Аудан әкімі Н. Мұсабаевтың Арал ауданының 2012 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалык даму қортындылары және



Дата01.05.2016
өлшемі342.68 Kb.
Аудан әкімі Н.Мұсабаевтың «Арал ауданының 2012 жылдың

6 айындағы әлеуметтік-экономикалык даму қортындылары және

ағымдағы жылдың негізгі міндеттері туралы» аудандық

мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясында жасаған баяндамасы.


Құрметті аудандық мәслихаттың депутаттары !

Құрметті бүгінгі сессияға қатысушы әріптестер !

Өздеріңізге белгілі өткен 2011 жылды біз барлық сала бойынша жемісті аяқтап, тәуелсіз Қазақстанымыздың өз бетінше өркениетке қарай қадам басқанына 20 жыл толған мерейлі мерекесін толағай табыстармен, үлкен ауызбіршілікте атап өттік. Жыл көлемінде жергілікті халықпен кездесе, кеңесе, қоян-қолтық араласа отырып жұмыс жасадық.Жыл аяғында аудандағы барлық деңгейдегі әкімдердің жергілікті тұрғындар алдындағы есепті кездесулерін өткізіп, халықтың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін, сын ескертпелерін тыңдап, олардың тізбесін жасап, жүзеге асыру іс-шараларын белгілеп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алдық.Бүгіннің өзінде солардың басым көпшілігі шешімін тауып, іске асырылды. Елеусіз, ескерусіз қалғаны болған жоқ.

Биылғы жыл елімізде үлкен саяси науқанмен басталды. Қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы болып өтті. Бұл сайлауда да аудан халқы саяси сауаттылық танытып, елді басқару ісіне жауапкершілікпен қарай- тындықтарын көрсетіп, үлкен ұйымшылдық байқатты.

Әрине, биылғы жылдың міндеттерін жүзеге асыруға аудан жұртшылығын жұмылдыра түскен, 2012 жылдың 27 қаңтарында жария етілген, Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауы болды. Жолдау алдағы онжылдықтағы дамуымыздың басым бағытын айқындап, елдің экономикалық қуатын еселейтін, халықтың табысын арттырып, тұрмыстық деңгейін көтеруді көздейтін жүйелі жұмыстардың жобасын белгілеп берді. Бағыт белгіленді, міндет айқындалды. Сондықтан 2012 жылдың 2-ші ақпанында аудан әкімінің № 16 қаулысымен ауданда жолдауды насихаттайтын он бір ақпараттық – насихаттық топ құрылды.

Бүгінгі күнге республикалық, облыстық және аудандық насихаттық топтар мүшелерінің қатысуымен елді мекендерде 9-кездесу, 4- дөңгелек үстел, бір пікір- сайыс, бір әдеби-әуенді кеш ұйымдастырылып өткізілді. Жолдаудың басым бағыттарын насихаттау мақсатында аудан, кент, ауылдық округ орталықтарына 20 үгіт-насихат құралдары (17 билборд, 3 керме) ілінді. Арнайы кестеге сәйкес бұл жұмыстар жыл көлемінде әлі де жалғасын табатын болады.

-2-


Құрметті депутаттар мен сессияға қатысушы әріптестер !

Елбасы атап айтқандай, 2012-2015 жылдар Қазақстан үшін үлкен белестерге көтерілу кезеңі болатын болса осы кезең, біздің Арал ауданы үшін де өсу, өркендеу, даму кезеңі болып тарихта қалмақшы. Олай дейтін себебім 2012 жылдың есепті мерзімінде негізгі капиталға тартылатын инвестиция



көлемі 661,5 млн теңгені құрап, ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, қайта жаңғырып Арал қаласына 20 шақырымға дейін жақындаған Кіші Арал теңізін қала іргесіне жеткізіп, көлдер системасының толық сулануына, аудандығы экологиялық ақуалдың жақсаруына, балық аулау көлемін 2-3 есеге арттыруға мүмкіншілік беретін «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасының екінші кезеңі басталатын болады. Көп жылдан бері жұртшылықтың арман – жырына айналған жоба іске асқан жағдайда ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық, экологиялық ақуалына тигізер пайдасы туралы айтпаса да бәріңізге белгілі-ғой деп ойлаймын. Ауданымыздың оңтүстігі мен солтүстігін түгел басып өтетін, аудан көлеміндегі ұзындығы 213 шақырымды құрайтын күре жол – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі 2013 жылы іске қосылады. Халықаралық дәліз пайдалануға берілген уақытта аудан көлемінен бір көліктік – логистикалық орталық, Қамыстыбас көлі жанынан туристік, сервистік демалыс орталығы және басқа да көптеген бизнес нысандары орналастырылады. «Бозой - Шымкент» газ құбыры, ауданның жерін көлденеңінен көктей өтетін, ғасыр құрылысы деп бағалауға тұрарлық «Жезғазған-Сексеуіл-Бейнеу» теміржолының құрылысы салынып ауданның экономикасының өрлеуіне өз ықпалын тигізетін болады. Сексеуіл кенті ірі тораптық стансаға айналады. Ұзындығы 517 шақырымды құрайтын «Жезқазған- Сексеуіл» теміржолының бойынан 13 станса, 30 теміржол бекеті бой көтеріп, мыңдаған адамға тұрақты жұмыс көзі ұсынылмақшы. Жол бойынан көптеген инфрақұрылымдар салынып, өндіріс пен бизнес құрылымдарының дамуына қолайлы жағдай жасалады. Экономиканың күре тамыры саналатын қос жолдың аудан көлемінен салынуы ауданымыздың өсіп - өркендеуіне, экономикасының дамуына үлкен үлес қосатынына сенім мол. Қазірдің өзінде он мыңнан астам адам осы құрылысқа жұмылдырылмақшы.


Құрметті депутаттар!
Өздеріңіз байқаған боларсыздар, биылғы жолдауда маңызды деген он міндеттің ішінен халықты жұмыспен қамту мәселесі бірінші кезекке қойылған. Демек, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше болмақ. Негізінен төрт бағытта жұмыс жасайтын бұл бағдарламаның 3-і ең алдымен ауылдық елді мекен тұрғындарын еңбекпен қамту мәселесін шешуге бағытталған. Осы бағдарламаның бірінші – жұмыссыз және аз қамтылған халықты оқыту және жұмыспен қамтуға

-3-

ықпал ету бағытында ауданда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 2012 жылдың есепті кезеңіне 50367,0 мың теңге қаржы бөлініп келісім-шарт негізінде жолдамамен 6 айда 283 адам жұмысқа жіберілді. Жастар тәжірибесі аясында еңбекке орналастыру ісіне осы жылға 27789,0 мың теңге бөлінген болса, бүгінгі таңға тиісті оқу орындарын бітірген 162 адамға жолдама беріліп, тәжірибе жинақтауда. Бұл жұмыс жыл аяғына дейін жалғасын табатын болады. Сонымен қатар жыл көлемінде 100 адамды қажетті мамандықтарға қайта даярлау курстарынан өткізу жоспарлануда.

Екінші бағыт- жеңілдік шарт негізінде шағын несиелендіру, арқылы ауылдық жерлердегі бизнес құрылымдарын дамыту. Биылғы жылы аудан бойынша 157,5 млн теңге несие беру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңға 326

адамның өтініштері мен тиісті құжаттары дайындалып, жуық арада ашық конкурс өткізу жоспарлануда.



Үшінші- экономикалық әлеуеті төмен елді мекеннен даму орталықтарына көшіру арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға 6 елді мекеннен 23 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп отыр. Олардың 12-сі Арал қаласына, 11-і облыс орталығы Қызылорда қаласына қоныс аудармақшы. Бұл азаматтардың құжаттары аудандық комиссия отырысында қаралып, қолдау тапқаннан кейін қазір талапқа сай өңірлік комиссияның отырысына ұсынылып отыр. Осы бағытты іске асыру мақсатында 14 қызметтік үй салу жоспарлануда.

Төртінші – бағыт бойынша, өңірлерді дамыту мақсатында, Жақсықылыш кентінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстары үшін республикалық бюджеттен 72,031 млн теңге қаржы құралды, 35 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылатын болады.



Қадірменді депутаттар!
Нарықтық экономика кезеңінде халықты еңбекпен қамту мәселесі атқарушы биліктің негізгі міндеттерінің бірі болып қала бермек. Осы орайда біздің басты бағытымыз қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу болмақ. Бұл дегеніңіз кезінде Елбасының тапсырмасымен жасалған индустрияландыру картасының жұмысын жалғастыру. Осы «Үдемелі индустриалды – инновациялық даму» бағдарламасына сәйкес өткен жылы аймақтық Үйлестіру Кеңесіне 21 жоба ұсынған болатынбыз. Жобалардың жалпы құны 21528,7 млн теңгені (оның ішінде өз қаржысы 3533,1 млн, сұраным қаржысы 17995,6 млн теңге) құрайды. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда 2288 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған болатын. Енді осы индустрияландыру картасына енген жобаларға тоқталып өтер болсақ. Олар:

«Арал» сервистік дайындау орталығы: «Оңтүстік әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясымен», «Камбала балық» ЖШС-імен бірлесе отырып 2009 жылы бұрынғы Арал балық комбинатының мұздатқыш цехына сметалық құны 108 млн теңге тұратын қосымша құрылыстар салу арқылы 192 млн

-4-


теңгеге бағаланған балық өңдеу кешені. Орталық 2010 жылғы қазан айында өткізген тендір бойынша Сырдария өзенінің ұзындығы 90 шақырым (№24 участок) бөлігін иемденіп, квота бойынша жылына 123 тоннаға дейін балық аулауға рұқсат алған. 2010 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастаған орталық осы кезеңде 32 млн теңгенің балық өнімдерін өндірді. Облыс әкімінің

қолдауымен 2010 жылы «Оңтүстік қаржы компаниясынан» қаржылық лизингке 17,0 млн теңгеге 5 мұздатқыш агрегатын, 7,2 млн теңгеге автокөліктер алған орталықта бұл күндері 26 жұмысшы-қызметкер тәулігіне 14,4 тонна балық өнімдерін, соның ішінде 2,1 тонна әшекейлеп мұздатылған балық филесін шығаруда. Орталық қазіргі заман талабына сай аналитикалық лабораториямен жабдықталған. Балық өндеу кешені 2011 жылдың 16 шілдесінде балық

өнімдерін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне еніп Ресей, Беларус елдеріне өнім шығару құқығына ие болса, қазір ветеринариялық –

санитарлық тексеруден өтіп, Евро Одақ елдеріне әшекейлеп мұздатылған балық филесін экспорттауға «Еврокод» алуға талпыныс жасауда.



«Арал құрылыс» ЖШС-і: қиыршық тас, құм, цемент қоспаларынан 7 түрлі құрылыс-бетон бұйымдарын шығарады. Толық қуатына енген жағдайда

тәулігіне 160 шаршы метр темір-бетонын шығара алатын серіктестік өткен жылы «Банк центр кредит» арқылы 35 млн теңге алып, өз қаражаты есебінен 11 888 950 теңге жұмсап, жалпы құны 45 888 950 теңгеге түрлі техникалар алып жаңадан жарақтандырылды. Серіктестікте 25 адам тұрақты, ал жазғы маусымда сұранысқа қарай 60 адамға дейін жұмыс істеп келеді.



«Дана» фирмасына қарасты, «Латон-Маркет» ЖШС-гі Шөміш стансасынан 17 шақырым қашықтықтағы кварц құмының кен орнында жұмыс жасайды. Фирма,қуаттылығы жылына 450000 тонналық тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлауда. Кәсіпорын осы жұмыстарға өз қаражаты есебінен 800,0 млн теңге инвестиция салды. Жобаны іске асыруға әлі де 3700,0 млн теңге көлемінде кредиттік қаражат қажет.

«Қазақстан Даму Банкі», «Ұлттық инвестициялық қор» АҚ-мен бірлесіп, жобаға жасалған барлық сараптамалар бойынша оң қортынды шығарылды. Қазіргі таңда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру схемасы пысықталуда.



«Торжынбай Төре» ЖШС: Қамбаш көлінің жағасынан киіз үйден қонақ жайлар ұйымдастыру жобасы:туризм саласы бойынша инфрақұрылымды дамытып, Қамбаш көлі жағасынан демалыс аймағын ашудың жобалық-сметалық құжаттары мен техникалық- экономикалық негіздемелері дайындалған. Осы мақсатқа Қамыстыбас көлінің жағасынан 494 га жер бөлінген. Бүгінгі күні облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, түбегейлі жопарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарын әзірлеу аяқталды. Сыртқы инженерлік жүйелерді жеткізу жобасы әзірленіп, көл жағасындағы демалыс аймағына дейін баратын тас жол салынды.

-5-

Арал қаласынан 300 тн көкөніс қоймасын салу жобасы («Арал СЗЦ» ЖШС): жобаның жалпы құны 40,2 млн. теңге. Оның 25,0 млн айналым қорына, 15,0 млн теңгесіне құрал жабдықтар алынады.

Іске асырылған жағдайда жоба он адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2012 жылдың бірінші жарты жылдығында аймақтық Үйлестіру Кеңесіне 6 жоба ұсынылды. Жобалардың жалпы құны 399,0 млн теңгеге, оның ішінде өз

қаражаты есебінен 72,0 млн теңге, сұраным қаржысы 337,0 млн теңге. Жобалар іске асырылған жағдайда 247 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Биылғы жылы индустрияландыру картасына енген «Органикалық (табиғи) тыңайтқыш өндіру зауыты мен жылы жай салу жобасы» бойынша құрылыс салуға «Жан Росс ХХІ-ғасыр» өндірістік кооперативі Арал қаласының шығыс бетінен бір гектар жер тілімін алды. Жобаның жалпы құны 120 млн теңге. Зауыт жұмыс жасаған кезде 60 адам, құрылысты салу кезеңінде 30 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бұған дейін республикамызда тыңайтқыш өндіретін бірде-бір орталық болмауына байланысты оның ТМД елдерінен қымбат бағамен әкелінгендігін ескерсек, бұл зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие болады деп күтілуде.

Бұл жобаларға несие беру мәселесі әзірге шешімін тапқан жоқ.

Енді, «Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы бойынша» екінші деңгейлі банктерден пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау жолымен жеңілдетілген несиеге қол жеткізгендерге келсек, жеке кәсіпкер Ж.Бодықов «Нан және ұн өнімдері өндірісі» жобасына БТА Банк АҚ-нан 5 жыл мерзімге 8,4 млн теңге несие алды. Алынған несиеге кәсіпкер нан тасымалдайтын арнайы Газ 3302-1288 маркалы автотранспортын және АN-01 маркалы дизельді электростанциясын сатып алды. Он бір пайызбен алған несиенің 4 пайызын жеке кәсіпкердің өзі төлесе, 7 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланатын болды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақысыз бизнесті жүргізуде сервистік қолдауға «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС, «Арал құрылысы» ЖШС, «Ранар» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС өтінімдері жолданды.

Кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, бизнесті табысты құру және табысты басқарудың дағдыларын жетілдіру мақсатында «Арал құрылысы» ЖШС –нің директоры М. Кульмырзаев, «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-нің директоры Ш. Абдуалиев, «Ранар» ЖШС-нің директоры А. Шуйіншалиевтер «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес мектебінің базасында арнайы бизнес курсынан өтіп келді.

Индустрияландыруға байланысты ірі жобаларды іске асырумен қатар ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне де жете назар аударылуда .

Ауданда 2011 жылдың маусым айында 2157 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген болса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 2296-ға жетті немесе, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139 бірлікке артты.

-6-


Тіркелген субъектілердің ішінде жеке кәсіпкерлер саны 135 бірлікке, немесе екі пайызға, ал шаруа қожалықтары 4 бірлікке, немесе бір пайызға өсіп отыр.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 2012 жылдың мамырына 3718 адам жұмыспен қамтылып, олардан 135,8 миллион теңге салық түсімі алынды. Өткен

жылмен салыстырмалы кезеңде жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамға, салық түсімі 23,8 миллион теңгеге артты.

Белсенді кәсіпорын саны 2011 жылдың 1 маусымына 133 бірлікті құраса, 2012 жылдың мамырында 135 бірлікке жетті. Бүгінгі таңда ауданда 1523 халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орталығы (сауда нүктелері, тамақтандыру орындары, монша, шаштараз т.б) қалыпты жұмыс істейді. Салыстырмалы кезеңде тұрмыстық қызмет көрсету орталықтарының саны да 191-ге көбейіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сауда нүктелері 114 пайызға, немесе 106 бірлікке, халыққа қызмет көрсету орталықтары 111 пайызға, немесе 69 бірлікке артты.

2012 жылы кәсіпкерлік саласында 310 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жыл басынан 108 жеке кәсіпкерлік субъектісі заңды тіркеуден өтті, немесе жаңа жұмыс орындары ашылды.Нарық заңдылығына сәйкес жеке кәсіп көзін ашып,заман талабына сай тіршілік жасаймын деп талап қылғандарға несие беріп,қаржылай қолдау көрсетіп жіберу жағы да ойластырылған.

Қазір ауданда қалыпты жұмыс істеп тұрған 22 шағын несиелік құрылымдар бар. 2012 жылдың мамырына шағын несиелендіру құрылымдары арқылы 1316 адамға 787417,3 мың теңге несие берілді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға ағымдағы жылға бөлінген 125 млн. теңгеге Қызылорда әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы осы айда тендер өткізілім. Конкурсқа «Көгіс», «Арал инвест», «Ерке -Ел» және «Арал ырысы» несие серіктестіктері қатысуға ниет білдіріп отыр.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп семинар- кеңестер өткізіліп тұрады.



Құрметті аралдықтар !

Біздің ауданымыз облыстағы Қызылорда қаласынан кейінгі, бірден-бір өнеркәсібі дамыған өндірісті аудан болып саналады. Өйткені аудан көлемінде «Аралтұз» акционерлік қоғамы, «Арал вагон» ЖШС-гі, «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-гі, «Арал» сервистік дайындау орталығы ЖШС-гі, «Қамқор локомотив» ЖШС-гі, Сексеуіл жол пайдалану депосы, «Латон-Маркет» ЖШС-гі тәрізді ірі-ірі өндіріс орындары орналасқан. Жаңа жобалар жүзеге асырылған кезде бұл өндіріс орындарының саны әлі де арта түсетін болады.

Енді тәуелсіздігіміздің жиырма бірінші жазына аяқ басқан ауданымыздың үстіміздегі жылдың алты айындағы алған асулары мен атқарған шараларына талдау жасап, алдағы міндеттерді баяндайтын болсақ төмендегі көрсеткіштерді тілге тиек еткен болар едік.

-7-


Есеп беріп отырған кезде осы өндіріс орындарында өндірілген өнімнің көлемі ағымдағы бағамен 1823,0 млн теңгеге жетті, немесе өткен жылдың осы

кезеңімен салыстырғанда 69,0 пайызды құрады. Ал, өңделген өнім түрлерінен нақты деректер келтіретін болсақ 42390 тонна тұз қазылып, 554 тонна балық

өнімдері, 27 тонна ет өнімдері, 354 тонна нан өнімдері өңделді. Сонымен қатар аталған кезеңде 211 локомотив (тепловоз) жөнделіп, 25,3 мың текше метр кварц құмы өндірілді. 753,8 мың текше метр су, 25935,0 мың КВт/сағат электро энергиясы таратылды. Аудандағы өнеркәсіп өнімдері нақты көлемнің

индекстері бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 69,0 пайызға орындалып отыр.

Биылғы жылы «Аралтұз» акционерлік қоғамы тұз қазу маусымына дайындық жұмстарын уақытылы аяқтап, жаңа учаскіден 45533 тонна тұз қазып дайындалған тұз қорын көбейте түсті. Осыған орай есепті кезеңде акционерлік қоғамдағы жұмысшы қызметкерлердің саны да өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42 бірлікке өсті.

Қырды малы жайлаған, Сырда балығы тулаған ауданның ауылшаруашылығы да жыл санап дами түсуде. Ежелден ел ырысы болып, аудан тұрғындарының ата кәсібіне айналған мал өсіру және балық аулаумен қазір 332 құрылым айналысады. Бүгінгі таңға ауыл шаруашылығы саласында бір акционерлік қоғам, бір өндірістік кооператив, бір ТОО, төрт ЖШС, бір мемлекеттік мекеме және 324 шаруа қожалығы тіркелген.Қолда бар малдың қадірін жеке түсінген халық,ел байлығын еселеп өсіруге ықыласпен кірісіп отыр.Оны жылдан-жылға аудандағы төрт түлік малдың көгенінің кеңейіп,басының көбейіп келетінінен аңғаруға болады.

2012 жылдың 1 шілдесіне аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 42490 бас мүйізді ірі қара, 127177 бас қой мен ешкі, 18011 бас жылқы және 19951 бас түйе малы бағылып, күтілуде. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1230 басқа, жылқы 896 басқа, түйе 513 басқа көбейді. Аудан бойынша қолда бар мүйізді ірі қараның 99,9 пайызы, қой мен ешкінің 99,5 пайызы, жылқының 99,8 пайызы және түйе малының 100 пайызы жеке тұлғалардың үлесінде.

Мал басының көбеюі одан өндірілетін өнім көлемінің де ұлғаюына өз септігін тигізуде. Жыл басынан бергі 6 айында 1483,3 тонна ет, (тірілей салмақта), 3608,1 тонна сүт, 180 тонна жүн және 44,6 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өнім өндіру көлемі тиесінше еттен 100,3 пайызға, сүттен 100,4 пайызға, жүннен 100,9 пайызға артық орындалды.

Қазіргі уақытта ауданның 5 ауыл шаруашылығы құрылымы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Атап айтқанда: «Құланды» ЖШС-гі жылқының және асыл тұқымды қазақтың айыр өркеш түйе тұқымын; «Көктем» шаруа қожалығымен «Байдәулет» шаруа қожалығы – асыл тұқымды қазақ жылқысын; «Қарақұм» және К» ТС-гі асыл тұқымды қаракөл қойын; «Берекет» шаруа қожалығы мүйізді ірі қара малының асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырын өсірумен айналысуда.
-8-

Бүгінгі күнгі яғни, 2012 жылдың 1 шілдесіне бұл шаруашылықтарда асыл тұқымды 2288 бас жылқы, 1030 бас түйе, 938 бас қаракөл қойы және 349 бас мүйізді ірі қара малы күтімге алынып, бағылуда.

Қазіргі таңда, ауданда мал басын асылдандыру бағытында 5 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істеп тұр.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында мал өнімдерін өңдеумен «Қамқор тұтыну» ЖШС-гі-сүт өнімдерін, «Дастан» шаруа қожалығы-мал союмен, жеке кәсіпкер «Махашев Ж» - жүн түтумен айналысса, балық өнімдерін өңдеумен «Қамыстыбас балық питомнигі» РМК, «СДО Арал» ЖШС-гі «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-гі және жеке кәсіпкер «Қарасай-Қази» айналысады. Осы аталған кәсіпорындар 2012 жылдың 1 шілдесіне 571 тонна өнім өңдеп, олардың жалпы құны 77736,0 мың теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткішті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңделген өнім көлемі 216 тоннаға аз болғанымен, (негізінен балық өнімдері) жалпы өңделген өнімнің құны 35478,2 мыңға артты.

Аудан негізінен мал шаруашылығына бейімделгенімен индикативтік жоспар бойынша егіс көлемін де ұлғайтып келеді. Егін «Басықара», «Қараарық» каналдары мен К-1 қашыртқысының бойына, көлдер жағасына жеке қожалықтардың күшімен егіліп, жиналады.

Аудан бойынша 2012 жылға егіс көлемі индикативтік жоспар бойынша 210 гектар болса, ішкі жоспар негізінде 233 гектар жерге егін егіліп толығымен орындалды. Атап айтар болсақ 15 га жерге картоп; 27 га жерге көкөніс; 112 га жерге бақша дақылдары және 20 га жерге; жаңа және, 59 га жерге көне жоңышқа егілді.

Жыл басынан аудандағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында негізгі азық-түлік өнімдерін сататын 10 кәсіпермен жыл аяғына дейін меморандумға отырылды.

Аудан орталығында кент, ауылдық округтердің ұйымдастырылуымен 3 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, онда 8,7 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылып, олардың жалпы құны 2081 мың теңгені құрады.

Нарықтағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу мақсатында «Қызылорда ӘКК» АҚ-ның «Қызылорда қаржы компаниясы»

ЖШС-гі арқылы 103 тонна картоп, 32 тонна жуа, 10 тонна сәбізді Арал қаласына дейін жеткізіп аудандық жеке кәсіпкер С.Саянов пен келісім шарт негізінде: картоп пен жуаны килограмын 55 теңгеден, сәбіздің килограмын 65 теңгеден аудан тұрғындарына сату ұйымдастырылды.

Мал басын аман сақтау мақсатына үстіміздегі жылдың 5 айына жоспарланған 31764,0 мың теңгені толығымен игеріп, аудандық ветеринария бөлімі арқылы, малдарға диагностикалық тексерулер жүргізіліп, аса қауіпті деген ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді.

-9-


Жыл сайын, ел ырысы–балық қорын қорғау және көбейту, су айдындарын балықтандыру, балық шаруашылығын дамыту, техникалық және

технологиялық қайта жарықтандыру шараларына да баса назар аударылып отырылады.

Су айдындарындағы балық қорын қорғау ісімен Арал балық инспекциясы айналысады. Он мемлекеттік инспектор тұрақты қызмет істейтін инспекция қазіргі таңда 8 дана автокөлікпен, 6 мото көлікпен, 3 басқылау шағын кемесімен, 5 моторлы жүрдек қайықпен және 3 үрмелі моторлы қайықпен жабдықталған.

Есепті мерзімінде инспекция табиғат пайдаланушылар торапынан жасалған 239 құқық бұзушылықты анықтап хаттама жасады. Нәтижесінде 38 адамның ісі сотқа жолданып, 787 килограмм балық тәркіленді. 201 адамға 982129 теңге айып пұл салынып, оның 904462 теңгесі өндірілді.


Құрметті депутаттар!
Ел басының назарында тұрған, ең маңызды деген бағдарламалардың бірі халықты таза, сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы екенін сіздер жақсы білесіздер. Тіршілік атаулының тірегі – ауыз- суды 120 шақырым жерден құбыр арқылы тартып ең таза, ең қымбат

суды пайдаланып отырған біздер үшін оның маңызы ерекше болып қала бермек. Сонау 1986 – 1990 жылдары салынған, жалпы ұзындығы 734 шақырымды құрайтын құбыр арқылы екі ауданның 160 мыңнан астам тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған «Арал- Сарыбұлақ» топтық су құбыры мекемесі биыл қиын жағдайды басынан өткеруде. Қытымыр қыста жер қабатының екі метрден астам тереңдікке дейін қатып, тонға айналуы салдарынан Қосаман-Арал, Арал-Қазалы бағытындағы көп жылдан жаңарту көрмей, әптен ескірген негізгі, сыртқы магистральді құбырлары 40 жерден жарылып, ақау түсуінен ауданда ауыз- су проблемасы туындады. Кезек күттірмейтін маңызды іс 4 мамыр күні облыс әкімдігінде арнайы мәселе болып қаралып, облыс әкімінің шұғыл шараларға арналған резервінен 147 млн теңге бөліп, 5 мердігер компанияның күшімен шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбыры мекемесіне жарылған құбырларды жөндеуге, аудандық бюджеттің төтенше жағдайлар қаражатынан 2 млн 722 мың теңге «Арал су сервис» МКК-на 1,0 млн көлемінде қаражат беріліп көмек көрсетілді. Нәтижесінде, маусым айының басында екі ауданның тұрғындарын тәулік бойы қалыпты түрде ауызсумен қамтамасыз ету ісі қалпына келтірілді. Дегенмен, 30 жылға жуық үздіксіз пайдаланылып келетін су жеткізуші негізгі магистральдің проблемалық мәселелері осымен шешілді деуге болмайтын еді. Сондықтан мәселе үстіміздегі жылдың 18-ші маусымы күні облыс әкімдігінде, республикалық Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішовтың қатысуымен қайта талқыланып Бердікөл- Сексеуіл- Арал


-10-

және Ақбай, ВК-23 Әйтеке би кенті учаскілерін қайта жаңғырту, ең бастысы қазіргі бар магистральдің жанынан Қосаманнан Қамбашқа дейін қосымша,

жаңа құбыр салуды биылғы жылы бастауға келісім жасалды. Сонымен қатар Қосаман су кенішіндегі 30 скважинаның алтауы ғана жұмыс істеп тұрғаны, олардан алынатын ауызсу мөлшерінің норматив бойынша келешек тұтынушыларды толық қанағаттандыра алмайтыны ескеріліп қалған скважиналарды жөндеп іске қосу мәселесі шешілетін болды.

Жалпы, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында біздің ауданымызда да кең көлемді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Себебі, ауданымыздағы елді мекендердің 13-і әлі күнге дейін шахталы құдық суын, ал 9-ы ауызсуды әр түрлі су көздерінен тасымалдап пайдаланып келеді. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келетін

«Арал-Сары бұлақ» топтық су құбырына қосу жобасының 5-ші кезеңін аяқтау мақсатында Райым, Ескіұра, Құмбазар, Қызылжар, Шөмішкөл, Бекбауыл, Үкілісай және Ақшатау елді мекендеріне 71,8 шақырымдық сыртқы, 35,6 шақырымдық ауылдардың ішкі құбырларын және 18,6 шақырымдық жеке үйлерге тартылатын сервистік желілерді жүргізу жұмыстары жалғасын табуда. Бұған қосымша биылғы жылы Жақсықылыш кентінің ішкі су жүйесін қайта жанғырту және кеңейту жұмыстарына облыстық бюджеттен 455 402,0 мың теңге қаржы қаралып құрылыс жұмыстары жуық арада басталмақшы. Қалай дегенмен «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша атқарылып жатырған ауқымды жұмыс, ауыл тұрғындарының сапалы ауызсумен толық қамтамасыз етілетін кезеңінің алыс емес екенін аңғартқандай.

Аудан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты келесі маңызды мәселелер олардың электр энергиясымен, байланыспен және жол қатынастарымен қамтамасыз етілуі. Өздеріңізге белгілі өткен жылы 30 жылдан астам жөндеу көрмеген облыстың барлық 7 ауданының электр энергиясымен қамту жүйелеріне қайта жанғырту жұмыстары басталды. Екі жылға жоспарланған жобаны іске асыруға біздің ауданымызға 198,4 млн теңге бөлінген болатын. Осы жоба негізіне өткен жылы ауданымызда 3 кешенді трансформаторлық қосалқы станса, бір 10 кв/т тарату стансасы және 8,6 шақырымдық 10 кв/т әуе желісімен 15,4 шақырымдық 0,4 кв/т электр желісінің құрылыс- монтаж жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табатын болады. Бүгінгі күнге аудан орталығының электрмен жабдықтау жүйесін дамытуға – 85373,0 мың, Жақсықылыш кентіндегі 10/0,4 кв электр жүйесін қайта жаңғыртуға 141641,0 мың теңге республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің сыртқы жарықтандыру мәселесіне көңіл бөліне бастады. Биылғы жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Абай, Қамыстыбас, Сапақ елді мекендерін сыртқы жарықтандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 5923,0 мың теңге бөлініп,есепті кезеңде бөлінген қаржының 1777,0 мың теңгесі игеріліп отыр. Атқарылған игі жұмыстардың арқасында осы кезеңде ауданға 25935,0 мың кв/т сағат электр энергиясы таратылып, есепті кезеңде тұрғындарды қалыпты түрде электр қуатымен қамтамасыз етуде кедергі болған жоқ.


-11-

Жыл санап аудандағы телефон байланысы жақсарып, дамып келеді. Жер шалғайлығына қарамастан қазір ауданның барлық елді мекендерімен телефон байланысы түгел орнатылған. Бүгінгі таңға аудандағы телефон абонеттерінің

саны 11024 болса, солардың 1899 интернеттің кеңжолақты қатынау қызметін пайдаланып отыр. Қазір қала мен кенттерді қойып, ауылдық елді мекендер тұрғындарының арасында интернет қызметін пайдаланушылар арта түсуде. Аудандық телекоммуникация торабының байланыс қызметінің 2012 жылдың 6 айындағы жоспары 69743 мың теңге болып 104,0 пайызға орындалды. Бұған қосымша аудандық пошта торабының 21 байланыс бөлімшесі, бір жылжымалы байланыс бөлімшесі, үш байланыс пункті халыққа қалтқысыз байланыс қызметін көрсетіп отыр.Олар есепті кезеңде тұрғындарға 35,3 млн теңгенің байланыс қызметін көрсетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда байланыс қызметі 106,2 пайызға артық орындалды.

Әрине, елді мекен тұрғындарының тіршілігіндегі көлік қатынасының алар орны ерекше екені түсінікті. Қазір аудандағы 57 елді мекеннің 32-сі автокөлік қызметімен, 19-ы теміржол қатынасымен қамтылған. Қалада үш маршрут бойынша 28 микроавтобус, елді мекендерге 19 бағыт бойынша 45 жолаушылар автобусы және патент бойынша жеңіл автокөліктер (такси) халыққа қызмет көрсетеді. Қалааралық маршруттар: Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Төретам, Қазалы бағыттары бойынша да жолаушылар тасымалдау ісі жолға қойылған. Автовокзал кассасы арқылы алдын-ала билет сату, диспетчерлік қызметті пайдаланып автобус, таксилерге тапсырыс беру жұмыстары жүйеге келтірілген. Соғыс ардагерлері, бірінші топтағы көз мүгедектері және мектеп жасына дейінгі балалар қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығын пайдаланады. Жалпы, есеп беріп отырған кезеңде ауданда 2665 мың жолаушы тасымалданып, жолаушы айналымы 87,7 млн жолаушы шақырымды, ал жүк тасымалдау 2852,2 мың тоннаны құрап, жүк айналымы 429,8 млн тонна шақырымға жетті. Немесе, салыстырмалы уақытта жолаушы тасымалы 132,1 пайыз, жүк тасымалы 127,8 пайыз болып орындалды. Әрине, ауданның экономикасының,ауылдық аймақтардың дамып, оркендеуі көлік қатынасының жақсара түсуі аудандағы автомобиль жолдарының сапасына тікелей байланысты екені белгілі. Қазір ауданның ішкі автомобиль жолдарының ұзындығы 728 шақырымды құрайды. Олардың 437 шақырымы қазақы қара жол, 99 шақырымына асфальт төселген, ал қалғандары тас төселген жолдар қатарына жатады. Сонымен бірге аудан территориясынан республикалық дәрежедегі 211 шақырымдық автомобиль трассасы өтеді.

Соңғы кездері жергілікті автомобиль жолдарына да үлкен мән беріліп, республикалық және жергілікті бюджеттерден қомақты қаржылар бөлініп, жөндеу, жаңарту жұмыстары жыл сайын жүргізіліп келеді.

Өткен жылы жергілікті маңызы бар М-32 «Самара- Шымкент - Сексеуіл» автомобиль жолын қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен,165458,0 мың теңге бөлініп игерілді. Бұл жол құрылысын үстеміздегі жылы толық аяқтауға республикалық бюджеттен 161605 мың теңге, облыстық бюджеттен 95076 мың теңге бөлініп отыр. Биылғы жылға да облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 140 млн теңге бөлініп Сексеуіл кентінің көшелері мен ішкі автомобиль жолдары жөндеуден өткізілмекші.


-12-


Қай заманда да, қандайда бір мәселені шешу үшін қаражат қажет болған. Қазір де солай. «Жомарттың қолын жоқшылық байлайды»- дегендей шешімін күтіп тұрған проблемалардың шаш етектен екенін көріп, біліп тұрғаныңмен,

бюджет қаражаты шектеулі. Осыдан кейін, ой жеткен жерге қол жетпей қалып жатады. Аудандағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, елді мекендерді

көркейту, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ардагерлерге, аналар мен балаларға, мүгедектерге, қоғамымыздың әлжуаз тобына жатқызылған

бөлігіне көмек беріп, қолдау көрсету, оларды қорғау шараларын іске асыру осы аудан бюджетінің мүмкіндігіне тікелей байланысты.

Соңғы жылдары біз аудан бюджетінің кіріс бөлігін артығымен орындағанның арқасында қосымша қаржы тауып, бірқатар шараларды іске асыруға мүмкіндік алып отырмыз. Оның үстіне ел экономикасының жыл санап

жақсара түсуі жергілікті бюджеттің мүмкіндігін, көлемін кеңейтіп, қаржысын молайтып келеді. 2012 жылға арналған аудан бюджетінің жылдық болжамы 5637685 мың теңге, оның ішінде жергілікті кіріс көлемі есебінен 996112,0 мың теңге, трансферттер есебінен 4641573,0 мың теңге (субвенция 444 8823,0 мың теңге) болып бекітілсе, 2012 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің жылдық болжамы 7058339,0 мың теңге, оның ішінде жергілікті кіріс көлемі есебінен 1044115,0 мың теңге, трансферттер есебінен 5820534,0 мың теңге көлемінде нақтыланды.

2012 жылдың 1 шілдесіне барлық салықтар мен төлемдер бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне 716229,5 мың теңге кірістеліп, салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша межеленген болжам 113 пайызға орындалды. Оның ішінде, республикалық бюджетке 108586,0 мың теңге түсіріліп, меже 118 пайызға, аудандық бюджетке 569383 мың теңге түсіріліп,болжам 112 пайызға орындалды. Жергілікті бюджеттің кіріс болжамы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116 пайызға орындалып тұр. Өткен жылдың қортындысымен аудандық салық басқармасы облыстық салық құрылымдары арасында ең үздік салық органы атанып, арнайы дипломмен марапатталды. 2012 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің шығыстары 3638786,0 мың теңгеге (жоспар 4096312,0 мың теңге) орындалып, 88,8 пайызды құрады. Ал,бюджет кірісінің орындалуы,аудан тұрғындарына төленетін әлеуметтік төлемдерді қаржылай көмектердің көптеп берілуіне,уақытылы төленуіне өз ықпалын тигізіп келеді. Бұл бағыттағы игі істерімізді атап айтатын болсақ: атаулы әлеуметтік көмекке биылғы жылға 19526,0 мың теңге қаралған болса, үстіміздегі жылдың бірінші шілдесіне құжаттарын табыс еткен 166 отбасының 863 мүшесіне 8872,3 мың теңге төленді. 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларынан жәрдемақыларына 154 917,0 мың теңге қаралған болса, есепті кезеңде құжаттары қабылданған 2666 отбасының 8170 баласына тағайындалған 70389,5 мың теңге жәрдемақы толығымен төленді. Сондай –ақ 1129 отбасының 5988 мүшесіне,жалпы сомасы 14873,6 мың теңге «Тұрғын үй» көмегі берілді.

Ауданда 86 жалғыз басты қарттар мен 112 мүмкіндігі шектеулі балалар есепке алынған. Оларға стандартқа сәйкес, үйде арнаулы әлеуметтік көмек


-13-


көрсететін арнайы бөлімше ашылған. Үстіміздегі жылы осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 29161,0 теңге қаралып оның 5 айда 12354,1 мыңы республикалық бюджеттен 3883,0 мың теңге қаралып, оның 2270,0 мың теңгесі игерілді.

2012 жылы міндетті гегиеналық құралдар алу, жеке көмекшілер және ымдау тілі- мамандарының қызметтеріне 16670,0 мың теңге қаралып,бес айда оның 3777,6 теңгесі игеріліп, 174 мүгедекке гигиеналық құралдар алынып,оларға жеке көмекші қызметін көрсетіп келетін 98 көмекші мен 3 ымдау тілі маманына ақы толенді.

Ұлы отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және жауынгерлердің жесірлеріне,мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО

ордендері,медалдарымен марапатталғандарға,барлығы 60 адамға монша,шаштараз қызметтері үшін 1244,0 мың теңге қаралып,есепті кезеңде оның 169,5 мың теңгесі игерілді.

Ұлы жеңістің 67 жылдығына орай,соғыс жылдарында тылда кемінде 6-ай еңбек еткен 1282 адамға бір жолғы материалдық көмекке 58946,4 мың теңге олардың жеке есепшоттарына аударылып берілді.Осы мереке қарсаңында облыстық бюджеттен 3140,0 мың теңге қаралып 25-ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне, 4-ҰОС қатысушылардың қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне

және 22-мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталғандарға 2508,0 мың теңге жеке есепшоттарына аударылды.Сондай-ақ аудандық бюджеттен 5931,0 мың теңге қаралып жоғарыда аталған категориядағы адамдарға және оларға қосымша 3-ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге, 33-Ауған соғысына қатысушыларына, 17-Чернобль апатына қатысушылар мен мүгедектеріне,12-Семей ядролық сынақ полигонына тікелей қатысқындарға бір жылғы материалдық комек ретінде 5560,2мың теңге олардың жеке есепшоттарына аударылып берілді.

Үстіміздегі жылдың 6 айында үйде тәрбиеленіп оқытылатын 51 бала мүгедегіне 640,7 мың теңге көлемінде материалдық көмек тағайындалып төленді. Аталған мерзімде жұмыссыздар қатарындағы 431 адам әртүрлі қоғамдық жұмыстарға тартылып, оларға 14212,3 мың теңге қаржы

төленді.


Әрине,аудандағы зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алушыларға төленетін төлемдердің уақытылы төленуі аудан басшылығының назарынан тыс қалған емес.Үстіміздегі жылдың 6 айында зейнетақы төлеу орталығы арқылы 6132 зейнеткерге 1011143,2 мың теңге; 3699 мемлекеттік жәрдемақы алушыға 371277,8 мың теңге; 8249 арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыға 285432,5 мың теңге; әлеуметтік төлем алушы 964 адамға 97403,4 мың теңге бала тууына байланысты бір дүркін жәрдемақыға (144 балаға) 59719,0 мың теңге; бір жасқа дейін бала күтімінде отырғандарға жәрдемақы ретінде 81305,0 мың теңге; жерлеуге 4197,5 мың теңге; базалық төлем ретінде 6246 адамға 326600,2 мың теңге (барлығы 26780 адамға 2282857,1 мың теңге) қаражат төленді.
-14-

Құрметті ағайындар!
Бюджеттің берекелі болуы сол бюджеттен тікелей қаржыландырылып отырған білім, мәдениет, спорт салаларының да ауқымды істер тындыруына

жағдай жасап, мүмкіндіктер тудыруда. Салалар бойынша саралап айтар болсақ: жергілікті бюджеттің 70 пайыздан астамын өз игілігіне жаратып отырған білім саласының алар орны ерекше. Аудандық бюджеттен білім саласына бөлініп отырған қаржы мөлшері жылдан-жылға ұлғая түсуде. Салыстырмалы түрде айтсақ 2010 жылы білім саласына 3333013,0 мың теңге қаралған болса, 2011 жылы 3927204,0 мың теңге, ал үстіміздегі жылдың бірінші

жартыжылдығына нақтыланған бюджет қаржысы 4535198,0 мың теңгені құрап отыр. Бұл жыл санап білім мекемелерінде оқушыларға сапалы білім беруге

барлық қолайлы жағдайлардың жасалып отырғандығын көрсетеді. Қазір ауданда 37 орта,8 негізгі, 7 бастауыш, 21 балабақша,17 шағын орталық, 3 мектептен тыс мекеме және бір кешкі мектеп ел болашағы-жастарымызға саналы тәрбие, сапалы білім беріп келеді.Мектептерде 14914 оқушы, шағын орталықтар мен балабақшаларда 3446 бала,мектептен тыс мекемелерде 1264 оқушы, кешкі мектепте 72 оқушы қамтылған.Оларға биылғы оқу жылында 1981 мұғалім (1752 жоғары, 269 арнаулы орта білімді ) ,ал балабақшаларда 231(100 жоғары,131-арнаулы орта білімді) педагогикалық кадрлар дәріс береді. Мектептердегі мұғалімдердің 11-і жоғары, 546-ы бірінші, 738-і екінші,ал балабақшадағылардың 11-і бірінші, 64-і екінші санаттағы мамандар болып табылады.

Білім сапасын жақсарту мақсатында білім ордаларының материалдық-техникалық базасының қазіргі заман талабына сай жабдықталуына баса назар аударылған.Бүгінгі таңда ауданның 29 мектебі 56 мултимедиялық кабинетпен 7-физика,4-химия,9-биалогия кабинеттерімен,қаладағы 9 және ауылдық елді мекендердегі 8 мектеп әмбебап интерактивті (интерактивті физика, химия, биалогия)кабинеттермен жабдықталған.Үстіміздегі жылы 12291,0 мың теңгеге №14,62,83 мектептерге химия кабинеттерін алу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар аудан мектептері қазіргі кезде 1021 комплекті компьютермен жабдықталған.Бұл әрбір 15 оқушыға бір компьютерден келеді деген сөз. 48 мектеп (93пайызы) интернет желісіне қосылған.Олардың 16-сы жолақты, 7-ы спутниктік интернет жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Мектептердің басым көпшілігі типтік жобадағы жаңа ғимараттарға орналасқан. Барлық мектептер жазғы демалыс кезінде ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Нәтижесінде, биылғы оқу жылы көлемінде бірде-бір мектепте жылудан, судан және электр энергиясымен қамтамасыз етуден ешқандай кедергі болған емес. 2012-2013 оқу жылына мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 21127,0 мың теңге бөлініп оған бастауыш сыныптарға 11090 дана оқулық (100 пайыз), 7-ші сыныптар үшін 12498 дана (76 пайыз), 8-ші сыныптар үшін 11106 дана (61 пайыз) барлығы 34694 дана оқулық алынып отыр. Бір сөзбен айтқанда оқушылардың сапалы білім алуына ауданда барлық мүмкіндіктер жасалған.

-15-


Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру жұмысы да жолға қойылған. Оқушылар Үйіндегі мектептен тыс үйірмелерде – 950; аудандық Өнер мектебінде – 314; жасөспірімдердің спорт мектебінде – 1626; аула клубтарында – 740 оқушы, ал мектеп жанынан спорттың 13 түрінен

ұйымдастырылған спорттық секцияларға – 11330 бала қамтылған. Яғни, аудандағы мектеп жасындағы балалардың барлығы өз қалауына қарай өнер немесе спорт саласының үйірмелеріне тартылған деуге толық негіз бар.

Биылғы жылы «Ұландар» лагеріне 11547,0 мың теңге қаржы қаралып, жәй жөндеу жұмыстарына – 750,0 мың теңге, лагердің материалдық- техникалық базасын жаңартуға - 3316,0 мың теңге жұмсалды. Жазғы демалыс

кезеңінде «Ұландар» лагерінде төрт маусыммен (150 баладан) 600 бала демалады деп жоспарлануда.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында аудан әкімінің қаулысымен «Білім сапасы, дайындық, нәтиже» тақырыбына метеп басшылары мен тиісті пән

мамандарының қатысуымен ҰБТ-ға дайындық жөніндегі аудандық форум өткізіліп, мектеп бітіруші түлектердің сынама тестілеу қорытындысына мониторинг жүргізіліп, маман мұғалімдердің қатысуымен іс -тәжірибе алмасылды. Биыл, 1-3 маусым аралығында 2-лек бойынша өткізілген ҰБТ-ге 726 мектеп бітіруші қатысып орташа 61,8 балдық көрсеткішке ие болды.

Ауданның 18 мектебі орташа балдық көрсеткіштен жоғары денгей көрсетті. Он жеті мектеп бітіруші жүз және одан жоғары бал жинады. Бір «Алтын белгі» үміткері қорғап шықты.

Аудандағы 21 балабақшаның (4-еуі жеке) 9-зы қалада және 12-сі елді мекендерде жұмыс жасайды. Олардың төртеуі типтік жобадағы,ал 17-сі бейімделген ғимараттарға орналасқан.Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбиемен 3446 бала қамтылып отыр,ол мектеп жасына дейінгі балалардың (5038) 68 пайызын құрайды. Ал, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту кезегіне аудан бойынша 1230 бала кезекке қойылған. Сондықтан «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында биылғы жылы аудан басшылығының ұсынысымен ішкі істер бөлімінің бұрынғы ғимаратын 36921,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізіп өнер мектебіне беру, ал өнер мектебінің бұрынғы ғимаратын 35447,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізіп 140 орындық балабақшаға айналдыру, қаладағы салынып жатырған 280 орындық балабақшаны жаңа оқу жылына пайдалануға беру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы аудан көлемінде 7 мектеп, 1 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Олардың алтауы: Сексеуіл кентіндегі 150 орындық мектеп; облыстық бюджеттен салынып жатырған Аманөткел елді мекенніндегі 300 орындық мектеп; республикалық бюджеттен салынып жатырған Қарақұм ауылдық округіндегі 600 орындық мектеп; облыстық бюджеттен салынып жатырған Аралқұм елді мекеніндегі 250 орындық мектеп; Арал қаласында салынып жатырған 300 орындық №64 мектеп, Қаратерең елді мекеніндегі облыстық бюджеттен салынып жатырған 300 орындық мектеп, облыстық бюджеттің төтенше жағдайларға бөлінген қаржысы есебінен салынып жатырған Ақбасты

-16-


елді мекеніндегі 100 орындық мектеп; республикалық бюджеттен Арал қаласында салынып жатырған 280 орындық балабақша құрылыстары үстіміздегі жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Осындай жүйелі жұмыстардың мәдениет саласын дамытуға өз ықпалын тигізгенін сіздер жақсы білесіздер. Біз қоғамның дамуындағы мәдениеттің алар орны ерекше екенін ешқашан естен шығарған емеспіз. Оған дәлел: мінекей,биыл сегізінші жыл қатарынан бірде-бір жыл ауданымызда атаусыз

өткен емес. Әр жылға атау беріліп,әр жылды бүгінгі ұрпаққа өткенімізді өнеге етумен,ұлыларымызды ұлықтаумен қорытындылап келеміз.Әрине,мерекенің мәдени шарасыз өтпейтіні белгілі. Сондықтан-да ауданның мәдениет саласын

дамыту басшылардың басты назарында болып келді.Өткен жылы аудан орталығынан типтік жобадағы,жаңа үлгіде жабдықталған 300 орындық мәдениет үйі бой көтеріп,алдынан жастарға арнап «Ғашықтар алаңы»

салынды.Облыстық бюджеттен 3200,0 мың теңге бөлініп,аудандық мәдениет үйіне сахналық, ұлттық, концерттік костюмдер тіктірілді. 6937,0 мың теңге аудандық мәдениет үйіне автобус,Қызылжар ауылдық мәдениет үйіне «УАЗ»автакөлігі алынып берілді.

З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйіне өткен жылы 35000,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,дыбыс күшейткіш аппаратуралар алынды. Көрермендер залында креслолар орнатылып, 700,0 мың теңгеге сахналық киімдер тіктірілді.

Биылғы жылы,ежелден ел арасында дәріптеліп келе жатырған,дәстүрлі жыр-терме әуендерін қайта жаңғырту мақсатында Нұртуған Кенжеғұлұлы атындағы аудандық жыраулар үйін салтанатты түрде аштық.

Бүгінгі таңда ауданның мәдениет саласында 71 мемлекеттік мекеме халыққа мәдени қызмет көрсетеді.Олар: аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық Мәдениет Үйі, қалалық Мәдениет Үйі, Жыраулар Үйі, 4-ауылдық Мәдениет Үйі, 22-ауылдық клубтар, 2-жылжымалы мәдени-демалыс кешені және 39 кітапхана.Клубы жоқ елді мекен тұрғындарына №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді.\

Сөзім құрғақ болмас үшін ауданның өнер ордаларында болып өткен бір қатар негізгі-негізгі деген мәдени шараларды атап өткім келеді:

-ақпан айында аудандық мәдениет үйінде «Арал өнер ордасы» атты көркемөнерпаздар концерті,«Көңілашар» халықтық мәдени үгіт бригадасының жанынан құрылған жас өнерпаздар тобының «Нұршуақ» атты коцерттік бағдарламасы көпшілікке ұсынылды;

-З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Тіл тағдыры-Ұлт тағдыры» атты аудандық көңілді тапқырлар клубтарының сайысы,қала мектептерінің қатысуымен «Көңілді ырғақтар» би сайысы ұйымдастырылып өткізілді;

-8-наурыз мерекесі қарсаңында аудандық мәдениет үйінде «Ана-Тәңір сыйынатын құдырет» мерекелік концерті және аудандық «Ал қанекей қыздар» байқауы ұйымдастырылды;


-17-


-Науыз мерекесі күні «Даңқ алаңында» театрландырылған қойылым қойылып,концерт берілді.

-«Х1V-Бозторғай»,«Таңшолпан» балалар мен жасөспірімдердің аудандық байқаулары,балабақшалардың қатысуымен бүлдіршіндердің «Ақ бота» өнер фестивалі өткізілді;

-З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Мәуліт күніне» орай орталық мешіттің ұйымдастыруымен «Имандылық кеші» өткізілді;

Орталық алаңда «1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні»,«9-мамыр Ұлы Жеңіс күні» мерекелік шаралары, концерттер мен мәдени кештер ұйымдастырып өткізілді.

Бұндай мәдени шаралар ауылдық мәдениет үилері мен барлық клубтарда да жоспарлы түрде жүргізіліп отырылды.

Бүгінгі күні ауданның мәдени саласының барлық қызметкерлері жыл сайын

тойланатын «Арал күндері» мерекесі мен биылғы «Қарақұм құрылтайы» жылын атап өтуге байланысты үлкен мәдени шараға дайындық үстінде.

Өткен жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек аудан халқының 27570-сі 14 пен 29 арасындағы жастардың үлесіне тиеді екен. Олардың 11115-сі қалада, ал 16455-сі ауылдық елді мекендерде тұрады.Демек,оларды қоғамдық

өмірге дұрыс қалыптастыру,салауатты өмір салтына тәрбиелеу білім,мәдениет пен спорт салаларының басты міндеті болып қала бермек.Қазір білім және мәдениет салаларымен қатар аудандағы 232 спорттық обектілер осы бағытта

жұмыс жасауда.Бүгінгі таңда 34 спорт залы,6 спорттық ату тирі,38 ыңғайластырылған спорт бөлімдері,153 ашық спорт алаңы (оның ішінде 11-не жасанды төсеніш төселген),бір спорт ядросы және орталық спорт комплексі (стадионымен) жастардың игілігіне берілген. 62 денешынықтыру ұйымы тұрақты жұмыс істейді.Оларда 243 спорт маманы жастарды дене тәрбиесімен спортқа баулуда. 2011 жылы облыстық бюджеттен 45,0 млн теңге қаржы бөлініп,қалада төрт жерден және Сексеуіл,Жақсықылыш кенттерінде,Шижаға,Қамыстыбас,Бөген елді мекендерінде -5 жасанды төсеніші бар әмбебап ашық спорт алаңдары салынды.Биылғы жылы да спорттың бұқаралығын арттыру,спорт объектілерін дамыту үшін облыстық бюджеттен 50,0 млн теңге бөлініп,аудан көлемінен 10 әмбебап спорт алаңын салу жоспарланып отыр.Спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасының жақсаруы облыстық деңгейдегі спорт жарыстарын ауданда ұйымдастырып өткізуге,тіпті спорттың жекеленген түрлерінен республикалық дәрежедегі турнирлерді өткізуге мүмкіндік беруде.

Аудан спортын дамыту ісіне көрсетілген қолдаудың қайтарымы да көңіл қуантарлықтай.Тек, үстіміздегі жылдың 13-16 наурызы күндері Ақтөбе қаласында өткізілген, Ақтөбе облысының ашық чемпионатында біздің жас волейболшы қыздарымыз жүлделі екінші орынды, 23-27 күндері Тараз қаласында өткен республикамыздың оңтүстік-батыс аймақтары чемпионатында №260 орта мектептің оқушысы Рүстем Әлмаханов жүлделі екінші орынды иемденіп Жезқазған қаласында өтетін республика чемпионатына жолдама алды.

-18-


2012 жылдың ақпан айында Тараз қаласында өткен республика чемпионатында 44 кг салмақ дәрежесінде таэквондодан республика чемпионы атағын алған №262 мектеп – лицейдің оқушысы Арайлым Ниятова аудан тарихында бірінші рет, ауданның түлегі мамыр айында Египетте өткен әлем чемпионатына қатысып, Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Наурыз айының 22-28 аралығында Орал қаласында өткен волейболдан республика чемпионатында Қызылорда облыстық құрама командасының

құрамында өнер көрсеткен №14 мектеп лицейдің оқушысы Әлиасқаров Марғұлан республика чемпионы атанды. 29-31 наурыз аралығында әйелдер мен қыздар арасында дойбыдан Қызылорда қаласында өткен облыстық жекелей

біріншілікте №57 орта мектептің оқушысы Сая Салжекенова бірінші орынды жеңіп алды.

Спорттың түрлерінен жүлде алып жүрген жастарымыздың тізімін әлі де жалғастыра беруге болады. Өйткені қажетті жағыдай жасалғаннан кейін жыл санап спортпен айналысатын аудандағы жастарымыздың саны да және олардың көрсеткіштері де жоғарылап, өсіп отыр.

Құрметті депутаттар!
Біз, қандайда болмасын ауданда басталатын келелі істі,аудандық мәслихаттың депутаттары - Сіздермен және аудан активімен келісе, кеңесе

отырып шешіп келеміз. Сіздер мен біздер ақылдаса отырып биылғы жылды алғашқы «Қарақұм құрылтайы» жылы болсын деп белгіледік.Біздің бұл ұсынысымыз аудан тұрғындарының арасынан кең қолдау тапты.Себебі, біз

сегіз жылда әр жылды атап өтудің мерекелік шарасын дамыта түстік.Жыл атауына жастарға тәрбиелік мәні зор,өңірдің тарихына тікелей қатысы бар, ел есінде жүрген елеулі оқиғаны арқау етіп,оны халықтың рухани, мәдени мерекесіне айналдыра білдік.Сондықтанда болар жылдарды атап өтуде біз облыс басшыларының қолдауын ғана емес,қамқорлығын да сезіне бастадық.Әр жылды осылай қорытындылау ауданды белгілі бір биікке көтеріп тастамағанымен ең бастысы елді мекендеріміздің, аудан орталығының көркейіп, көріктене түсуіне өз ықпалын тигізді. Халықтың келешекке деген

үмітін арыттырып, жігерін жандыра түсті. Ауданымызда әр жылда бірнеше жаңа нысандар бой көтерді. Көптеген имфрақұрылымдар жаңадан салынып пайдалануға берілді. Бұндай игі істер биылғы жылы да жалғасын табатын болады.Жыл аяғына дейін аудан көлемінде салынып жатырған 7 мектеп, қаладағы бір балабақша құрылысы, 8 жас мамандарға арналған тұрғын үйдің және 14 әлеуметтік тұрғын үйдің,бірнеше алаңның құрылысы бітіп пайдалануға берілетін болады. Кешегі, 2- ші шілде күні аудан басшылары,депутаттарымыз бен ардагерлеріміз тұсау кесеріне қатысқан «Сексеуіл-Жезқазған» теміржолының құрылысы жалғасады. Сексеуіл кентінен №231 мектептің, 150 орындық мәдениет үйінің, әкімшілік үйінің, 128 пәтерлік 64 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Облыстық бюджеттен қаралған 140 млн теңгеге кент

-19-

көшелерінің 8 шақырымы асфальтталып, «Арал -Сексеуіл» тасжолының қалған 12,2 шақырымдық бөлігі толық жөндеуден өтеді.



Жақсықылыш кентінің де ішкі су желілері мен электр линиялары қайта жаңғыртылады. Демек, биылғы жыл да біздің ауданымыз үшін берекелі де, мерекелі жыл болмақ.

Құрметті депутаттар!
Мен, бүгінгі баяндамамда биылғы жылдың бірінші жартысындағы атқарылып жатырған жұмыстарды атап,алдағы межелі міндеттерге тоқталып өттім. Дегенмен, бүгінгі күні ауданның проблемалары түгел шешілген,

экономикасы төрт аяғынан тік тұр деп айтудан аулақпын. Проблемаларымыз да, кемшіліктерімізде жок емес. Шешімін таппай тұрған шаруаларымыз да жеткілікті десе болады. Аудан көлеміндегі ұзындығы 1818 шақырым болатын электр желілерінің 70 пайызға жуығы тозығы жетіп апаттық жағдайда тұр. Бүгінгі күнге дейін шалғай орналасқан Атанши, Мойнақ елді мекендеріне электр куаты барып тұрған жоқ. Қалада каріз жүйесі жоқ. Қалада әр түрлі жұқпала аурулардың ошағына айналып отырған 20-дан астам көмуді қажет ететін сорлы көлдер бар. Негізінен ауылшаруашылығымен айналысатын аудан болғанымызбен сол шаруашылығының өнімдерін өңдеуді әліде жетілдіре, жолға қоя алмай келеміз. Бұдан өзге де аудан тұрғындарының тыныс – тіршілігіне аса қажет, бірақ шешуге ауданның шамасы жетпейтін түйінді мәселелеріміз жеткілікті. Біз бұл мәселелерді тиісті жоғарғы орындардың алдына қойып келеміз. Реті келгенде айта кетейін, кешегі маусым айының басында облыс басшысы ауданымызда арнайы іс сапармен болғанда ұзын саны 23-ке жететін барлық проблемалық мәселелерімізді облыс басшысының алдына қойдық. Ол кісі үлкен түсіністікпен қарап, бұл мәселелердің оң шешімін табуына мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Демек, бұл проблемаларымыздың шешімін табатын уақыты алыс емес деп ойлаймын.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ауданымызда ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Осыған қарамастан ауданымызда аса ауыр қылмыстар орын алмағанымен, сала бойынша тіркелген қылмыстар саны 6 айда біршама өскендігі аңғарылады. Әсіресе крименалдық полиция саласындағы қылмыстармен жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көбейіп, өсіп отыр. Аудан көлемінде жасалған ұрлық саны да азаймай келеді. Керісінше, аудан көлемінде орын алған ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда -36,2 пайызға (62,5 пайыздан биыл 26,3 пайызға) төмендеген. Алты ауыр қылмыс жасаушылар әлі іздестірілуде.

Аудан әкімі мен орынбасарларының, аппарат, бөлім басшыларының тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдау күндері белгіленіп, аудандық «Толқын» газетінде жария етілді. Жартыжылдықта аудан әкімінде 78 адам,


-20-


әкімнің орынбасарларында 35 адам, аппарат басшысында 19 адам, барлығы 132 адам жеке қабылдауда болып өтініштерін қанағаттандырды. Осыған қарамастан

аудан әкімдігімен жоғарғы органдарға жолданған арыз-шағымдарының саны әліде азаятын емес. 6 айда аудан әкімшілігіне 367 арыз келіп түсіп, қаралды. Бұл өткен жылдың осы кезеңінде түскен арыздар санынан 6 арызға кем. Өкінішке орай, жергілікті жерде өзіміз шешетін мәселені арыз етіп жоғарыға жолдау, болмаса беделді басылымдарға бастыру арқылы жарияға жар салу

тыйылмай отыр. Әрине, біз жазды екен деп біреуді кінәләуға тиісті емеспіз. Алайда, арызда, мақалада көрсетілген мәселені шешетін де, қолдан келгенінше тұрғындарға қол ұшын беріп, көмек көрсететін де өзіміз болғандықтан арыз иесі айқайға баспай тұрып алдымызға келіп өзімізбен ақылдасып, бір шешімін табуға ат салысса артық болмас еді деген ой келеді.

Қалай дегенде де жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою бағытында біз, тиісті жауыпты қызметкерлермен бірге жатпай-тұрмай, қоян қолтық жұмыс жасайтын боламыз. Ол біздің міндетіміз.


Құрметті депутаттар мен бүгінгі сессия жұмысына қатысушы әріптестер !
Есеп беріп отырған кезеңде ауданда атқарылған жұмыстар туралы Сіздерге толық мағлұмат бердім-ғой деп ойлаймын. Әрине, әліде болса айтылмай қалған ірілі, уақыты атқарылған жұмстарымыз болуы мүмкін. Мен, есеп беру екен деп ештеңені қалдырмай, барлығын жіпке тізіп, жыр қылып айтуды алдыма мақсат етіп қойғаным жоқ. Өйткені, аудандағы атқарылған

жұмыстардың барлығы, күнделікті Сіздердің көз алдарыңызда іске асып жатты. Көп нәрсенің өздеріңіз куәсі болып жүрсіздер. Айтып шығуы оңой болғанымен, атқарылған жұмыстар мен салынған құрылыстардың өздігінен орнай қоймағанын өздеріңіз жақсы түсінесіздер. Қай жұмыстың болмасын астарында аудан басшылығы тарапынан жасалған сан-қилы шара, аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп жоғарғы органдар алдына қойылған мың сан талап, әкімшілік аппаратының, бөлімдердің, тиісті мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің жатпай-тұрмай жасаған еңбегі, ұйымдастырушылық қызметі тұр. Осыны ескерсеңіздер болды.



Тыңдағандарыңызға рахмет!
Каталог: otchet -> otchet
otchet -> Название предприятия
otchet -> «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» мамандығы бойынша: «Үрмелі және ұрмалы аспаптар», Эстрадалық музыкалық аспаптар», «Халық аспаптары» мамандандырулар бойынша
otchet -> 2009 жыл қаңтар Құрметті шалақындықтар!
otchet -> Халық қалаулылары әкімдердің есебін тыңдап қайтты
otchet -> Зимний учет птиц Южного Казахстана Сроки: 6-15 февраля 2015 г. Учетчики: Геогрий Шакула, Светлана Баскакова
otchet -> Отчет экспертной группы по долгосрочному мониторингу проведения выборов в Милли Меджлис Азербайджанской Республики
otchet -> Арал ауданы бойынша 2011 жылдың 2-12 желтоқсан аралығында аудан әкімі Н. Мұсабаевтың тұрғындармен өткізілетін есепті кездесулерінің кестесі
otchet -> Отчет об учебно-воспитательной работе за 2012-2013 уч год. Уфимский филиал фбоу впо


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет