Аудандық балалар кітапханасы шежіресі Оқырман саны: 1912 Кітап берілімі: 43034 дана



жүктеу 59.66 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі59.66 Kb.
: zkolib -> rus -> nav -> sir
sir -> Шағырлой ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 751 Кітап берілімі: 15100 дана
sir -> Бұлан ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 515 Кітап берілімі: 10276 дана
sir -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана
sir -> Оқырман саны: 752 Кітап берілімі: 8907 дана. Кітап қоры: 200025 дана
sir -> Аудандық кітапхана шежіресі Кітапхана м
sir -> Оқырман саны: 850 Кітап берілімі: 13069 дана. Кітап қоры: 16465 дана
sir -> Қызылағаш ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 271 Кітап берілімі: 5361 дана
sir -> Көздіғара ауылдық кітапхана шежіресі
sir -> Талдыбұлақ ауыл кітапхана шежіресі Оқырман саны: 650 Кітап берілімі: 16171 дана
sir -> Оқырман саны: 185 Кітап берілімі: 4708 дана. Кітап қоры: 7293 дана
Аудандық балалар кітапханасы шежіресі
Оқырман саны: 1912

Кітап берілімі:43034 дана.

Кітап қоры: 24727 дана.
Аудандық балалар кітапханасы алғаш рет аудан орталығында 1955 жылы ашылды. Кітапхананың алғашқы меңгеруші қызметін Айтбаева Ұмсын бастады. Кітапханада сол уақытта 2000 кітап қоры болды. Кітапхана ғимараты екі бөлмелі шағын ескі орында болды. Кейінгі кітапханаға кітапханашы болып Абсатырова Надя келді. Сол кезде оқырмандар көп болған, азғантай кітаппен газет-журналдарды пайдаланған. Солардың бірі қазақ балалар жазушысы Қадыр Мырза Әли студент уақытында үнемі келіп тұрған. Кітапхана қорын бастапқы кезде кітап дүкендерінен толықтырса, соңынан облыстық бибколлектордан келетін болған. Жылдан-жылға кітап қоры толыға түсті. Көбіне бос уақыттарында балалар кітапханаға келіп шахмат, шашка ойындарын ойнаған. 1964 жылы Алматыдағы ЖенПИ-ді бітіріп алғашқы жоғары білімді маман Мұхамбетқалиева Мәрия меңгеруші болып қызметке кіріскен. Жас маман кітапхана жұмысын қолға алып, кітапханада мерекелер мен мерейтойларға арналған көрмелер шығарылды, оқырмандармен әр түрлі тақырыпта көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Оқырмандардың кітап оқуға ынтасы арта түсті. 1966 жылы ЖенПИ-дің кітапхана факультетін бітіріп екінші жоғары білімді маман Исатаева Бағи келді. 1972 жылдан 1990 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін балалар кітапханасында меңгерушілік қызметін атқарды. Жылдан жылға кітап қоры көбейіп, оқырман саны арта түсті. 1960-2007 жылға дейін кітапханада кітапханашы қызметін атқарғандар: Құсайынова Қ, Тажикова М, Ғазизова Т, Тұралбекова З, Шайхидденова А, Ғаббасова Т. 1990-1993 жж аралығында кітапхана меңгерушісі қызметін Қажғалиева Дина атқарды. Кітапхана жұмысы жақсара бастады. Кітап қоры жаңа кітаптармен толыға түсті. Кітапхана орта мектеп және балалар бақшасымен бірігіп көпшілік шаралар ұйымдастырды. 1992-1993 жж меңгеруші болып жас маман Шайхидденова Ақмарал қызмет атқарды. Іскер маман жұмысқа кіріскеннен бастап кітапхана келбеті өзгерді. Кітапханада шебер қолдар клубы жұмыс жасай бастады, жас бүлдіршіндерге арналып бұрыштар ашылды, көпшілік оқырманға арналып «Что за прелесть эти сказки» атты үлкен бұрыш ұйымдастырылып, кітапханаға оқырмандар жақсы тартылды. Сонымен қатар кітапхана активі жақсы жұмыс жасай бастады. Оқырман мен кітапхана достығы нығая түсті. 1993 жылдан осы уақытқа дейін кітапхана меңгерушісі Қайжан Г.З. кітапханашы Ғайнешова С.Т. жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда кітапхана қоры 24705 дана, 1910 оқырманы бар. Кітапханада 14 орындық оқу залы бар. Бір абонемент бөлмесі бар, кітапхана жылу жүйесіне қосылмаған, пеш жағылады. Кітапхана ғимараты ескі әрі тар, қараңғы. Соңғы техникамен жабдықталмаған. Балалар үшін 12 атаулы баспасөз басылымы алынады. Кітапхана мектеп, тәрбие орталығы, «Балдырған» балалар бақшасы, педагогикалық–психологиялық түзету орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Кітапханада жүйелік каталог өлкетану, тематикалық, газет-журнал картотекалары бар. Үнемі жаңа материалдармен толықтырылып тұрады. Кітапханада оқырмандар үшін «Ертөстік ертегілері», «Жас суретшілер» клубтары ұйымдастырылды. Жас бүлдіршіндерді кітапханаға тарту мақсатында «Бүлдіршіндер үшін», «Кел, ойнайық» бұрыштары, «Ғажайып ертегілер әлемі» атты кітап көрмесі шығарылды. Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Оқы, біл, үйрен», «Ғылым ғаламына бізбен бірге», «Сен білесің бе?» «Шығыстың ұлылары» атты кітап көрмелері шығарылды. Кітапхананың негізгі бағыты: оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру, 6-18 жасқа дейінгі оқырмандарды кітаппен қамту, мұғалімдер мен тәрбиешілерге көмек көрсету, кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстыру, Қазақстан ақын-жазушылар мерейтойларына арнап кештер өткізу. Әрбір өткен шара газет бетінде жарияланып, суретке, бейне таспаға түсіріледі. Жыл сайын өткізілетін сайыстарға қатысып, алғыс хаттармен марапатталдық. Біздің кітапхананың тұрақты оқырмандары: Бердіғалиева Ғазиза, Тусилова Жұмазия, Едрисова Әсем, Гайсина Эльнура, Султаналиева Аида, Кубаев Дастан сынды оқырмандарымыз «ХХІ ғасыр көсбасшысы» ойнына қатысып, қазір бәрі еліміздің түкпір-түкпірінде жоғары оқу орнында оқып жатыр. Сондай-ақ кітапханадан үзбей кітап алып жақсы оқыған оқырмандарымыз: Сапарғалиев Р., Жоламанов Ә., Хамзин Ж., Исанов Е., Ихласов С., Шалабаев М., Сауғабаев Е., Мұқанова Л., Мұхамбетжанова А. т.б. оқырмандар мектепті жақсы бітіріп, барлығы да аудан, облысымызда басшылық қызметте қызмет атқарып жүр. Ай сайын өткізілетін аудандық, облыстық зерделі кеңестерге қатысып, әдістемелік көмек алып тұрамыз.


Балалар кітабы күніне арналған «Кітап - рухани қазына» ертеңгілігі



p3260004

«Ер Төстік» клубының белсенді мүшелері



p2010013

Аудандық өлкетану мұражайымен бірлесіп өткізілген «Мәдени мұра –мәңгі мирас» атты саяхат



Мұханбетқалиева Мария 1939 жылы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл елді мекенінде дүниеге келген.

1947-58 жылдары орта мектепте оқып, 1958-60

жылдары Атырау облысына қарасты Құлсары,

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал (бұрынғы Фурманов ауданы) аудандарында шаруашылық жұмыстарына араласты. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, оны 1964 жылы кітапханатанушы-библиограф мамандығы бойынша тәмамдап шықты. Осы жылы арнайы жолдамамен Жымпиты ауылына жіберіліп, мұнда аудандық кітапхана меңгерушісі болып тағайындалады. Аудандағы тұңғыш жоғары білімді кітапханашы М.Мұханбетқалиева 1966 жылы жолдасының қызмет бабымен Жосалы кеңшарына көшіп, осындағы ауылдық кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1968 жылы аудан орталығына қайта көшіп, аудандық кітапханада кітапханашы болып қызмет атқарды. 1972-85 жылдары Жосалы кеңшарындағы А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1985-1991 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық кітапханада «Ауыл шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Қазір құрметті демалыста. М.Мұханбетқалиева жанұяда 5 бала тәрбиелеп өсірген ана. Тұңғыш баласы Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлы өмірден ерте кеткеніне қарамастан, артына өлмес туындылар қалдырған талантты қылқалам шебері.




Хусайнова Хатима 1938 жылы Орал облысы, Тайпақ ауданы Өлеңті совхозында дүниеге келген. Әкесі Қобыландиев Х. оқытушы отбасында жалғыз өзі болған. 1956ж Жымпиты орта мектебін бітірген. 1957-1959 жж Абай селосында кітапханашы меңгерушісі болып жасаған. 1959ж облыстық кітапханада 10 айлық курста оқып бітірген соң, 1959-1962 жж аудандық кітапханада кітапханашы болып жасады. 1962-1973 жж Аудандық партия комитетінің кітапханашысы болып еңбек етті. 1973-1992жж аудандық балалар кітапханасында кітапханашы болып жасады. 1988ж зейнеткерлікке шықты. Отбасында 9 бала тәрбиелеп, 1998 жылы «Ардақты ана» атағын алды. Үкімет грамоталарымен марапатталды.


Қайжан Гүлбағида Зағыпарқызы 1951 жылы Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1958 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1964-1969 аралығында Оралдағы С.Сейфуллин атындағы мектепте оқып, 1969 ж 11класты бітіріп шықты. Сол жылы кітапханалық мамандығын алып шықты. 1969 жылы сол мамандық бойынша Аудандық балалар кітапханасына кітапханашы болып орналасты. 1980 жылға дейін кітапхананың әр бөлімінде жұмыс жасады. 1980-1993 жылдары кітаппен қамту бөлімінде меңгерушілік қызметін атқарды.1993 жылдан бастап Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Кітапханалық қызмет атқаруда алғыс хаттармен, мақтау грамоталармен марапатталды.1980ж «Үздік кітапханашы» атағын алды. Отбасылы, 2 бала, 4 немересі бар.
Кажғалиева Дина Ғарифолллақызы.

Сан ғасыр көшін жалғастырып, ұрпақтан–ұрпаққа жеткен мәдениетіміздің мұрасы - кітапты бүгінгі замандастарымыз бен келешек ұрпақтың игілігіне жаратуға өлшеусіз үлес қосып жүрген құрметке лайықты кітапхана маманы. Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Кажғалиева Дина Ғарифолллақызы. Дина 1968 жылы Жымпиты ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Алғабас орта мектебін бітіріп, 1986 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түсіп, 1988 жылы үздік бітіріп, осы жылы Сырым аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып жұмысқа орналасқан. 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік М.Өтемісұлы атындағы университетінің кітапханатану және библиография бөліміне сырттай оқуға түсіп, 2004 жылы бітірген. Аудандық кітапханада 1988 жылдан бері қызмет атқарады. Оқырмандарға ұсынылатын әдебиеттерді жетік білуі, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, оқырмандарының арасында зор беделге ие болуына, олардың құрметіне бөленуге ықпал етті. Дина Ғарифолллақызы кітапхана ісінің әдістерін жан-жақты меңгерген, өз міндетін үздік атқаратын, жас мамандарға ақылшы ұстаз маман. Ұжымда беделді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер.




Габбасова Тыныштық Орынғалиқызы 1973 жылы Тайпақ ауданы, Базаршолан ауылындағы орта мектепті бітірген. Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөліміне оқуға түсіп, өз мамандығы бойынша Сырым аудандық кітапханасына 1992 жылы жұмысқа орналасып, өз ісін жетік білетін маман ретінде таныла білді. Кітапханалық қызмет атқарудағы жемісті еңбегі үшін облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды. Отбасылы, 3 ұлы бар.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет