Аудандық мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының 2015 жылдың 6 айына мәліметі Ел басы жолдауын насихаттау барысында «Нұрлы жол жастарды болашаққа бастар жол»



жүктеу 44.06 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі44.06 Kb.
: img lib
img lib -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі
img lib -> Проект правового акта или вопросы, вынесенные на обсуждение
img lib -> Арал ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы анықтама
img lib -> «Сыбаға» бағдарламасымен бүгінгі күнге дейін, яғни. 05. 2015 жылға
img lib -> Ауыл шаруашылығы саласында 12 айда атқарылған жұмыстар туралы анықтама 2015 жылға «Сыбаға» бағдарламасы аясында
img lib -> Жарыс 2014 жылдың 25 қазан күні сағат 15-00 – 18-00 аралығында Арал қалалық ипподромында өткізіледі
img lib -> Қр конституциясы күніне орай, Астана қаласы бойынша өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары
img lib -> 2014 жылдың СӘуір айына арналған іс-шаралар жоспары
Аудандық мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының 2015 жылдың 6 айына мәліметі
Ел басы жолдауын насихаттау барысында «Нұрлы жол жастарды болашаққа бастар жол» -аудан көлеміндегі елді мекендерге концерттік бағдарламасы ауыл халқына мәдени–қызмет көрсетіп, көпшілік көрермендердің көңілінен шықты.

Аудандық мәдениет үйінде «Маржан сөз, қоңыр үн» -атты концерт жүргізушілер байқауы болып өтті.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Қазақстан-ата жұртым, қасиетті өз елім»-атты мектеп аралық ән байқауын ұйымдастырды.

Аудандық мәдениет үйі көркем өнерпаздары «Шырқайды - Арал жұлдыздары »-атты концерттік бағдарламасы Жақсықылыш, Шижаға, Мергенсай, Аралқұм, Қарақұм елді мекендеріне мәдени-қызмет көрсетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанаты ашылу кеші болды.

Аудандық мәдениет үйінде «Бұрымды ару» байқауы өткізілді.

Облыстық филармония ұжымы келіп Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай концерт берді.

«Мәулет айы мүбарак болсын!» мәулет күніне арналған діни кеші болып өтті.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Бозторғай» балалар шығармашылық байқауы өткізілді.

Жаңарқорған ауданында «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты халықтық үгіт бргидалардың қатысуымен облыстық байқауда «Көңілашар» халықтық мәдени үгіт бригада бас жүлдені иеленіп қайтты.

«Ана деп соққан жүрегім» және «Көктем аруы - 2015» атты аудандық байқаулар болды.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана – тіршіліктің сарқылмайтын бұлағы» атты салтанатты концерт болды.

«Ұлысқа мерей сыйла,нұрлы Наурыз» Ұлыстың ұлы күні мәдени –көпшілік серуен және мерекелік концерт берілді.

Аудандық жастар комитетінің қолдауымен «Жастарға мүмкіндік мол» атты жастар форумы өткізілді.

Жерлесіміз ақын Ерманов Әділхан Қажының «Рухы биік азамат» атты өнер кеші болды.

Аудандық мәдениет үйінің «Тамаша» ойын-сауық отауы Шиелі ауданында болған «Мінекей Мейірманның інілері» атты әзіл-сықақ отауларының облыстық байқауына қатысып, І орын иеленді.

Ақтөбе қаласында өткізілген «Театр - өнердің ұлы көші» атты аймақтық халық театры байқауынан аудандық мәдениет үйі жанындағы халық театры З.Шүкіровтың «Жас жесір» роамынын инцинировкалап қойып, І орын иеленіп қайтты.

Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі концерттік бағдарламасын ұсынды.

Н.Тілендиевтың 90 жылдығына орай «Күй қанатын қақтырған домбыра» атты күйшілер байқауы өткізілді.

«Менің Қазақстаным» атты үгіт пойызы Арал қаласының орталығында мерекелік концерт берді.

«Кең байтақ Қазастан» атты интелектуалдық ойын ұйымдастырылды.

Аудандық «Сері жігіт- 2015» байқауы болды.

«Жеңіске рух берген әндер» атты әскери және соғыс жылдарындағы әндерді орындаушы балалар хор ұжымдарының облыстық фестиваліне №13 мектептің балалар хор қатысып келді.

Би күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Биле,биле» атты би байқауы өтті.

Облыстық «Наурыз шапағаты» фестивалінің жеңімпаздары аудан орталығында концерт берді.

1 мамыр – Қазақстан Халықтары бірлігі күніне орай орталық алаңды «Қазақ елі достықтың бесігі» атты мерекелік шеру және концерт берілді.

Отан қорғаушылар күніне орай орталық алаңдағы Рәміздер алаңында Арал ауданының қорғаныс ісиері жөніндегі бөлімнен көктемгі мерзімді әскерге шақырушыларды шығарып салуға орай «Болашақ елдің қырандары» атты мәдени іс-шара өткізілді.

«Аралым – адамзаттың ақ желкені» атты ауылдық, кенттік округтер арасында өткізілген аудандық байқаудың есепті концерті болды

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай орталық алаңда «Майдангерлер айбынды ерлер» атты театрландырылған қойылым және мерекелік концерт берілді.

«Бәріміз бірдейміз» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен қайрымдылық концерті берілді.

Аудандық мәдениет үйінде Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Жастар болашаққа қадам» атты интелектуалды ойын өткізілді.

21 мамыр Мәдениет қызмет кері күніне орай аудандық мәдениет үйі жанындағы Халық театры З.Шүкіровтың «Жас жесір» романы бойынша спектакль қойды. Осы спектаклмен халық театры Ақтөбе қаласында болған республикалық халық театрлары байқауынан І орын алды. Соңынан аудан әкімі мен аудандық мәдениет бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

31 мамыр Нәубет күніне арналған «Жүрекке түскен сызаттар» атты театрландырылған қойылым қойылды.

1 маусым балаларды қорғау күніне орай орталық саябақта «Әрқашан күн сөнбесін» атты мәдени көпшілік серуен және аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі «Әнші балапан» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай рәміздер алаңында «Туым тұғырлы, елтаңбам еңселі, әнұраным айбатты» атты салтанатты жиын болды.

Жергілікті ақын Жұмабай Жақыптың 70-жасқа толуына орай «Қалам менен домбырам қос қанатым» атты кеші Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада аталып өтті. Кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.

Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтық мекемелердің қатысуымен «Ел мәдениеті – ел басы» атты «Үздік клуб - 2015» кәсіпқойлық сайысы ұйымдастырылып өткізілді.

Аудандағы Барсакелмес қорғының қолдауымен парктер шеруі өткізілді.

Орталық алаңда аудандық жастар комитетінің ұйымдастыруымен «Жалындаған жастар – еліміздің ертеңі» атты жастардың қатысуымен концерт берілді.

«Сыңғырла қоңырау» атты мектеп бітірушілерге арналған мәдени көпшілік серуен ұйымдастырылып, концерт беріліп соңы би кешіне ұласты.



23 маусым мемдекеттік қызметшілер күніне орай «Жаңарған елдің жарасымы» атты мерекелік кеш өткізілді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет