөлiнедi, су ғана түзiледi.

         Атмосфераға бөлiнетiн өнеркәсiптiк қалдықтар, автомобильдердiң және самолеттiң жарылғыш газдары, улы газдар және шаңдар ауаны ластайды. Бұлар өсiмдiктерге, жануарларға, әсiресе адамға өте зиянды әсер тудырады. Жер атмосферасына жедел көмек қажет.

АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ

Адамдар үздiксiз атмосфера жағдайын бақылап отырады: температура, атмосфералық қысым, желдiң бағыты мен күшi, ауа ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын. Атмосфералық жағдайдың ең негiзгi қасиетi - ауа температурасы.

Ауа егер түссiз болса, қалай қызады? Ауа түссiз, сондықтан ол жер бетiне күн сәулесiн өткiзбейдi. Егер ыстық ашық күнде терезе шынысын ұстасаңыз, суық екенiн байқаған шығарсыз. Ол шынының түссiз және күн сәулесiн жақсы өткiзу қасиетiне байланысты. Ал күн сәулесi түсетiн заттар бетi жылынады, өйткенi ол күнмен  жылынады. Осылай атмосфера күн сәулесiн өзi жылынбай өткiзедi, ал жер бетi жылынады. Ол өзiнiң жылуын атмосфераға бередi. Сонымен, атмосфера жер бетiнен берiлетiн жылу арқылы жылынады. Ауа температурасы тұрақсыз, өзгергiш шама. Ол бiрнеше себептерге байланысты. Ауа температурасы биiктiкке байланысты өзгередi. Жер бетiне жақын бөлiгiнiң температурасы жоғары. Жер бетiнен алшақтаған сайын, температура төмендейдi. Мысалы, ыстық күнде тауға көтерiлгенде, альпинистер өзiмен бiрге жылы киiмдердi ала жүредi.  Әрбiр километрге көтерiлген сайын  ауа температурасы 5-6 -ке төмендейдi. Сондықтан биiк таулардың шыңдарын қар басып жатады.

  Сiздер тәулiк бойы  ауа температурасының өзгергенiн байқадыңыздар. Күндiз түнге қарағанда жылы. Атмосфераның ең жоғарғы температурасы 14 сағатта, ал ең төменгi температурасы күн шығар алдында байқалады. Жер шарының көптеген аудандарында ауа температурасы жыл мезгiлiне қарай өзгередi.



Ауа температурасының жыл мезгiлi бойынша  өзгеруi  Күннiң көкжиек үстiндегi биiктiгiне байланысты. Ауа температурасы жер шарының  бетiндегi орналасуына да байланысты. Экватор ауданында  Күн жыл бойы көкжиек үстiнде өте биiк орналасады және жер бетi өте қатты қызады. Бұл жерде жыл бойы ыстық болады және ауа температурасы жыл мезгiлiне байланысты өзгермейдi. Ол шамамен +24 С –қа тең. Экватордан солтүстiк пен оңтүстiкке қарай Күннiң көкжиек үстiндегi биiктiгi жыл мезгiлдерi бойынша өзгередi, яғни осыған сәйкес ауа температурасы  да өзгередi. Солтүстiк жарты шарда жаз жылы, ал қыс суық. Ауа температурасы тұрақсыз, биiктiкке, тәулiкке, жыл мезгiлiне байланысты өзгерiп отырады.  Ауа негiзiнен жер бетiнен шығатын жылу арқылы жылынады.

                                    


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет