Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, С



жүктеу 48.81 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі48.81 Kb.
www.shyn.kz.2013. – 4 сәуір

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры



Валерий АЖБЕНОВ,

биология ғылымдарының докторы,

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессоры

Шегірткенің шабуылына дайынбыз ба?

Ел экономикасына кері әсерін тигізіп, ауыл шаруашылық күйретіп кететін шегірткенің «сойқаны» басталар күн де жақын. Осы орайда, ғалым мамандардың шегірткемен күрестің алдын алу шаралары туралы пікірі әрине көпшілікке ой салады. Қазақстандағы шегіртке шабуылы мәселесінің шешімін табудың превентивті жолы.

2000-2001 жылдар аралығында 12,9 млн. га аумақта бастырмалы химиялық өңдеу секілді теңдесіз шаралар жүзеге асырылды, сонымен қатар 5 млн. га жерге агротехникалық әдістің қолданылуы шегірке шабуылының шектелуіне және 2004 жылға қажетті химиялық өңдеулер көлемінің 506 мың. гектарға азаюна әкелді. 2005 жылдан бастап шегіртке шабуылының кезекті кезеңі басталып, химиялық өңдеу аумақтары соңғы 7 жылда 4,4 есеге көбейіп, 2 228,4 мың га жетті. Әсіресе 2012 жылдың фитосанитарлық жағдайы ерекше мазасыздық тудырып отыр.

Ғылыми экспедицилар нәтижелері бойынша 2012 жылы Батыс Қазақстан облысының 10 ауданында және Ақтөбе облысының 5 ауданында шегірке балаңқұрттарының көлемі 20-40 есеге көбейіп, бұрын шегіркелерден бос болған аудандарда да өңдеу аумақтары пайда болғандығы анықталды. Бұл жағдай 2011 жылы Ресей Федерациясының шекаралық аймақтарынан италияндық шегірткелердің көп көлемді миграциясынан туындады. Ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау федералдық қызметінің (Россельхознадзор) мәліметі бойынша Ресейдің оңтүстік аймақтарындағы соңғы жылдардағы құрғақшылық италияндық шегірткелердің көбеюіне және популяцияның алыс қашықтықтарға миграциялауға қабілетті үйірлі фазасына өтуіне септігін тигізген. Ресей Федерациясының көптеген субъектілерінде 2010-2012 жылдар аралығында шегіртке бойынша төтенше жағдайлар жарияланған (БАҚ ақпараттары бойынша).

ҚР АШМ ресми ақпараты бойынша 2012 жылы италияндық шегірткелерге қарсы Батыс-Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қосымша өңделген 258,3 мың га аумақты қоса есептегенде барлығы 1883,4 мың га аумақ өңделген. Едәуір жасалған химиялық өңдеулерге қарамастан шегірткелер қанаттанып, үйірлер қалыптастырып Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарына, Ақмола облысының Жарқайың және Есіл аудандарына миграциялаған. Ұшып келген шегірткелер массасы өз тұқымдарын қалдыру себебінен шегірткелердің көп көлемде ұшып келуі қоныстанған ошақтардағы фитосанитарлық жағдайды өзгертті. Топырақ қазбасы кезінде 1 м2 жерде 100 ұрықтық қорапшалары анықталды, ал ең жоғары тығыздық Ақтөбе және Қостанай облыстарында айқындалып, оның мөлшері 1 м2 жерде 2000-4000 ұрықтық қорапшаны құрады.

Шегіртке мәселесінің нашарлап кетуінің негізгі факторлары болып тек қана қалыптасқан шегіртке үйірлерінің шекарадан асып ұшып келуі ғана емес, сонымен қатар италияндық шегірткелердің тұрақты резервацияларының қолжетімсіз орындарының жоғары қауіптілігіне тиісті деңгейде көңіл бөлмеу болып табылады. Шегірткелердің көп көлемді миграциясы жерүсті зерттеулер жұмыстарына қолайсыз және қолжетімсіз болып табылатын резервация орындарынан (Рын, Тайсойған, Үлкен Борсық, Айырқұм, Мамыт, Айырқызыл құмдары) шыққан. Қолжетімсіз ошақтарды фитосанитарлық мониторингілеу және зерттеу жұмыстары барлық жерде жүре беретін көліктердің жетіспеу және қашықтықтан зондылаудың заманауи құралдары мен аса жеңіл аппараттардың жоқтығы салдарынан «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар Республикалық әдістемелік орталығы» ММ-нен тиісті түрде жүргізілмейді.

Шегіртке мәселесінің нашарлап кетуіне химиялық өңдеу жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен қателіктер де өз кері әсерін тигізген. 2012 жылы химиялық күрес жүргізудің жағдайлары өте қатал болды: қатты құрғақшылық пен жоғары температура өңдеу уақытын әдеттегіден 10-14 күнге, кейбір жерлерде 20 күнге дейін кешіктірді. Өңдеушілер мұндай жағдайларға нашар дайындалған болып шықты: өңдеу орнына бүрку техникасы кешігіп келеді; дабыл беру уақыты мен нақты өңдеулер арасында 7-10 күндік үзіктер орын алады; препараттарды қолдану ережелері сақталмайды, соның ішінде хитин мен адонис синтезі ингибиторлары препараттары. Шегірткелермен жоғары деңгейде қоныстанған кейбір ауыл шаруашылық егістіктері өңделмей қалып, ол өз кезегінде қалыптасқан үйірлердің миграциясына және жаңа аймақтарға көп көлемде қоныстануына алып келді. Нәтижесінде – препараттар әсерінің төмендеуі мен аз көлемді химиялық өңдеулер қауіпті зиянкестерді тоқтатуды қамтамасыз ете алмай, шегірткелердің Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының айтарлықтай көп аумақтарына ұшып қоныс аударуына әкеліп соқты.

Шегірткенің қаптауы мәселесін шешудегі қолданыстағы тәсілдер – бұл жаппай көбеюдің тарай бастаған кезінде және қауіпті зиянкестердің жаппай миграциясы кезінде кең ауқымды аумақтарда жаппай химиялық өңдеу жұмыстарын, немесе қолжетімсіз ошақтардың қатерлерінің алдын алу ымыралы іс-әрекеттерін жүргізу. Яғни, бұл орайда шегірткелердің үйірлері ұшып келгеннен кейінгі қолданған тәсілдердің әсері қанағаттандырарлықсыз болады. Жаппай химиялық өңдеудің басты стратегиялық кемшілігі - бұл жұмыстардың «өрт сөндіру» тәртібінде өткізілетіндігінде, өйткені бастапқы ошақтарда, әсіресе қол жетпейтін немесе қолжетімсіз аумақтардағы шегірткелердің шоғырланудың алғашқы кезеңдері назардан тыс қалады.

Біздің ойымызша бүгінгі таңда шегірткелердің жаппай таралу кезеңінде үлкен аймақтарда жаппай химиялық өңдеудің жалғыз баламасы ретінде шегіртке мәселесін ұзақмерзімді және тұрақты шешімін қамтамасыз ететін сақтандырғыш тәсіл қолданылуы керек. Бұл стратегия қомақты ғылыми негіз бен дәлелденген ауқымды тәжірибеге сүйенген көп жылдар бойы жүзеге асырылған қолданбалы зерттеулер нәтижесі.

Аталған сақтандырғыш тәсіл шегірткенің бір жылдық өміріндегі өмір сүру мекендерінің тиімді бақылау нәтижелеріне негізделіп, көлемдерінің көбеюінің және мінез-құлқының өзгеруін ерте анықтау мақсатында іске асырылады; соның әсерінен шегіртке ошақтарының тұтануын сиреуіне және үлкен ошақтардың тұтануын болдырмайтын ерте ақпараттану және жауапты іс-шараларды жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.



Шегірткенің көп шоғырлануын болдырмау үшін ГАЖ және GPS/ГЛОНАСС-технологиялары арқылы қашықтықтан алдын-ала тексеруге негізделген болжау мен бақылаудың заманауи тәсілдерін жетілдіру қажет. Бұл орайда ең басты қажеттілік шегірткелердің алдын алу шараларының стратегиялық бағытын өзгерту, залалы аз инсектицид, биопестицид және басқа да биологиялық құралдарды қолдану қажеттігін ескеруіміз керек.

Шегіртке көп шоғырланатын және төтенше жағдайлар туындап жататын көптеген аумақтар Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қытай Халық Республикасымен шекаралас аймақтарда орналасқан. Бұл елдермен шекаралас аймақтардағы алдын-алу шараларындағы шегірткемен күрестің көпжылдық тәсілін қолдану күн талабынан туындап отыр. Осыған орай, 2001 жылы Алматыда Халықаралық «Орталық Азиядағы шегірткемен күрес» атты дөңгелек үстелден кейін басталған мемлекетаралық комиссияның шегірткемен күрес туралы қолданымдағы жұмысын оңтайландыру қажет.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет