Қаулысымен алып тасталды Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №1/231 қаулысымен



жүктеу 288.07 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі288.07 Kb.
: files -> NREG
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
NREG -> Қаулысымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»
NREG -> Қаулысымен бекітілді «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
NREG -> Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.12.2013 12:40:13
Алматы қаласы әкімдігінің 2013.11.02. № 1/73 Қаулысымен алып тасталды

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 30 наурыздағы

1/231 қаулысымен бекітілген



 

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»

электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Электрондық мемлекеттік қызмет Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және тұтынушының тіркелген тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - аудандық бөлімдер) арқылы және баламалы негізде «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - қызмет беруші) арқылы ұсынылады.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандарты негізінде көрсетіледі.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіндегі (бұдан әрі - Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартылулар:



1) мемлекеттік қызмет көрсету - мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызмет;

2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

3) ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;

4) медиа-алшақтық - құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;

5) пайдаланушы (тұтынушы) - оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

6) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП); - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

8) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

9) «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі ретінде өңірлік шлюз» (бұдан әрі - ЭҮӨШ ) -қызмет берушінің электрондық қызметтер көрсету барысында қатысатын сыртқы ақпараттық жүйелердің және ішкі жүйелерінің/кіші жүйелерінің арасында ақпараттық өзара әрекет етуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

10) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) -- мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, белгілі сатыда электрондық қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың және т.б. құрылымдық бөлімшелері;

11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;

12) мемлекеттік электрондық қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

13) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

14) «электрондық үкімет» шлюзі - электрондық қызметтерді жүзеге асыру аясында «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін шоғырландыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);

15) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмекке хабарласқан тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеру үшін әкімшілік-ауммақтық бірліктерге сәйкес, әкімдердің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

16) ЖАО АЖ - жергілікті атқару органның ақпараттық жүйесі/ «Өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесі - ЖАО-ң қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орнының бөлігіндегі Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» шлюзінің ішкі жүйесі ретінде.

 

 

2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қызмет беруші қызметінің тәртібі



 

6. Осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес аталған электрондық мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін аудандық бөлім арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қызмет берушінің адымдық әрекеттері және шешімдері:



1) тұтынушы қызмет алу үшін аудандық бөлімге жүгінуі қажет, өзімен бірге өтініш пен қажетті құжаттардың түпнұсқалары болуы тиіс. Тұтынушының өтініші мен құжаттарының түпнұсқалылығы аудандық бөлім маманымен тексеріледі.

2) 1 - үдеріс - мемлекеттік электронды қызметті көрсету үшін ЖАО АЖ-не аудандық бөлім маманының ЖСН және паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

3) 1 - шарт - ЖАО АЖ-де тіркелген аудандық бөлім маманы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру;

4) 2 - үдеріс - аудандық бөлім маманының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациалаудан бас тарту туралы ЖАО АЖ-де хабарлма қалыптастыру;

5) 3 - үдеріс - аудандық бөлім маманының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыру үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерленген құжаттарды бекіту);

6) 4 - үдеріс - мемлекеттік электронды қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген мәліметтерді, бекітілген сканерленген құжаттарды) аудандық бөлім маманының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;

7) 2 - шарт - сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭЦҚ-ғы тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ-ң тіркеу куәлігінің мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) ЖАО АЖ-ң тіркеу куәлігінің жоқ екендігін тексеру;

8) 5 - үдеріс - аудандық бөлім маманының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6 - үдеріс - аудандық бөлім маманымен электрондық мемлекеттік қызметтің өңделуі;

10) 7 - үдеріс - аудандық бөлім маманының мемлекеттік электронды қызметті көрсету (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат аудандық бөлім маманының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

11) 8 - үдеріс - аудандық бөлім маманының электрондық мемлекеттік қызметтің (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін тұтынушының қолына беруі немесе электрондық пошта арқылы жіберуі.

7. Осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес (2 сурет) ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қызмет берушінің адымдық әрекеттері және шешімдері:



1) тұтынушы ЖСН көмегімен ЭҮП тіркеуден өтуі тиіс (ЭҮП-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 - үдеріс - мемлекеттік электронды қызметті алу үшін ЭҮП-ға тұтынушының ЖСН және паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

3) 1 - шарт - ЭҮП-да тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру;

4) 2 - үдеріс - тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациалаудан бас тарту туралы ЭҮП хабарламасын қалыптастыру;

5) 3 - үдеріс - тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыру үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерленген құжаттарды бекіту);

6) 4 - үдеріс - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін толтырылған сұраныс нысанына (енгізілген мәліметтердің, құжаттардың сканерленген көшірмелері);

7) 2 - шарт - сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭЦҚ-ғы тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ-ң тіркеу куәлігінің мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) ЭҮП-ң тіркеу куәлігінің жоқ екендігін тексеру; 5 - үдеріс - тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына

8) бай-ланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6 - үдеріс - тұтынушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжатын (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және аудандық бөлім маманының мемлекеттік электронды қызметті өңдеуі;

10) 7- үдеріс - аудандық бөлім маманының мемлекеттік электронды қызметті көрсету (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды ету үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат аудандық бөлім маманының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады және ЭҮП-ң жеке кабинетіне жіберіледі.

8. Электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұраудың орындалу дәрежесін тұтынушының тексеру әдісі: «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде «электрондық үкімет» порталында, сонымен қатар аудандық бөлімге өтініш жасау кезінде.

9. Осы Реламенттің 1 қосымшасында электрондық мемлекеттік қызмет жөнінде ақпарат алу үшін уәкілетті қызметтік тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі жөнінде түсініктеме алу үшін ҚФБ атаулары, заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, сонымен қатар қажет болған жағдайда электрондық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау көрсетілген.

 

 

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау



 

10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ және АЖ тізімдері:

1) ЭҮК;

2) АЖО АЖ;

3) ЭҮӨШ (ЭҮШ);

4) аудандық бөлімдер;

5) учаскелік комиссия;

6) ҰРО АЖ.

11. Осы Регламенттің 2 қосымшасында әр іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетілген ҚФБ іс-қимылының кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттауында (процедуралар, функциялар, операциялар) келтірілген.

12. Осы Регламенттің 11 тармағында көрсетілген сипаттамасына сәйкес 2 қосымшада көрсетілген ҚФБ (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде) іс-қимылның қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма осы Регламенттің 3 қосымшасында (1 және 2 сурет) келтірілген.

13. Осы Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес тұтынушыларға электрондық қызмет көрсетудің нәтижесі сапа және қолжетімділік көрсеткішімен өлшенеді.

14. Осы Регламенттің 5 және 6 қосымшаларында хабарламалардың, хаттардың, ескертулердің нысандарын қоса алғанда, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (кіріс, шығыс құжаттары) соған сәйкес ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері көрсетілген.

15. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде тұтынушылармен көрсетілетін талаптар:



1) адамның конституциялық құқығы мен еркіндігін сақтау;

2) қызметтік міндетін атқаруда заңдылықты сақтау;

3) кәсіби этика және мәдениеттілікті сақтау;

4) толық және жеткілікті ақпаратты беру;

5) ақпараттың сақталуы мен құпиялылығы;

6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

16. Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің техникалық шарттары: электрондық мемлекеттік қызметке қол жеткізудің және оны көрсетудің қолдайтын барлық құрылғылары (компьютер, Интернет, қоғамдық байланыс пункті, аудандық бөлім).



 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік



көмекті тағайындау» электрондық

мемлекеттік қызметінің Регламентіне



1 қосымша

 

 

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің

тізімі

 

р/с

Атауы

Заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үй (пәтер) №, электронды пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 122

depart_zan@mail.ru

8-727

261-67-78261-52-02

Демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 9-00-дан 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін

2

Алатау аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырак-2 шағынауданы, Жанқожа батыр көшесі, 26

alatay_zan09@mail.ru

8-727

299-87-79

3

Алмалы аудандық бөлімі

Алматы қаласы,  Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 89 alm_soc@mail.ru 

8-727

267-45-80

4

Әуезов аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 3 шағынауданы, 41 а auezzan@mail.ru

8-727

276-49-92

5

Бостандық аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жандосов көшесі, 2 bostan_zan@mail.ru 

8-727

392-22-95

6

Жетісу аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Мақатаев көшесі,142 jetzan@mail.ru 

8-727

279-37-72

7

Медеу аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Төле би көшесі, 12 medeu_zan@mail.ru 

8-727

291-75-55

8

Түрксіб аудандық бөлімі

Алматы қаласы,  Түрксіб ауданы, Рихард Зорге көшесі, 18 turk_zan@mail.ru 

8-727

236-55-97

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік



көмекті тағайындау» электрондық

мемлекеттік қызметінің Регламентіне

2 қосымша

 

1 кесте. Аудандық бөлімдер арқылы әрекеттер сипаты

 

1) Негізгі үдеріс әрекеті (жұмыс легі, барысы)

1

әрекет № (жұмыс легі, барысы)

1

2

3

2

СФЕ, АЖ атауы

Аудандық бөлім маманы

ЖАО АЖ

Аудандық бөлім маманы

3

Әрекет атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаты

Тұтынушының құжаттарының және өтінішінің түпнұсқасын тексеру, ЖСН және паролді (авторизация

лау үдерісі)ЖАО АЖ-ға енгізу



Тіркелген аудандық бөлім маманы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру. аудандық бөлім маманының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизация

лаудан бас тарту туралы ЖАО АЖ-де хабарлма қалыптастыру;



Қызметті таңдау, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыру (деректерді енгізу және сканерленген құжаттарды бекіту), мемлекеттік электронды қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген мәліметтерді, бекітілген сканерленген құжаттарды) аудандық бөлім маманының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;

4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-

бөлу шешімі)

Қызмет алуға құжаттарды және өтінішті қабылдау

ЖАО АЖ-де авторизация

лаудан бас тарту туралы хабарлама



Қызмет көрсетуге сұрау салу нысанын экранға шығару, сұрау салудың толтырылған нысаны.

5

Орындау мерзімі

5 минуттан кем емес

3 минуттан кем емес

5 минуттан кем емес

6

Келесі әрекет нөмірі

2

3

4

 

2) Негізгі үдерістің әрекеті (жұмыс легі, барысы)

1

әрекет (жұмыс легі, барысы) №

4

5

2

СФЕ, АЖ атауы

ЖАО АЖ

Аудандық бөлім маманы

3

Әрекет атауы (үдерістің, рәсімінің, операцияның) және олардың сипаты

Сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭЦҚ-ғы тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ-ң тіркеу куәлігінің мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) ЖАО АЖ-ң тіркеу куәлігінің жоқ екендігін тексеру. Аудандық бөлім маманының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

Электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі, мемлекеттік электронды қызметті көрсету (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат аудандық бөлім маманының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады. Электрондық мемлекеттік қызметтің (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін тұтынушының қолына беруі немесе электрондық пошта арқылы жіберуі.

4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-

бөлу шешімі)

сұралынып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау мерзімі

2 минуттан кем емес

7 жұмыс күн ішінде

6

Келесі әрекет нөмірі

6

7

 

2 кесте. ЭҮП арқылы әрекеттер сипаты

 

1) Негізгі үдеріс әрекеті (жұмыс легі, барысы)

1

әрекет № (жұмыс легі, барысы)

1

2

3

4

2

СФЕ, АЖ атауы

ЭҮП

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

ЖАО АЖ

Аудандық бөлім

3

Әрекет атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаты

Мәліметтердің түпнұсқасын тексеру (тұтынушының ЭСҚҚ). Өтінішті сақтау және ЭҮШ (ЭҮӨШ) арқылы жіберу

ЖАО АЖ-ға ескертуді бағыттау

Өтінішке нөмір беру. Ағымдағы мәртебені көрсетумен ескертуді қалыптастыру

Орындауға өтінішті қабылдау

4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру- бөлу шешімі)

Сұрауды сәтті қалыптастыру туралы ескертудің шығуы немесе бас тарту туралы ескерту

Сұрауды бағыттау

ЭҮП-на ескертуді жіберу

Жұмысқа қабылдау

5

Орындау мерзімі

1 минуттан кем емес

1 минуттан кем емес

1 минуттан кем емес

15 минуттан кем емес

6

Келесі әрекет нөмірі

2

3

4

5

 

2) Негізгі үдеріс әрекеті (жұмыс легі, барысы)

1

әрекет № (жұмыс легі, барысы)

5

6

7

8

2

СФЕ, АЖ атауы

ЭҮП

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

ЖАО АЖ

Аудандық бөлім

3

Әрекет атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаты

Сұрауды орындау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаумен жауапты қалыптастыру, немесе шешімді қабылдау туралы негізделген бас тартуды қалыптастыру

Анықтаманы қалыптастыру. Қызмет көрсету мәртебе

сін өзгерту туралы хабардар етуді қалыптастыру



Сұрауды бағыттау

Ескертудің бейнеленуі

4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-

бөлу шешімі)

Анықтаманы немесе негізделген бас тартуды қалыптастыру

Шығыс құжатын және сұрауды орындау мәртебе

сін қалыптастыру



Бағыттау

Шығыс құжатымен орындау мәртебесінің бейне

ленуі


5

Орындау мерзімі

7 жұмыс күні ішінде

1 минуттан кем емес

1 минуттан кем емес

1 минуттан кем емес

6

Келесі әрекет нөмірі

7

8

9

10

 

 

1

әрекет № (жұмыс легі, барысы)

9

10

11

12

2

СФЕ, АЖ атауы

Аудандық бөлім

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

ЭҮП

3

Әрекет атауы (үдерістің, рәсімінің, операцияның) және олардың сипаты

Шығыс құжатын жасау. Құжатқа қол қою

Шығыс құжатын тіркеу. Уәкілетті тұлғамен қол қойылған демалыс құжатын қалыптастыру

Бағыттау. Шығыс құжатымен ескерту

Шығыс құжатын көру мүмкінді

гімен қызмет көрсетуді аяқтау туралы ескертудің бейнеленуі



4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-

бөлу шешімі)

Қол қойылған шығыс құжаты

Шығыс құжаты мен ескерту жіберу

Бағыттау

Шығыс құжатының бейнеленуі

5

Орындау мерзімі

15 минуттан кем емес

1 минуттан кем емес

1 минуттан кем емес

15 минуттан кем емес

6

Келесі әрекет нөмірі

10

11

12

-

 

Ескерту:

Бұл кестеде электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің технологиялық тізбегінде келесі әрекеттердің нөмірлерін және орындау мерзімдерін, аяқтау үлгілерін көрсетумен СФЕ және ЭҮП, АЖ әрекеттері (функциялар, рәсімдер, операциялар) көрсетіледі.

Осы Регламенттің 3 қосымшасы негізінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара әрекеттесу фиаграммасы құрылады.

 

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті



тағайындау» электрондық мемлекеттік

қызметінің Регламентіне

3 қосымша

 

 

 

1 сурет. Мемлекеттік мекеме арқылы «ішінара автоматтандырылған»



электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесу диаграммасы

 

 





 

2 сурет. «электрондық үкімет» порталы арқылы «ішінара автоматтандырылған» электрондық мемлекеттік қызмет кезіндегі

функционалдық өзара әрекеттесу диаграммасы»

 

Кесте. Шартты белгілер

 



Бастапқы мәлімдеме



Аяқтаушы мәлімдемесі



Аралық мәлімдеме



Қарапайым аяқтау оқиғасы



Қате



Оқиғалар-таймерлер



Ақпараттық жүйе



Процесс



Шарт



Мәлімдеме легі



Басқару легі



Соңғы тұтынушыға берілетін электрондық құжат

 

Ескерту:

Диаграмманы типтік рәсімдеу бизнес-процесстерді модельдеу үшін қолданылатын BPMN 1.2 графикалық нотациясында келтірілген. BPMN модельдеу графикалық эле-менттердің үлкен емес санымен диаграмалар арқылы жүзеге асырылады. Ол тұтыну-шыларға процесстің логикасын тез түсінуге көмектеседі. Элементтердің 4 негізгі са- натын бөледі:

1) басқару легінің нысандары: оқиғалар, әрекеттер және логикалық операторлар;

2) байланыстыратын нысандар: басқару легі, мәлімдемелер легі және ассоциация легі;

3) рөлдер: деңгейлер және жолдар;

4) артефактар: мәліметтер, топтар және мәтіндік аннотациялар.

Бұл төрт санаттың элементтері бизнес-процесстердің диаграммаларын құруға мүмкіндік береді. Модельдің айқындылығын арттыру үшін спецификация «Ескерту» бөлігінде көрсетілуге тиіс артефакттердің және басқару легі нысандарының жаңа тип-терін құруға рұқсат береді.

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті



тағайындау» электрондық мемлекеттік

қызметінің Регламентіне

4 қосымша

 

 

Электрондық мемлекеттік қызметтің көрсеткіштерін

анықтау үшін сауалнама үлгісі: «сапа» және «қолжетімділік»

____________________________________________________________

(қызмет атауы)

 

1. Сізді электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі және процесстің сапасы қанағаттандырды ма?

1) қанағаттандырған жоқ;

2) жартылай қанағаттандырды;

3) қанағаттандырды;

2. Сізді электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасы қанағаттандырды ма?

1) қанағаттандырған жоқ;

2) жартылай қанағаттандырды;

3) қанағаттандырды;

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті



тағайындау» электрондық мемлекеттік

қызметінің Регламентіне

5 қосымша

 

Электрондық мемлекеттік қызметке сұрауды

толтырудың экрандық үлгісі

 



 

      


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы:

_______________________________________________

(бастықтың Т.А.Ә.)

Өтініш беруші:_______________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

Мекен-жайы:__________________________________________

Телефон_________________________________________

Жеке куәлік № _________________________

Куәлік берген мекеме _______________________________

Берілген күні______________________________________

СТН____________________________________________

ӘЖК____________________________________________

Айналысу түрі______________________________________

 

Өтініш

 

Менің отбасыма атаулы әлеуметтік көмек тағайындауыңызды сұраймын.

Менің отбасым _______ адамнан тұрады.

Белгіленген үлгідегі № 1-3 қосымшаны 3 данада өтінішпен қоса ұсынамын.

Өзгерістер болған жағдайда 15 күн ішінде хабарлауға міндеттімін.

Тапсырылған мәліметтердің расталмағандығы және жасанды құжаттардың жауапкершілігі жайлы ескертілдім.

Өтінішке келесі құжаттарды қоса ұсынамын:

1) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәлімет;

2) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелерінің алған кірістері туралы мәлімет;

3) белгіленген үлгідегі жеке қосалқы шаруашылықтың бары туралы мәлімет;

4) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесі немесе мекен-жай анықтамасы;

5) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісім-шарттың көшірмесі.

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті

тағайындау» электрондық мемлекеттік

қызметінің Регламентіне

6 қосымша

 

 

Тұтынушыға берілетін электрондық мемлекеттік қызметке

оң жауаптың шығу үлгісі (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлау)

 

      



 

Тұтынушыға берілетін хабардар ету

 

Хабардар ету өтінішті орындау мәртебесінің өзгеру шегіне қарай немесе қызмет көрсету мерзімін ұзартқан жағдайда беріледі. Еркін жол хабардар ету мәтінімен «электрондық үкімет» порталында жеке кабинете «Ескерту» бөлігінде бейнеленеді.

 

Тұтынушыға берілетін электрондық қызметке теріс жауаптың (бас тарту) шығу үлгісі

 

Теріс жауаптың шығу үлгісі комиссия қорытындысын қалыптастыру кезінде бас тартуды негіздеу мәтінімен хат түрінде еркін үлгіде беріледі.

 



 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет