Қаулысымен бекітілді «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»



жүктеу 112.84 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі112.84 Kb.
: files -> NREG
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
NREG -> Қаулысымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»
NREG -> Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының
NREG -> Қаулысымен алып тасталды Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №1/231 қаулысымен
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.12.2013 14:12:57
Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 20 желтоқсандағы

4/1050 қаулысымен бекітілді



 

 

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламенті

(2013.26.07. берілген өзгерістермен)



 

Алматы қаласы әкімдігінің 2013.26.07. № 3/657 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «бастық», «бастыққа», «бастықтың» сөздері тиісінше «басшы», «басшыға», «басшының» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Мемлекеттік қызмет «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) және аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - аудандық бөлімдер) тұтынушының тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: мүгедек және мүгедек бала болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері тұтынушы осы Регламенттің 13-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен он жұмыс күні ішінде;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 20 бабының 3-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуді ұсыну ережесінің негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген қағаз жеткізгіштегі жауап болып табылады.



 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі



 

8. Қызмет көрсету реті және керекті құжаттарды ресімдеу туралы толық ақпаратты «электрондық үкімет» http://www.enbek.gov.kz сайтынан және Басқармаға тиесілі www.uzsp.almatykala.kz сайтымен қатар аудандық бөлімдердің буклеттерінен және ақпарат бұрышынан толық ақпарат алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген аудандық бөлімдерден алуға болады.



Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай:



1) тұтынушыны санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қарсы медициналық көрсетілімдер болған;

2) аталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың біреуі болмаған, құжаттарды ресімдеуде қателіктер табылған;

3) ұсынылған мәліметтер мен құжаттар дұрыс болмаған негіздемелер бойынша бас тартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:



1) аудандық бөлімнің маманы мемлекеттік қызмет көрсетілуі туралы өтінішті қабылдап, өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды аудандық бөлімнің кіріс хат-хабарлары журналында тіркейді, қабылданғаны туралы жыртылмалы талон береді, одан соң аудандық бөлімнің басшысына өтінішті қарау үшін береді;

2) аудандық бөлімнің басшысы ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін құжаттарды қарау үшін аудандық бөлімнің жауапты маманына жібереді;

3) аудандық бөлімнің жауапты маманы тұтынушыдан түскен өтінішті қарайды, мемлекеттік қызметті ұсыну немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап туралы қағаз нұсқадағы хабарлама дайындайды, содан соң аудандық бөлімнің басшысына қол қоюға жібереді;

4) аудандық бөлімнің басшысы шешімнің дұрыстығын тексеріп, хабарламаға қол қойып, аудандық бөлімнің жауапты маманына жібереді;

5) жауапты маман мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және тұтынушыға хабарламаны жібереді;

6) санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру тұрғылықты жері бойынша аудандық бөлімге тұтынушының өзі келгенде, сондай-ақ пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы



 

12. Қажетті құжаттардың барлығын тапсырғаннан кейін, тұтынушыға тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

13. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) белгіленген үлгідегі өтініш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген;

2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) мүгедек балалар үшін - баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторлық-курорттық картасының көшірмесін;

5) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасы);

6) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

7) мүгедектің жазбаша келісімімен басқа адам өтініш беретін кезде - оның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі.

14. Тұтынушы тапсырған мәліметтер құпия болып табылады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық функционалдық бірліктер қатысады:

1) аудандық бөлімнің жауапты маманы;

2) аудандық бөлімнің басшысы;

3) аудандық бөлімнің жауапты маманы.

 

 

4. Шағымдану тәртібі



 

16. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға көмек көрсететін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

17. Көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайларда шағым осы мемлекеттік қызметті көрсетудің ұйымдастырылуына жауапты Басқарма басшысының атына беріледі.

18. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда, шағым кабинет нөмірі, жұмыс кестесі мен электронды пошталық мекенжайы аудандық бөлімнің стендісінде көрсетілген Басқарма басшысының атына беріледі.

19. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

20. Тұтынушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде органның атауы немесе қызметіне шағым келтірілетін лауазымды адам, өтініш себебі мен талаптар көрсетіледі.

21. Жазбаша шағым жасаған тұтынушыға берілген шағымға жауап алатын күні мен уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.



 

«Мүгедектерді санаторий-курорттық



емдеумен қамтамасыз ету үшін

оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет Регламентіне



1 қосымша

 

 

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және аудандық

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмыс кестесі мен мекенжайлары

 



р/с

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның заңды

мекенжайы

(қала, аудан, көше, үй (пәтер) №, электронды пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Алматы қаласы,

Қонаев көшесі, 122

depart_zan@mail.ru

261-67-78 261-52-02

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда,  күн сайын, сағат 9-00 бастап 18-00  дейін, түскі үзіліс сағат  13-00 бастап  14-00 дейін

2

Алатау аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Алатау ауданы, Шаңырак-2 шағынауданы,

Жанқожа батыр көшесі, 26

alatay_zan09@mail.ru 

8-7272 99-87-79

3

Алмалы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Алмалы ауданы,

Шевченко көшесі, 89

alm_soc@mail.ru

8-7272 67-45-80

4

Әуезов аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Әуезов ауданы, 3 шағынауданы, 41 а

auezzan@mail.ru

8-7272 76-49-92

5

Бостандық аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бостандық ауданы,

Жандосов көшесі, 2

bostan_zan@mail.ru 

8-7273 92-22-95

6

Жетісу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жетісу ауданы,

Мақатаев көшесі, 142

jetzan@mail.ru 

8-7272 79-37-72

7

Медеу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Медеу ауданы,

Төле би көшесі, 12

medeu_zan@mail.ru 

8-7272 91-75-55

8

Түрксіб аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Түрксіб ауданы,

Рихард Зорге көшесі, 18

turk_zan@mail.ru 

8-7272 36-55-97

 

 

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет