Қаулысымен бекітілген «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»



Дата26.04.2016
өлшемі141.56 Kb.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 25 қыркүйектегі

1241 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»  

мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай мекенжай бойынша көрсетіледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-ші кіреберіс, № А757 кабинет.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабының 2) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысымен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізудің қағидаcы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz  мекенжайы бойынша;

2) уәкілетті органдағы стенділерде орналасқан.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі куәландырушы орталықты аккредиттеу және қағаз тасығышта куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың толық пакетін уәкілетті органға мемлекеттік қызметті алушы берген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды;

Өтінішті қараудың мерзімі тексеру үшін куәландырушы орталыққа комиссия қайта шыққан жағдайда күнтізбелік отыз күнге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарланады. Уәкілетті орган мерзімді ұзартудың себебін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушыға дәлелді хат жібереді.

2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін рұқсат етілген ең көп күту уақыты - 40 минуттан аспайды;

3) өтініш білдірген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетусіз кезек түрінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның ғимаратында мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-ші кіреберіс, № А757 кабинетте жүзеге асырылады. Ғимарат дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігіне арналған пандустармен және лифттерге кірумен жабдықталған, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (көшірмелер), қажетті құжаттардың тізбесімен және оларды толтырудың үлгілері бар стендтермен жабдықталған күту және құжаттарды толтыру үшін орындар бар, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қолданылған.



Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында уәкілетті органда жеке және заңды тұлғалар үшін Шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметтің алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлік беруге өтінішті;



2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесін;

3) еркін таратылмайтын пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификаттардың көшірмелерін, сондай-ақ өзімен әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттарды;

4) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен аккредиттелетін куәландырушы орталықты интеграцияланған жағдайда куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі аттестатын;

5) мемлекеттік қызметті алушы бекіткен куәландырушы орталықтың модульдерінің (құрауыш) өзара іс-қимылының схемасын және криптографиялық түрлендіру алгоритмдері туралы деректермен және электрондық қолтаңбаны қалыптастыру процесін іске асыру жөніндегі басқа да негізгі деректер (негізгі талаптар) және жекелеген параметрлерге және куәландырушы орталыққа қойылатын талаптармен бірге электрондық цифрлық қолтаңбаның схемасын;

6) мыналарды:

куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік саясатын;

куәландырушы орталық қызметінің регламентін немесе қағидаларын;

куәландырушы орталық туралы ережені;

штаттан тыс, дағдарысты жағдайларда өтініш берушінің атынан куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін сүйемелдеу, әкімшілендіру, шығару жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысып, жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлердің іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықты;

куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурстарын резервтік көшіру туралы нұсқаулықты;

куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату және баптау жөніндегі нұсқаулықты;

7) осы куәландырушы орталықта және оны пайдаланушылар қолданатын ҚР СТ 1073-2007 бойынша ақпаратты криптографиялық қорғаудың пайдаланылатын құралдарына сәйкестік сертификатын береді.



Куәландырушы орталық қызметінің регламенті мен қағидалары куәландырушы орталықтың барлық ұсынатын сервистерін сипаттауы тиіс.

Тіркеу куәліктерін қолдану саясаты тіркеу куәліктерінің қолданылу саласын, олардың құрылымын және тіршілік циклін сипаттауы тиіс.

12. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын уәкілетті органның қызметкері мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-ші кіреберіс, № А757 кабинетте береді, сондай-ақ өтініштердің нысаны мен оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер www.mtk.gov.kz  интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Құжаттарды қабылдауды уәкілетті орган кеңсесінің қызметкерлері мынадай мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-ші кіреберіс, № А746 кабинет, телефон: (87172) 74-03-64.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:



1) сұрау салудың нөмірі мен қабылдау күнін;

2) сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметтің түрін;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауларын;

4) құжаттардың берілетін күні (уақыт) мен орнын;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

15. Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметтің алушыға куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беру журналына жеке қол қойдырып береді немесе мемлекеттік қызмет нәтижесін мемлекеттік қызметті алушыға жеткізуді пошта немесе курьерлік қызметі жүзеге асырады.

16. Уәкілетті орган құжаттарды алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде жазбаша дәлелді жауап береді.

Егер:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынбаса;

2) дұрыс ақпарат ұсынбаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаты



 

17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысы бойынша уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;

3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;

4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жеткілікті ақпаратты беру;

5) өтініштерді қараған кезде лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы;

6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және оның құпиялығы.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Мемлекеттік қызметті ұсынудың сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті орган кеңсесінің қызметкерлері мынадай мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-ші кіреберіс, электрондық поштаның мекенжайы: kсі@mtc.gov.kz., № А757 кабинет, телефон (87172) 74-06-85.

21. Уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағымдар:



1) Министрліктің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының атына мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-ші кіреберіс, электрондық поштаның адресі: kсі@mtc.gov.kz., қабылдау бөлмесінің телефоны (8-7172)74-03-24;

2) Министрліктің «сенім телефонына» (8-7172)-24-29-09 нөмірі бойынша;

3) www.mtс.gov.kz  интернет-ресурсының «сенім парағы» бөлімінде;

4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (Министрліктің www.mtс.gov.kz мекенжайы бойынша «Көлік және коммуникация министрінің блогы» интернет-ресурсының беті);

5) Министрліктің кеңсесіне жазбаша шағыммен мынадай мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1, электрондық поштаның адресі: mtc@mtc.gov.kz, телефон: (8-7172)-24-13-12 беріледі.

Лауазымды тұлғаның жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін құрайды.

22. Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуіне шағымдар:



1) Министрліктің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының атына мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-ші кіреберіс, электрондық поштаның мекенжайы: kсі@mtc.gov.kz., қабылдау бөлмесінің телефоны (8-7172)74-03-24;

2) Министрліктің «сенім телефонына» (8-7172)-24-29-09 нөмірі бойынша;

3) www.mtk.gov.kz  интернет-ресурсының «сенім парағы» бөлімінде;

4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (Министрліктің www.mtk.gov.kz адресі бойынша «Көлік және коммуникация министрінің блогы» интернет-ресурсының беті);

5) Министрліктің кеңсесіне жазбаша шағыммен мынадай мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1, телефон: (8-7172)-24-13-12 беріледі.

Лауазымды тұлғаның жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін құрайды.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды адамның атына еркін нысанда жолданады.

Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қояды. Шағым берген кезде субъектінің немесе қызметі, лауазымды тұлғаның тегі және әкесінің аты, кімге шағымдануда, өтініштің себебі және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, жасалған шағымға жауапты алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtk.gov.kz  интернет-ресурстарынан және Министрліктің (8-7172)-24-29-09 сенім телефоны бойынша алуға болады.

 

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлік беруге өтініш

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

(өтініш берушінің атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

_____________________________________________________________________

(куәландырушы орталықтың атауы)

 

Аккредиттеу туралы куәлікті беруді сұрайды.

 

Күні 20__ жылғы «___» ______________

Басшы                                __________ _____________________

(қолы)        (аты, тегі)

М.О.

 

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»



мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа мен тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Алдағы жылғы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есепті жылғы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасымен қанағаттандырылған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасымен және тәртібі туралы ақпаратпен қанағаттандырылған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Олар туралы электрондық форматта ақпаратқа қолжетімді қызметтер %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

 
Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет