Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу»

бет1/6
Дата28.04.2016
өлшемі1.15 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 25 қыркүйектегі

1241 қаулысымен

бекітілген

«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу»

 мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) көрсетеді немесе осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz  (бұдан әрі - портал) немесе www.pki.gov.kz  интернет-ресурсы (бұдан әрі - интернет ресурс) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 21-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 348 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидалары негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) интернет ресурста;

2) орталықтардағы стенділерде осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мекенжай бойынша;

3) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат 1414 call-орталығының телефоны бойынша да ұсынылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) электрондық құжат нысанындағы тіркеу куәліктерін беру;

2) кері қайтарылып алынған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірлерін орналастырыла отырып тіркеу куәліктерін:

тіркеу куәлігінің иесінің немесе оның өкілінің талабы бойынша;

тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болған;

тіркеу куәліктерін беру кезінде дәйексіз ақпарат ұсынылған жағдайларында кері қайтарылып алынады;

3) электрондық құжат нысанындағы қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Уәкілетті ұйымда мемлекеттік қызметті немесе орталықта мемлекеттік қызметті алушыға ақпаратты электрондық тасығышын (чип) немесе интернет ресурс немесе портал арқылы алушының есептеу техникасы құралдарын қамтитын жеке куәліктің тіркеу куәлігіне жазылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын уәкілетті ұйымға немесе орталыққа ұсынған сәттен бастап - 2 жұмыс күннен аспайды;

жеке куәлікті алу үшін ұсынылатын құжаттармен бірге жеке куәлікті алуға орталыққа жеке тұлға - мемлекеттік қызметті алушы жүгінген кезде осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар беріледі. Орталыққа жасалған жеке куәліктің түсу сәтінен бастап мемлекеттік қызмет өйткені екі жұмыс күндерден аспайтын;

2) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін рұқсат етілген ең көп күту уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) жүгінген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты жеке тұлғалар үшін 15 минуттан, заңды тұлғалар үшін 20 минуттан аспайды;

4) электрондық құжат нысанында сұранысты жолдаған кезеңінен бастап порталда немесе интернет ресурста - 1 жұмыс күнінен аспайды.

Қызмет беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті алушыға уәкілетті ұйымға немесе орталыққа, жүгінген күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

2) орталықтың жұмыс кестесі: жексенбі және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ға дейін, түскі үзіліссіз, филиалдар мен өкілдіктер үшін сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 20.00-ға дейін бір сағаттық түскі үзіліспен 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» қызмет тәртібімен жүзеге асырылады;

3) портал - тәулік бойы;

4) интернет ресурс - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған орталықтың, уәкілетті ұйымның ғимаратында көрсетіледі. Орталықтың, уәкілетті ұйымның ғимаратында анықтама бюросы, күту креслолары, өтініш бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:

1) орталыққа немесе уәкілетті ұйымға:

а) жеке тұлғалар:

тіркеу куәліктерін беру үшін - порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін - порталдан немесе интернет ресурстан алынған осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;

мемлекеттік қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

үшінші тұлға мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде - осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.

б) «Е-нотариат» ақпараттық жүйесінің қатысушылары:

тіркеу куәліктерін беру үшін:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат - жеке тұлға;

жұмыс орнынан анықтаманы (нотариустар үшін - аумақтық нотариалдық палата берген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, аумақтық әділет органдарының, Республикалық нотариалдық палаталарының, аумақтық нотариалдық палаталарының қызметкерлері үшін - лауазымын көрсетумен жұмыс орнынан);

үшінші тұлға мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде - осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.

тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;

мемлекеттік қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжат - жеке тұлға;

үшінші тұлға мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде - осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.

Орталықтың немесе уәкілетті ұйымның қызметкерлері құжаттар пакетін қабылдаған кезінде мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексереді, мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінен деректерді салыстырып тексереді және түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға кері қайтарады.

в) заңды тұлғалар:

тіркеу куәліктерін беру үшін:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

мемлекеттік қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;

тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:

осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін кері қайтаруға порталдан немесе интернет - ресурсынан алынған және бірегей нөмірі бар, заңды тұлғаның мөрімен куәландырған өтініш немесе өтініш берушінің жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшірмесі. Жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшірмесі берілген жағдайда бірінші жетекшісінің қолы және ұйымның мөрі қойылмайды;

мемлекеттік қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін, сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған қызметке бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (шешім, хаттама).

Мемлекеттік қызметті алушы өтініште көрсетілген деректерді тексеру үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не куәлікті ұсынады (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме - заңды тұлға үшін.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді (Мемлекеттік қызметті алушының Т.А.Ә., ЖСН, ұйымның атауы, БСН) орталық немесе уәкілетті ұйым электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған, электрондық құжаттар нысанында Ұлттық куәландырушы орталығының ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

г) интернет ресурсының домендік атауының иелері:

жеке тұлғалар:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандарттың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

мемлекеттік қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжат - жеке тұлға;

интернет ресурсының домендік атауымен иелену құқығын растайтын құжаттардың бірін:

домендік атауымен иелену куәлігі;

домен тіркеушіден анықтама;

домендік атауын тіркеу туралы келісім шарттың көшірмесі;

домендік атауын тіркеу туралы жария офертасы;

басқа растайтын құжат.

үшінші тұлға мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде - осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.

тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;

заңды тұлғалар:

тіркеу куәліктерін беру үшін:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандарттың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

мемлекеттік қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;

интернет ресурсының домендік атауымен иелену құқығын растайтын құжаттардың бірін:

домендік атауымен иелену куәлігі;

домен тіркеушіден анықтама;

домендік атауын тіркеу туралы келісім шарттың көшірмесі;

домендік атауын тіркеу туралы жария офертасы;

басқа растайтын құжат.

тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:

осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін кері қайтаруға порталдан немесе интернет-ресурсынан алынған және бірегей нөмірі бар, заңды тұлғаның мөрімен куәландырған өтініш немесе өтініш берушінің жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшірмесі;

мемлекеттік қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат.

д) «Қазынашылық - Клиент» ақпараттық жүйесінің қатысушылары:

тіркеу куәліктерін беру үшін:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандарттың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

мемлекеттік қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

осы стандарттың 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;

Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитетімен клиент арасындағы ЭЦҚ қолдану туралы келісім немесе қосымша келісім.

тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:

осы стандартқа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін кері қайтаруға порталдан немесе интернет - ресурсынан алынған және бірегей нөмірі бар, заңды тұлғаның мөрімен куәландырған өтініш немесе өтініш берушінің жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшірмесі. Жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшірмесі берілген жағдайда бірінші жетекшісінің қолы және ұйымның мөрі қойылмайды;

мемлекеттік қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат.

Орталықтың немесе уәкілетті ұйымның қызметкері құжаттар пакетін қабылдаған кезінде мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексереді, мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінен деректерді салыстырып тексереді және түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға кері қайтарады.

е) шетел мемлекетінің азаматтары:

жеке тұлғалар:

тіркеу куәліктерін беру үшін:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

мемлекеттік қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

шетел мемлекеттің осы азаматы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде Қазақстан Республикасы аумағында тіркелуін растайтын, құрамында ЖСН бар құжаттардың бірі:

Қазақстан Республикасы шетел азаматының қоныстауына арналған ықтиярхаты;

азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

шетел азаматына арналған тіркеу куәлігі;

үшінші тұлға мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде - осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.

тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;

мемлекеттік қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжат - жеке тұлға;

үшінші тұлға мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде - осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.

заңды тұлғалар:

тіркеу куәліктерін беру үшін:

порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

мемлекеттік қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

шетел мемлекеттің осы азаматы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде Қазақстан Республикасы аумағында тіркелуін растайтын, құрамында ЖСН бар құжаттардың бірі:

Қазақстан Республикасы шетел азаматының қоныстауына арналған ықтиярхаты;

азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

шетел азаматына арналған тіркеу куәлігі;

шетел мемлекетінің осы заңды тұлғасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасы аумағында тіркелуін растайтын, БСН бар құжаттардың бірі:

Қазақстан Республикасында филиалдар және өкілдік арқылы (тұрақты мекемесін құра отырып) қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не куәлік;

резидент емес заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігі:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің

Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6

©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет