Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі №95 қаулысы 2010 жылдың сәуір-маусымында



жүктеу 33.32 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі33.32 Kb.
: uploaded -> airtau.sko.kz -> docs -> files kaz
files kaz -> Айыртау ауданы әкімінің 2010 жылдың І тоқсанында қабылдаған шешімдерінің тізбесі
files kaz -> 2010 жылға арналған Айыртау ауданындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару
files kaz -> Көктемгі егіс жұмыстарын өткізуде оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
files kaz -> Жоба Айыртау ауданы әкімдігінің қаулысы Сотталғандарға қоғамдық пайдалы жұмыс түрлерін бекіту туралы
docs -> Елецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру Құрметті жерлестер!
docs -> Сырымбет селолық округінің әкімі Д.Қ. Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі Құрметті ауылдастар!
docs -> Отчет акима Гусаковского сельского округа Таласова Е. И. перед населением сельского округа
docs -> Гусаковка селолық округінің әкімі Е. И. Таласовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі
files kaz -> Аудан әкімдігінің 2010 жылдың і тоқсанында қабылдаған қаулыларының тізбесі
files kaz -> Қаулысы 2010 жылға арналған Айыртау ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі №95 қаулысы

2010 жылдың сәуір-маусымында

және қазан-желтоқсанында

аудан аумағында мерзімді

әскери қызметке азаматтарды

шақыруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» №74 Заңының 19-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» №960 Жарғысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жас аралығындағы мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызмет мерзімін өткермеген оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы халық қауіпсіздігі Комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын.

2.Аудандық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құрылсын:



Чепухин

Сергей Иванович



комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Тілеубаева

Раушан Райымжанқызы



комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;








Комиссия мүшелері:

Әшімов

Аян Әбуұлы



«Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары;

Сейтқожина

Нұрсұлу Көшербайқызы



медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің алғашқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары;

Нұртазина

Әнипа Бақытжанқызы



комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі.

3.Селолық округ әкімдері азаматтарды хабарландыруды және олардың шақыру учаскесіне уақытылы келулерін қамтамасыз етсін.

4.«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп (келісім бойынша):

шақырылғандарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияны дәрігер-мамандармен құрастырсын;

комиссияны қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;

ауданның емдеу-алдын ала емдеу мекемелерінде шақыру комис-сиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін орындар көзделсін.

5.«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

6.«Айыртау аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):

шақыру және аттандыру кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырсын;

аудандық шақыру пунктінде тәртіпті қамтамасыз етсін.

7. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскери қызметке аттану кезінде, облыстық жинау пунктіне салтанатты шығарып салу рәсімін, спорттық-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырып өткізсін.

8.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р.Тілеубаеваға жүктелсін.

9.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудан әкімі Е.Айнабеков
Айыртау ауданының әділет Басқармасында 2010 жылы 30 сәуірде №13-3-115 тіркелген.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет