Ауаны бөлу өнімдерімен жұмыс кезіндегі қауіптілік түрлері Ауаны бөлудің сұйық өнімдерімен жұмыс кезіндегі қауіптілік



жүктеу 56.27 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі56.27 Kb.




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген

Ауаны бөлу өнімдерін өндіру мен тұтыну кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

1 - қосымша



Ауаны бөлу өнімдерімен жұмыс кезіндегі қауіптілік түрлері

Ауаны бөлудің сұйық өнімдерімен жұмыс кезіндегі қауіптілік
Ауаны бөлудің сұйық өнімдері төмен температуралы болады, қалыпты температурада өзінің көлемін көп рет өзгертумен оңай буланады.

Ауаны бөлудің сұйық өнімдерімен жұмыс келесі қауіптіліктермен байланысты:

қызмет көрсету персоналының тоңуы;

жабық ыдыстарда жоғары температураның тууымен жылдам қайнау;

көміртекті болаттан және басқа да суыққа төзімсіз металдар мен материалдардан жасалған құрылымдардың бұзылу мүмкіндігі.

Қышқылмен жұмыс істеу кезіндегі қауіптілік
Оттектің жоғары көлемді бөлігі бар ауа және таза оттек улы емес және жануға және жарылуға қабілетсіз. Оттек белсенді қышқылдандырғыш болатын себепті оттек ортасындағы немесе оттек жоғары болатын ауа ортасындағы заттар мен материалдардың басым бөлігі жоғары жарылыс өрт қауіптілік жүйесін пайда болдырады. Оттек ортасында материалды тұтандыруға қажетті энергия, сондай жағдайда ауада тұтандыру үшін қажетті энергиядан бірнеше есе төмен болады. Сондықтан басқа ортада қауіпсіз көптеген материалдардың оттек ортасында тұтану себебі: темекі шегу, электрдің ажырауы, статикалық электрдің ажырауы, механикалық бөліктің үйкелу кезінде қызуы және т.б. болады. Ауада жануға қабілетсіз табақты болат, болат құбырлар және тағы сол сияқты көптеген материалдар оттек ортасында жанады. Материалдың жануға қабілеттілігі оттек қысымы мен температурасының артуы кезінде көбейеді.

Оттекпен жұмыс келесі қауіптіліктермен байланысты:

оттекпен немесе оттек жоғары болатын ауада жабдықтың, құбырөткізгіштің және арматураның жануы;

газ тәрізді оттек ортасында немесе оттек жоғары болатын ауада қызмет көрсету персоналдың киімі және түкпен жабылған жерлерінің жануы;

сұйық оттекте немесе рұқсат берілгеннен артық сұйық байытылған оттекпен ауада олардың болуы артқан кезде көмірсутегі және басқа жарылыс қауіпті қоспалардың жарылуы;

кеуекті органикалық материалдардың (асфальт, пенопласт, ағаш және басқа) сұйық оттекті сіңіру кезінде жарылуы, бұл ретте сезміталдығы мен қуаттылығы бойынша кәдімгі жарылғыш заттардан асып түсетін жарылғыш тотықтырғыш-заттар пайда болады.

Киім тұтанған жағдайда дереу суы бар ваннаға түсу немесе авариялық душ астына тұру керек. Су болмаған жағдайда киім зардап шегушіден дереу шешіледі немесе жыртылады. Оттек сіңген киім біраз уақыт ауасыз да жануы мүмкін, сондықтан ауа бармау үшін отты сөндіруге немесе жанып жатқанды кигізге орауға рұқсат берілмейді.

Азотпен және аргонмен жұмыс істеу кезіндегі қауіптілік
Азот пен аргон инертті газдар болып табылады, олар улы, өрт және жарылыс қауіпті емес. Бұл газдармен жұмыс істеуде қауіптілік қызмет көрсетуші және жөндеуші персонал болатын ауада олардың мөлшері артқан кезде туындайды. Ауада оттекті алмастыру және ағзадан оттекті шығарумен олар адамға оттектің парциальды қысымы төмендеуінен тұншықтыру агенттері (асфиксанттар) ретінде әсер етеді.

Азот пен аргонның ағуы мүмкін қызмет көрсету және жөндеу аумақтарында осы Талаппен көзделген жабдық пен құбыр өткізгіштерді сөндіру, жұмыс аумағы ауасында оттектің болуын және желдеткіш жұмысын бақылау орындалады. Жұмыс аумағы ауасындағы оттектің көлемді бөлігі 19 % төмен емес.

Ауадағы оттектің көлемді бөлігі 19 % төмен болғанда инертті газдардың ағуын түзету бойынша, желдету және үй-жайды желдету және қажеттілігі болғанда жұмысты тоқтату мен персоналды шығару бойынша шұғыл шаралар қабылданады. Қисынды жағдайларда ауадағы оттектің көлемді бөлігі 16 % төмен болғанда міндетті түрде шлангылы және оттекті-оқшаулаушы газ тұтқыштарды қолданумен қысқа уақытқа адамдардың болуына рұқсат беріледі. Сүзгішті тұтқыштардың барлық түрін оттектің төмендетілген ортасындағы жұмыс үшін пайдалануға рұқсат берілмейді.

Оттек 14-тен 10-ға дейін % болған кезде адам есінен толық танбайды, бірақ айналадағы жағдайды қабылдауы өзгереді, ағзаның сезімталдығы білінеді (әсіресе сезгіштік), қозғалыс координациясы бұзылады (теңсалмақтылықты жоғалту), жұмысқа қабілеттілік төмендейді (жылдам шаршаушылық пайда болады, әлсіздік сезіледі).

Одан әрі оттек 10-нан 6-ға дейін % төмендеген кезде бұлшық ет әлсіздігі, (қозғалуға қабілеттілік бұзылады), немқұрайлылық сезімі, «есінен ауу» және есінен тану пайда болады.

Зардап шегушінің ағзасында оттектің болуының азаю белгілері жеке сипатты болады, сонымен қатар ауада оттектің болу көлемі мен қауіпті аумақта болу уақытына байланысты болады.

Ауада оттектің болуы күрт төмендеген кезде және адамның аргон немесе азот ортасына байқаусызда тап болу кезінде бірнеше рет дем алу қанда есінен тану бірден және тосын пайда болатын оттектің парциалды қысымының төмендеуі үшін жеткілікті.

Адамға аргонның немесе азоттың әсерінің айырмашылығы олардың толық қысылуымен атмосферадан оттекті шығару кезі жоқ.

Ағза көтере алатын ауаның аргонмен қоспасын жұтқан кезде, шамалы эйфория тудыратын, азотпен салыстырғанда аргонның баяу наркотикалық әсері пайда болады. Бірақ бұл қауіптілікке аса әсер етпейді.

Қауіпті аумақтан зардап шегушіні алып кеткен соң медициналық көмек көрсеткенге дейін оны қысып тұрған немесе дем алуын қиындатқан киімі босатылады, жасанды дем беру басталады және оттекті маска кигізіледі.

Азот әртүрлі өндірістік процестерде инертті газ түрінде немесе басқа технологиялық мақсатта үлкен мөлшерде қолданылады. Өндірістік процестердің үлкен бөлігінде, цилиндрдің маймен майланған компрессорларында азотты қысу кезінде жоғары, нормадан артық оттектің болуымен азоттың түсуі үлкен қауіптілік туғызады. Ауа бөлгіш қондырғының жұмыс режимі бұзылған кезде азоттың оттекпен ластануы мүмкін, тұтынушыларды және оттекпен ластанған азоттың түсуінен цилиндрдің маймен майланған азотты компрессорларын қорғау бойынша барлық талаптар орындалуы тиіс.

Бұйымды суыту үшін сұйық азотты қолданған кезде оттек концентратының жоғарылауымен жалғасатын сұйықтың булануы жүреді. Оттек концентратының сұйықта 30 % дейін жеткен кезінде сұйық оттекті қолданған кездегідей қауіптілік туындайды.

Аргон ауадан ауырырақ және белгілі бір шарттарда жертөле үй-жайларында оларда оттектің төмендетілген қалпымен атмосфера түзіп жинақталуы мүмкін.

Криптонксенонды қоспа, криптон және ксенон алу кезіндегі қауіптілік
Криптонксенонды қоспа алу кезінде, криптон және ксенон ажырату кезінде радиоактивті болып табылатын криптонксенонды қоспаны тотықтандыру блоктарын қоршау қажеттілігін тудыратын, толтырылған баллондарды персоналдан оқшауланған үй-жайларда ұстау және толтырылған баллондарды арнайы арбамен тасымалдауды қажет ететін радонның жинақталуы жүреді.

Газдың түріне байланысты шкафтардағы жазулар, бояу түсі мен жазу астындағы көлденең жолақ түсі




Газдың атауы

Шкаф бояуы

Жазу мәтіні

Жазу түсі

Жолақ түсі

Азот

қара

Азот

сары

қоңыр

Техникалық аргон

қара

Техникалық аргон

көк

көк

Таза аргон

сұр

Таза аргон

жасыл

жасыл

Оттек

көгілдір

Аз қауіпті оттек

қара

-



_____________________
: laws -> law -> nnic
nnic -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
nnic -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
nnic -> Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар
nnic -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
nnic -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
nnic -> Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар
nnic -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің талабы Требования промышленной безопасности при производстве магния Астана 2009
nnic -> 1-тарау. Жалпы талаптары 1-параграф. Талаптардың қолдану саласы және тағайындалуы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет