Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы



бет1/2
Дата03.05.2016
өлшемі378.42 Kb.
  1   2
Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуiрдегi N 314 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 7-8, 77-құжат; "Егемен Қазақстан" 2002 жылғы 16 сәуiр N 81


МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Мәтiнде сөздер алмастырылды - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "қадағалау", "қадағалауды" деген сөздер тиiсiнше "бақылау", "бақылауды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Осы Заң қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi және қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авариялардың, инциденттердiң салдарынан туындайтын қауiптi өндiрiстiк факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң алдын алуға, аварияларды, инциденттердi және олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзiрлiгiн, олардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтiрiлген залалдарын кепiлдiкпен өтеудi қамтамасыз етуге бағытталған.


      Еңбек қатынастары мен еңбектi қорғау, экологиялық, өрт қауiпсiздiгi саласындағы, атом энергиясын пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрiлердi пайдалану мен кәдеге жарату кезiндегi қауiпсiздiк саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV, 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;
      2) инцидент - қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың iстен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимiнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
      2-1) мемлекеттiк инспектор - Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
      2-2) қауiптi өндiрiстiк фактор – қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтiретiн физикалық құбылыс;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнен қорғалуының жай-күйi;
      4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      5) техникалық басшы – ұйымның технологиялық процесiне басшылықты жүзеге асыратын, жоғары бiлiмi бар маман;
      6) техникалық құрылғылар – машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар).
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк


               қауiпсiздiк саласындағы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлер және техникалық


              құрылғылар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



      Қауiптi өндiрiстiк объектiлерге:
      1) мынадай:
      тұтанғыш – қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;
      жарылғыш - сыртқы әсердiң белгiлi бiр түрлерi кезiнде жылу бөлiп, газ құрап, өздiгiнен жылдам тарайтын химиялық өзгерiстерге ұшырай алатын зат;
      жанғыш – өздiгiнен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзiнен от алып, оны алып тастағаннан кейiн өздiгiнен жанатын зат;
      тотықтандырғыш – жануға көмектесетiн, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтiрудiң экзотермиялық реакциясы нәтижесiнде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;
      уытты – тiрi организмдерге әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкеп соқтыруға бейiм және мынадай сипаттамасы бар зат:
      асқазанға енгiзiлген кезде өлтiретiн орташа дозасы бiр килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейiн келетiн;
      терiге енгiзген кезде өлтiретiн орташа дозасы бiр килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейiн келетiн;
      ауадағы өлтiретiн орташа шоғырлануы бiр литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейiн келетiн;
      жоғары уытты – тiрi организмдерге әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкеп соқтыруға бейiм және мынадай сипаттамасы бар зат:
      асқазанға енгiзiлген кезде өлтiретiн орташа дозасы бiр килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;
      терiге енгiзген кезде өлтiретiн дозасы бiр килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;
      ауадағы өлтiретiн орташа шоғырлануы бiр литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын;
      қоршаған орта үшiн қауiп тудыратын, су ортасында мынадай өте уытты көрсеткiштермен сипатталатын зат:
      балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтiретiн орташа дозасы литрiне 10 миллиграмнан аспайтын;
      дафнияға қырық сегiз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литрiне 10 миллиграмнан аспайтын;
      балдырларға жетпiс екi сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтiн шоғырлануы литрiне 10 миллиграмнан аспайтын қауiптi заттардың бiрi өндiрiлетiн, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, түзiлетiн, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
      құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiптi заттар бар өндiрiс қалдықтары;
      радиоактивтi және ионды сәулелену көздерi;
      2) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      3) қара, түстi, бағалы металдардың балқымалары және олардың негiзiнде алынатын қорытпалар жасалатын;
      4) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру және минералды шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргiзiлетiн;
      5) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      6) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      7) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлерi пайдаланылатын;
      8) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;
      9) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Қауiптi техникалық құрылғыларға:
      1) 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезiнде жұмыс iстейтiн техникалық құрылғылар;
      2) жүк көтергiш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтiлер жатады.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      3-1-бап. Өндiрiстiк объектiнiң қауiптiлiгiн бағалау

      1. Өндiрiстiк объектiнiң қауiптiлiгiн бағалау:
      1) жазатайым оқиғалардың жиiлiгi;
      2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;
      3) өлiмге әкеп соғатын жарақаттанудың жиiлiгi;
      4) кәсiптiк ауру;
      5) негiзгi қорлардың тозуы;
      6) негiзгi қорларды ауыстыру;
      7) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң авариялылығы коэффиценттерi бойынша жүзеге асырылады.
      Өндiрiстiк объектiлер қауiптiлiгiнiң деңгейiн, оның iшiнде орташа салалық көрсеткiштерiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң иелерi мен сақтандыру ұйымдары өздерi ұсынатын қосымша материалдар негiзiнде өндiрiстiк объектiлер қауiптiлiгiнiң есептелген деңгейiн өзгертудi талап етуге құқылы.
      2. Объект қауiптiлiгiнiң жалпы деңгейi осы Заңға қосымшаға сәйкес жыл сайын айқындалып отырады.
      Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

      4-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

      1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;
      2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жiберу;
      3) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;
      4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк қадағалау;
      5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасау;
      6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге ұйымды аттестаттау;
      7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке мониторинг жүргiзу арқылы қамтамасыз етiледi.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өнеркәсiптiк қызметкердi, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуға тиiс.
      3. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк актiлерiмен белгiленедi.
      Нормативтiк актiлер нормативтiк актiде көрсетiлген қызмет аясында орындалуға мiндеттi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды қамтиды.
      Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк актiлердi тiркеудi және есепке алуды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, өзгерту енгiзiлдi - 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ақпарат

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, жеке және заңды тұлғалар қауiптi өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымның әкiмшiлiгiнен қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы.

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨНЕРКӘСIПТIК ҚАУIПСIЗДIК САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      3) техникалық регламенттердi бекiтедi;
      4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 
      5) уәкiлеттi органның ведомстволары жанында екi немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелер құрады;
      6) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 № 209, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi



      Уәкiлеттi орган:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
      1-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
      2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады;
      3) техникалық регламенттердi бекiтудi қоспағанда, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, аталған нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi;
      4) қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi авариялардың себептерiн тексерудi ұйымдастырады;
      5) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметiне басшылық жасайды, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың жұмысын үйлестiредi;
      7) ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi насихаттауды, халықты, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастырады;
      8) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      9) әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару және фонтандарға қарсы қызметтер мен құралымдар қызметiне басшылық жасайды;
      10) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi есепке алу iсiн жүзеге асырады;
      11) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi бiрдейлендiрудiң - объектiнi ұйымдардың құрамында қауiптi өндiрiстiк объектiлер санатына жатқызудың негiзгi талаптарын белгiлейдi;
      12) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн айқындайды;
      13) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен шетелдiктердiң қызметiн реттейдi;
      14) қауiптi өндiрiстiк факторлардың өндiрiс персоналына, халыққа, қоршаған ортаға сөзсiз зиянды әсер ету қаупi бар қызметтi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен тоқтата тұруға құқығы бар;
      15) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, олардың құзыретi шегiнде авариялардың себептерiн тексерудi жүргiзедi;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;
      16-1) мемлекеттiк инспекторға бiрыңғай үлгiдегi куәлiк, нөмiрлi мөртабан және пломбир беру тәртiбiн айқындайды;
      16-2) қызметтiк куәлiк, нөмiрлi мөртабан және пломбир үлгiсiн белгiлейдi;
      16-3) мемлекеттiк инспекторлар актiлерiнiң нысандарын бекiтедi;
      17) техникалық регламенттердi әзiрлейдi немесе келiседi;
      17-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы талаптарды белгiлейтiн нормативтiк актiлердi бекiтедi;
      17-2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды келiседi;
      17-3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк актiлердi тiркейдi және олардың есебiн жүргiзедi;
      18) өндiрiстiк бақылау тиiмдiлiгiн, ұйымдардың аварияларды және оның салдарын жоюға дайындығын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде аварияларды және олардың салдарын оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды бақылайды;
      19) жұмыстың қауiптi түрлерiн жүргiзген кезде технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) қолдануға рұқсаттар бередi;
      20) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингiн жүргiзедi;
      21) қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердi есепке алуды жүзеге асырады;
      22) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазiргi заманғы техникалық растаудың жүргiзiлуiн бақылайды;
      23) ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестаттауды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
      24) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      25) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдап алу сынақтарын жүргiзудi келiседi;
      26) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      27) өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды аумақтық бөлiмшелерге бередi;
      28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      29) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiрумен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi мiндеттi қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң орындауын бақылайды;
      30) халықты және ұйымдарды қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етедi;
      30-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi мiндеттi декларациялануға жататын өнеркәсiп объектiлерiнiң электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi және декларацияланған объектiлер туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады;
      31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 № 209, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 № 97-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы


              органдарының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы
              құзыретi

      Ескерту. 8-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 № 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      9-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының
              өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы құзыретi

      Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында өздерiнiң өкiлеттiгi шегiнде:


      1) Алынып тасталды
      2) қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерi болған жағдайларда қолда бар күштi, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, салдарын шектеу, адамдардың өмiрiн құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерiн қорғау, меншiктi күзету, қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындау жағынан қажеттi көмек көрсетедi;
      3) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 № 97-IV (2010 жылғы 1 қаңтарда бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      4) жерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерге берудi сараптамалық қорытынды негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк инспекторымен келiседi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.

  3-тарау. ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨНЕРКӘСIПТIК ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


ЖӨНIНДЕГI МIНДЕТТЕРI

      10-бап. Жұмыскерлердiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi


               қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi

      Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмыскерлер:


      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын сақтауға;
      2) ұйымның әкiмшiлiгiн қауiптi өндiрiстiк объектiдегi авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша оқытуға және нұсқама алуға, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;
      4) авариялар, инциденттер себептерiн тексеру кезiнде көмек көрсетуге мiндеттi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.12.29 № 209, 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.

      11-бап. Қауiптi өнеркәсiптiк объектiге ие жеке және


               заңды тұлғалардың мiндеттерi

      Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi:


      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарын сақтауға;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiлген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарында белгiленген мерзiмдерде немесе мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жүргiзiлуiн, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келiсiлуiн, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
      5) әрi қарай пайдаланудың ықтимал мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмiнен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргiзуге;
      6) белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге;
      7) қауiптi өндiрiстiк объектiлерге бөгде адамдардың кiруiн болғызбауға;
      8) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру тәртiбi туралы және оны жүзеге асыруға уәкiлеттi жұмыскерлер туралы мәлiметтердi ұсынуға;
      9) авариялардың, инциденттердiң туындау себептерiне талдау жүргiзуге, қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнiң және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
      10) уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын, халықты және жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк факторлардың туындауы туралы дереу хабардар етуге;
      11) авариялардың, инциденттердiң есебiн жүргiзуге;
      12) мемлекеттiк инспекторлар берген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзуды жою жөнiндегi ұйғарымды орындауға;
      13) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;
      14) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерi, жарақат алу және кәсiби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;
      15) қызметi үшiншi тұлғаларға залал келтiру қаупiне байланысты декларациялануға жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға;
      16) мемлекеттiк органдарға, азаматтарға қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;
      16-1) мемлекеттiк инспектор қауiптi өндiрiстiк объектiде өз мiндеттерiн атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауiпсiздiк приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;
      17) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      18) өзiнiң нормативтiк мерзiмiн өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
      19) осы Заңмен айқындалған қауiптi өндiрiстiк объектiлердi декларациялауға;
      20) жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралардың белгiленген талаптарына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiнiң жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
      21) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;
      22) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң декларациясына сараптама жүргiзудi қамтамасыз етуге;
      23) кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiн және құрамаларын құруға;
      24) - 26) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.
      27) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне қауiптi заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулiк бұрын хабарлауға;
      28) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
      29) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергiлiктi жобаларды Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк инспекторымен келiсуге;
      30) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға беру кезiнде мемлекеттiк инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргiзуге мiндеттi.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-1-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мiндеттi


                 декларациялау

      1. Пайдалану кезiнде қауiптi өндiрiстiк факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкiндiгi бар қауiптi өндiрiстiк объектiлер мiндеттi түрде декларациялануға жатады.


      Қауiптi өндiрiстiк факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкiндiгi жоба алдындағы шешiмдерге өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу арқылы белгiленедi.
      Сараптама қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қауiптi өндiрiстiк факторларды, сондай-ақ олар әсер етуi ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды.
      Уәкiлеттi орган сараптамалық қорытынды негiзiнде қауiптi өндiрiстiк объектiнi декларациялау туралы шешiм шығарады.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi - декларация) қауiптi өндiрiстiк объектiнi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға арналған жобаның құрамында әзiрленедi, қайта қаралады.
      3. Декларация мынадай мәлiметтердi:
      1) қауiптi заттар (оның iшiнде өндiрiлетiн) тiзбесiн және олардың сипаттамаларын;
      2) қауiптi өндiрiстiк факторларды (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
      3) қауiптi өндiрiстiк факторлардың таралуы туралы технологиялық деректердi;
      4) қауiптiлiк пен тәуекелге талдауды;
      5) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шешiмдердi;
      6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
      7) қызметкерлердi авария жағдайында iс-әрекетке дайындауды;
      8) авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерiнiң схемасын;
      9) аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесi; адамдарды қорғау жөнiндегi құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтiк ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтуға тиiс.
      4. Декларацияны әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйым не өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады.
      5. Декларация ондағы өндiрiстiк қауiпсiздiк мәлiметтерi өзгерген немесе өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өзгерген кезде өзгерiстер пайда болған кезден бастап үш ай iшiнде нақтыланады.
      6. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.
      Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның иесi декларациядағы мәлiметтердiң уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      7. Декларация сараптамадан өткiзiледi.
      Декларацияға өзгерiстер енгiзiлген кезде ол мiндеттi түрде қайтадан сараптамадан өткiзiлуге тиiс.
      8. Өтiнiш берушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы декларация сараптамалық қорытындының электрондық көшiрмесiмен бiрге тiркеу үшiн уәкiлеттi органға ұсынылады.
      9. Қауiптi объектiнi декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
      10. Уәкiлеттi органның қауiптi өндiрiстiк объектiнi декларациялау туралы немесе декларациялаудың қажет еместiгi туралы шешiмi сараптама қорытындысының түпнұсқасы қоса берiлген қауiптi өндiрiстiк объект иесiнiң еркiн нысандағы өтiнiшi бойынша берiледi.
      Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 № 209, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-2-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi есепке алу


                 және есептен шығару

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi есепке алу, есептен шығару үшiн оның иесi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне өтiнiш бередi.


      2. Өтiнiште қауiптi өндiрiстiк объектiнi есепке алу немесе есептен шығару үшiн оны сәйкестендiрудiң негiздемелерi көрсетiледi.
      3. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi есепке алу, есептен шығару иесiн хабардар ете отырып, өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      Қауiптi өндiрiстiк объектiнi есепке алу, есептен шығару уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiндегi қауiптi өндiрiстiк объектiлердi есепке алу журналына тиiстi жазба жасау арқылы жүргiзiледi.
      Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      11-3-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салу,


                 реконструкциялау, жаңарту, жою жобаларын,
                 сондай-ақ жергiлiктi жобаларын келiсу

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi жобаны, сондай-ақ жергiлiктi жобаны келiсу үшiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бас инспекторына:


      жобаны келiсуге жiберу туралы өтiнiштi;
      жобаның көшiрмесiн;
      жобаның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындының тұпнұсқасын ұсынады.
      2. Жобаның, сондай-ақ жергiлiктi жобаның келiсiлгенi туралы оң шешiм немесе оны келiсуден дәлелдi бас тарту құжаттарды толық көлемде берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге жiберiледi.
      Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      12-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн


               өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша
               кәсiби даярлау, қайта даярлау, олардың
               бiлiктiлiгiн арттыру

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша кәсiби даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң иелерiне жүктеледi.


      2. Даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк инспекторымен келiсiлуге тиiс.
      3. Ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссиялары құрылады.
      Ұйымдардың тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы Бас мемлекеттiк инспекторының немесе оның орынбасарларының төрағалық етуiмен уәкiлеттi органның комиссиясында емтихан тапсырады.
      Тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссияларының құрамына уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк инспектор енгiзiледi.
      Ұйымдардың бөлiмшелерiнде құрылатын емтихан комиссияларының мүшелерi емтиханды ұйымдардың тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссияларында тапсырады.
      Мамандар, инженер-техникалық қызметкерлер мен жұмысшы персонал емтихандарды ұйымдардың бөлiмшелерiнде құрылатын емтихан комиссияларында тапсырады.
      Емтихан комиссияларының жұмысына уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк инспекторы қатысады.
      4. Жұмысты қауiпсiз орындау ережелерiн жұмысшы персоналға оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк инспекторымен келiсiлуге тиiс.
      5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн барлық адамдардың:
      1) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың – жыл сайын;
      2) техникалық басшылардың, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлердiң – қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, үш жылда бiр рет;
      3) қауiптi өндiрiстiк объектiде жұмысты орындаумен байланысты емес персоналдың – сегiз сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, ұйымның техникалық басшысы бекiткен тiзбе бойынша үш жылда бiр рет бiлiмдерi тексерiлуге жатады.
      6. Емтихан қабылдау жөнiндегi комиссия бiлiмi тексерiлуден өткен адамдардан құралуға тиiс. Комиссияның құрамын қауiптi объектiнiң иесi айқындайды.
      7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында жүргiзiлуi мүмкiн.
      8. Комиссия құрамы кемiнде үш адам болуы керек.
      9. Емтихан билеттерi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк инспекторымен келiсiледi.
      10. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамасы үш жыл бойы сақталады.
      11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлiк берiледi.
      Оқу ұйымында емтихандар қабылдау кезiнде емтихан комиссиясы төрағасының қолы – ұйымның мөрiмен, мемлекеттiк инспектордың қолы нөмiрлi мөртаңбамен куәландырылады.
      12. Куәлiк онда көрсетiлген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
      13. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
      14. Мерзiмi өткен куәлiгi бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.
      15. Оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi, соның iшiнде емтихан комиссиясы мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi барлық шығыстар қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi.
      16. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк инспектордың емтихан комиссияларының жұмысына қатысуы үшiн ұйым уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн емтихан басталғанға дейiн күнтiзбелiк бес күн бұрын емтихан өткiзiлетiн күн мен уақыт туралы хабардар етедi.
      Мемлекеттiк инспектор келмей қалған жағдайда комиссия емтихан қабылдауды оның қатысуынсыз жүзеге асырады.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Каталог: fileadmin -> user upload -> npa
user upload -> Жеңіл автомобиль көлігіне қызмет көрсетуде баға ұсынымын жасау жөнінде алдағы конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыру. Астана қаласы, 2009 ж 16. 01
npa -> Елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы
npa -> Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекiту туралы
npa -> Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi
npa -> "Су көздерiне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшiн су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң
npa -> Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"
npa -> Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы
npa -> Елдi мекендердiң су бұру жүйелерiне сарқынды суларды қабылдау ережесiн бекiту туралы
npa -> Сумен жабдықтау және су бұру қызметiнiң көрсетiлген көлемiн анықтау әдiстемесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет