Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу



жүктеу 71.17 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі71.17 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу
Мемлекеттің экспортты әлеуетінің артуы және азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелерін кешенді шешумен байланысты.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда жыл сайын өндірілетін астық дақылдарының деңгейі 12-27 млн. тонна, соңғы үш жылдағы ішкі тұтыну көлемі, орташа алғанда, 6,8 млн. тоннаны құраса, жыл сайын экспортталынатын астық дақылдарының көлемі 5-10 млн. тоннаны құрады. Oil World сарапшысының есебі бойынша, май дақылдары өндірісінің көлемі артуда, 2012 жылы Қазақстанда май дақылдарының егістігі 1,8 млн. га құрады, бұл 2008/09 мезгілінің нәтижесінен екі есе артты.

Алайда Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігіндегі негізгі мәселе қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы болып табылады, сол себепті импортқа тәуелділік азық-түлік тауарларының негізгі топтары бойынша қазіргі уақытта 32,8-74,2% құрайды. 2011 жылы негізгі азық-түлік тауарлары бойынша импорт көлемі 1 093,7 млн. АҚШ долларын құрады. Импорттың негізгі үлесін қант, шикі қантты қосқанда (31%), өсімдік майы (13%), қоюландырылған сүт пен қаймақ (13%) сияқты өнімдер құрайды (Дерекнама: Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің Кедендік бақылау комитеті).

Қазіргі таңда Қазақстанның бірден-бір күшті ұстанымы - ұн өндіру, бұл өз кезегінде халықтың қажеттіліктерін жабады және адам басына шаққанда ұн өндіру бойынша еліміздің жетекші мемлекеттердің біріне айналуына мүмкіндік береді. Тіпті бұл ретте, Қазақстанда өндірілген астықтың 25-30% ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Осы тұста Қазақстанда астықты игеру және өндіру теңгерімі, ішкі нарықтың 157% меншікті өндіріс тәртібімен қамтамасыз етілгендігін көрсетеді. ҚР АШМ мәліметтері бойынша, мемлекетте ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлері, яғни мал шаруашылығы өнімдерінің 20% астамы, көкөніс пен жемістердің 10% астамы қайта өңделеді.

Сол себепті, елдің шикізатпен қамтамасыз етілгендігіне қарамастан, қайта өңдеу, соның ішінде майлы және астық дақылдарын терең қайта өңдеу өнімдерімен қамсыздандыру деңгейі өте төмен болып қала береді.

Азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселесін тиімдірек пайдаланылатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді біршама көбейту арқылы шешуге болады, яғни шығындардың азаюы және шикізат бірлігінен алынатын өнімдерді өндіруді арттыру болып табылады.

Мұны ауыл шаруашылығы шикізаттарын терең қайта өңдеуді дамыту арқылы жетуге болады, бұл нарықтың қажеттілігінің орынын толтырып қана қоймай, экспортқа шығарылатын өнімнің жаңа түрлерін алуға мүмкіндік береді.

Астықтың терең қайта өңдеу өндірісі жаңа, заманауи технологияларға негізделеді, осының арқасында өнімнің жаңа түрлері алынуы мүмкін: нативті және түрлендірілген крахмалдар, бидай клейковинасы (глютен), глюкозды, мальтозды және глюкозды-фруктозды шәрбаттар және т.б., бұл ретте едәуір дәрежеде берілген өнімдер нарықтың қажеттілігінің орынын толтырып қана қоймай азық-түлік өнімдерінің белгілі ассортименттерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ҚР әсіресе қантты заттардың жетіспеушілігі үлкен мәселе болып тұр. Республикада жылына қанттың жалпы тұтынылуы 480 мың тонн құраса, бұл ретте қамыстың шикі қантының импорты 90% дейінгіні құрайды, бұл 432 мың тонн. немесе ақшаға аударғанда - 300 млн. доллар. Қызылша қантының өндірісіне жыл сайын қаржы бөлінуіне қарамастан, соңғы жылдары өндірістің төмендеуі, сондай-ақ тамыржемістілер қанттылығының төмендеуі байқалды. Республикада қант саласы меншікті өндірісті өзінің шикізатымен тек 5% шамасында ғана қамтамасыз етеді. Астық дақылдарының мұндай терең қайта өңдеу өнімдері, крахмалдан алынатын сірне және глюкозды-фруктозды шәрбат сияқты өнімдер тек қантты алмастыратын өнім ғана емес, сонымен бірге олардың алдында біршама артықшылықтары бар – біршама төмен бағаға ие (10 - 40%-ға), ағзаға тез сіңіріледі, оларды қолдану әр түрлі тағам өнімдері мен сусындарының каллориялығын 1/3 төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өнім әлем нарығында кең қолданысқа ие, себебі ол өз құрамы бойынша қызылша мен қантты қамыспен бәсекеге түсе алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ГФШ қантты алмастыра алады: кондитерлік өнімдерде – шамамен 20%, балмұздақ өндірісінде – шамамен 50%, нан өнімдерінде, жемісті-көкеністі консервтерде, алкоголсіз сусындарда және жүзімді шараптарды өндіруде, қоюландырылған сүтте - 100% дейін.

Сірненің әр түрін кәмпит өндірісінде, сыра қайнатуда, кондитерлік өндірісте, қатырылған сүт өнімдері өндірісінде, мармеладтарда, шарап өндірісінде қант алмастырушы ретінде, нан пісіруде, консерв өндірісінде, сусын және т.б. өнімдерді өндіруде қолданады.

Қазақстан мен әлем нарығында сұранысқа нативті емес түрлендірілген крахмал ие. Химиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты крахмал, басқа өнім алуда маңызды орынға ие. Крахмал молекулалары біршама реакцияға қабілетті болып келетін қосылыстардан тұрады, олар көптеген заттармен белсенді түрде араласады. Сонымен қатар крахмалдың полимерлі тізбегін термиялық және механикалық түрде бұзуға болады. Ол крахмал өнімдерін түрлендіруге мүмкіндік береді, оның гидрофильді құрамын, клейстеризация және ұйыма параметрлерін, сонымен қатар ұйыманың реологиялық сипаттамасын өзгертуге мүмкіндік береді.

Айта кететін жайт, қазіргі таңда түрлендірілген крахмалсыз сапалы және бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін емес. Сонымен қатар, крахмалдың құрамының байыпты өзеруі үшін, түрлендіретін агенттің азғантай көлемі керек. Азық-түлік өнімдерінде қойыландырғыш, тұрақтандырғыш, толықтырғыш, құрлым құраушы және т.б. ретінде қолданылатын түрлендірілген крахмал қауіпсіз болып табылады, ол адам денсаулығына, дамуына еш зиян келтірмейді және Е тобына кіретін азық-түлік қоспалары ретінде ін екеттерінде адам денсаулығы үшін еш зиян келтірмейді ТМД, ЕО, АҚШ және көптеген басқа мемлекеттердің денсаулық сақтау органдарымен рұқсат етілген. Сонымен, мысалы, тотыққан крахмалды Е1404 азықтық қоспа ретінде белгілейді.

Қазіргі күнде Қазақстанда іс жүзінде түрлендірілген крахмал алатын отандық технолгиялар жоқ. Түрлендірілген крахмалдың отандық технологиясын зерттеу және енгізу үшін ұзаққа созылған, көп еңбекті қажет ететін және қымбат ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілу керек, себебі аталған технологиялар біршама қиын болып келеді.

Қазақстандағы жүгері дәнін терең қайта өңдейтін негізгі өндірістер: Универсал ЖШС қарасты “Жаркент крахмалсірне зауыты” ЖШС (өндірілетін өнімнің 44%), “Алтын Нан” ЖШС (41%). Жоғарыда аталып өткен өндірістерден басқа Қазақстан Республикасында жүгеріні терең қайта өңдейтін бірнеше ұсақ өндірістер де бар, олар қытай технологияларымен және қытай жабдықтарымен жұмыс жасайды.



Жаркент крахмалсірне зауыты 2001 жылы «Алым-Астық» ЖШС ретінде іргесі қаланған. 2005 жылдың қыркүйек айына дейін өнімнің тұтынушылардың сұранысына сай келмеуіне және коммерциялық қызметтің қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты тұрақты пайда әкелмеді. Қазіргі уақытта зауыт ҚР ірі индустриялық өндірісі болып табылатын «Универсал» ЖШС сатылып алынған. Аталмыш компания цехты қайта құралдандырып, жұмысшыларды ауыстыруды қолға алды, дербес жағдайда Ресей мен Қытайдан технологтар шақырылды. Өнімді сақтауға арналған қойма бөлмелері Жаркент қаласымен қатар Алматы, Астана, Семей, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында орналасқан. Қазіргі күнде зауыт тек жүгеріден жасалған өнімді ғана шығарады. Зауыт ассортиментінде нативті крахмал, глютен, сірне, жүгері ұрығы бар. Крахмал өндірісі шамамен айына 700 тоннаны құрайды. Зауыт тұтынушылары «Кагазы Трейдинг», «Хамле» ЖШС, «Рахат» АҚ, «Іле картонды-қағазды комбинат» болып табылады.

«Алтын Нан» крахмалсірне зауыты 2004 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс атқарады және кондитерлік өнеркәсіп үшін карамель сірне өндірісінде мамандандырылады. Ассортименет қатарында сонымен бірге крахмал, глютен, крахмал сірнесі, ұрық, жем, астық қалдықтары, бұқтырылған жүгері, глютенді сүт, май және оның күнжаралары. Компания кеңсесі Бішкек қаласында да бар. Комбинатта АҚШ, Германияның және Италияның қазіргі заманға сай машина жасау құралдары орнатылған. Зауыт тәулігіне 100 тонна жүгері дәнін немесе жылына 35 мың тонна дән өңдеуге мүмкіндігі бар. Сірненің негізгі тұтынушылары ретінде кондитерлік өндірістер ұсынылған, атап айтсақ, «Рахат» АҚ, «Караганды конфеттері» АҚ, «Баян Сулу» АҚ, «Алматы өнімі» АҚ, «Хамле» ЖШС. Крахмалды сірне зауытының жылдық өндіріс көлемі 15 мың тоннаны, жүгері крахмалы – 8 мың тоннаны, жануарлар үшін жүгері жемшөбі – 11 мың тоннаны, майлар – 550 мың тоннаны, глютен – 12 мың тоннаны құрайды.

Жоғарыда аталып өткен барлық өндірістер крахмал сірнесінің сұранысын 16% ғана қанағаттандырады және жүгері крахмалымен жұмыс жасайды.

Бидай дәнін терең өңдеу бойынша екі өндіріс қана қызмет атқарған:


  1. «Биохим» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қ.)

Бастапқы шикізат – бидай. Зауыттың қуаты сағатына 20 тонна ұн өңделеді. Зауыттың жұмысқа қосылған жылы – 2006.

Жоба бойынша тауарлы өнім бидай клейковинасы болды, ал А және В бидай крахмалы толықтай биоэтанол отын өндірісінде қолданылады. Бірқатар техникалық себептердің салдарынан, зауыт 50% жобалық қуатпен жұмыс атқарды. Сонымен қатар, отындық биоэтанолды алудың заңдық негізі болмауының салдарынан, зауыт дайын өнімді сатуда біршама қиындықтарға келіп тірелді. Нативті клейковинаның сапасы төмен, себебі техникалық жұмыстар үшін қолданылатын судың сапасы төмен және жеткіліксіз. Зауытта жұмысты бірқалыпқа келтіру мақсатында крахмалды кептіретін қытай жабдықтары орнатылады деп қарастырылған. Қазіргі кезде зауыт жұмыс атқармайды.

2. «БМ» ЖШС (Жамбыл облысы, Тараз қ., Жалпақ-Төбе ауылы).

Бастапқы шикізат – бидай. Зауыттың қуаты сағатына 5 тонна бидайдан ұн өңделеді. Зауыттың жұмысқа қосылған жылы – 2004.

Бидайдың нативті клейковинасы, ішуге арналған спирт тауарлы өнім болып табылады, себебі бидай крахмалы (А,В,С) толықтай ішуге жарамды этил спиртін, спирттен кейінгі бард пен кебектен жасалған түйіршіктелген құрғақ жем өнімдерін өндіруге жұмсалады. Зауыт жоғары сапалы өнім (клейковина, этил спирті, жем) шығара отырып, тұрақты жұмыс жасады. Құрғақ бидай клейковинасы экспортпен Европаға және АҚШ жөнелтіліп отырды. Қазіргі таңда зауыт жұмыс атқармайды.

Сонымен, бидай дәнін терең қайта өңдеу, қазіргі таңда Қазақстанда, іске асырылмайды.



Астық дақылдарын терең қайта өңдеуді дамыту жолында, ішкі нарықта жиі сұранысқа ие 5-6 түрлендірілген крахмал мен қант өнімдерінің топтарының өндірісін игере отырып, Қазақстан импортты алмастыруда біршама жеңілдікке ие бола алады. «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жүргізілген алдын ала іздеу жұмыстары, осындай жұмыстардың мүкіндігін және пайдасын көрсетті.

Ауыл шаруашылық өнімдерін терең қайта өңдеу өндірісінің дамуы, соның ішінде астық дақылдары, АӨК басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл Қазақстан үшін ерекше болашағы бар және маңызды сала болып табылады, оны өз кезегінде дамыту қажет.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет