Ауруға шалдығуына байланысты сотталғандарды жазаны одан әрі өтеуден босату туралы заңдарды соттардың қолдануының тәжірибесін



жүктеу 179.12 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі179.12 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 3c9e9ce92e8724a646257261002f9839 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Қылмысқа қатысушылардың алдын ала сөз байласып қылмыс жасағандарына дәлел келтірмегенінің негізінде үкім өзгертілді
Ауруға шалдығуына байланысты сотталғандарды жазаны одан әрі өтеуден босату туралы заңдарды соттардың қолдануының тәжірибесін

ҚОРЫТУ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сотталғандарды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы заңдарды соттардың қолдануының 2004, 2005 жылдардағы және 2006 жылдың бірінші жартыжылдығындағы тәжірибесі қорытылды.

Осы санаттағы материалдарды қарау кезінде соттар Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстерінің талаптарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы" 2002 жылғы 11 сәуірдегі №7 нормативтік қаулысын (бұдан әрі -нормативтік қаулы), Қазақстан Республикасы Бас прокурорымен, Жоғарғы Соттың Төрағасымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрімен келісіле отырып, Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы №152 бұйрығымен бекітілген Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың Нұсқауын (бұдан әрі - Нұсқау) және Сотталғандарды ауруына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатуға ұсыну үшiн негiз болып табылатын аурулардың тізбесін (бұдан әрі - Аурулар тізбесі) басшылыққа алуда.

Облыстық соттар ұсынған ақпараттар мен соттар қаулыларының көшірмелерінен республика соттарының талданып отырған кезеңде жазаны одан әрі өтеуден босату туралы барлығы 481 материал қарағаны, солардың ішінде 428 немесе 89 % бойынша ұсынымдарды қанағаттандыру және ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату туралы шешім қабылданған, 52 немесе 10,8 % бойынша ұсынымды қанағаттандырудан бас тартылған және 1 материал бойынша бас бостандығынан айыру жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылғаны байқалды.

Жылдар бойынша:

- 2004 жылы - 200 материал қаралған, солардың ішінде 178 немесе 89% бойынша органның ұсынымын қанағаттандыру және сотталғандарды жазаны одан әрі өтеуден босату туралы шешім қабылданған, 22 материал немесе 11% бойынша қанағаттандырудан бас тартылған;

- 2005 жылы - 238 материал қаралған, 221 немесе 93% бойынша ұсынымды қанағаттандыру туралы шешім қабылданған, 16 материал немесе 6,7% бойынша қанағаттандырудан бас тартылған, 1 материал немесе 0,3% бойынша жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы шешім қабылданған;

- 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында - 43 материал қаралған, 29 немесе 67% бойынша ұсынымды қанағаттандыру туралы шешім қабылданған, 14 немесе 33% бойынша қанағаттандырудан бас тартылған.


Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі босатылғандардың негізгі бөлігін санаттар бойынша алып қарағанда мынадай қылмыстарды жасаған адамдар құрайды:

- меншікке қарсы қылмыстар (ұрлық, тонау, қарақшылық) - 207 адам немесе босатылғандардың жалпы санының 43%;

- жеке адамға қарсы қылмыстар (кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, зорлауға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру) - 120 адам немесе 25%;

- халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар (есірткілердің заңсыз айналымы) - 60 адам немесе 12%;

- басқа да қылмыстар - 99 адам немесе 20%.

Талданып отырған кезеңде психикалық аурулардан зардап шегетін сотталғандарды жазадан босату фактілері болған жоқ. Сотталғандар негізінен өзге ауыр науқастармен ұштасқан өкпе туберкулезімен науқастануларына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатуға ұсынылады.

Қорыту үшін облыстық соттардан ұсынылған қаулылар мен ақпараттарға жасалған талдау соттардың негізінен осы санаттағы материалдарды сотталғандар жазаларын өтеп жатқан мекемелер бастықтарының ұсынымдарының негізінде ҚАК-нің 169-бабының 6-тармағына және заңмен белгіленген мерзімдерге сәйкес қарайтынын көрсетті.

Сонымен қатар, сот төрелігін атқару кезінде соттар жіберген бірқатар кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды.

Жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкiн немесе бұл жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

Жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамдарды жазадан босату туралы мәселені сот жасалған қылмыстың ауырлығын, сотталған адамның жеке басын, науқасының сипатын және басқа мән-жайларды ескере отырып шешеді.

Сонымен қатар, қорыту көрсеткендей, соттар іс үшін маңызы бар құжаттарды: сотталғандардың жеке ісін зерттемейді, медициналық қорытындының негіздемелерін тексермейді, жасалған қылмыстың ауырлығын ескермейді. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату соттың міндеті емес, құқығы болса да соттар мекемелер әкімшіліктерінің ұсынымдарымен негізінен келіседі.

Осының салдарынан, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар колония жағдайында емделу мүмкін болмағандықтан одан әрі емделу үшін бостандыққа шығарылады, алайда олар кейіннен тұрған жерлері бойынша табылмайды, медициналық көмек сұрап бармайды, ал кейбіреулері қылмыс жасауды жалғастырады және ауыр қылмыстар жасайды.

Бұл ретте сотталғандардың өтелмеген жазасының мерзімі 10 жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды.

Мысалы, Б. Алматы қалалық сотының 2002 жылғы 11 маусымдағы үкімімен ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігінің "а" тармағы; 251-бабының 1-бөлігі; 28-бабының 3-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігінің "в" тармағы; 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің "а, д, з" тармақтары; 58-бабының 4-бөлігі бойынша 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған, соның ішінде бас бостандығынан айырудың алғашқы 3 жылын түрмеде өтеу тағайындалған.

Қостанай облысы Арқалық қалалық сотының 15 сәуір 2003 жылғы қаулысымен Б. түрме мерзімінің жартысын өтегеннен кейін өтелмеген мерзіміне қатаң режимдегі түзеу колониясына ауыстырылған.

Семей қаласы № 2 сотының 2004 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысымен Б. ауыр науқасқа шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған. Жазаның өтелмеген мерзімі 22 жылды құрайды.

Б. босағаннан кейін тұрған жері бойынша емделу үшін Алматы қаласының медициналық мекемесіне емдеуге жіберілген, алайда, қазіргі уақытқа дейін оның тұрғылықты жері анықталмаған, құқық қорғау органдары оны іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Сот материалды қарау кезінде сотталғанның жасаған қылмысының ауырлығын (кәсіпкердің отбасын қасақана өлтіру), жеке басының мәліметтерін, өтелмеген жазаның үлкен мөлшерін назарға алмаған.

ҚК-нің 179-бабы 3-бөлігінің "б,в" тармақтары; 96-бабы 2-бөлігінің "д,з,к" тармақтары, 251-бабының 4-бөлігі бойынша 16 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. С. Семей қаласы №2 сотының 2005 жылғы 3 ақпандағы қаулысымен жазасын одан әрі өтеуден босатылған. Өтелмеген мерзім 10 жылдан астам уақытты құрайды.

Нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емдетіп, ҚК-нің 259-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. П. ауруға шалдығуына байланысты осы соттың 2006 жылғы 13 наурыздағы қаулысымен жазаны одан әрі өтеуден босатылған. Сотталғанның өтелмеген мерзімі 11 жылға бас бостандығынан айыруды құрайды.

Сотталған 2005 жылдың қыркүйегінде ғана мекемеге келгеніне қарамастан, медициналық комиссия оны колония жағдайында емдеудің мүмкін еместігі туралы 2006 жылдың наурызында тұжырым жасағаны көрінеді. Әкімшілік оған теріс мінездеме берген. Сот кешенді сот-медициналық сараптама тағайындамастан, жасалған қылмыстың ауырлығын ескерместен, аурудың жағдайын анықтамастан, тағайындалған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасының небәрі 7 айын өтеген П-ны ауруға шалдығуына байланысты босатқан.

Сондай-ақ, А. аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Мақтаарал аудандық сотының 2002 жылғы 13 наурыздағы үкімімен ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігі бойынша 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Еңбекші аудандық сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы қаулысымен, яғни екі жылдан кейін А. ауруға шалдығуына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатылған. Осыған байланысты, мекеменің ұсынымында жасалған қылмыстың ауырлығы туралы мәліметтер келтірілмеген, Аурулар тізбесінен көшірме ұсынымға қоса тіркелмеген, сотталғанның жазаны өтеу кезіндегі тәртібі туралы да мәліметтер жоқ, сотталғанның жеке ісі мен басқа да мінездемелік мәліметтер ұсынылмаған. Алайда, жоғарыда аталған кемшіліктерді жоймастан, дәрігерлік қорытындының негізділігін тексерместен, сот А-ны ауруға шалдығуына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатқан. Осыған байланысты жазаның өтелмеген бөлігі 10 жылдан астам уақытты құраған.

Нормативтік қаулының 3-тармағының талаптарына сәйкес, өзге де ауыр науқастан зардап шеккен адам, егер дәрігерлік комиссия анықтаған оның науқасы Аурулар тізбесіне кірген жағдайда ғана ҚК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша жазаны өтеуден босатылуы мүмкін.

Медициналық комиссияның қорытындысында көрсетілген аурудың ауыр науқасқа жату-жатпауының, осы аурудың Аурулар тізбесіне кіру-кірмеуінің және осы аурудың сотталғанның жазаны одан әрі өтеуіне кедергі келтіру-келтірмеуінің сотта анықталмауы судьялардың осы санаттағы материалдарға формальды түрде қарайтынын білдіреді.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қалалық сотының 2003 жылғы 22 қыркүйектегі үкімімен Р. ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің "б, в" тармақтары, 60-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған.

Ауыр науқасқа шалдығуына байланысты осы соттың 2004 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен Р. 7 айдан кейін жазаны одан әрі өтеуден босатылған. Арнайы медициналық комиссияның қорытындысы бойынша Р-да "іріп, сему сатысынан асқынуға бет алған қос өкпесінің инфильтративті туберкулез ауруы" анықталған.

Осыған байланысты сот осы аурудың жазадан босату үшін негіз болып табылатын Аурулар тізбесіне кіретін-кірмейтінін, сотталғанның ауруға шалдығуы бойынша жазадан босатуға жататын-жатпайтынын анықтамаған, дәрігерден сотталғанның жағдайы туралы жауап алмаған.

Бас бостандығынан айыру орнынан босағаннан кейін Р. 2004 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың маусымын қоса алғандағы кезеңде бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлап, жәбірленушілерге елеулі материалдық залал келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берілген.

Р. жаңа қылмыстарды жасаған сәтте науқасынан сауығуын анықтау үшін осы қылмыстық істі қарау кезінде комиссиялы түрде сот-медицина сараптамасы тағайындалған, сараптама оны ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы материалды қарау кезінде "оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігі іру сатысына жетіп, туберкулез ауруына" шалдыққанын және осы аурудың науқасқа шалдығуына байланысты жазадан босатуды көздейтін Аурулар тізбесіне кірмейтінін анықтады.

Қорыту сот отырыстарының хаттамаларында материалды дұрыс қарау үшін маңызы бар барлық мән-жайлардың көрсетілмейтінін, хаттаманың қолда бар іс материалдарына тікелей қайшы келетін фактілері кездесетінін көрсетті.

Мысалы, сотталған М-ны ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатуға ұсына отырып, ЕС 164/8 мекемесінің әкімшілігі оған жазаны өтеу тәртібін бұзатын және тәрбие сипатындағы шараларға құлақ аспайтын адам ретінде өте теріс мінездеме берген. Алайда, сот отырысының хаттамасынан байқалғанындай, сот отырысына қатысқан ЕС 164/8 мекемесінің өкілі сотталғанға тек қана оң мінездеме берген, сот осы қарама-қайшылықты жоймаған, М. ауыр науқасқа шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған.

Нақ осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы үкімімен ҚК-нің 179-бабы 2-бөлігінің "а,в,г" тармақтары; 179-бабы 2-бөлігінің "а,б,в" тармақтары, 175-бабы 2-бөлігінің "а,б,в" тармақтары, 58-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған С. ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған.

ЕС 164/8 мекемесі әкімшілігінің ұсынымына сәйкес, сотталған теріс мінезделеді, ол түзелу жолына түспеген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзған, он алты жазасы бар және бірде бір рет көтермеленбеген, осыған байланысты ол қатаң жағдайда ұстауға көшірілген. Ал сот отырысында мекеме әкімшілігінің өкілі С-ны тек жағымды жағынан мінездеген. Сот осы қайшылықтарды жоймаған.

Көптеген соттарда компьютерлік тәсілмен әзірленген сот отырысы хаттамаларының дайын үлгілері пайдаланылады, оларға ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатуға ұсынылған сотталғандардың тек анкеталық мәліметтері енгізіледі. Ал мекеме өкілінің уәждері, сотталғандардың түсініктемелері, прокурордың пікірі хаттамаға алдын ала енгізілген, бұл да осы санаттағы материалдарды үстірт қараудың дәлелі болып табылады. Кейбір хаттамаларда сотталғандардың анкеталық мәліметтері жоқ, сотталғандардың ауруының тарихы зерттелгені, олардың жеке істері туралы мәліметтер де көрсетілмейді.

Нормативтік қаулының 9-тармағының ережесі жазаны одан әрі өтеуден босатуға жатпайтын сотталған адамның жазадан орынсыз босатылып кетуіне жол бермеу мақсатында соттарды дәрігерлік қорытындының негізділігін, стационардағы емдеудің нәтижелерін сот отырысында мұқият тексеруді міндеттейді.

Заңның бұл талаптарын соттар үнемі сақтай бермейді, көптеген материалдарда дәрігерлік қорытындылар мүлдем жоқ, сот тұжырымдары туберкулезге қарсы диспансерлердің, емханалардың сотталғанның ауруын колония жағдайында емдеудің мүмкін еместігіне дәлел бола алмайтын анықтамаларына негізделеді, ауру туралы қорытынды берген медициналық комиссияның мүшесі сот отырысына әрдайым қатыса бермейді, егер қатысса да сот олардан жауап алмайды.

Жамбыл облысы Талас аудандық сотының 2004 жылғы 13 қыркүйектегі қаулысымен А. 12 сағатын нақты өтегеннен кейін ҚК-нің 136-бабының 1-бөлігі бойынша мерзімі 150 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны одан әрі өтеуден босатылған.

Материалдарда арнайы медициналық комиссияның қорытындысы жоқ, бұл ҚІЖК, Медициналық тексеру жөніндегі нұсқаулықтың нормаларын бұзу болып табылады. Мүгедектік туралы №0215190 анықтамадан А-ның 2005 жылғы 14 сәуірде кезекті қайта тексеруден өткізіле отырып, 2005 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімге мүгедектігі белгіленгені байқалады. Іс қаралған сәтте сотталғанның қайтадан тексеруден өтпегеніне қарамастан сот оны жазаны одан әрі өтеуден босатқан. Оның үстіне сотталғанның бойынан табылған іру сатысында тұрған сол жақ өкпесінің инфильтративті туберкулезі ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату үшін негіз болып табылатын Аурулар тізбесіне кірмейді (Аурулар тізбесі бойынша бұған қос өкпенің туберкулезі жатады). Хаттамадан көрінгендей, сот отырысында медициналық комиссияның мүшесі емес, Аурулар тізбесі бойынша қорытынды беруге құқығы жоқ аудандық аурухананың дәрігерінен жауап алынған.

Осылайша, сот зерттеуге жататын мән-жайларды анықтамастан сотталғанды жазаны одан әрі өтеуден босату туралы негізсіз шешім қабылдаған. Бұл соттың материалды үстірт қарағанын, аталған мәселені реттейтін заңды білмейтінін көрсетті.

Қостанай облысы Қостанай аудандық сотының 2005 жылғы 20 шілдедегі қаулысымен С., осы соттың 2005 жылғы 7 маусымдағы үкімімен ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігі бойынша тағайындалған 2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны ауыр науқасқа шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған. Бұл материалда да арнайы медициналық комиссияның қорытындысы жоқ және сот шешімі туберкулезге қарсы диспансер меңгерушісінің С. 2005 жылғы 13 сәуірден бастап "іру және сему сатысындағы инфильтративті өкпе туберкулезі" диагнозымен облыстық туберкулезге қарсы диспансерде стационарлық емдеуде жатқаны туралы хатының негізінде қабылданған.

Соттар қараған барлық материалдарда дерлік нормативтік қаулының 6-тармағының ережесі талап еткеніндей, Аурулар тізбесінің көшірмесі жоқ.

Осындай жағдайларда, егер ауру туралы мәліметтер және дәрігердің аурудың мән-жайы мен науқастың жағдайы туралы түсініктемелері болмаса, ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы шешімді соттардың қандай негізде қабылдайтыны түсініксіз.

ҚАК-нің 169-бабының 6-тармағына сәйкес, ауыр науқасқа шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысты сотқа жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi.

Заң талабына қарамастан, қылмыстық-атқару жүйелерінің инспекторлары қол қойған, қойылған қолдар мекеме мөрімен куәландырылмаған ұсынымдарды қабылдау және қарау фактілері орын алуда.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы Алматы қаласының соттары қараған екі материал бойынша ұсынымдарды мекемелердің бастықтары емес, инспекторлары енгізген.

Мысалы, Алматы қаласы Медеу аудандық ҚАЖ аға инспекторы ұсынымының негізінде 259-баптың 1-бөлігі бойынша тұрғылықты жерінде алкоголизмнен емделе отырып, 200 сағат қоғамдық жұмысқа сотталған Е. соттың 2004 жылғы 10 ақпандағы қаулысымен ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған.

Ұсынымға сотталғанның есепке алынғаны және өкпе туберкулезіне байланысты стационарлық емдеуде екендігі туралы жазылып, рецептке арналған мөрмен куәландырылған Медеу туберкулезге қарсы диспансерінің анықтамасы ғана тіркелген.

Осылайша, Бостандық ауданы ҚАЖ инспекторының ұсынымы бойынша Жетісу ауданы № 2 сотының 2005 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен М. ауыр науқасқа шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған. Сот М-ның 6 маусым 2003 жылдан бастап 9 маусым 2003 жылды қоса алғанда (үш күн) бауырдың сары ауруы диагнозымен стационарлық емдеуде болғанын, бұдан кейін оған бірінші топтағы мүгедектік белгіленгенін және қазіргі уақытта оның денсаулық жағдайы жазаны өтеуге кедергі келтіретінін босату негіздемесі ретінде көрсеткен. Осыған байланысты, оған мүгедектік анықтамаға сәйкес бір жылға белгіленген.

Ұсынымның екеуі де мекеме бланкісіне басылмаған, инспекторлардың қолдары мекеменің мөрлерімен куәландырылмаған. Бұған қоса, ұсынымдар сотқа мекемелердің кеңсесінде тіркелмей жіберілген, яғни шығыс нөмірлері жоқ.

Екі материалда да дәрігерлік комиссиялардың қорытындылары, сондай-ақ сотталғандар зардап шегетін аурудың Аурулар тізбесіне кіретіні туралы мәліметтер жоқ. Алайда, соттар көрсетілген кемшіліктерді жоймастан, сотталғандарды ауруға шалдығуына байланысты жазаларын одан әрі өтеуден босату туралы шешім қабылдаған.

Сот қаулыларының көпшілігі арнайы бланк-үлгілерде дайындалған, осы бланкілердің қарар бөлігінде құқықтық салдары әр түрлі түсініктер шатастырылып, "ауруы бойынша" деген сөздердің орнына "мерзімінен бұрын-шартты түрде" немесе "ауруы бойынша мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылсын" деп негіздейді. ҚК-нің 73-бабына сілтеме жасалған кезде баптың бөлігі көрсетілмейді.

Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші аудандық сотының И-ды ауруға шалдығуына байланысты босату туралы 2004 жылғы 22 шілдедегі, Ж-ны ауруға шалдығуына байланысты босату туралы 2005 жылғы 4 сәуірдегі, С-ны босату туралы 2005 жылғы 20 мамырдағы қаулыларында сотталғандарды "ауруына байланысты мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату" деген уәж келтірілген. Бұған қоса, қылмыстық істер және ауруы бойынша босату туралы материал қазақ тілінде қаралса да қаулының мәтінінде орыс тілінде жазылған жазбалар бар.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам жаңа қылмыс жасаған жағдайда ол оның сауыққанын анықтау үшін дәрігерлік комиссияның тексерілуіне жатады.

Нормативтік қаулының 18-тармағының осы талаптары әрдайым сақтала бермейді.

С-ға қатысты қылмыстық іс материалдарынан оның Жітіқара аудандық сотының 2003 жылғы 5 ақпандағы қаулысына сәйкес, ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылғаннан кейін жаңа қылмыс жасағаны байқалады.

2004 жылғы 5 наурызда Арыс ауданының прокуратурасы С-ға қатысты ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық істі, оның сауығуын дәрігерлік комиссияның куәландыруынсыз, айыптау қорытындысымен бірге Арыс аудандық сотына жіберген, іс сол күні сот өндірісіне қабылданған.

Шымкент қаласы ИЧ 167/1 мекемесі бастығының 2004 жылғы 3 наурызда Арыс қалалық ішкі істер бөліміне, Арыс ауданының прокурорына, Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорына жіберген хатынан С-ны мекеменің дәрігерлік-санитарлық бөлімінің дәрігерлері қарап, "өкпе тесілген, жоғарғы бөлігі асқынып, дендеген, 1-ГДУ сатысындағы 2-3 дәрежелі ЛНС 2 санатындағы туберкулез" деген диагноз қойғаны көрінеді.

Істі қарау кезінде бірінші сатыдағы сот С-ны ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатқаннан кейін оның сауыққанын немесе ауруының жазаны өтеуге кедергі келтіретінін анықтау үшін тексеруден өткізу туралы мәселені қарамаған және Шымкент қаласы ИЧ 167/1 мекемесі бастығының жоғарыда аталған хатына сілтеме жасай отырып, оны осы іс бойынша тағайындалған жазадан ауруға шалдығуына байланысты заңсыз босатқан.

Қорыту көрсеткендей, мекемелердің сотталғандарды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі босату туралы ұсынымдарын соттар негізінен қанағаттандыруда. Осы санатта қаралған материалдардың тек 52 немесе материалдардың 10,8% бойынша соттар оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Осы ретте, Павлодар (24%) және Ақмола (33%) облыстарының соттары ҚАЖК мекемелерінің ұсынымдарын қанағаттандырудан бас тарту туралы қабылдаған қаулылары әлдеқайда негізді болып табылады.

Мысалы, Павлодар қалалық сотының 2004 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Павлодар облыстық сотының 2002 жылғы 4 қыркүйектегі үкімімен ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағы, 179-бабы 2-бөлігінің "а, в, г" тармақтары, 251-бабының 1-бөлігі, 58-бабының 4-бөлігі бойынша 19 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған С-ны жазаны одан әрі өтеуден босатудан бас тартылған. АП-162/3 мекемесінің әкімшілігі оны ауыр науқасына - "өкпесінің созылмалы ауруға шалдығуына, тыныс жолдарының созылмалы науқасына, бронхиттен өкпе қызметінің бұзылуына" байланысты мерзімінен бұрын босатуға ұсынған болатын.

Сот ұсынымды қанағаттандырудан бас тартып, сотталғанның аса ауыр қылмыс жасағанын, жазасының шамалы бөлігін өтегенін және жазасын өтеу орнында қажетті шекте ем алып жүргенін атап көрсетті.

Осылайша, Павлодар қаласы № 2 сотының 2004 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Алматы облысы Іле аудандық сотының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы үкімімен ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 96-бабының 1-бөлігімен 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған С-ны ауыр науқасына байланысты жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатудан бас тартылған. Ұсыным енгізілген кезде ол тағайындалған жаза мерзімінің 4 ай 2 күнін өтеген.

Ақмола облысының Степногор қалалық соты 2006 жылғы 27 қаңтардағы қаулысымен Батыс Қазақстан облыстық сотының үкімімен 96-баптың 2-бөлігінің "ж, з" тармақтары, 24-баптың 3-бөлігі, 96-баптың 2-бөлігінің "а,ж,з" тармақтары бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Т-ны мерзімінен бұрын жазаны өтеуден босатудан бас тартты.

Медициналық комиссияның қорытындысымен сотталған "өкпе туберкулезінің асқынған түрімен, қанмен тарайтын туберкулезден, өкпе-жүрек жұмысының 2-3 дәрежедегі жеткіліксіздігінен" зардап шегеді деп танылды.

Мекеменің ұсынымын қанағаттандырудан бас тартуды дәлелдей отырып, сот жасалған қылмыстардың ауырлығын, теріс мінездемені және мекемеде ұстау режимін әр түрлі бұзушылықтар үшін бірнеше рет берілген жазасының бар екенін атап көрсетті.

Талданып отырған кезеңде 6 материал апелляциялық тәртіппен қаралды, 5 материал бойынша қаулылар өзгеріссіз қалдырылды, 1 қаулының күші жойылып, соттың жаңадан қарауына жіберілді.

Павлодар қаласы № 2 сотының 2004 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен мекеме әкімшілігінің К-ны ауруға шалдығуына байланысты жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсынымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сотталғанның жеке шағымы бойынша іс Павлодар облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасында қаралды.

Шағымды қанағаттандырудан бас тарта және сот қаулысын өзгеріссіз қалдыра отырып, сот ҚК-нің 73-бабының 2-бөлігінің талаптарын, жасалған қылмыстың ауырлығын, сотталғанның жеке басын, жазаны өтеу мерзімін, нақты айтқанда, К-нің аса ауыр қылмыс жасағанын, өтеуге тағайындалған 8 жыл жазаның тек 4 айын өтегенін, оның колонияда медициналық көмекті толық көлемде алатынын ескерді.

Талданып отырған кезеңде Алматы облыстық соты 2001 жылғы 25 мамырда ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігі, 251-бабының 1-бөлігі, 58-бабының 3-бөлігі бойынша 14 жылға бас бостандығынан айыруға соттаған К-ға қатысты ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы бір материал қадағалау тәртібімен қаралды.

Семей қаласы № 2 сотының 2004 жылғы 8 шілдедегі қаулысымен К. "бауырының іруіне" байланысты ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған.

Іс апелляциялық тәртіпте қаралмаған.

Құқық қорғау органдары жүргізген тексерудің барысында комиссиялы сот-медицина сараптамасы тағайындалып, оның нәтижелері бойынша К. "бауырдың іруі" түрімен ауыратыны расталмады. Осыған байланысты, шешім қабылдау сәтінде осы жағдай туралы сотқа белгілі болмағандықтан, жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты қаулының күші жойылып, іс соттың жаңадан қарауына жіберілді.

Қорыту соттардың осы санаттағы істерді қараған кезде тағайындалған жазаларды неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы мәселелерді іс жүзінде қарамағанын, ҚАК-нің 169-бабы 1-бөлігінің нормасы көздегендей, жаза өтеуді атқарушы мекемелер жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы ұсыным енгізбегенін көрсетті.

ҚК-нің 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес, өзге ауыр науқастан зардап шегетін адам сауыққан жағдайда, жазаны өтеуге кедергі болатын мән-жайлар жойылған жағдайда, егер айыптау үкімін орындау мерзімдері өтпесе, жазаны атқару қалпына келтірілуі мүмкін.

Жазаны атқаруды қалпына келтіру жазаны атқаруды реттейтін органдардың ұсынымы бойынша сот қаулысымен жүргізіледі.

Қорыту көрсеткендей, ауыр науқасқа шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамдардың сауығуы және оларға қатысты жазаны атқарудың қалпына келтірілгені туралы мәліметтер соттарда жоқ болып шықты. Бұл жазаны атқаратын органдар тарапынан ауыр науқасқа шалдыққан адамдардың тәртібіне нормативтік қаулының 16-тармағымен көзделгендей тиісті бақылаудың жоқтығына байланысты деген ойдамыз.

Қорыту, соттардың негізінен материалдарды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынымдарды қараудың іс жүргізу мерзімдерін сақтай отырып, қанағаттандырудың қажеттілігімен келіскен прокурордың міндетті түрде қатысуымен, түзеу мекемелері бастықтарының ұсынымдарының негізінде дұрыс қараған.

Осы санаттағы істердің материалдарын қарау кезінде соттар жіберген кемшіліктер мен қателіктер істерді қарауға формальды көзқарастың, сотталғанның ауруының сипатына баға беруден жалтарудың салдары болып, мұның өзі дәлелсіз қаулылардың шығарылуына әкеп соғады.

Ауруға шалдығуына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың ауруының барысына тиісті бақылаудың жоқтығы ҚК-нің 73-бабының 3-бөлігінің талаптарын іс жүзінде жүзеге асыруға, яғни сотталғандарды сауыққан жағдайда жазасын одан әрі өтеуге тарту мүмкіндігі туралы мәселені шешуге мүмкіндік бермейді.

Жіберілген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында:

- ҚК-нің 73-бабының талаптарын және жоғарыда аталған нормативтік қаулының ережелерін, соның ішінде аса әлеуметтік қаупі бар сотталғанның жазаны өтеуден заңсыз босатылуын болдырмау үшін сотталған жазасын өтеп жатқан колония әкімшілігі өкілінің және сотталғанның жазаны өтеуден босату үшін негіз болып табылатын науқасының бар екендігі туралы қорытынды берген арнайы медициналық комиссия төрағасының сотқа міндетті түрде қатысуы туралы талаптарын соттардың мүлтіксіз орындауы қамтамасыз етілуі;

- мекемелер бастықтарының ұсынымдарының нысаны мен мазмұнына ерекше назар аударылып, науқасқа шалдығуы бойынша босату туралы материалдар заңмен белгіленген көлемде қабылдануы;

- ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатуға ұсынылған сотталғанның қорғану құқығын қамтамасыз ету мақсатында соттарға заңда көрсетілген құжаттардан басқа сотталғанның қорғаушының қызметінің қажеттілігі туралы (немесе осындай қызметтерден бас тарту туралы) арызының да мекеме әкімшілігінің ұсынымына қоса тіркелуін талап ету ұсынылады.



Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

қылмыстық істер жөніндегі алқасы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет