Аудан әкімінің «Ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистер і



жүктеу 222.77 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі222.77 Kb.
Аудан әкімінің «Ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттері туралы » есебінің т е з и с т е р і
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізілетін жыл сайынғы барлық деңгейдегі әкімдірдің есептік кездесулері өткен кезеңнің ғана емес, атқарылған жұмыстардың сапалы өлшемі мен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен жобаларды бағалаудың және келешектегі жоспарларды түзетудің өзіндік белесіне айналды. Елбасының «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік – экономикалық саланы одан әрі жетілдірудің берік негізін орнатты. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан – 2030» стратегиясының ережелеріне тұжырымдамалық баға бере отырып, елдің 2050 жылға дейінгі дамуына перспективті көзқарасын білдірді. Біз бүгін ауданымыздың 2013 жыл ішіндегі әлеуметтік – экономикалық дамуын қорытындылай келе, халықтың еңбекқорлығы мен тұрмыстық әл - ауқатты жақсартуға деген талпыныстары арқасында бірқатар жетістіктерге жетіп, Қазақстаннның экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанымызды атап өтуіміз қажет. Жыл ішінде ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуында бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік.

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ



Ауылшаруашылығы саласын мемлекеттік қаржылай қолдау шараларының көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Жыл ішінде ауданның ауылшаруашылығы саласына 400,0 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. 2012 - 2013 жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі міндеттерінің бірі - мал тұқымын асылдандыру арқылы мал өнімін ұлғайту болды. Кеден одағы жағдайында бәсекелестіктің күшеюіне байланысты мал шаруашылығын өркендету, ет өндіру саласын өнеркәсіптік негізге көшіру, өнімнің сапасы мен өнімділігін арттыру, малдың тұқымдық құрамын жақсарту мақсатында жұмыстар ұйымдастырылуда. Осы мақсаттта «Сыбаға» бағдарламасының мүмкіндіктері тиімді пайдаланылуда. Аталған бағдарлама бойынша 66 млн теңгеге 290 бас ірі қара сатып алу тапсырмасы белгіленген. Жыл ішінде аудан бойынша 12 шаруашылық бағдарламаға қатыстырылып, 65,8 млн теңге несиеге 350 бас ірі қара алынды. Тапсырма 121 пайызға орындалып отыр. Аудан көлеміндегі ірі қара малдардың тұқымдық құрамын жақсарту бағытындағы бағдарламаға 54 ШҚ қатыстырылып, 87 бас асыл тұқымды аталық малдар алынды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының аудандар көлемінде жеке тұрғындардың да ірі қара малдарының тұқымдық құрамын жақсарту бағытындағы тапсырмалары негізінде есепті жылда Батыс Қазақстан облысының асыл тұқымды шаруашылықтарынан 59 бас асыл тұқымды аталық мал әкелініп, жеке табындарға қосылды. Аталған бағдарлама негізінде ауылшаруашылығы саласын мемлекеттік қаржылай қолдау шараларының көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Өткен жылы асыл тұқымды аталық мал алған шаруашылықтарға өздерінің қолдарындағы малдарының тұқымдық құрамын жақсарту, алған аталықтардың өзіндік құнын арзандату, осы шаруашылықтардың дайындаған шөптерінің құнын арзандату мақсатында есепті жылы ірі қара малының тұқымдық құрамын жақсартуға қатысқан 54 шаруашылыққа, жеке табындар үшін аталық мал сатып алған қожалықтарға және 2012 жылы «Жайылымдық мал шаруашылығы» бағдарламасына қатысып, 4624 бас саулық, 252 бас асыл тұқымды аталық мал алған 10 шаруашылыққа, қолындағы 150 - 200 шартты мал басына мал азығындық шөп дайындағаны үшін 12 шаруашылыққа барлығы 56 млн 792 мың теңге субсидия берілді. ҚР Үкіметінің бекіткен тізбесі бойынша жеке тұрғындардың және шаруашылықтардың иелігіндегі малдар арасында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Республикалық бюджет есебінен мал дәрігерлік шараларды іске асыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту мақсатында есепті жыл ішінде «Аудандық ветстанса» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бюджет қаражаты есебінен материалдық – техникалық жарақтандырылып, қызметтік автокөлікпен, ветеринарлық құрылғылармен қамтамасыз етілді. Аудан көлеміндегі барлық санаттағы шаруашылықтардың қолдарындағы малдарды қауіпті жұқпалы аурулардан сақтау, аурулардың алдын алу, таралуына жол бермеу бағытындағы ветеринарлық – профилактикалық шараларды жүргізуге жыл ішінде 68,1 млн теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. Соңғы жылдары «КазАгро Қаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарының машина – трактор паркін жаңалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2012 жылы аудан шаруашылықтары аталған мекеме арқылы 115,8 млн теңге несие қаражатқа ауылшаруашылығы техникаларын алуды қамтамасыз етсе, 2013 жылы ауыл шаруашылығы құрылымы 121 млн теңгеге техника алды. Жыл сайын ауылшаруашылығы техникаларын жаңалау осы қарқынмен жүзеге асырылатын болса, онда алдағы 4 - 5 жылда аудан көлеміндегі барлық шаруашылықтардың машина-трактор паркі толық жаңартылатын болады. Уақыт талабына сай бүгінгі таңда алыс жайылымдық жерлерді суландыру және электрлендіру көкейкесті мәселеге айналды. Аталған мәселені оңтайлы шешуге байланысты күн сәулесі, жел күшін пайдаланып, электр энергиясын өндіргіш гибридті электр қондырғыларын сатып алып пайдалану мақсатында ауданның 7 шаруашылығы жұмыс жүргізуде. Оның ішінде «Мерей и К» шаруа қожалығы Облыстық «Каз АгроФинанс» АҚ-ы арқылы осындай қондырғыны қондырып, сағатына 5 кВт қуатты шаруашылық игілігіне пайдаланып отыр. Жыл ішінде 20 шаруа қожалығы жаңадан ашылды, ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға 118421 га жер берілді.

2014 жылға арналған міндеттер:

- «Бизнестің жол картасы - 2020», «Агробизнес-2020» бағдарламалары арқылы мал бордақылау алаңын іске қосу. - «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданның барлық шаруашылықтарын жұмыс жасауға тарту, сол арқылы бәсекеге қабілетті мал өнімдерін өндіруді жүзеге асыру; - Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғындардың жеке шаруашылықтарына қызмет көрсететін сервистік дайындау орталықтары арқылы ауылшаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу жұмыстарын одан әрі кеңейту;

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

Ауданның экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі - шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау арқылы дамыту болып табылады. Есепті жылдың аяғында тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 892 бірлікті құрады . Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсті. Осы салада жұмыспен қамтылғандардың саны 2162 адам. ҚР Президентінің «Қазақстан -2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау - ұлттық экономиканың басты қуаты» екендігін атап өтті. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндіктер болды. Жыл ішінде барлық қаржы көздері арқылы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 430 млн теңгеге жуық қаражат тартылды. Жыл ішінде 36 жеке кәсіпкерге кәсіпкерлік обьектілер салу мақсатында 15,14 га жер сатылып берілді. Жергілікті әкімдіктің алдында тұрған маңызды міндеттің бірі ішкі рыноктағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (нан, ұн, шәй, қант, ет, қант, тұз, сары май т.б) 10 пайыздан аспайтын сауда үстемесін қолдау туралы ірі сауда желілерімен қол қойылған ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, жыл ішінде аталған азық-түліктердің бағасы қадағаланды. Аудан көлемінде астық дақылдары өсірілмегенімен аудан тұрғындарын қол жетерлік бағадағы нанмен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. «Азық - түлік келісім шарт продкорпорациясы» Ұлттық корпорациясы АҚ арқылы ауданға 504 тонна ұн бөлініп, І сортты нан бағасын тұрақтандыру шаралары алынды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының малдарын ұнтақ жеммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Есепті жыл ішінде кәсіпкерлер мен жаңадан кәсіппен айналысушы кәсіпкерлерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы – 2020 » бағдарламасының 4 бағытының шеңберінде «Бизнес - кеңесші» қоғамы 2 күндік оқыту мен тегін семинарлар өткізді. 40 кәсіпкер сертификат алды. 2 рет аудан орталығында «Даму» қорының аймақтық филиалының мобильдік орталықтары іс сапарда болып, кәсіпкерлерге кеңестер берді. Қатысушылар «Даму» қорының бағдарламалары және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Қаз Агро Қаржы» және «Аграрлық несиелік корпорация» мекемелері арқылы жеңілдетілген қаржыландыру шарттары туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, осы іс-шараларды өткізу барысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» бағыты бойынша сервистік қызметтер көрсететін компаниялар қатысуы қамтамасыз етілді. Аудан кәсіпкерлері аудан көлемінде өтіп жатқан түрлі іс-шараларға, «Көркейе бер, туған жер!» акциясына белсене атсалысуда.

2014 жылға арналған міндеттер:

Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің санын көбейту мақсатында жұмыстар жүргізу; Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың санын көбейту; Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелерінде қоғамдық бірлестіктердің қатысуын жандандыру; «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша тиімді жұмыстар жүргізуде кәсіпкерлерді тарту.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

Өмір сүрудің жайлы жағдайларын жасаудың маңызды мәселелерінің бірі - елді мекен тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету және газдандыру, байланыспен, теледидар бағдарламаларымен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда ауданның 25 елді мекенінен 2 ауыл тұрғындары тасымал ауыз суын пайдалануда. 3 елді мекен орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Есепті жыл ішінде ауыз су проблемасы бар елді мекендерді қамтамасыз ету мақсатында құжаттамалық жұмыстар жүргізілді. Республикалық «2011 – 2020 жылдарға арналған АҚБҰЛАҚ» бағдарламасы бойынша тасымал ауыз суын пайдаланып отырған Бұлақтыкөл елді мекеніне су құбырын тарту жұмыстары, Жарлы ауылына тартылып жатқан су құбырлары 2014 жылы толық пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Аталған бағдарлама аясында алдағы жылдары Қарауылкелді ауылында ауыз сумен қамту обьектілерін кеңейтуге, Жарқамыс, Кемерши, Ебейті ауылдарына ауыз сумен қамту обьектілерін салу мақсатында жобалау сметалық құжаттамаларын жасауға қаражат бөлінді.

Қарауылкелді елді мекенінің ауыл ішілік газ құбырын тарту жұмыстары жалғастырылуда. Есепті жылы республикалық бюджеттен 194 млн теңге қаражат бөлініп, игерілді. Құжаттары дайын болған тұрғын үйлер өз кезегімен көшелерге тартылған газ желісіне қосылуда. Аудан орталығына газ құбырын тарту шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндіктер туғызып отыр. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторларының бірі қазіргі заманғы көліктік инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады. Есепті жыл ішінде жергілікті бюджет есебінен Қарауылкелді ауылының көшесін күрделі жөндеуден өткізуге, аудандық мәдениет үйінің іргелес жатқан аумақтарын абаттандыру мақсатында 68 млн теңге қаражат бөлініп, толық игерілді. Сонымен қатар, ауданның жер қойнауын пайдаланушы «Қазақойл»ЖШС, «Сағыз Петролеум Компани»ЖШС -і, «Фэлкон Ойл энд ГЭс ЛТД » ЖШС-і мекемелерімен және ауданның «Нұрәділ», «Асылзат »,«Кепіл», «Өркен», «Айбол» шаруа қожалықтарының, «Мерей и К», «Байғанин көлік» ЖШС –імен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде және «Көркейе бер, туған жер!» акциясы аясында көп жылдардан бері проблема болып келе жатқан Ноғайты, Қарауылкелді (Белқұдық), Көкбұлақ, ауылдарының көпірлері күрделі және жәй жөндеуден өткізілді. Аудан орталығының көшесін тегістеу, шебень төсеу жұмыстары жасалып, Қопа селолық округіне KCEEL ұялы байланыс желісі орнатылды. Аудан көлемінде барлық елді мекендер телефон байланысымен қамтылып болды. Бүгінгі таңда 4204 телефон нүктесі жұмыс жасап тұр. Тұрғындардың телефон қондырту жөніндегі өтініштері 108 пайызға орындалды. Аудан бойынша 15 елді мекенде агенттік келісім - шарт негізінде тұрғындарды сөйлестіру пункттері жұмыс жасап тұр. Аудан тұрғындары соңғы үлгідегі ақпараттық жаңа технологиялық техникалармен жарақтандырылуда. Жоғары жылдамдықтағы «Мегалайн» кең жолақты интернет желісіне 717 заңды және жеке тұлғалар қосылған. Абоненттерге қосымша қызмет көрсету көлемі жыл сайын ұлғайтылып келеді. Бүгінгі таңда абоненттер төлем ақыларын телефон арқылы төлеуге мүмкіндік алып отыр. Байланыс желілері қыс маусымына толық дайындықтан өткізілді. Ауданның бірнеше елді мекені ұялы байланыс желілерімен қамтамасыз етілген. 9 селолық округтің орталықтарында пошта байланыс бөлімшелері тұрақты жұмыс жасап тұр. Аудан бойынша барлық елді мекендер электр энергиясымен толық қамтамасыз етілген. Байланыс пен электр желісінің қыс мезгілінде жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында дайындық жұмыстары жүргізілді.

2014 жылға арналған міндеттері:

- «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жоспарлы су құбырларын іске қосуды аяқтау;

- 2014 жылға жоспарланған газдандыру жобаларын уақытында іске асыруды қамтамасыз ету;

- «Көркейе бер , туған жер!» акциясы аясында өмірлік маңызы бар обьектілерді күрделі жөндеуден өткізу және басқа да әлеуметтік маңызды жұмыстарды іске асыруды қамтамасыз ету.

ӨНЕРКӘСІП, ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Ауданның өнеркәсібінің негізін территориямызда өндіріліп жатқан мұнай саласы құрайды. Мұнай өндіру бағытында аудан территориясында 5-6 компания жұмыс жасауда. 2013 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 235 430,3 мың теңгені құрап, өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда мұнай, газ, электр энергиясын өндіру көлемінің артуынан өндіріс көлемі 106 пайызға өскен. Аудан экономикасына территориямызда жұмыс жасап жатқан компаниялар мен жеке тұрғындар қаражаты, республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен есепті жылдың 11 айында 51 338,1 мың теңге инвестиция тартылды. Бюджеттік инвестициялар білім беру, әлеуметтік қорғау, сумен жабдықтау, тұрғын үй –коммуналдық салаларын дамытуға және автокөлік жолдарының жағдайларын жақсартуға бағытталды. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 5095 шаршы метрлік 45 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілуде. Оның ішінде республикалық, облыстық бюджеттен мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 44,5 млн теңгеге 2 пәтерлі 4 тұрғын үй, тұрғындардың жеке қаражаты есебінен 41 тұрғын үй салынды. Аудандық ішкі істер бөлімінің мамандарына қажеттілікке байланысты жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3,8 млн теңгеге 2 қызметтік пәтер сатып алынды. Тұрғын үйлер салынатын аудандардың инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 2013 жылы 132,7 млн теңге қаражат игерілді. Нәтижесінде 31,9 км электр желісі тартылып, пайдалануға берілді. Заманауи құрылыс нормаларына сай аумақтарды тиімді және орынды пайдалану үшін әрбір елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу бойынша кезеңдік жұмыстар атқарылуда. Есепті жыл ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жарқамыс және Жарлы ауылдарының бас жоспарлары жасалынды.

2014 жылға арналған міндеттері:

- Тұрғын үйлер салынатын аудандарды инженерлік - комуникациялық желілермен қамтамасыз етуге жоспарланған қаражаттарды толық игеру;

- Барлық қаржыландыру көздері арқылы аудан бойынша 5500 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Аудан тұрғындарына 54 орындық аудандық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 16 медпункт дәрігерлік көмек көрсетуде. Аудан тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін 3 дәріхана және олардың 8 селолық округ орталығындағы филиалдары тұрақты жұмыс жасап тұр. Елді мекендердегі дәрігерлік қызмет көрсететін 22 обьектінің 17-сі телефон байланысымен қамтамасыз етілген. «2011 - 2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» бағдарламасының іс –шаралар жоспары бойынша медициналық қызметкерлердің тұрғындарды алдын ала қарау жұмыстарымен қамтуы денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштеріне оң ықпал етті. Аудан орталығына типтік жобадағы аурухана үйінің салынуы мен оның бүгінгі күн талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі ана мен балаға дәрігерлік көмектің жақсаруына елеулі әсер етті. Аурухана жанынан қатаң аурулар үшін реанимация бөлмесі ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Елді мекендердегі балаларды жұқпалы ауруларға қарсы егу үшін жылжымалы дәрігерлік бригада елді мекендерді аралап, егу жұмыстарын жүргізді. Елді мекен тұрғындарын жылжымалы флюрография арқылы тексеру жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Туберкулез ауруымен аурушаңдық деңгейі 2013 жылдың 11 айында 100 000 адамға шаққанда 52,7 болып, өткен жылмен салыстырғанда 12,7 бірлікке өсіп отыр. Бастапқы медициналық – санитарлық көмек деңгейінде әлеуметтік психологиялық көмек қызметі ұйымдастырылып, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер лауазымдары енгізілді. Аудан экономикасының дамуы, соңғы жылдардағы денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістердің ықпалымен демографиялық көрсеткіштер жақсарып, тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдығуы біршама азайды.

2014 жылға арналған міндеттері:

- елді мекендердегі денсаулық сақтау мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу және жоспар бойынша жаңадан салынатын денсаулық сақтау обьектілерінің уақытында салынып, пайдалануға берілуін қамтамасыз ету;

- денсаулық сақтау саласын білікті дәрігерлермен қамтамасыз ету.

БІЛІМ БЕРУ

Ел Президенті өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы Жолдауында экономиканың ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге бағытталған білім берудің қазіргі заманғы моделін құру қажеттігі туралы атап көрсетті. Білім беру саласында 24 жалпы білім беру мектептері, 11 мектепке дейінгі тәрбие беретін балабақшалар және 19 шағын орталықтар, сонымен қатар, қосымша білім берумен айналысатын саз мектебі мен оқушылар үйі, балалар спорт мектебі тұрақты жұмыс жасайды. «Балапан » бағдарламасы бойынша 2 балабақша жұмыс жасауда. 2013-2014 оқу жылында аудан мектептерінде 4140 оқушы оқуға тартылды. Есепті жылы балалардың жеке басының дамуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, өздерінің қабілетін іске асыруға, олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына қажетті жағдайлар жасау мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен жергілікті бюджет есебінен мектептен тыс «Темірқазық» аула клубы ашылды. Аула клубы қажетті құрал –жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан аз қамтылған отбасы балаларына 26 841,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде.



Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету 90,2 пайызды құрады. 2012-2013 оқу жылында 320 оқушы мектеп бітіріп, оның 217 -сі ҰБТ тапсыруға қатысты. Тест қорытындысы бойынша ауданның көрсеткіштері өткен жылдардағыдан анағұрлым төмен болды. Жыл ішінде ауыл мектептеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 13 жас маман келіп орналасты. Олардың барлығы да бағдарлама бойынша тиісті көтерме жәрдемақылармен, 5 жас маман бюджеттік несие есебінен тұрғын үй сатып алды.

Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі –педагогтардың мәртебесін көтеру, мұғалім еңбегінің беделін арттыру. Жыл ішінде үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбек ақысын көтеру мақсатында бюджеттен 6227,0 мың теңге қаражат жұмсалды. Аудан мектептері бойынша 40 мұғалім «Кэмбридж бағдарламасы» бойынша оқытылды. Жазғы мезгілде мектеп оқушыларының сауықтырылуы мен бос жүрмеуін қадағалау, сауықтыру тынығу лагерлерін ашу мақсатында 20 мектепте және аудандық оқушылар үйінде лагерлер жұмысы ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласындағы «Энергетик» сауықтыру демалыс орталығында 75 оқушы демалды. Ауданның білім беру мектептері мен балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 114 782,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Жаңа оқу жылында Қарауылкелді ауылы орталығынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедігі № 343 « Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің 05.05.2013 жылғы №56 қаулысы негізінде Ақтөбе облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Байғанин ауданының психологиялық педагогикалық түзетім кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жұмысын бастады. Бүгінгі таңда кабинетке 23 мүгедек оқушы тартылды. Аудан орталығында 9 -11 тамыз аралығында бұқаралық спортты дамытуға өзіндік үлесін қосатын облыстық «Ақ бидай-2013» ауыл спорт ойындары өткізілді. Мектеп оқушыларының 15 спорт түрінен өткізілген облыстық спартакиадасында аудан құрама командасы жалпы командалық есепте ІІІ орын, тоғызқұмалақтан І орын, гир көтеруден І орын, қысқы Президенттік көпсайыстан ІІІ орын иеленді. Мектеп спортшылары облыстық, республикалық халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Татарстан Республикасының Нижнекамск қаласында өткізілген әлем чемпионатында белбеу күрестен А.С.Пушкин атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Айдос Кемалов қола жүлдеге ие болды. Елбасының жас қазақстандықтарды өз бетінше өмір сүруге, ынталы еңбек етуге бейімдеудің тиімді жүйесін құру бойынша тапсырма бергені белгілі. Мемлекет басшысының бастамасымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қызмет етуінің принципті тұрғыда жаңа моделін қалыптастыру жүргізілуде. Жаңа модельдің маңызды элементтерінің бірі кәсіптік лицейлердің жаңа мәртебеге- колледжге ауысуы болды. Бұл оқу орнының қабырғасында бірнеше біліктілігі бар мамандық алуға, техникалық және кәсіптік білім оқудың тартымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп әрі жекелеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Байғанин техникалық колледжінде 2013-2014 оқу жылында 165 оқушы 7 мамандық бойынша оқып, білім алуда. Колледждің материалдық техникалық базасы бүгінгі күн талабына сай жарақтандырылған. Оқушылар үшін 2 оқу корпусы, 3 шеберхана, 26 орындық жатақхана және асхана, мәдени-көпшілік және сауықтыру іс – шараларын өткізетін мәдени спорт кешені жұмыс жасайды. Жыл ішінде «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша мектептің 2 оқу корпусы күрделі жөндеуден өткізілді. Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуға облыстық бюджеттен 25 млн теңге қаражат бөлініп, 3 мамандық бойынша оқытуға қажетті құрал-жабдықтар алынды.

2014 жылға арналған міндеттер:

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстарды жалғастыру;

- білім сапасын арттыру, мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту, мектептерді жоғары білікті педагог кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- барлық мектептер мен балабақшаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін техникалық түгендеу жұмыстарын жасап, қажетті құжаттарын дайындау.

МӘДЕНИЕТ

Аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсету ісімен 21 кітапхана, 16 клуб мекемесі, 1 музей және «Халықтық »атағы бар 3 ұжым айналысады. Мәдениет саласында да ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасына сай жоспарлы жұмыстар толық атқарылуда. Аймақтың тарихи-мәдени дәстүрлерін сақтау, отандық мәдениетті танымал ету және насихаттау – мәдениет саласының 2011-2015 жылдарға жүзеге асырылатын аймақты дамыту бағдарламасындағы басты мақсаты. Жыл ішінде аталған бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру, түпкі нәтижеге жету мақсатында жұмыс жүргізілді. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен желілерін дамыту өткізілетін іс-шаралардың сапасына оң әсерін тигізіп, көрермендердің санының көбеюіне әсер етті. Барлық мәдениет ошақтарында үстіміздегі жылғы даталы күндер мен мерекелі күндерге байланысты тақырыптық кештер тұрақты түрде өтуде. Өткізілетін іс-шаралар жоспары жыл сайын жаңартылып, тұрғындар талабына сай болуда. Аудандық музейде тақырыптық сурет көрмелері, сырлы сұхбаттар, патриоттық тәрбиеге арналған кештер және «Сыры көп Жем- Сағыз бойындағы ескерткіштер» тақырыбында интерактивті кеш өткізілді. 8 қыркүйек – отбасы күніне байланысты ауданның ішкі саясат бөлімі, гендерлік саясат комиссиясы, АХАЖ және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Қос жүректің лүпілі» атты концертік, танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама бойынша алтын той, күміс той иегерлерін құттықтау, жас отбасыларын некеге отырғызу рәсімдері өткізілді. Есепті кезең ішінде облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырып отырған «Өнер керуенінің» аудандағы эстафетасы, айтулы күндерге байланысты термешілер байқауы, әншілер байқаулары, «Әжелер ансамблінің» және тағы да басқа іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырылды. Жыл ішінде аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 6,8 млн теңге қаражат бөлініп, ғимаратттың ішкі жағына түгел қайта сылақ жұмыстары жүргізілді, жылыту жүйесі де жөнделді. Ауылдық клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру мақсатына жергілікті бюджеттен 8525,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Байғанин аудандық мұражайы «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 10,0 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ және «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ - 2020»



бағдарламасы

2013 жылдың есепті кезеңі ішінде аудан бойынша 455 жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңадан ашылған және босаған жұмыс орындарына 524 жұмыссыз орналасты. Мақсатты топқа жататын жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудандағы кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары арқылы 48 жұмыссыз, сонымен қатар, ақылы қоғамдық жұмыстар арқылы 361 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Оларға бюджет есебінен 29,1 млн теңге қаражат жұмсалды. Жұмыспен қамтамасыз ету орталығы арқылы «Жастар бағдарламасы» бойынша арнаулы білімдері бар 49 жас маман жұмысқа тартылды. Олардың 49-ы толық тәжірибелерін аяқтап, 25–і тұрақты жұмыстарға орналасты. Жұмыссыз азаматтармен белсенді жұмыс жасау арқасында аудандағы аз қамтылған отбасылар санының азаюына қол жеткізілді. 2013 жылдың есепті кезеңінде 429 отбасы (1258 бала) 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысымен қамтылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 отбасына азайған. Аталған мақсатқа бюджет есебінен 19,7 млн теңге қаражат жұмсалды. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 317 шешімімен аудан бойынша 4 ҰОС қатысушысы мен мүгедектеріне, 62 ҰОС құрбан болған немесе қайтыс болғандардың жесірлеріне, 12 ауған жауынгерлері мен олардың отбасыларына, 10 Чернобыль және Семей ядролық апат аймағында болғандарға, 4 бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, 186 тыл ардагеріне барлығы 19,4 млн теңгеге коммуналдық төлемдерден жеңілдіктер берілді. Мүгедектермен және жалғызбасты қарт азаматтармен тұрақты түрде жұмыс жүргiзiлiп келеді. Аудан бойынша 566 мүгедек есепте тұрады. Олардың 105-і 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар. 52 мүгедек әр түрлі салада жұмыс жасап жатыр. Аудандық мәслихаттың шешімімен 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар және әлеуметтік жәрдемақы алушы 1,2,3 топ мүгедектері 566 адамға айына 3000 теңгеден жыл ішінде 18,8 млн теңге өтемақы төленді. 2012 жылы Байғанин ауданы бойынша 2013-2015 жылдарға арналған Жұмыспен қамту картасы әзірленді. Жыл ішінде жұмыспен қамту картасы аясында 225 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып, 86 тұрақты жұмыс орны, 139 уақытша жұмыс орны ашылып жоспар толық жүзеге асырылды. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп, әртүрлі топтағы мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде қажетті құрал –жабдықтармен қамтамасыз етілді (протез, балдақ, есту аппараты, гигиеналық құралдар, мүгедек арбалары, тб). 20 мүгедек санаториялық ем қабылдау шараларымен қамтамасыз етілді. 10 І топ мүгедектеріне жеке көмекші қызметі көрсетілді. Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 20 мүгедек балаға, 7 мүгедек және жалғыз басты қарияларға 6 қызметкердің қамқорлық жасауы жүзеге асырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасының 1-ші «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту» бағыты бойынша Байғанин аудандық мұражай ғимараты мен аудандық техникалық колледждің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге 54 млн теңге қаражат бөлініп, игерілді. Осы жұмыстарды атқару барысында 28 адам уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасының ІІ «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бағытын жүзеге асыруға 2013 жылы Республикалық бюджеттен 23,1 млн теңге қаражат бөлінді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 15 адам әртүрлі бағыттағы кәсіпкерлік жұмысты дамытуға 24,6 млн теңге несие қаражатпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, сол мақсаттағы жұмыстарды толық игеруге жетіспейтін инфрақұрылымдық желілерді жетістіру мақсатында 10 млн теңге қоосымша қаражатпен қамтамасыз етілді. Жүргізілген мақсатты жұмыстардың нәтижесінде жыл ішінде 23 жұмыссыз тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Аталмыш бағдарламаның ІІІ кезеңі «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаражат есебінен 105 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 77 адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Жастар бағдарламасын» жүзеге асыру бағыты бойынша бөлінген қаражат есебінен 62 жас маман уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 23. «Кәсіптік оқуға, қайта даярлау және біліктілігін арттыру» бағыты бойынша 38 адамды әртүрлі мамандыққа оқыту қамтамасыз етіліп, нәтижесінде 13 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында 183 адамды бағдарламаға тарту жоспарланған болатын. Жұмыс қорытындысы бойынша бағдарламаға 256 адам қатыст. Бағдарламаның жүзеге асырылуы 139 пайызды құрады.

2014 жылға арналған міндеттер:

- Жастар бағдарламасы бойынша жолданған жұмыссыз жастардың жастар тәжірибесін аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

- Әлеуметтік жұмыс орнымен қамтамасыз етілген жұмыссыздардың жұмыс жасаған уақытынан кейін сол мекемеде тұрақты жұмысшы болып қалуына жағдайлар жасау;

- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын тұрғындар арасында насихаттау, селолық округтердегі жұмыссыздарды бағдарламаға қатыстыруға жағдай туғызу;

- Жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал жасау.

ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ АХУАЛ және ЖАСТАР САЯСАТЫ

Ауданда әлеуметтік-саяси ахуал тұрақты. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы тіркелген. Сонымен қатар, «Қазақ тілі», «Байғанин аудандық мүгедектер қоғамы», «Байғанин аудандық ардагерлер ұйымы», «Байғанин жастары» қоғамдық бірлестіктері тіркелген. Ресми тіркелген 4 діни бірлестік филиалдары жұмыс жасап тұр (Байғанин орталық мешіті, Жарлы, Жарқамыс, Кемерши ауылдарының мешіттері). Елбасы Жолдауында берілген тапсырмалардың орындалуы мен ауданның әлеуметтік - экономикалық, саяси жағдайларын насихаттау мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, жыл ішінде «Қазақстан - Ақтөбе» РТРК арқылы көпшілікке таратылды. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру, насихаттау жергілікті баспасөз арқылы тұрақты түрде жүргізілуде. Аудан бойынша 2609 отбасы «ОТАУ-ТВ » спутникті телехабар тарату қондырғысымен қамтамасыз етілген.

Аудан тұрғындарының ішінде жастар саны 7778, яғни олар аудан тұрғындарының 34 пайызын құрайды. 9 селолық округте «Аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңес» жұмыс жасайды. Жыл ішінде аудан бойынша жастар қатарына жататын 486 тұрғын жұмысқа орналасты. Жұмыссыз ретінде 255 жас есепке алынды. Алдағы жылы жастар арасындағы жүргізілетін жұмыстарды жоғары деңгейге көтеру мақсатында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық құрылуда. Ақтөбе қаласында өткен «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлер арасында кәсіптік жобалар байқауына ауданымыздың өз кәсібін ашпақ болған 12 жас кәсіпкері жобаларын ұсынып, «Атамекен Стартап » орталығының 4 млн теңгелік жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, «Байғанин жастары» қоғамдық бірлестігі «Сорос Қазақстан» қорының «Жүректен - жүрекке» жобасы бойынша мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін қайырымдылық шараларын өткізу мақсатында ұсынған 500 мың теңге қаражатын жеңіп алып, 4 бағыт бойынша жұмыстар ұйымдастырып, өткізуде.

2014 жылға арналған міндеттер:

Діни ахуалды және діни экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында тұрақты түрде мониторинг жасау;

Жоспарлы түрде халық арасында, білім беру мекемелерінде дәстүрлі емес, соның ішінде жалған исламдық діни ағымдарға еліктеудің жағымсыз зардаптарға әкеліп соқтыратыны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жасау: Қолданыстағы бағдарламалар мен басқа да бастамашыл жобалар мен акцияларды қолдана отырып, жастардың жұмыспен қамтылуын және бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету;

Ауданда жастармен жұмыс жасайтын Ресурстық орталық құруды қамтамасыз ету;

КАДРЛЫҚ САЯСАТ

2012 жылдың қараша айында Елбасының Жарлығымен «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасы» бекітіліп, 2013 жылы елімізде тұңғыш рет барлық ауыл округтері әкімдерінің сайлауы болып өтті. Ауданның 9 селолық округінің әкімдігіне 27 үміткер сайлауға түсіп, 7 әкім бұрынғы қызметтеріне қайта сайланса, Қызылбұлақ пен Жаңажол селолық округтеріне жаңадан әкімдер сайланды. Осы қадамдардың бәрі жергілікті жердің жағдайын дербес шеше отырып, өңірлердің ахуалын елмен бірлесе оңалтуға бағытталуда. Әкімдердің тиімді жұмыс істеуі үшін биылғы жылы жергілікті билік органдарының мүмкіндіктері айтарлықтай күшейтілді. Ауылдық әкімдерге әлеуметтік салада қосымша өкілеттіктер берілді, жаңартылған заңнама бойынша оларға заң жүзінде 70-ке жуық функциялық міндеттер бекітіліп берілді. Соған орай, селолық әкімдіктерге жаңадан 19 штаттық бірліктер берілді. Ауданның жергілікті бюджетке қарасты бюджеттік сала мекемелерінде бүгінгі таңда 129 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Барлық мемлекеттік қызметшілердің 38,2 пайызын әйел адамдар құрайды. Басшылық санаттағы әйелдер саны -7. Барлық мемлекеттік қызметшілердің 26 пайызы 30 жасқа дейінгілер, 79,6 пайызы жоғары білімділер.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2 мемлекеттік қызметші қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 26 мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру қамтамасыз етілді.

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Мемлекеттік сектор бағыттарының бірі - мемлекеттік қызмет стандарттарының регламенттерін бекіту және мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсету үдерістерін жетілдіруді қажет ететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Ақтөбе облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Байғанин бөлімшесі арқылы тұрғындар мен заңды тұлғаларға 145 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Соның ішінде 43 мемлекеттік қызмет түрі жергілікті атқарушы органдармен тікелей жасалынатын қызметтер болып табылады. ХҚКО мекемесінің негізгі мақсаты мен міндеттері «бір терезе» әдісі бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету яғни, азаматтардан, жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдау және дайын құжаттарды беру. Жыл ішінде осы орталық арқылы 18144 өтініш қабылданып, 18950 дайын құжаттар таратылған, жергілікті атқарушы органдар бойынша 2439 өтініш қабылданып, 2476 құжат таратылған. 3644 тұрғын «электронды санды қолтаңба» алған. Селолық округтерге 168 рет «мобильдік топ» жолсапарға шығып, тұрғындардан 2086 құжат қабылдап, дайын құжаттарын таратуды, тұрғындарға тиісті құқықтық кеңестер беруді қамтамасыз етті. Ақтөбе облысының 2011-2013 жылдарға арналған құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі Аймақтық бағдарламасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар профилактикасы, есірткі қылмысы, құқықтық тәртіп және қоғамдық жерде , көшелерде азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған бағдарламадағы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстың алдын алу бойынша жоспарлы іс-шаралар атқарылғанмен жыл ішінде 2012 жылмен салыстырғанда қылмыс саны 47 пайызға өскен. Жыл ішінде 2 аса ауыр дәрежедегі қылмыс, 10 ауыр дәрежедегі қылмыс, 142 орта ауыр дәрежедегі қылмыс тіркелген. Есепті мерзім ішінде аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың жолын кесу, бақылаусыз, қараусыз қалуының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп, соның нәтижесінде жасөспірімдер тарапынан ауыр, немесе аса ауыр қылмыстық іс-әрекеттерге жол берілген жоқ. Есепті кезеңде 9 жол көлік оқиғасы тіркелді. Жол полиция тобы қызметкерлерімен 1200 автокөлік тексеріліп, 483 жолда жүру ережесін бұзушылар анықталды. Оның ішінде 44 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарушылыр болған. Жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге 4 427,0 мың теңге айыппұлдар салынып, жергілікті бюджет кірісіне өндірілді.

САЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР



Аудан бойынша жергілікті бюджетке түсетін салық көрсеткіштерін орындау мақсатында жасалған шараларды жүзеге асыру барысында салық және басқа да түсімдерді түсірудің жылдық болжамы 2 322 ,9 млн теңгенің орынына 2 486,1 млн теңгені құрап, жылдық болжам 107 пайыз болып орындалды. Жергілікті бюджетке түсетін салық көлемдерінің ұлғаюы жыл ішінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шаруашылық құрылымдарында өндірілетін өнімдердің көбеюіне байланысты болып отыр.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет