Аудандық кітапханада Ж. Аймауытовтың кітабы бойынша «Ұлт мүддесін көздеген сыншы» атты ауызша журнал өткізіліп, Ү-Владимировка және Борас орта мектеп бақшасының 8 сынып оқушылары қатысты



жүктеу 112.86 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі112.86 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 4 тоқсанда атқарған жұмыстары туралы ақпарат

7 қазан күні «Қарттар күні» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жыл мерекесі аясында аудандық Мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Донеділ Қажымов және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, композитор Гүлнәр Дәукенованың концерттік бағдарламасы өтті.


Аудандық кітапханада Ж.Аймауытовтың кітабы бойынша «Ұлт мүддесін көздеген сыншы» атты ауызша журнал өткізіліп,  Ү-Владимировка және Борас орта  мектеп бақшасының 8 сынып оқушылары қатысты. 
Оқушылар ақынның өмір жолымен, жазушының шығармашылығымен, романның сюжетімен толықтай таныса отырып, романның үзінділерін оқыды.
14 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары барысында М.Ә. Мұхамеджанов Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығында, аудан әкімдігінде болып,  аудан әкімі  К.Б. Байгонусовтың, ауданның ұйымдары мен мекемелері басшыларының, мектеп директорларының, қазақ тілі пәні ұстаздарының, іс жүргізушілердің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен актив өткізді.
18 қазан күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында Семей қаласының Абай атындағы драма театры әртістерінің күшімен жазушы М.Сарсекеевтың шығармасына «Заңды неке» атты комедиялық спектаклі қойылып, концерт ұйымдастырылды. Аталған іс-шара «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде, Бесқарағай ауылының тұрғыны, кәсіпкер А.Қ.Молдабековтың демеушілігімен ұйымдастырылды.
19 қазан күні  ауданда   Астана Күніне қатысуға облыстық орталығына бара жатқан Астана қаласынан 250 делегаттарды қарсы алу ұйымдастырылды. Павлодар облысымен шекараласқан және Шығыс Қазақстан облысының бірінші ауданы болатын Бесқарағай ауданы қонақтарды жылы қарсы алды. Астаналықтардың тамақтанып және демалуы үшін қонақтарға «Мағауия» кафесінде фуршет ұйымдастырылып, аудандық Мәдениет үйінің әртістерімен концерттік бағдарлама қойылды.
3-4 қараша күндері Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының  ұйымдастыруымен Семей қаласында  мемлекеттік тілді жетік меңгерген  өзге ұлт жастарының «Бір Отан, бір тіл- Тәуелсіз Қазақстан»  атты облыстық форумы өткізілді. Аталған  форумға   «Башкуль» татар - мәдени орталығының жетекшісі Л.Р. Хамитова, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының маманы  С.А. Анаскина, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді  дамыту  бөлімінің  қызметкері  М.А.Бернгардт  қатысты.
Л.Р.Хамитова мемлекеттік тілді насихаттауға, оның қолданылу аясын кеңейтуге және мәртебесін көтеруге қосқан үлесі үшін облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың  грамотасымен және  сыйлығымен  марапатталды.
6 қараша күні орталық мешітте Құрбан айттың бірінші күнінде діни іс-шара өткізілді. Барлық бесқарағайлықтарды қасиетті Құрбан айтпен аудан әкімінің орынбасары К.К. Мирашев және ауданның бас имамы Д. Құсайынов құттықтады. Діни уағыздан кейін мұсылмандар Айт намаз оқыды, құрбандық шалды және құрбандықты аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға таратты.
26 қараша күні  «Тәуелсіздіктің 20  шыңы -  20 жұлдызды күндер» акциясы шеңберінде Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Семеновка ауылдық округінің мектебінде алғашқы болып «БІР ОТАН, БІР ТІЛ» атты дөңгелек үстелмен ашылды.
27 қараша күні шекаралық қарым - қатынас шеңберінде «Тәуелсіздіктің 20 шыңы - 20 жұлдызды күндер» акциясының екінші күні «Атамекен» атты жұлдызды күн іс-шарасы өткізілді. Бұл іс - шарада Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Михайловка ауданы әкімшілігінің басшысы Генадий Сергеевич Юров, Михайловка ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары Ольга Александровна Антонова және Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері қатысты.
Аудандық кітапханада Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай оқырмандарға арналып  «Тәуелсіздік таң нұры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне соңғы келіп түскен 50 ден астам жаңа кітаптар қойылып, шолу өткізілді.
5 желтоқсан  күні Бесқарағай аудандық Мәдениет үйінде «20 жұлдызды  күн – Тәуелсіздіктің 20 шыңы» акциясы аясында «Дәстүр күніне» арналып, Бесқарағай аудандық «Башкуль» татар мәдени орталығының «Киелі шаңырақ бесігінде!» атты фестивалі өтті.
7-9 желтоқсан күндері Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен ҚАЗТЕСТ жүйесін республиканың барлық өңірлерінде енгізу мақсатында аймақтық семинар өткізілдіОған Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры Умытжан Мирашева мен әдіскері Айнаш Аменова қатысты. Семинар өз деңгейінде өтіп, нәтижесінде сертификаттар табыс етілді.  
7 желтоқсан күні Үлкен Владимировка орта мектебінің базасында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы- 20 жұлдызды күндер» мерекесі шеңберінде ұлттық валюта күніне арналған мерекелік іс -шара өткізілді. Іс- шара барысында   қаржы саласының үздік қызметкерлеріне арналған аудан әкімінің құрметтеу рәсімі өткізілді.
8 желтоқсан күні Сосновка ауылдық округінің  Сосновка ауылында  «Тәуелсіздіктің 20 шыңы 20 жұлдызды күндер» мерекесі шеңберінде  «Шаңырақ»  күні мерекесі   өткізілді. Мерекеге қатысушылар мен  қонақтарды әр түрлі ұлттық  киімдердегі   ұлт өкілдері шашу шашып,  қонақжайлықпен  қарсы алды көрсетті.         
10 желтоқсан күні « 20 жұлдызды күн» акция аясында аудандық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі балалармен « Білімді мыңды жығар» атты викторина өткізіліп, 15 бала қатысты. Кітапханашылар Г. Рахметулина және В.Герман балаларды құттықтай келіп, қысқаша Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына тоқталып өтті. Мәдени іс-шараның соңында демеуші Сапарханов Манарбек пен Гаухар балаларға тәтті үстел жайды.    
14 желтоқсан күні   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 - жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 20 шыңы- 20 жұлдызды күндер» шеңберінде «Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз!» атты аудандық акция  Борас орта мектеп бақшасының базасында өткізілді..
«Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз!» атты аудандық акция  тілдерді оқыту орталығының  дайындаған  «Туған тіл тұғырыңды биік ұста!» атты флеш - моп  іс-шарасымен аяқталып, акция қатысушыларына  тілашар кітапшалар мен дискілер  таратылды.
15 желтоқсан күні   аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған мерекелік іс- шара өткізілді. Іс-шараның ресми бөлімінде  аудан әкімі К.Байгонусов барлық бесқарағайлықтарды  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдық мерекесімен құттықтады. Шығыс  Қазақстан облысы әкімі  Б.Сапарбаевтың  атынан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы  Д.Селиханов жерлестерді құттықтап,   достық  пен  ұлтаралық келісімге  шақырды.
 Іс-шара барысындағы  салтанатты жиында аудан әкімі К.Байгонусов  20 - жыл ішінде  еліміздің және ауданымыздың   жеткен жетістіктері туралы баяндама жасалып, салтанатты мерекеде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  20 -жылдық  қарсаңында ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына  үлес қосқан азаматтар мен азаматшаларды  мерейтойлық  медальдармен,  облыс әкімінің  грамоталарымен,  мерейтойлық сағаттар және  аудан әкімінің  алғыс хаттарымен марапатталды.   
30 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінде жаңа жылдық балмаскарад өткізілді. Жаңа жылдық кешке аудан әкімі К.Байгонусов, аудан әкімі аппаратының, мекемелер мен  ұйымдардың қызметкерлері, ауылдық округтерден келген қонақтар қатысты.Мереке барысында аудан әкімі К.Байгонусов  қонақтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жыл ағымында ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына зор үлес қосқан азаматтар мен азаматшаларды түрлі номинациялармен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Марапаттау салтанатынан кейін, балмаскарад түрлі ойындар, әндер және билер, сонымен қатар жаңа жылдық би кешімен  жалғасты.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Б.Баталов

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 3 тоқсан ішінде атқарған жұмысы жөнінде ақпарат

Мәдениет саласы бойынша:

Қазақстан Республикасының 20-жылдығына орай, Астананың туған күнінде, 6 шілде күні, Бесқарағай ауылының орталық алаңында іс-шара - “Біздің сүйікті елордамыз Астана” атты үлкен мерекелік концертпен өткізілді. Концерттің алдында аудан әкімі Бесқарағайлықтарды мемлекеттік мереке Астана күнімен құттықтады. Іс-шарада Тәуелсіздіктің құрдастары алғыс хаттармен марапатталды.

Астанамызға арналған арнау айтылып, ұлттық киімдерден дефиле көрсетілді. Іс-шара барысында Бесқарағай ауданының ақындары Астана туралы өлеңдер оқыды. 
Іс-шара жастарға арналған би кешімен және өзіміздің Астанаға деген тілегімізді білдірген от шашумен аяқталды.
2011 жылғы  7-8 шілде күндері Өскемен қаласында «Оралханның көктемі» атты V аймақтық әншілер байқауында арнайы жүлде «Жез таңдай әнші» номинациясы бойынша аудандық Мәдениет үйінің әртісі Оразбекова Гүлдана марапатталды.                
Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының 20-жылдығы және Салық қызметінің 20-жылдығы аясында Бесқарағай аудандық салық қызметкерлерінің салтанатты түрде өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. 
Іс-шараны салық қызметінің дамуы туралы баяндамамен Салық басқармасының бастығы Н.Т.Слямов ашып, барлық қатысып отырғандарды мерекемен құттықтады. Салтанатты жиналыста құттықтау сөзбен аудан әкімінің орынбасары К.К.Мирашев құттықтап, салық қызметінің үздік қызметкерлеріне кәсіби және еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін мадақтамалар мен алғыс хаттар тапсырды, ардагерлерді жеке атап өтіп, оларға естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын берді.
Мерекелік іс-шара барысында марапаттау жүргізілді. Салық қызметі Комитетінің Қаржы Министрлігінің медалімен Салық қызметі органындағы ұзақ еңбегі үшін салық қызметі аудитының бастығы С.И.Авдиенко марапатталды.  ШҚО бойынша Салық Департаменті бастығының алғыс хатымен жетекші маман-заңгер А.Ж.Ержепбаева және Ә.Б.Жексенаев марапатталды. Мерекеге орай аудандық Мәдениет үйінің ұжымы және «Асыл әжелер» ансамблі салықшыларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.
2011 жылғы 20 шілде күні Бесқарағай ауданының аудандық Мәдениет үйінде «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына және Семей ядролық полигонының жабылуының 20-жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өткізілді. Айтысқа республикаға танымал ақындар қатысты. Іс-шара барысында Бесқарағай ауданының тумасы, жазушы Еркебұлан Шәріповтың «Мерейлі мекен» атты кітабының  тұсаукесері өтті. Аталмыш республикалық айтыс «Менау әже қоры» қорының бас директоры, өз елінің патриоты, жерлесіміз, Алматы қаласының тұрғыны М.Омирхановтың және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, грамоталармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.  

2011 жылғы 5 тамыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында аудандық Мәдениет үйінде Көлік және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімі, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, аудандық телекоммуникация торабының қызметкерлері және осы саланың еңбек ардагерлері қатысты. Аудан әкімі  аудандық телекоммуникация торабының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбек ардагерлерінің атынан Р.В.Анаскина сөз сөйлеі. Салтанатты жиын барысында өз жұмысында ерекшеленген қызметкерлер алғыс хаттар мен мақтау қағаздармен марапатталды. Іс-шара аудандық Мәдениет үйінің әртістерімен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды.

23 тамыз күні Семей қаласының «Байуаков ТВК-6»  медиа-холдингісінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын және Семей ядролық полигонының жабылуының 20-жылдығын мерекелеуге арналған «Бесқарағай: қазадан – ұлттық мақтанышқа» атты қайырымдылық телемарафоны өткізілді. Осы телемарафонның бастамашылары ретінде Бесқарағай ауданының әкімі Қ.Байгонусов және «Байуаков ТВК-6»  медиа-холдингісінің президенті, облыстық маслихаттың депутаты  О.К.Байуаков болып табылады.  ТВК-6 телеарнасының тікелей эфирінде ауылдық округітердің әкімдері, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, кәсіпкерлер, шаруашылық қожалықтарының басшылары, ақсақалдар, мектеп директорлары, ауданның құрметті азаматтары ауданның барлық салаларының дамуы жөнінде әңгіме қозғады.   Телемарафон барысында ядролық жарылыстар кезінде зардап шеккен аудан тұрғындары туралы видеосюжеттер көрсетілді.  ТВК-6 телекомпаниясының журналистері екі апта бойы Бесқарағай ауданының аймағында түсірілімдер жүргізді. Аудандық Мәдениет үйінің әртістері және балалар саз мектебінің оқушылары сахнада және  тікелей эфирде өз өнерлерін көрсетті. Бесқарағай ауданында ағымды жылы «Бесқарағай» қоғамдық қоры ашылды.  Осы қорға қайырымдылық телемарафон барысында ниет білдірген демеушілерден ақшалай қаражаттары түсті. Осы қаражаттар Семей ядролық полигоны салдарынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалады.
30 тамыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу шеңберінде аудан орталығының орталық алаңында Конституция күніне арналған «Конституция – Ата Заңымыз! Бесқарағай – туған жеріміз» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара аудан ұйымдары мен мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туымен және дайындалған ұрандарымен аудан орталығының көшелері арқылы салтанатты жүгіруімен басталды. Одан кейін шекара қызметкерлері сахнаға Конституция кітабын, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Туын  салтанатты түрде шығарды.     Аудан әкімі Қ.Байғонусов тұрғындарды мерекелерімен құттықтады. Конституция күнін мерекелеу барысында «Нұр Отан» ХДП мүшелеріне партиялық билеттерін, 16 жасқа толған жастарға жеке куәліктерін салтанатты тапсыру, Конституция күнінде отбасын құрған жастарды құттықтау іс-шаралары өтті. Салтанатты жиынды аяқтаған мерекелік концерт аудандық Мәдениет үйі әртістерімен және балалар саз мектебі оқушыларымен дайындалды.
Іс-шара барысында тұрғындар үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі мен мерекелік сауда ұйымдастырылды. Конституция күнін мерекелеу орталық алаңда ұйымдастырылған Семей қаласынан келген КВН командасының өнерлерімен және жастарға арналған би кешімен аяқталды.
2011 жылғы 7 қазан айында «Қарттар күніне» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерекесі аясында аудандық Мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Д.Қажымов және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші-композитор Г.Дәукенованың концерттік бағдарламасы өтті.

 Кітапхана жүйесі бойынша:

Бесқарағай аудандық кітапханада Астананың туған күніне арналып балалармен «Алаштың абыройы –Астана» тақырыбында Интернет саяхат өтті. Мерекеге арналып  «Жетістік нышаны-Астана» кітап көрмесі,  «Әсем қала-Астана» буклет ұйымдастырылды. Іс-шараның басында кітапханашы Астананың тарихи жолы туралы айтып өтті. Саяхат барысында балалар Елорданың  беделді жерлерінде болып, олар туралы мағлұматтар алды.
Глуховка ауылдық кітапханасында кішкентай жастағы балалармен «Читалия елі» ертеңгілігі өтті. Балаларға арналып кітапханада «Менің сүйікті кітаптарым» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптар туралы нақыл сөздер ілініп, мақал-мәтелдер оқылды. Кітап көрмесі бойынша шолу өткізді. Іс-шараның соңында балалар алғаш кітаптарын алып бірінші рез формулярға колдарын қойды.
Аудандық кітапханада мектеп және ауылдық кітапханашылармен «2011 жылдың атаулы күндері» тақырыбында семинар кеңес өтті. Семинар кеңеске аудандық білім беру бөлімінің әдіскер маманы А. Нұрмұхамбетова және 23 кітапханашы қатысты. Бірінші сұрақ бойынша аудандық кітапхананың кітапханашысы В. Герман сөз алды. Ол 2011 жылдың атаулы күндеріне арналған барлық мәдени-іс-шаралар еліміздің Егемендігінің 20 жылдығына байланысты өткізіліп жатқан және алдағы жоспарлар туралы айта келіп, кітапханада өткізілген мәдени іс-шараларды слайд көрсете отырып айтып өтті. Осы тақырыпқа байланысты Ново-Николаевка ауылдық кітапханашысы В. Тихонова және мектеп кітапханашысы Р. Конкаева, Н. Ромазанова тағы басқа кітапханашылар өз жұмыстары туралы тоқталды. Кітапханашыларға арналып әдістемелік құралдар қойылған «Кітапханашыға көмек» бұрышы және Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар әр түрлі сұрақтар бойынша аудандық кітапхана әдіскері Г. Рахметулина және С. Южакова кітапхана қоры туралы айтып өтті.
Бесқарағай аудандық кітапханада Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толуына орай «20 жыл өткен соң» тақырыбында  ақпарат сағаты өткізілді. Мәдени іс - шараға Ү-Владимировка және Борас орта мектеп жоғары сынып оқушылары қатысты. Ядролық полигонның пайда болуы, алғашқы атом бомбасының жарылуы, оның қоршаған ортаға және адамға тигізген зардаптары туралы слайд көрсете отырып аудандық кітапхана әдіскері Г.Рахметулина және  кітапханашы В. Герман қысқаша тоқталып өтті.  «Жарылыс жылдарында пайда болған полигон», «Полигонның зардаптары», «Көзімен көргендер» тақырыптарында бейне көріністер көрсетілді. Оқырмандарға арналған кітап көрмесі бойынша шолу өткізілді.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасы Борас бала-бақша орта мектебінде Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесіне арналған мемлекетттік тілді меңгеру білімдеріне арналған «Тіл - халықтың қазығы» атты сайыс өткізілді. Сайысқа 6-7-8 орыс сынып оқушыларынан құрылған екі команда қатысты. Жүргізушілер Гульмира Рахметулина мен Герман Валентина сайыстың шарттарымен қатысушыларды таныстырып өтті. Өз білімдерін және алғырлықтарын көрсете отырып 1 орынды «Тапқырлар»,      2 орынды «Зеректер»тобы иеленді. Барлық қатысқандарға мақтау қағазы және сыйлықтар берілді.


Канонерка ауылдық кітапханасында тілдер мерекесіне арналып «Ана тілім айбыным» тақырыбында сайыс өтті. Сайысқа оқушылар және ауыл жастарынан құрылған «Нұр» және «Өнер» топтары қатысты. Сайыскерлер «Тапқырлар» шартында қызықты көріністер қойса,  «Бәйге» шартында мақал-мәтелдер айтудан одан да жоғары білімдерін көрсете түсті. Сұрақ-жауап шартында да қатысушылар бірінен-бірі қалыспады. Сайыс қызықты өтті. Сайыстың әділ қазылар алқасы қатысушыларды жеңістерімен  құттықтап мақтау грамоталарын табыс етті.

 

Бесқарағай аудандық ішкі


саясат,мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі бастығының
міндетін атқарушы М.Абылгазинова


 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет