Аудандық балалар кітапханасы



жүктеу 72.43 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі72.43 Kb.
Аудандық балалар кітапханасы
Камен аудандық балалар кітапханасы 1964 жылы 2-наурызда ашылды.Ашылған уақытта аудандық балалар кітапханасының негізгі қоры Карл Маркс пен Камен орта мектебін қамтамасыз етті. Аудандық балалар кітапханасының ғимараты Ленин және Калинин атындағы көшенің қиылысында орналасқан, жартысы тұрғындар үйі болды.

Алғашқы кітапханашы Абдуқасымова 1964 жылдың мамыр айында Алматыға көшіп кетуіне байланысты кітапхана меңгерушісі Игнатенко.Т.Ф болды. Кітапхана ғимартының көлемі 48 кв.м болды. Бұл кезде жұмыс істеуге жағдай қиындау болатын. Оқырмандар саны-1200-ге жетті. 1975 жылы мына ғимарат жөндеуден өткізіліп типография мен балалар кітапханасы осында ауысты. Бұл ғимарат Чкалов (қазіргі Жақсығұлов)атындағы көшенің бойында орналасқан.

Ғимарат іші кең, әдебиеттер жас мөлшеріне қарай топтарға бөлініп қойылды. Сонан соң кітап қоры оқырмандар залы болып бөлініп, оған да бір кітапханашы Маштакова З.У. жұмысқа алынды. Игнатенко Т.Ф. мамандығы бойынша 1976 жылға дейін балалар кітапханасының меңгеруші қызметін атқарды.Осы уақыт ішінде ол өз ісіне адалдығымен, балаларды сүйетіндігімен көзге түсті. 1976 жылдан 1981 жылдар аралығында кітапхана меңгерушілігін Якупова С.А. атқарды.

Балалар кітапханасы басқаларға қарағанда ауданымыздағы алдыңғы қатарлы кітапханалардың біріболды. Кітапхана балалармен жиі-жиі көпшілік шараларды өткізуде мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасады. Барлық кітапхана ұжымы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмыстарына қатынасып отырды. Олар жиі ауылдарға барып, ескіріп тозығы жеткен яғни қолдануға жарамсыз кітаптарды кітап қорынан тазартып үлкен жұмыстар атқарды. 1981 жылдан 1983 жылға дейін балалар кітапханасының меңгерушісі болып Б.Ө.Маштакова жұмыс істеді. Ол ауданымыздың деңгейін көтеру мақсатында балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптардан апталық өткізіп, оған жерлес жазушылар Корсунов Н, Ғаббасов Э. шақырылды.

Жұмысты әрқашанда «Пионерлер үйі», «Мир» кинотеатрымен ынтымақтықта тығыз байланыста жүргізді. Алғаш рет балалар кітапханасының базасында облыстық семинар өткізді.

1984-1987 жылдары Бермуханова Г.Б. Куибышев мәдени институтын сырттай оқыи жүріп балалар кітапханасының меңгерушілік қызметін атқарды. 1987 жылдан бастап аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып Нупова М.Г. қызмет атқарады. ОлШымкент педагогикалық мәдени институтын бітірген. Мектеп бағдарламасын игеруге көбірек көңіл бөліп көмек көрсетіп отырды. 1993 жылдан бері Қаныш Сатпаев атындағы орта мектебінің төменгі сынып оқушыларымен «Балауса» үйірмесі жұмыс істеп келеді.

Үйірмеге алғаш рет кітапханашы Д. Дюсенғалиева жетекшілік етті. Қазіргі кезде бұл үйірмеге абонемент бөлімінің кітапханашы Б.Имангазиева жетекшілік етеді. 1999 жылы экология тақырыбына байланысты «Жер шарын қорғаймыз» атты безендірілген кітап көрмесінен ІІ-ші орынға ие болды. 1999-2000 жылдары денсаулықты насихаттау жөнінде «Барс балалары мықты болу керек» атты облыстық сайысқа қатысты. 2000 жылы «Материнское чтение» атты облыстық сайыста ІІІ-ші орынға ие болды. Кітапхана саласының жетістіктері - аудандық кітапхананың сайты мен балалар кітапханасындағыэлекторндық ресурстар залының ашылуы. Балаларға арналған электрондық ресурстар залының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Л.Ә.Жұбанышқалиева, Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК директоры Р.Ж. Исатаева, Х.Есенжанов атындағы ОБЖК директоры З.Б.Өтешова және қалалық кітапханамен Зеленов, Теректі ОКЖ-нің қызметкерлері қатысты. Алдағы уақытта бұл кітапханада балалар компьютерде өз бетімен жұмыстанып, кітапханадағы дерекқорларымен танысатын болады. Сондай-ақ «Бір ел-бір кітап» акциясы шеңберінде Тасқала–Жаңақала аудандарының жас оқырмандары On-Iine конференциясын өткізіп, пікір алмасты. «Қауіпсіз Интернет» апталығы шеңберінде облыстық Х.Есенжанов атындағы ОБЖК мен Тасқала аудандық балалар кітапханасының оқырмандары «Балалар, компьютер және ғаламтор» атты On-Iine конференциясын өткізді. Конференция барысында оқырмандар ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы туралы ой бөлісіп, пікір алмасты. Және ғаламтор сайттары, оларды не үшін пайдаланытыны туралы әңгіме қозғады.

Аудандық балалар кітапханасындағы компьютерлер «Кабис» бағдарламасына қосылған. Кітапхана қазіргі заман талабына сай қайта түлеп, ұлттық негізге сүйеніп, жастарды елжандылық пен имандылыққа тәрбиелеуде көптеген бағдарламалар аясында жұмыстануда. 2012 жылы балалар кітапханасынан электронды ресурстар залы ашылып, жас оқырмандарға қызмет көрсетуде. Бұл жерде оқырмандар интернет желісімен жұмыстанып, қажетті ақпаратты игеруде.



img_0044

Электрондық ресурстар залының негізгі бағыттары: Жаңа компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, кітапханалық жұмыстың жаңа бағытын игеру, оқырмандардың жаңа ақпараттық мәдениеттің қалыптастыру және электрондық ресурстар залынын бағытын түсіндіру мен жарнамалау.

С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы 2009 жылы «Объективте Мен және Кітап» атты республикалық фотобайқау жариялаған болатын.Осы байқау аясында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі байқаудың І кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты-өмірін кітапсыз елестете алмайтын,кітап оқудың әсерлі де,тартымды әлемін сурет арқылы жеткізе білу. Кітапқа лайықты қоршаған ортаны меңгеріп, көркем шығармашылық–фотосурет арқылы, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген сүіспеншілігін қалыптастыруға жағдай жасау болатын. Осы фотобайқаудың қорытындысы шығып, республикалық «Дружные ребята» газетінің №44 номіріне жарияланды. Біздің жерлес кітапханашыларымыз республикалық байқаудан жеңімпаз аталды. С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасынан жерлес жеңімпаздарымыз- Б.Айткалиева Атамекен ауылдық кітапханасына қарасты Киров ауылдық кітапханасының кітапханашысы / «Оқырман болу қуаныш» номинациясымен/, Достық ауылдық кітапханасының кітапханашысы /«Кітап керуені» номинациясымен/ А.Ешимоваларға диплом мен сыйлықтар келді. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлім Төлешқызы байқау жеңімпаздарын құттықтап, республикадан келген дипломдар мен сыйлықтарды табыс етті.


Тасқала ОКЖ бойынша «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты Халықаралық акция шеңберіндежоспар жасақталып, бірнеше жұмыстар атқарылуда. Барлық кітапханаларда кітап көрмелері жарық көріп, оған шолулар жүргізілді. Сондай-ақ тақырыптық папкалар жинақталуда. Оқырмандарға жаднама жасалып, әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Ауылдық балалар кітапханасы филиалында «Біз Мұхтар Әуезовті оқимыз» акция бойынша «Мұхтар ата – замана суреткері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушылары қатысумен кітап көрмеге шолу жасалды.

Кітап көрмесінің мақсаты – қазақ әдебиетінің классигі, абайтану саласының негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылығын насихаттау барысында қазіргі Қазақстанның тыныс-тіршілігін, рухани-мәдени өмірін М.О. Әуезовтің шығармалары арқылы жаңа қырынан таныстыру, жазушының өмірі мен әдеби шығармашылығы туралы кеңінен ақпарат беру. Көрмеден 8 басылым қолға берілді.

«Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты Халықаралық акция шеңберінде «Сәулет» лицейінің 10-сынып оқушылары мен аудандық кітапхананың оқырмандары «Оn-Line» конференциясын өткізді. Конференцияда М.Әуезов шығармашылығы сіздерді қызықтыра ма?, М.Әуезовтің қандай шығармаларын оқыдыңыздар?, жазушының балалық шағы туралы не білесіздер?, М.Әуезов ең алғашқы шығармашылық жолын әдебиеттің қай жанырынан бастаған? т.б. сұрақтары талқыланып пікір алмасты. Бұл шараға кітапхананың белсенді оқырмандары -Асанәлі Қайыров, Мархаббат Ахияров жазушының шығармашылығымен жақсы таныс екендігін білдіріп, сұрақтарға толық жауаптарын беріп, өз ойларын ортаға салды, өздері секілді оқушыларға М.Әуезовтің «Абай жолы» романын оқуға кеңес берді.

12-наурыз күні Мереке ауылдық кітапханасында «Қазақтың бір туар перзенті» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке қатысқан ауыл тұрғындары М.Әуезовтың шығармашылығына шолу жүргізіліп, кітап көрмесімен танысты. Ақтау ауылдық кітапханасында М.Әуезов шығармаларына арналған сурет байқауы өткізілді. Оған 4-5 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар салған суреттерімен таныстырып, оның мазмұнына тоқталды.

Тасқала аудандық балалар кітапханасының



ТӨЛҚҰЖАТ 

Мекеме атауы

Тасқала аудандық балалар кітапханасы

Ведмостволық құрлымы

Мәдениет министрлігі

Құрылған жылы   

1964 ж.    

Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген)

бейімделген

Аумағы

133,8 шаршы метр

Орын саны

(оқу залындағы орын)  20  орын.

Юридический статус

Мемлекеттік мекеме

Еңбек төлеу тобы

жоғарғы-санатты, G-7, коэф-3,35,

Нысан түрі 

мемлекеттік

Кітап қоры

18725; қазақ тілінде-8018

Қызмет түрі

Кітапханалық -библиографиялық қызмет

Мекен- жайы және байланыс телефоны

Тасқала ауданы, С.Жақсұғұлов көшесі № 5 үй тел: 87113921815

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні

Мусина Елена Валенитиновна

ОКЖ директорының аты-жөні

Нарыков Мэлс Жасанғалиұлы

Жоғарғы өкілетті мекеменің мекен-жайы және телефоны

Тасқала аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру, спорт бөлімі. Абай көшесі № 23 үй тел: 87113921498

Ескерту:1 ғимарат, 1-абонемент бөлімі, 1- оқу залы, ауылдық балалар кітапханасы бар


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет