Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы



жүктеу 99.68 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі99.68 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




Аудан әкімдігінің

2013 жылғы 11 наурыздағы

№ 39 қаулысымен бекітілген


«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

1.Жалпы ережелер
1. Осы «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес жасалған.

2. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы ауылдық округтің әкімі аппаратымен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).

3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» №1119 қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрi - Стандарт).

5. Мемлекеттiк қызмет тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында және уәкiлеттi органның стендiлерiнде орналастырылады.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі ретінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама қағаз жеткiзгiште беру (бұдан әрi – анықтама) немесе қызметті көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну 5 жұмыс күнін құрайды;

2) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі.

Уәкілетті органның мекен-жайлары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай қарастырылған уәкілетті органдардың ғимараттарында көрсетіледі. Күту залдары толтырылған бланктердің үлгілері бар ақпараттық стенділермен жарақталған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған уәкілетті органның қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.

14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

 1) уәкілетті органның қызметкері;

2) уәкілетті органның басшысы.

16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 3-қосымшада берілген.


4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.     

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша

Уәкілетті органның мекен-жайлары


Р/с №

Сырым ауданындағы ауылдық округ әкімі аппараттарының атаулары

Орналасқан мекен - жайы

Байланыс деректерi

1.

«Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 12

871134-31-218

871134-31-308



2.

«Бұлан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090903, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлан ауылы, Школьная көшесі, 1

871134-31-221

871134-21-997



3.

«Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090901, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылы Советская көшесі, 19

871134-99-127

871134-99-135



4.

«Шолақаңқаты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090912, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Тоғанас ауылы Коммунистическая көшесі, 1

871134-97-236

871134-97-221



5.

«Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090902, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылы Абай көшесі, 1

871134-31-215

871134-95-148



6.

«Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090910, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылы Коктобе көшесі, 5

871134-52-157

871134-52-158



7.

«Елтай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090911, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылы Сырым Дат Ұлы көшесі, 1

871134-52-236

871134-52-237



8.

«Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090907, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылы, Қособа көшесі 279

871134-31-220

871134-93-337



9.

«Сарой ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090908, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Шағырлой ауылы Советская көшесі, 5

871134-92-178

871134-92-123



10.

«Жосалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090909, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қоңыр ауылы Жумагалиева көшесі, 1

871134-91-117

871134-91-112



11.

«Жетікөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090906, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қосарал ауылы Комсомольская көшесі, 1

871134-90-413

871134-90-465



12

«Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090904, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Бұлдырты ауылы Маметов көшесі, 1

871134-92-329

871134-92-350


«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы


іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1

Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ-2

Уәкілетті органның басшысы

1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және қолхат береді.


1 іс-әрекет
Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларын қарайды және уәкілетті органның қызметкеріне жіберу.


2 іс-әрекет
Анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның басшысына жіберу және дайындау.


3 іс-әрекет
Анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді жауапты беру.



Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну 5 жұмыс күнін құрайды;

2) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.


«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба





















©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет