Аудандық, (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтарына, облыстық мамандандырылған дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша мектеп директорларына



Дата28.04.2016
өлшемі87.65 Kb.
Аудандық, (қалалық)

білім бөлімдерінің бастықтарына,

облыстық мамандандырылған

дарынды балалармен жұмыс жүргізу

бойынша мектеп директорларына
Ақпараттық хабар
Дарынды балаларды қолдау және олардың дарындылығын дамыту жағдайларын жасау мақсатында дарынды балалармен жұмыс аясындағы Халықаралық қызметтестікті кеңейте отырып, Европада Халықаралық шығармашылық мектептер қатарын жүргізу жоспарланып отыр.

Қатысушылар үшін: Халықаралық КОНКОРД (Франция) академиясының және FIDJIP-EUROTALENT CONCORDE Қазақстан – Француз орталығы президенті, педагогика ғылымдарының докторы, педагогика ғылымының профессоры, МАК академигі, ФИДЖИП және КОНКОРД академиясының Қазақстан бойынша вице – президенті, ЕВРОТАЛАНТ дарынды балаларға арналған Европалық қауымдастықтың Қазақстан бойынша бас үйлестірушісі - Ахаев Андрей Васильевич, Халықаралық ФИДЖИП- ЕВРОТАЛАНТ ұйымымен бірлесе, Европа бойынша бірегей ғылыми және шығармашылық сайыстармен үндесе жүретін тартымды және танымды демалысқа шақырады. Саяхат бағдарламасында: тарихи және мәдени орындарға, әлемнің атақты мұражайларына, ғылыми кешендеріне, әлемдік орталықтар мен сарайларына бару (ЮНЕСКО, Европалық кеңес). Атлант мұхитының, Адриат және Жерорта теңіздері жағалауындағы белсенді демалыс. Математикалық және шығармашылық олимпиадаларды өткізу, ғылыми жобаларды қорғау (өзекті тақырыптар бойынша «Халықаралық мектеп қатысушысының материалдары (РDF)» бөлімі www.jipto.kz сайтынан қараңыз), түрлі сайыстарды, фестивальдарды, ЖИПТО технологиясы мен зияткерлік ойындардың мастер - кластарын өткізу, зияткерлік биатлон және зияткерлік ЖИПТО ойыны бойынша Халықаралық жарыстарға қатысу, ерекше үлгідегі медальдар мен дипломдарды, Халықаралық сертификаттарды тапсыру (БҰТ тапсыруда және Қазақстанның ЖОО-на түсуде ықпал етпейді, бірақ Халықаралық шығармашылық мектеп қатысушысына тиімді бірегей мүмкіндіктер береді, қосымшадан қараңыз).

Бүкіл саяхаттың бойында (ыңғайлы автобус – ФИДЖИП- ЕВРОТАЛАНТ жылжымалы білімділік зертханасы) бірлескен профессорлардың кеңестері мен жұмыстары жүргізіледі, шығармашылық мектептің тақырыбы бойынша дәрістер оқылады (нақты ақпарат біздің ресми сайтта www.jipto.kz, «Халықаралық ЖИПТО мектебі қатысушысының материалдары (РDF)» бөлімінде).



Қысқы ФИДЖИП–ЕВРОТАЛАНТ шығармашылық мектеп, 2013

Топ 60 адамға дейін

Келу 2013 жылдың 3 – қаңтарынан – 12 – қаңтарына дейін


Франция – Бельгия - Голландия – Алмания – Люксембург – Франция
3 қаңтар
Парижге келу. Қонақ үйдегі трансфер және кездесу. Бос уақыт. Кешкі ас. Түнгі Париж бойынша автобуспен саяхат: Елисей алқаптары, Салтанатты арка, Эйфель мұнарасына тоқталу. Түнеу.
4 қаңтар
Таңғы ас. Таңдауға: Версаль кешеніне саяхат («Күн патшасы» - Людовик XIV дәуірінде жасалған). Версаль саябағы бойынша субұрқақтар мен сарайдың басты жайларына серуендеу. Түсін ас. Әлемнің атақты мұражайларының бірі- Луврға саяхат. Негізгі топтамалары Ника Самофракийская, Венера Милосская, Мона Лиза, француз шеберлерінің суреттері). Мұражайды өз бетінше зерделеу үшін бос уақыт. Жаяу Сите аралы, Париж бесігі: Нотр–Дам де Пари, Дьё қонақ үйі, Консьержери, Юстиция сарайы, Елисей алқаптары, Салтанатты арка, Эйфель мұнарасы, (қалауыңыз бойынша - оған шығу), Армия мұражайы, Наполеон сағанасы, Сена өзені бойынша серуендеу. Кешкі ас. Түнеу.
5 қаңтар
Таңғы ас. Халықаралық шығармашылық мектептің салтанатты ашылуы. Ғылыми жобалардың қорғалуы, сайыстар (нақты ақпаратты біздің арнайы сайттан қараңыз). Түскі ас. Франция мен Бельгия бойынша сапар. Ел астанасы - Брюссель, шытырман оқиғалы әрі қызықты тарихымен, ғажайып сәулеттік мұраларымен және бай мұражайлық нұсқаларымен мақтана алады. Салыстырмалы шағын бельгиялық астанада – ЕО және НАТО-ның штаб-пәтерлері орналасқан, ал Брюссельдің өзін Европаның астанасы деп жиі атайды. Кеші ас. Қала бойынша кешкілік жаяу серуен. Түнеу.
6 қаңтар
Таңғы ас. Автобуспен (кейде жаяу) Брюссель бойынша саяхат. «Шағын Европа» және «Атомиум»шексіз бейбіт мүмкіндіктердің атомдық энергия монумент ескерткіші саябағына бару. «Шағын Европа» жанындағы әлем халықтары мейрамханалары кварталындағы түскі ас. Бельгиялық қала Антверпенге сапар. Кешкі ас. Қала бойынша кешкілік серуен. Түнеу.
7 қаңтар
Таңғы ас. Бельгия мен Голландия бойынша сапар. Нидерланд астанасы – Амстердамдағы түскі ас (аударма бойынша бұл сөз «Амстел өзені бойынша бөгет» мағынасын білдіреді). Қала бойынша серуен, тарихи және мәдени орындармен танысу: көптеген шіркеулер, мадам Тюссоның қоспадан жасалған түрлі бейнелер мұражайы, патша сарайы, саяхат, серуендер. Кешкі ас. Түнеу.
8 қаңтар
Таңғы ас. Бұрыңғы солтүстік Батыс Рим империясының астанасы және Карл Маркстың отаны Триер қаласына дейін Голландия және Алмания бойынша сапар шегу. Түскі ас. Көптеген тарихи және бірегей жерлеріне бару (римдік үйінділер мен сарайлар). Кеші ас. Түнеу.
9 қаңтар.
Алмания мен Люксембург бойынша сапар. Сансыз тоннельдер, серуендеуге арналған көптеген ыңғайлы көшелер, саябақтар, алаңдар және шағын мейрамханалар, Люксембуртың атақты Адольф көпірі. Люксембург – Виктор Гюгоның отаны. Түскі асқа аялдау. Европаның екінші астанасы Страсбургке дейін сапар. Бұл қаланың атауы басылым беттерінен түспейді, әр күн сайын жаңалықтар шығарылымында күнделікті естіліп тұрады. 1949 жылдан бастап бұнда Европа кеңесі орналасқан, Европарламент сессиясы және адам құқығы бойынша Европалық отырыстар өтіледі. Кешкі ас. ЖИПТО ойыны бойынша зияткерлік жарыс.
10 қаңтар.
Таңғы ас. Страсбургтегі күн. Ағылшын тілінде Европа Кеңесі туралы дәрістермен Европа Сарайына бару. Шығармашылық және математикалық олимпиадаларды өткізу. Түскі ас. Ішінде астрономиялық сағаты бар орасан Страсбургтік құдай ана шіркеуі орналасқан қаланың ғажайып орындарына бару. Страсбургта Гуттенберг кітап басып шығарған және онда Гете оқыған. Сондықтан да Халықаралық КОНКОРД медалімен марапаттау рәсімі белсенді әрі шығармашыл қатысушыларға ғылыми-танымдық ФИДЖИП–ЕВРОТАЛАНТ-КОНКОРД жарыстарында мадақтаулар тапсыру Страсбургте жиі өтеді. Шопинг. Кешкі ас. Бос уақыт. Түнеу.
11 қаңтар
Таңғы ас. Шампани астанасы: Реймске дейін сапар. Ұлы Реймс шіркеуінде барлық француз патшалары тәж кию рәсімін өткізген. Түскі ас. Эйфель атындағы Техникалық лицейге бару. ЖИПТО педагогикалық бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін осы лицейдің оқушыларымен достық кездесу. Жарыс, ЖИПТО Өнерінің көрмесі және концерт (фестиваль шығармашылығының кезеңдері). Шығармашылық мектептің салтанатты жабылуы, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, қатысушыларды марапаттау. Қорытынды кешкі ас. Бос уақыт. Түнеу.
12 – қаңтар
Таңғы ас. Париж-Шарль Деголь әуежайына трансфер. Турдың соңы. Charles de Gaulle әуежайы сияқты Paris Roissy Париждегі ең үлкен және көлемі бойынша Лондондық Heathrow Европаның жолаушылар әуежайынан кейінгі көлемі бойынша екінші орында. Әуежай үштік терминалдармен қамтылған, жолаушыларға сапалы жағдайлармен түнеуге және бірінші класты қызмет көрсетуді ұсынады. Үйге ұшу.
Назарларыңызға!!! Бағрдарламада шаралар мен саяхаттардың өтілу уақыты мен басталуында өзгерістер болуы мүмкін. Қала аралығында автобустың жүруі 3-5 сағатты қамтиды (автобуспен жүру кезінде халықаралық шығармашылық мектеп бағдарламасы бойынша дәрістер оқылады).

Тапсырыстарды 24 – қараша 2012 жылға дейін, телефон - факстар бойынша:

8/7232/552112 ШҚӨҒП «Дарын» орталығы

Қосымша
Халықаралық шығармашылық мектептің бірегей мүмкіндіктері!
Халықаралық шығармашылық мектебінің ФИДЖИП-ЕВРОТАЛАНТ-КОНКОРД әрбір қатысушыға беделді халықаралық қозғалысқа тартылуға, шығармашыл адамдарды топтастыратын әлемдік деңгейдегі ғалымдар және барлық қабілеттілер мен танымды деңгейлері жоғарылар үшін әрбір қатысушыға тиімді мүмкіндіктер береді.
ФИДЖИП-ЕВРОТАЛАНТ-КОНКОРД қозғалысы:


  • Халықаралық ЖИПТО жобасын, АТТИЛА, ВАЛЕОПОЛЬ, басқа және негіздік ғылымдар бойынша дамытады;

  • Ең салмақты Европалық серіктестіктермен, инновациялық перспективалық спорт түрлері (зияткерлік биатлон, ЖИПТОБОЛ) зияткерлік спорттың заман ағымына сай түрлерін әлем бойынша тарату және тестілеу, (ЖИПТО - ның әр түрлі нұсқалары);

  • Келешекте әлемдік деңгейде саналатын үнемі әрекеттегі ЕВРОТАЛАНТ ФИДЖИП фестивалінің шығармашылығының көптеген бағыттары бойынша нұсқалық формулаларымен өткізуді негіздейді.

  • Өнер, әдебиет, математика және басқа бағыттар бойынша Халықаралық шығармашылық сайыстарды өткізеді;

  • Ғылыми жұмыстардың сайыстары мен математикалық және шығармашылық олимпиадаларды өткізеді

  • Танымдық және ғылыми - білімділік турларды ұйымдастырады.

Турларды ұйымдастыруда ең тиімді бірегей бағаларымен кәсіби Европалық саяхатшылық фирмалар мен ЕВРОТИУМ, АЖМ Вуайаж және Шина Кен бірлестіктері қатыстырылады.

Жоғары лауазымды және жоғары мамандандырылған мүшелердің бірлескен жүйесі ФИДЖИП-ЕВРОТАЛАНТ-КОНКОРД ЮНЕСКО - ға баруды ұйымдастыруды септеседі, Европалық кеңеске, қалалар әкімдігі және Европо провинциялары, оқу орындары мен ғылыми орталықтарды қарапайым саяхатшылар үшін қол жетпейтін орындарға баруды ұйымдастырады.

Ғалымдар мен іскер адамдар үшін бұл жүйенің Халықаралық байланыстарды ұйымдастырудағы мүмкіндіктері шығармашылық және ғылыми жұмыстарды жариялауда, балалардың және жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау мен тестілеуде біздің бағдарламаның қатысушыларының көрегенділікпен қолдануына мүмкіндік береді.



Шараға қатысушылар халықаралық сертификаттар, олимпиада және турнир жеңімпаздары - жеңімпаздар дипломдары мен медальдарын, сайыс және фестиваль жеңімпаздары – лауреаттардың дипломдарын, қозғалыстың ең белсенді қатысушылары - Халықаралық мойындауға ие болған беделді белгілердіГранд При ЕВРОТАЛАНТФИДЖИП Гёте медалі, ЕРЕКШЕ ҮЛГІДЕГІ Халықаралық КОНКОРД академиясының басқа да мадақтауларын алады.

Әр әйдік ғалым, суретші, жазушы, өнер қайраткері, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз, дарынды бала мен ата-анасы үшін қабілетті оқушы мен кез келген қарапайым танымды адам үшін Халықаралық шығармашылық мектеп ФИДЖИП-ЕВРОТАЛАНТ-КОНКОРД Халықаралық табыстар жолында ашық қақпа бола алады.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. К. Ахметовтың есебінің тезисіне тұрғындардың сұрақтары, ескертпелері мен ұсыныстарды жинау үшін қойылған жәшіктердің орналасқан жерлері
blogs -> «МӘШҺҰр-жұсіп: Өмірдің философиялық МӘНІ, ізденістері» атты оқушылар арасындағы интеллектуалдық сайысының ережесі негіздеме
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Тәуекел хан Пән мұғалімі: Ибраева Б. Ш
blogs -> Сабақ Тақырыбы: Excel-де формулалар мен функцияларды енгізу Сынып: 8
blogs -> Табиғи газ өндіруден алдынғы орындағы ел: а Өзбекстан; в Ұлыбритания; с Индонезия; д Ресей
blogs -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет