Ауыл шаруашылығында инвестициялардың тиімділігі мен оның тартымдылығын арттыру жолдары



жүктеу 76.01 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі76.01 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ОНЫҢ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Сейсинбинова Альмира Аскарбековна,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің оқытушысы
Ауыл шаруашылығына келіп түсетін инвестицияларды арттыруды микро, яғни кәсіпорын деңгейінде қарастарсақ, салынған капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді және осы факторларды үлкен екі топқа бөліп қарастыруға болады – ішкі және сыртқы орта факторлары.

1 сурет. АӨК-ге инвестицияның тиімділік факторлары


Қазіргі уақытта АӨК салаларына салынған инвестициялардың қайтарымдылығының төмен деңгейде болуына 2-топтың факторларының әсері мол. Ол мыналармен анықталады: инфляция, баға диспаритеті, несиеге жоғары пайыз қойылымы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қатысты дұрыс ойластырылмаған салық саясаты т.б.

Қалыптасқан бұл мәселелерді мемлекет деңгейінде қарастырып, шешпейінше агроөнеркәсіптік кешенге тартылған инвестицияның тиімділігін арттыру туралы айту мүмкін емес.Әрине, мемлекет инвестицияны ынталандыру бойынша біраз шаралар қолдануда.

Инвестициялық қызметтің белсенділігін арттыру мен оның экономикалық тиімділігін жоғарылату АӨК салаларында капитал салынымдарының түсуін, жеңілдік несиелерін қолдануға көмектеседі.

Капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін төмендегілердің есебінен арттыруға болады:



  • тәжірибеде өзін-өзі ақтап шыққан үлгілік жобаларды кеңінен қолдану, бұл объектіні жобалауға кететін уақыт пен ақша шығ ынын айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ тиімсіз жобаларды таңдау мүмкіндігінің тәуекелін азайтады;

  • объектінің құрылысы мен оны игеруге кететін мерзімін қысқарту, нәтижесінде аяқталмаған құрылыс көлемі азаяды, сонымен қатар, күтілген экономикалық әсер алуға қажет уақыт та азаяды;

  • салынымдардың жинақтылығын қамтамасыз ету (мысалы, мал шаруашылығында мал қораларын, азықтандыру орындарының құрылыс көлемі мен негізгі отарды құру шығындарын оңтайлы үйлестіру керек);

  • тиімді жобаларға капиталдық салынымдарды салудың басымдылығы, бірінші кезекте қолданыстағы объектілердің қайта жөндеуімен байланысты (қайта жөндеуге салынған салынымдар жаңа объектінің құрылысымен салыстырғанда 2-3 есе тез қайтарылады;

  • инвестициялардың маңызды объектілерге шоғырлануы, олардың ұсақ құрылыстарға шашырамауы;

  • үнемділік режимін сақтауы;

  • ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдану [1].

Сондай-ақ, капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін арттыруға ауыл шаруашылығы мен АӨК-нің басқа да салаларын интенсификациялау негізінде өндіріс көлемін арттыру, өнім сапасын арттыру мен олардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы барлық кезеңдегі жоғалтуларын қысқарту және өндірісте өнімді өндірудің өзіндік құнын азайту әсер етеді.

Соңғы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық белсенділікті жандандыру – тұрақты экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі жолы болып табылады. Ауыл шаруашылығы жағдайларына талдау жүргізу, ауыл шаруашылығына қызмет ететін арнайы қызметтер және оның негізгі басымдылықтарын біліп көрсету, зерттелетін ауыл шаруашылығы саласында инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалаудың басымдылықтары, инвестициялық механизмдерін жетілдіру жолдары жөнінде ұсыныстар жасап және оларды іске асыру туралы шараларды айқындауды талап етеді. Ауыл шаруашылығына инвестицияны тартуды ынталандыруда отандық өндірістердің азық-түлік тауарларын нарыққа шығару мәселелерін шешу мен оның тиімділігін арттыру мақсатында механизмдерін дайындау керек.

Ауыл шаруашылық саласының дамуы, яғни табыстылығы осы салаға салынатын қаржы салымдарына тікелей байланысты. Осыған байланысты ауыл шаруашылық саласына мемлекеттік қаржыландырудан басқа отандық және шетелдік инвестицияларды тарту мәселесіне үлкен мән беріле бастады.

Қазақстанның инвестициялық саясаты отандық және шетелдік инвестицияны тарту қажеттілігінен шығады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық саласына қолайлы инвестициялық климатты қалыптасытудың механизмдерін жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу мен қолдау жолдарын қарастыруымыз керек.

Сыртқы ресурстарды қолданудың ең тиімдісі – тікелей инвестициаларды қолдану болып табылады.Инвстициалаудың бұл түрінің артықшылығы, ол елдің сыртқы қарызының құрамына кірмейді.Қазақстан Республикасындағы тікелей инвесторлар салықтық жер және мүліктік жеңілдіктерге ие.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан шетел инвестициасының көлемі бойынша алдынғы орындарды иеленген. Бұл инвестициялық салымдардың тәукелдігінің төмендігімен, қолайлы инвестициялық климат пен елдегі қалыптасқан экономикалық және саяси тұрақтылығына негізделген. Ал жағымсыз факторларға: елдің заңнамалық және салықтық базасының жетілмегендігі, нарықтық инфрақұрылымның дамымауы және де қызметкерлер арасында жемқорлықтың орын алуы.

Шетел инвестициясын қажетті салаға бағытау үшін импорттаушы елдің осы саладағы техникалық және технологиялық арттықшылығын қамтамасыз етуі тиіс. Инвестициялардың баламаларын таңдауда техникалық көмекті кеңейтуді, прогрессивті технологияларды енгізуді көздейтін жобаларға басымдылық таныту керек. Кез-келген инвестициялық жоба өндіріс кезінле қоршаған ортаға зиянды заттарды шығармауын, яғни қатаң экологиялық стандарттарды ұстануы керек. Республика Үкіметі Қазақстан экономикасына инвестиция тартуды арттыратын әлемдік деңгейде еліміздің инвестициялық беделін көтеру жолында белсенді саясат жүргізуде, олардың ауыл шаруашылық саласына келіп түсуіне де тікелей әсер ететін саясат жүргізуі қажет. (1 сурет)

Инвестиция тартудың қолайлы ахуалын қалыптасытру, Макроэкономикалық конъюктураны қалыптастыру және т.б. 5 суретте көрсетілген факторларды ескере отырылып жасалған ықпалы саясат елдің ауыл шаруашылық саласындағы жағдайын жақсарту үшін инвестицияларды тиімді басқару, ресурстар мен қаржыларды рационалды қолдану, жеке салымдарға жағдай жасау және оның экономиканың қажетті салаларына жұмсалуын қадағалауға, реттеуге негіз болатын мемлекеттік басқару құралын, механизмін жасақтайды.




2 сурет. Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды қалыптастыру

Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды қалыптастыруда осы факторларды ескере отырып белсенді саясат жүргізу бәсекеге қабілетті өнім өндірісін құру үшін ауыл шаруашылығының тиімді қызметін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мақсатында аталмыш саланың дамуы, яғни оның тауарларының бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру тұрғысында бірқатар негізгі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар кешенін қабылдау тиімді болмақ [2].


  1. Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру.

Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды жетілдіру бойынша практикалық іс-шараларды қабылдау осы салаға келіп түсетін отандық және шетелдік инвестицияларды ынталандыруды мемлекеттік қолдауды күшейту, республика Үкіметі баламалы бюджеттік, несиелік, салық саясатын жүргізуі, инвестицияларды тарту мен олардың экономикалық тиімділігін арттыруда қалыптасатын мәселелерді нақты үйлестіретін орагандардың қызмет ету аясын жетілдіру нәтижесінде оңтайлы жүргізілетін болады.

Аталған мәселелердің шешімін Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мен олардың тиімділігін арттыруды дамыту туралы тиісті заңнамалық нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу мен қабылдау жолымен шешуге болады.



  1. Ауыл шарушылығын бойынша инвестициялардың келіп түсуін арттыру жөнінде аймақтық саясат жүргізу.

Аймақтар бойынша маманданыруды қалыптасытру бойынша іс-шаралар қабылдау аса маңызды орын алады. Мәселен, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында – жеміс-жидек, көкөніс саласын, Жамбыл және Алматы облыстарында – қант өндіруді, Ақмола, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарында – астық өңдеуді, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында – сүт өнімдерін, Атырау облысында – балық саласын дамыту қажет [3].

Бұл бағыттар нақты сала бойынша мамандануға, сол аймақтың өндірістік және еңбек ресуртарын жұмылдыруға, ауыл аумақтарының инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпорындар мен олардың өндіретін өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осының барлығы жалпы саланың инвестициялық татымдылығын арттыруға өз септігін тигізетін болады.



  1. Институционалдық қамтамасыз етуді жетілдіру. Қазіргі кезеде ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын мемлекеттік бақылау мен қадағалау функциялары мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық қызмет, мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет, Қазақстанның Мемстандарт және шаруашылық субъектілеріне қызмет етуіне лицензия беруші мемлекеттік органдар арасында бөлінген. Бұл орайда осы құрылымдарың функциялары мен қызмет саласында көшірмелеуге жол бермеу керек.

  2. Өндіріс тізбегін – мемлекет аралық агроиндустриалдық кластерлер қалыптастыру. Қазіргі кезде мемлекет аралық кластерлерді: астық, жеміс-жидек пен көкөніс, қант, сүт, балық салаларын құру мен дамыту өзекті маңызға ие. Бұл бағыттар елдің аграрлық сектор экономикасын өсірудің жаңа нүктелеріне айналуы мүмкін.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары өз инвестицияларын кластер қалыптастыруға бағыттауы үшін шарт-жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда оларға кластердің анағұрлым ірі қатысушыларына тауар мен қызметтер жеткізу рөлі беріледі.

Аграрлық кластердің жұмыс істеуі өндіріс тізбегінде мелекеттің салықтық, кедендік, тарифтік саясатын жетілдіру арқылы белсенді қатысуын көздейді.

Республика Үкіметінің шетел компанияларын ынтымақтастыққа ынталандыру бойынша іс-шаралар қабылдауының маңызы зор. Мәселен, астық өңдеу кластерін ұйымдастыру барысында Қазақстанға комбайндар мен басқа ауыл шаруашылық машиналарын жеткізу үшін Ресей компанияларымен өзара тиімді ынтымақтастық орнату тиімді болар еді [4].

Тұтастай алғанда республика экономикасын дамытудың кластерлік тетігін іске асыру ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен олар өндіретін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болады, экономиканың аграрлық секторына нвестицияларды белсенді тартуға және озық технологияларды ендіру мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесетін болады.



  1. Аграрлық сектордағы мемлекеттік инвестициялық саясат тетіктерін жетілдіру.

Бүінгі таңда аграрлық секторға шетелдік және отандық инвестицияларды тарту бойынша іс-шараларды қабылдау аса маңызды. Ол үшін инвесторларға қолайлы шарт-жағдай жасау үшін тиісті заңдарды жетілдіру бойынша іс-шараларды қабылдау тиімді болмақ.

Осыған байланысты мынандай инвестициялық преференциялар берудің маңызы өте зор:



  • Тауар өндірушілерді инвестициялық жоба аясында жаңадан пайдалануға енгізілген негізгі қорларға қатысты салық төлеуден бес жылға дейінгі мерзімге босату;

  • инвестициялық жобаны іске асыру үшін сатып алынған не қолданылатын жер учаскелері үшін салық төлеуден бес жылға дейінгі мерзімде босату.

Ұлттық заңнамаға ерекше резервке қою режимі бар инвестициялық несие санатын енгізу арқылы банк жүйесінің қызметіндегі инвестициялық бағытты күшейту маңызды. Аталған шарттарды қалыптастыру жағымды инвестициялық климат жасауға жол береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


    1. Экономика сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности. – М.: Под редакцией Колоховой, 2005. 135-150б

    2. Экономика отраслей АПК. – М.: Под редакцией Минакова, 2004, 165-190б

    3. Л.А.Игонина Инвестиции. Учебное пособие под ред. д.э.н проффесра В.А. Слепова –М.:Юристь.2002, 6-13б

    4. Инвестиции. Системный анализ и управление. – М.: Под редакцией Балдина К.Б., 2007, 56-63б




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет