Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес



жүктеу 206.58 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі206.58 Kb.
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 25 қыркүйектегі

1241 қаулысымен 



бекітілген

 

 

«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес

ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілігі ғимараты, 14-кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 17-бабының 3-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесі (бұдан әрі - Аттестаттау ережесі) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат www.mtc.gov.kz  және www.ctsat.kz  интернет-ресурстарында орналастырылады.

5. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағындағы қабылданған стандарттарға сәйкестігіне ақпараттық жүйенің сәйкестік аттестаты (бұдан әрі - аттестат) немесе қағаздық тасығышта қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйелердің немесе мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:



1) күнтізбелік 30 күннен аспайды, оның ішінде:

уәкілетті орган күнтізбелік екі күн ішінде өтінімді және өтінімге қоса беріліп отырған құжаттарды осы стандарттың 11-тармағында белгіленген нысан мен жиынтығына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады. Сәйкес келген жағдайда қоса беріліп отырған құжаттарымен өтінімді уәкілетті орган «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) жібереді, басқа жағдайда өтінім қайтару себептері көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады;



ақпараттық жүйені (бұдан әрі - АЖ) аттестаттауды жүргізуге өтінім алған сәттен бастап уәкілетті ұйым АЖ-ні аттестаттық тексеру бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттың, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды орындауға арналған шарттың және ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары болған кезде немесе қажет болған жағдайда аттестаттық тексеру жөнінде қызмет көрсету бойынша бірлескен құпия жұмыстарды орындауға арналған шарттың (бұдан әрі - шарттар) екі данасын мемлекеттік қызметті алушыға күнтізбелік бір күн ішінде жібереді.

жоғарыда көрсетілген шарттардың екі данасын алған сәттен бастап мемлекеттік қызметті алушы күнтізбелік үш күн ішінде қол қойып, жоғарыдағы шарттардың бір данасын уәкілетті ұйымға қайтарады;

аттестаттық тексеру бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттар жасалған сәттен ол бойынша жұмыстар күнтізбелік жиырма бір күн ішінде жүргізіледі;

АЖ аттестаттық тексеру қорытындылары туралы актіні (бұдан әрі - акт) алған сәттен бастап уәкілетті орган күнтізбелік екі күн ішінде аттестаттау Комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) шақырып, актіні Комиссияның қарауына жібереді;

Комиссия хаттамасын алған сәттен бастап және актіні есепке ала отырып, уәкілетті орган күнтізбелік бір күн ішінде аттестатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызметті алушының анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешім қабылдайды.

2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты (тіркеген, талон алған кезде, өтініш және электрондық сұрау салу берген сәттен бастап және тағы басқа) - 15 минут;

3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минут;

4) егер АЖ аттестатталатын құрылымы АЖ ведомстволық немесе өңірлік құрамдас бөліктерінен тұрса, уәкілетті ұйым белгіленген мерзімнің сақталуы мүмкін болмайтын себептерді баяндай отырып, АЖ аттестаттық тексерудің мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады. Уәкілетті орган аттестаттық тексерудің мерзімін күнтізбелік он жеті күнге ұзарту туралы шешім қабылдайды, ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны күнтізбелік бір күн ішінде хабарландырады.

егер Комиссия анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аттестациялық тексеріс кезінде анықталған сәйкессіздіктердің жойылғандығы туралы уәкілетті органды хабардар еткенге дейін тоқтатылады. Өтініш беруші шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап жиырма жұмыс күн ішінде аттестаттық тексеруде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және олардың жойылғаны туралы уәкілетті органды хабардар етеді, осыдан кейін уәкілетті орган күнтізбелік бір күн ішінде АЖ-ға қосымша аттестаттық тексеру жүргізу қажеттілігі туралы уәкілетті ұйымға хабарлайды. АЖ-ны қосымша тексеру мерзімі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік сегіз күннен аспауы тиіс.

АЖ қосымша аттестациялық тексерісінің қорытындыларының актісін алған сәттен бастап уәкілетті ұйым күнтізбелі екі күн ішінде аттестациялық комиссияны шақырады және актіні Комиссияның қарауына жібереді.

Комиссия хаттамасын алған сәттен бастап және актіні ескере отырып, уәкілетті орган бір күн ішінде аттестатты беру немесе беруден бас тарту немесе мемлекеттік қызметті алушымен айқындалған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешім қабылдайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде шарт арқылы көрсетіледі. Төлем «Мемлекеттік меншік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 146-бабына сәйкес жүргізіледі. Қызметтің құны уәкілетті ұйым директорының бұйрығымен бекітіледі және уәкілетті органмен келісіледі. Мемлекеттік қызметтің құны туралы ақпарат www.ctsat.kz интернет-ресурсында немесе 010000, Астана қаласы, Жирентаев, 1/1 көшесі, 404 кабинет мекенжайы бойынша немесе 8 (7172) 74-03-54 телефонына хабарласу арқылы болады.



Төлем тәсілі: қолма-қол ақшасыз. Мемлекеттік қызметтің құнын төлеу кезіндегі қажетті құжаттар: орындалған қызметтер актісі және шот-фактура.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.



Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету уәкілетті органның ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай пандустары бар кіретін есікпен, күту залымен жабдықталған, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жағдайлар қарастырылған.



Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында уәкілетті органда жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады:

1) осы стандартқа 1-қосымшада белгіленген нысандағы, мемлекеттік қызметті алушы қол қойған және растаған өтінімді;



2) мемлекеттік қызметті алушының қолымен расталған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

3) мемлекеттік қызметті алушының қолымен және мөрімен расталған құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);

4) мемлекеттік қызметті алушының қолымен және мөрімен расталған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құрамда аттестатталатын АЖ ақпараттық қауіпсіздігі бойынша нормативтік техникалық құжаттардың көшірмелері;

5) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын АЖ құрамына кіретін техникалық және бағдарламалық құралдардың мемлекеттік қызметті алушы бекіткен тізбесі;

6) өтініш беруші бекіткен, АЖ құрауыштарының өзара іс-қимылының функционалдық схемасы (жоспары), сондай-ақ интеграцияланатын АЖ құрауыштары (АЖ-ның физикалық және логикалық құрылымы, функционалдық схемаға түсіндірме жазба);

7) АЖ-ға жобалық (бағдарламалық) және жоба алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттама.

Құжаттар қағаз тасығыштарда ұсынылады.

12. Өтінім нысанын уәкілетті органнан немесе mtc.gov.kz, www.ctsat.kz  интернет-ресурстарынан алуға болады.

13. Құжаттарды қабылдауды уәкілетті органның кеңсесі, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр, 32/1, мекенжайы бойынша жүзеге асырады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды қабылдау туралы мыналарды көрсете отырып қолхатты береді:



1) өтінімді қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұрау салынатын мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты.

15. Аттестат мемлекеттік қызметті алушыға қол қою арқылы тапсырылады.



Бас тарту жағдайында тиісті хат мемлекеттік қызметті алушыға ұсынылады және аттестатты беруден бас тарту журналында тіркеледі.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз:



1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар бермеген жағдай;

2) мемлекетті қызметті алушының АЖ Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдай.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары



 

17. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қызметтік борышын атқарған кезде заңдылықты сақтау, көрсетілетін қызмет туралы толық мөлшерде және толық ақпарат беру, сыпайылылық, ақпаратты қорғау және құпиялылық, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты және шағымдар дайындауда жәрдем көрсетуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Электронды үкіметті қорғау басқармасының лауазымды адам мына мекенжайда жүзеге асырады 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, 750 кабинет мекенжайы бойынша немесе 8 (7172) 74-03-54 телефонына хабарласу арқылы.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрінің атына беріледі.



Шағымды қабылдайтын лауазымды адамның жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғандағы кезеңде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері - сенбі және жексенбі.

22. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым уәкілетті органға 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № 750 кабинет, электрондық мекенжай: inf@mtc.gov.kz  мекенжайы бойынша беріледі.



Шағымды қабылдайтын лауазымды адамның жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғандағы кезеңде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері - сенбі және жексенбі.

23 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда ресімделеді.

25. Шағымды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, сондай-ақ шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtc.gov.kz, www.ctsat.kz  интернет-ресурстарында және 8 (7172) 74-03-54 телефоны арқылы алуға болады.

 

«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және



мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына

және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған

стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша

 

Кімге _____________________________________________________________

(аттестаттау жөніндегі органның атауы)

 

Мемлекеттік (мемлекеттік емес) ақпараттық жүйеге аттестаттау жүргізуге
ӨТІНІМ

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

(өтініш берушінің атауы, өтініш берушінің Т.А.Ә.)

_______________________________________________________________

(ақпараттық жүйенің атауы)

 

ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауды жүргізуді сұрайды.

1. Мемлекеттік (мемлекеттік емес) ақпараттық жүйе бойынша бастапқы деректер ___________ парақта қоса беріліп отыр.

2. Мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынуға және аттестаттауды жүргізу үшін жағдай жасауға дайын.

 

__________________________

(қолы, күні)

 

М.О.

 

«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және



мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына

және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған

стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың
ТІЗБЕСІ

 

1. Өтініш берушінің ақпараттық қауіпсіздік саясаты.

2. Есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру және ақпараттық ресурстарды пайдалану ережесі.

3. Парольдік қорғау туралы нұсқаулық.

4. Штаттан тыс (дағдарыстық) жағдайларда пайдаланушылардың іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулық.

5. Пайдаланушының компьютерлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жөніндегі нұсқаулығы.

6. Вирусқа қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық.

7. Ақпаратты резервтік көшіру туралы нұсқаулық.

8. Сервер әкімшісінің функциялары мен өкілеттіктерін бекіту жөніндегі нұсқаулық.

9. Пайдаланушылар мен әкімшілердің серверлік үй-жайларға кіру ережесі.

10. Корпоративтік ақпараттық желіде пайдаланушыларды тіркеу ережесі.

11. Жүйелік әкімшілердің жұмысы үшін жадынама.

12. Есептеу техникасы құралдарын пайдаланушыға жадынама.

13. Жұмыс станцияларында электрондық поштаны және Интернет қызметтерін пайдалану бойынша нұсқаулық.

 

«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және



мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына

және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған

стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

Техникалық құралдар тізбесі

 

р/с №

Өндіруші, моделі

Сериялық/түгендеу нөмірі

АҚ бойынша сертификаттың нөмірі (бар болса)

Нақты орналасқан жері

Типі (техникалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функционалдық мақсаты (АЖ-ға бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты қорғаудың пайдаланылатын әдістері

Әзірлеуші, атауы, нұсқасы (кіріктірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және



мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына

және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған

стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша

 

 

Бағдарламалық құралдар тізбесі

 

Р/с №№

Әзірлеуші

Атауы

Нұсқасы

Орнатылған орны (техникалық құралдар тізбесінен)

Типі (техникалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функционалдық мақсаты (бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты қорғаудың пайдаланылатын әдістері

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және



мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына

және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған

стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативті мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылғы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың % (үлесі)

 

 

 

3.Қол жетімділігі

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың % (үлесі)

 

 

 

3.2. Электрондық форматта қолжетімді ақпарат қызметтерінің % (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың % (үлесі)

 

 

 

5. Әдептілігі

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың % (үлесі)

 

 

 

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет