Аудандық кітапхана. Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау»



жүктеу 89.63 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі89.63 Kb.
: zkolib -> rus -> nav -> tas
tas -> Аудандық балалар кітапханасы
tas -> Оян ауылдық кітапханасы
nav -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана
nav -> Алмаз ауылдық кітапханасы
tas -> Атамекен ауылдық кітапханасы
tas -> Ермольчев ауылдық кітапханасы
tas -> Амангелді ауылдық кітапханасы
tas -> Кузнецов ауылдық кітапханасы
tas -> Қисықсай ауылдық кітапханасы
Аудандық кітапхана.

Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау» деген атауға ие болған шағын мәдени-қамту мекемелері жиырмасыншы жылдардың аяғы, отызыншы жылдардың бас кезінде өмірге келді. Ол тұңғыш Екінші Шежінде ашылса, 1936 жылы Каменкада ұйымдастырылып, сәл кейінірек оның саны 11-ге жетіп, 12900 дана кітап қоры, 1140 тұрақты оқырманы болды. 
Аудандық балалар кітапханасы 1964 жылдың 2 наурызында ашылды. Ал Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 1978 жылы құрылған болатын. Аудандық кітапхананың алғашқы меңгерушісі Любовь Григорьевна Иванова еді. Ол осы салада басшылық қызметте табан аудармастан 40 жылдан астам еңбек етті. Сондай-ақ кітапханашылар болып Мария Алексеевна Перевалова, Б.Абдулқасымова және басқалары жемісті жұмыс атқарды.

2003 жылы–ауыл жылында біздің кітапхана облыстық кітапханамен «Кітапхана туралы рухани деректеме және тарихи ескерткіш» атты облыстық семинар өткізілді. Осы семинарға РФ, Саратов облысы Озинки ауданының кітапханашылары шақырылды.Сондай-ақ 2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы, Россиядағы Абай жылындаОзинки ауданында іс-сапармен барып, кітапханашылар тәжірибе алмасты. 2005 жылы Абайдың 150 жылдығына арналған облыстағы шығармашылық сайысқа қатынасып жеңімпаздар қатарынан көріне білдік.

Аудандық кітапханада 1984 жылы «Кітап қорымен жұмыс», 1992 жылы «Өлкетану» тақырыптарында облыстық семинарлар өткізілсе, 1993 жылы «Ұлттық салт-дәстүр» тақырыбында республикалық семинар-кеңестер өткізілген болатын.

Кітапхана тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі-2003 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ауданымызға іс-сапармен келіп, аудандық кітапханада болды. Кітапхана келбетімен танысып, кітапхана оқырмандарына тілегімен өз қолтаңбасын қалдырған болатын. Сонымен қатар атақты ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері – Жұбан Молдағалиев, Ілияс Есенберлин, Қадыр Мырза Әлі, Николай Федорович Корсунов, Күлаш Ахметова, Бақытжан Момышұлы, Зейнеп Ахметова, Энгельс Габбасов, Ақұштап Бақтыгереева, Айтқали Нарыков, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Ескендір Хасанғалиева т.б. кітапханада болып, өз қолтаңбаларын қалдырды.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жыл бойына бектіліген жоспарға сәйкес біркелкі мәдени-көпшілік жұмыстарды тұрғылықты халыққы ұсынып келеді.

Әр жылдың басында барлық кітапханаларда жаңа оқырмандар үшін ашық есік күндері жоспарлы түрде өткізілді.

Кітапхана өлке тарихын жинақтап, оны әрдайым оқырмандарға насихаттап отырады. Осы орайда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Ақ Жайықтың абыздары атанған жерлесіміз- Ж.Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі сынды ақындарымыздың шығармашылығына байланысты «Жұбан оқулары», «Қадыр оқуларын» өткізу дәстүрге айналған. Байқаулардың мақсаты - ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кітапхана саласы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын кеңінен атап өтті. Барлық кітапханаларда осы атаулы күнге орай іс-шаралар жүргізіліп, кітап көрмелері насихатталды. Аудандық кітапханада «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты кітап көрмесі шығарылып, оған шолулар жүргізілді. «Тәуелсіз Қазақстан- жаңа ғасыр тарихында» атты оқырмандар конференциясында «Тарих қойнауындағы Қазақстан», «Тәуелсіз жылдарындағы қазақ әдебиеті», «Кітапхана ісі Тәуелсіздік белесінде» атты баяндамалар оқылып, жылдың үздік оқырмандары марапатталды. Осы мерекеге орай кітапханашылардың шығармашылық жұмысы бойынша «Үздік сценарйилер» байқауы оздырылды. Бұл байқауға барлық кітапханашылар өздерінің

дайындаған сценарилерін ұсынды.

Отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту бағытындағы жыл сайынғы облыстық «Орал өңірінің оқырман отбасы-2013» байқауы жас ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу және балалар оқуы мәселесін шешуге ата-аналарды тарту мақсатында өткізіліп келеді.

Биылғы жылы аудандық байқаудың жеңімпаздары Арыстановтар отбасы облыстық байқауға қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Олар байқау барысында қолөнерден ұйымдастырылған көрмелерін таныстырып, көріністер қойды. Әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің белсенділіктерін танытты.

7 – мамыр - Қазақстан Қарулы күштерінің күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Оны жас жеткіншектерге ұғындыру, күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратынын, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін түсіндіру мақсатында аудандық кітапханада ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығына арналған «Әскер-ел қорғаны» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кешке орта мектеп оқушыларының 9-10 сынып оқушыларымен №20 кәсіптік лицейдің жасөспірімдері қатысты. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат, «Намыс» ЖҚБ, аудандық қорғаныс істер бөлімі мен аудандық шекара коммендатурасының қызметкерлері және ардагерлер қатысты. Алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Л.Ә. Жұбанышқалиева оқырмандарды мерекемен құттықтап, Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігін, Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болу керектігін айтып өтті.

Кеш барысында аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы подполковник А.М.Габдуллин, «Намыс» ЖҚБ-нің төраға орынбасары А.Д.Абилов, аудандық ішкі істер бөлімінің ардагері Б.Б.Өтегеновтар жасөспірімдерге Азамат болу – ел қамын ойлау, Отанымыздың тарихи даму жолындағы қилы күресті басынан кешірген бабалар мен әжелердің жанқиярлық еңбегі мен күресінің өтеуі.

Солар қорғап қалған Отанды қорғау, жер планетасының тыныштығын сақтау – Қазақстан Қарулы күштерінің азаматтық борышы екендігін баяндаса, аудандық шекара коммендатурасының қызметкерлері Шекарашы үшін білек күшінен бөлек, тактикалық соғыс тәжірибелерін меңгеру де маңыздылығын баян етті. Бұл орайда, арнайы мамандар жиынға қатысушылар үшін дәріс өткізіп, оқу-жаттығулар мен шекара жұмысына саяхат жүргізді.

Аудан орталығындағы Абай алаңында Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған іс-шара өткізілді. Шара қазақ халқының ұлы перзенті, жаңа әдеби тілдің негізін салушы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Сөз алушылар - аудан әкімінің орынбасары Л.Ә.Жұбанышқалиева, тіл маманы М.А.Нұрмақова, ауыл әкімі Г.Тұрғаналиевтар қазақтың ұлттық әдеби тілінің даму тарихында Абайдың алатын орны да еңбегі де зор екендігін баяндады. Сондай-ақ Абай өлеңдері оқылып,«Абай әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

Аудандық кітапханада Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғымына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын насихаттау барысында №20 кәсіптік колледж студенттерімен кәсіпкерлердің кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында кәсіпкерлер мен студенттер пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Кәсіпкерлер өз істерінің даму барысымен таныстырып, болашақ маман иелерін еңбекке шақырды. Сондай-ақ, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғымына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын баяндайтын бейне үзіктер көрсетіліп, еңбек адамдары дәріптелді. «Шағын және орта бизнес-ауылда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жүргізілді.

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бері «Бір ел-бір кітап» акциясы ұйымдастырылып келеді.Осы жылдар ішінде Абайдың «Қара сөздері», М.Әуезовтың «Қилы заманы», М.Жұмабаевтың «Махаббат лирикасы», Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» шығармалары насихатталып келді. Осы акция аясында кітапханаларда іс-шаралар мен поэзия сағаттары, әдеби кештер үнемі өткізіліп келеді.

Биылғы жылы ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты өлеңдер жинағын насихаттау қолға алынған болатын. Аудан көлемінде «Бір ел-бір кітап» акциясының ашылу салтанаты өтті. Шара барысында акцияның міндеті мен мақсаты түсіндіріліп, әдебиеттер тізімі таратылды. Сондай-ақ, деректі фильм көрсетіліп, кітап көрмелеріне шолу жүргізілді. Бұл шара мектеп кітапханашыларымен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Осы акциясы аясында барлық кітапханаларда «Жүрекке тұңған жырлар» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Оқырмандар Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен танысып, поэзиясын оқуда.

Аудандық кітапхананың оқу залында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты кітабын насихаттауға арналған кеш өткізілді.Кеш барысында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» кітабына шолу жүргізіліп, «Қазақ халқының күй өнері» - /баяндамашы: Сарсенов.С.Х./, «Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүрі» - /баяндамашы: Мурзекеева Г.Қ./ баяндамалары тыңдалып, «Күй – киелі ғұмыр» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді. Мәдениет қызметкерлерінің орындауында домбыра, қобыз аспаптарымен күйлер орындалды. Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен бөлім меңгерушісі Ш.Мажитов өз ойларын ортаға салды. Кешке мәдениет қызметкерлері, саз мектебінің мұғалімдері мен орта білім беру мектептерінің пән мұғалімдері қатысты.

Қазақстанда өткен қысқы Азияда ойындары барлық кітапханаларда насихатталып, әртүрлі шаралар өткізілді. Азияда елшілері мен өнер жұлдыздары аудандық кітапханада болып, жасөспірімдермен кездесіп пікір алмасты. Сондай-ақ, кітапханадағы кітап көрмелерімен танысты. Аудандық кітапханада «Қазақстан спортының тарихы» атты көрме жарық көріп, сонымен бірге «Азияда алаугері» атты спортшылармен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Елбасы жолдауында көрсетілгендей мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасап, олардың қоғамға етене араласуына қолдау көрсету-баршамыздың міндетіміз. Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-оқу әдістемелік, анықтамалық ақпараттар және көркем әдебиетті насихаттау жолында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жоспар құрылып бірнеше жұмыстар атқарылуда. Аудандық кітапханада «Сөйлейтін кітап» атты бөлім ашылып, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстануда. Оларға арналған жаңа кітаптар тоқсанына 1 рет түсіп, кітапханашылар арқылы таратылады.

ІІ-Шежін ауылдық кітапханасында «Кітапхана және отбасылық оқу» атты семинар-кеңес өткізілді. Бұл кеңестің мақсаты-отбасылық оқуды дәріптеу арқылы оқу машықтарын дамыту, оқырмандардың мәдени деңгейін арттырып, әдеби шығармалар арқылы ойлыоқырман тәрбиелеу. Семинар-кеңесте «Қазіргі ақпараттық қоғамдағы оқу мәдениеттілігі туралы» баяндамашы балалар мен жасөспірімдер жұмысының әдіскері Г.Мурзекеева сөз алса, ІІ- Шежін ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Жумашева «Ауыл кітапханасындағы отбасылық оқу үрдісі» туралы баяндап берді. «Кітап менің отбасымның досы» атты фото көрме ұйымдастырылып, ауылдағы отбасымен оқитын оқырмандардың ой-пікірлері бейне таспа арқылы көрсетілді. Онда үздік оқырмандар – Ж.Қадыралиев, Н.Дүйсенғалиев, С.Татыгуловтардың жеке кітапханалары көрсетіліп, отбасылық оқудың тиімді жақтары айтылды. Ауыл кітапханасының үздік оқырмандары - «ақын-жазушыларымен кездесу кештері болса» деген тілектерін білдірді. Сондай-ақ «Отбасымен оқуға ұсынамыз» атты кітап көрмесіне Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Балагулова шолу жүргізді. Семинар-кеңесте кітапханашыларға арналған «Қиын сәттерден шығу» – іскерлік ойыны өткізіліп, отбасылық оқуға байланысты тренингтер жүргізілді. Кітапханашылар пікіртерім сұрақтарына жауап беріп, отбасылық оқу үрдісіне өздерінің көзқарастарын білдірді.

Аудандық кітапхана қызметкерлері емханада «Медицина қызметкерлеріне кітапхананың көмегі» атты ақпараттық күнін өткізді. Шарада дәрігер мамандар үшін «Жаңа медициналық әдебиеттер», «Салауатты өмір салты», «Өзіңе өзің көмектес», «Ас адамның арқауы», «Отбасы және денсаулық» тақырыптары бойынша шолулар жүргізіліп, мерзімді басылымдар таныстырылды. Сонымен қатар, аудандық кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерге шолу жүргізілді. Оның ішінде «Әлем әдебиеті кітапханасы», «Қазақтың 100 романы», «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы», «Библиотека казахской литературы», «Алтын қалам», «Русская и зарубежная классика» серияларымен шығарылған әдебиеттер бар. Бұл шараға 42 медицина қызметкерлері қатысып, оларға 104 дана мәліметтер көрсетілді.



Тасқала аудандық орталықтандырыллған кітапханалар жүйесінде кітапханашы мамандарға арналған семинар-тренингтер үнемі өткізіліп отырады. Атап айтсақ «Ауыл кітапханаларындағы қызмет көрсету сапасын арттыру», «Жасөспірімдерге ақпараттық кеңістікті игерту жолдары» атты семинар-тренингтер кітапханашы мамандарға бағыт-бағдар беру мен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген болатын. Мұнда «Кітапханадағы кітапты насихаттау мен оқуға басшылық жасау үлгілері» атты бейне-слайд көрсетіліп, кітапханашыларға арналған тренингтер өткізілді. Семинар-тренингті қорытындылау үшін «Сіздің түйген ойыңыз» атты карточкалар үйлестіріліп, кітапханашылардың ойлары ортаға салынды. Кітапханашылар жасөспірімдермен жұмыстың жаңа бағыттары мен түрлерімен танысып, қазіргі кездегі кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдарын талқылады. Аудан бойынша жасөспірім оқырмандардың даму деңгейі көрсетіліп, кітапханашылар тәжірибе алмасты.

Қазіргі таңда оқырмандардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше. Аудандық кітапханада «Фристайл» үйірмесінің мүшелерімен «Иманға жүгін ей пенде» атты шара өткізілді. Шараға аудандық мешіттің имамы А.Ибрашев қатысып, жастарға имандылыққа шақырды. Бұл шаралардың мақсаты-күнделікті айналамыздағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз көріністерді сыни көзбен қарай отырып, жақсы мен жаман әдетті бір-бірінен айыра білуге үйрету. Адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынас ережелерінің нормаларын білуге бейімдеу болды. Аудандық кітапханада Махамбет оқулары өткізілді. Байқаудың мақсаты – Махамбеттің асыл мұрасындай болған алдаспан жырларын кеңінен насихаттау. Ақынжырларын өз өнерлеріне арқау еткен оқырман қауымды тауып, оларға қолдау көрсету болатын. Байқау барысында соңғы кезде жастар арасында Махамбет өлеңдеріне құштар оқырмандар көзге түсіп, олар жүлделер мен марапаттарға ие болды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет