Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы



бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3
Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қазанда № 8782 тіркелді


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Авиация персоналы куәлiгiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6860 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259(26657) жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 711 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7366 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 164-168(27242) жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министр                                    А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникациялар
министрінің      
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 750 бұйрығымен    
бекітілген       
Авиациялық персонал куәліктерін беру және қолданылу мерзімін
ұзарту қағидалары
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Авиациялық персонал куәліктерін беру және қолданылу мерзімін ұзарту Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға берілген 1-қосымшаға (Чикаго қ., 1944 жылғы 7 желтоқсан сәйкес әзірленді.
      2. Қағида азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналының куәліктерін беру, күшінің мерзімін ұзарту тәртібін анықтайды.
      3. Осы Қағидада келесі терминдер мен анықтамалар және қысқартулар пайдаланылады:
      1) авиациялық персонал – әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдарын және авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘК ТҚ), әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар жеке тұлғалар;
      2) авиациялық персонал куәлігі (бұдан әрі – куәліктер) - авиациялық персоналдың біліктілігін және өкілеттігін растайтын құжат;
      3) Авиациялық персонал куәліктерін беру тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – онда авиациялық персонал куәліктерін беру туралы жазба жазылатын құжат;
      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасындағы авиация билігі;
      5) бақылаудағы әуе кемесінің командирі (Pilot-in-command under supervision (PIC/US) – ағылшын тіліндегі аббревиатурасы) – әуе кемесі командирінің бақылауымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган үшін қолайлы бақылау әдістемесіне сәйкес әуе кемесі командирінің міндеттері мен функцияларын орындайтын екінші пилот;
      6) біліктілік белгісі – куәлікке жазылған немесе оған және осы куәлікке қатысы бар ерекше жағдайлар, құқықтар немесе шектеулер көрсетілетін оның бөлігі болып табылатын жазба;
      7) кабина экипажының мүшесі - қауіпсіздік мүддесінде және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында оған пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі тапсыратын әуе кемесінің бортындағы міндеттерді орындайтын, бірақ ұшқыштар экипажының мүшесі болып табылмайтын, авиациялық персоналға жататын тұлға;
      8) ұшқыштар экипажының мүшесі – оған ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқарумен байланысты міндеттер жүктелген, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігі бар, авиациялық персоналға жататын тұлға.
      4. Куәліктер келесі авиациялық персоналға беріледі:
      1) ұшқыштар экипажының мүшелері:
      пилоттар:
      аса жеңіл авиация пилоты;
      жеңіл әуе кемесінің пилоты (ұшақ);
      жеңіл әуе кемесінің пилоты (тікұшақ);
      жеңіл әуе кемесінің пилоты (дирижабль);
      жеңіл әуе кемесінің пилоты (планерист);
      жеңіл әуе кемесінің пилоты (жылулық әуе шары);
      жеке пилот (ұшақ);
      жеке пилот (тікұшақ);
      коммерциялық авиация пилоты (ұшақ);
      пилот коммерческой авиации (тікұшақ);
      желілік пилот (ұшақ);
      желілік пилот (тікұшақ);
      2) пилоттардан ерекшелетін ұшқыштар экипажының мүшелері:
      штурман;
      бортинженер (бортмеханик);
      бортрадист;
      2) кабиналық экипаж мүшелері:
      бортоператор;
      бортсерік;
      3) басқа авиациялық персонал:
      әуе қозғалысына қызмет көрсету органының диспетчері (бұдан әрі – ӘҚҰ диспетчері);
      әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маман (бұдан әрі – ӘК ТҚ жөніндегі маман);
      ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшқыштар диспетчері;
      авиациялық станция операторы (теңіз қондырғысында орналасқан).
      5. Куәліктер мамандыққа байланысты түстері және сериялық әріптік кодтау бойынша ерекшеленеді.
      Авиациялық персонал куәліктерінің әріптік кодтарының және түстерінің кестесі осы Қағидада берілген 1-қосымшада келтірілген.
      6. Mедициналық қорытынды медициналық куәландырудан өткен күннен бастап төменде кезеңдерден аспайтын кезең ішінде жарамды болып табылады:
      1) 24 ай – аса жеңіл авиация пилоты үшін;
      2) 24 ай – жеңіл әуе кемесінің пилоты үшін (ұшақ, тікұшақ, дирижабль, планер немесе жылулық әуе шары);
      3) 24 ай – жеке пилот үшін (ұшақ немесе тікұшақ);
      4) 12 ай – коммерциялық авиация пилоты үшін (ұшақ немесе тікұшақ);
      5) 12 ай – авиакомпанияның желілік пилоты үшін (ұшақ немесе тікұшақ);
      6) 24 ай – бортоператор үшін;
      7) 12 ай – штурман үшін;
      8) 12 ай – бортинженер немесе бортмеханик үшін;
      9) 12 ай – бортрадист үшін;
      10) 24 ай – ӘҚҰ диспетчері үшін;
      11) 24 ай – бортсерік үшін;
      12) 3 жыл – ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер үшін.
      Куәлік берілген күннен бастап немесе оны Уәкілетті орган 5 жылдан аспайтын кезең ішінде ұзартқан күннен бастап жарамды болып табылады. Авиациялық станция операторының куәлігі 12 айдан аспайтын кезең ішінде жарамды болып табылады.
      Куәліктің қолданылу мерзімі оның ішіндегі типі (санаты), класы (рейтингтері) және медициналық қорытындысы бойынша біліктілік белгілерінің жарамдылығы бойынша анықталады.
      Егер куәлікті ұзартуға арналған құжаттар оның мерзімі аяқталғанға дейін берілсе, куәліктердің қолданылу мерзімдері үзілмейді. Бұл жағдайда Уәкілетті орган куәлікті оны берген күннен бастап (куәліктің мерзімін бірінші рет ұзартқанда) немесе куәліктің қолданылуы аяқталған күннен бастап (екінші рет және келесі ұзарту кезінде) ұзартады.
      Егер осы тармақтың талаптары бұзылған болса, онда куәліктің қолданылу мерзімін есептеу күні қарастыруға ұсынылған құжаттар бойынша Уәкілетті орган куәлікті ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен басталатын болады.
      7. Медициналық қорытындының қолданылу мерзімдері 6 айға дейін қысқартылады:
      1) жасты 40-тан асқан бір пилот басқаратын, коммерциялық әуе тасымалдарын орындайтын, авиакомпанияның желілік пилоты куәлігінің (ұшақ) және коммерциялық авиация пилоты куәлігінің (ұшақ) иегерлері үшін;
      2) коммерциялық әуе тасымалдарын орындаумен айналысатын және жасы 60-қа толатын, авиакомпанияның желілік пилоты куәлігінің (ұшақ, тікұшақ), коммерциялық авиация пилоты куәлігінің (ұшақ, тікұшақ) иегерлері үшін.
      8. Жеке пилот куәлігінің (ұшақ, тікұшақ), аса жеңіл авиация пилоты куәлігінің иегерлері, жасы 50-ден асқан диспетчер үшін медициналық қорытындының қолданылу мерзімі 12 айға дейін қысқартылады.
      9. Егер пилоттар куәліктерінің иегерлері 60 жасқа толса, біреуден артық пилотпен ұшуды орындаған жағдайда, «Әуе кемесінің командирі» біліктілік белгісінің иегерлері халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберілмейді.
      Егер куәліктердің иегерлері 65 жасқа толса, пилот куәліктерінің иегерлеріне халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат етілмейді.
      10. Егер ұшқанда көп мүшелік экипажда екі пилот та жасы 60-қа толған жалғыз пилот болып табылатын жағдайлардан басқа, екеуі де 60 жасқа толса, пилоттарға халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарымен айналысатын, әуе кемелері командирлерінің функцияларын орындауға рұқсат етілмейді.
      65 жасқа толған пилот куәліктерінің иегерлеріне халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарында пайдаланылатын пилоттың функцияларын орындауға рұқсат етілмейді.
      11. Әуе кемесі командирінің немесе төменде берілген әуе кемелері түрінің кез келгенінің екінші пилотының функцияларын орындау үшін пилот куәлігінің бар болуы қажет:
      ұшақ;
      тікұшақ;
      аса жеңіл әуе кемесі.
      12. Пилот куәлігін бергенде куәлікке әуе кемесінің түрі туралы белгі және білімін, дағдыларын (ептіліктерін) тексеру барысында пайдаланылған әуе кемелерінің класына немесе типіне сәйкес келетін біліктілік белгілері енгізіледі.
      13. Әуе кемесі командирінің немесе тип сертификатына немесе ұшуды пайдалану бойынша нұсқауға (оған балама құжатқа) сәйкес бір пилоттан тұратын ұшқыштар экипажы пайдаланатын ұшақтағы екінші пилоттың функцияларын орындау үшін куәлік иегерінің әуе кемесінің түрі туралы сәйкес біліктілік белгісі болады:
      1) бір қозғалтқышпен, құрлықтағы;
      2) бір қозғалтқышпен, гидроұшақ;
      3) көп қозғалтқышты, құрлықтағы;
      4) көп қозғалтқышты, гидроұшақ.
      14. «Пилот-нұсқаушы» біліктілік белгісі және онда оқыту жүргізілетін әуе кемесі командирінің функцияларын орындауға мүмкіндік беретін біліктілік белгілері бар пилот куәлігінің иегеріне ұшуға оқытуды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
      15. Пилот куәлігін алу мақсатында оқытқанда оқытылатын тұлға бірінші немесе екінші класты қолданыстағы медициналық қорытынды бар болғанда өз бетімен ұшуға рұқсат етіледі.
      16. Пилоттарды даярлау жөніндегі жоғарғы және орта азаматтық авиация оқу орындарында оқитын тұлғалардың бірінші класты медициналық куәлікті иеленуі қажет.
2. Куәліктерді беру және мерзімін ұзарту тәртібі
      17. Осы Қағидалардың 4-тармағында аталған авиациялық персонал куәліктерін беруді Уәкілетті орган жүзеге асырады.
      18. Куәліктерді беру жеке немесе заңды тұлғамен берілген құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
      19. ӘК ТҚ бойынша куәлікті бергенде заңды тұлға куәліктің иегері құқығында қажетті құжаттама беру туралы рәсімі бар ӘК ТҚ бойынша ұйым болып табылады.
      20. Уәкілетті орган келесі құжаттарды береді:
      1) ерікті нысандағы өтініш, ал ӘК ТҚ жөніндегі маман үшін – осы Қағидада берілген 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      2) куәліктің түпнұсқасы (бар болғанда);
      3) өтінішті берген сәттегі сәйкес теориялық білімін растайтын құжаттар көшірмелері, практикалық оқуы мен тәжірибесі. ӘК ТҚ жөніндегі мамандарға – ӘК ТҚ саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері.
      Жұмыс тәжірибесін бекіту үшін ӘК ТҚ жөніндегі маманның жеке журналының нысаны Қағидаданың 3-қосымшаға сәйкес берілген;
      4) авиациялық персоналға ұсыным осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген. ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген.
      Ұсынымда объективті деректер болады, ол қолмен және азаматтық немесе эксперименттік авиация ұйымының мөрімен куәландырылады;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмелері немесе Қазақстан Республикасында тұруға белгі қағаз;
      6) екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, көлемі 3,5 х 4,5, фотоға қарап тұрған тұлға жақтан оң жақта бұрышы бар);
      7) ӘК ТҚ жөніндегі мамандарды қоспағанда, авиациялық оқу орталықтарын (авиациялық ұшқыштар училищесі, авиациялық институт, авиациялық техникум, колледж, оқу орталығы (бұдан әрі - ОО)) бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері. ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін – базалық білімнің бір немесе одан көп бағдарламалары бойынша (А, В1, В2 немесе В3 санаттары) азаматтық авиацияның авиация-техникалық орталығын, авиациялық институтты, авиациялық училищені, авиациялық техникумды немесе авиациялық колледжді бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері, олардан өту мерзімі өтініш беруші өтінішті берген сәтте 10 жылдан аспауы тиіс;
      8) медициналық қорытынды көшірмелері (ұшқыштар экипажы, бортоператорлар, бортсеріктер және әуе қозғалысының диспетчерлері үшін);
      9) ӘК ТҚ жөніндегі мамандарды қоспағанда, соңғылардың мамандық бойынша біліктілікті жоғарылату курстардан уақыт бойынша өткені туралы құжаттардың көшірмелері;
      10) ӘК ТҚ жөніндегі мамандарды қоспағанда, қауіп-қатер мен қателер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері.
      Авиациялық оқу орталықтарында тек теориялық курстан өткен пилоттар мен штурмандар жаттықтыру және ұшқыштар даярлығының актілерін қосымша түрде береді.
      ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін дипломы арқылы базалық білім бағдарламалары бойынша «Адамның ӘК техникалық қызмет көрсетуге қатысты мүмкіндіктері» курсынан өткенін дәлелдей алмайтын өтініш берушілер үшін – Уәкілетті органға персоналды бейінді даярлау курсынан өткені туралы сертификатты бір қайта ұсыну.
      21. Мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналын азаматтық немесе эксперименттік авиацияға жұмысқа қабылдағанда оларға куәліктер беруді Уәкілетті органға олардың қайта даярланғанын растайтын құжаттарды және осы Қағидалардың 20-тармағында аталған құжаттарды беру арқылы, Уәкілетті орган олар азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында қайта даярлаудан өткен соң ғана жүзеге асырады.
      Куәліктер әуе кемелерінің бұрын игерілген типтеріндегі жұмыс тәжірибесі есепке алынып беріледі.
      22. Егер шетел азаматтары Қазақстан Республикасының авиациялық оқу орталықтарында арнайы және (немесе) кәсіптік даярлықтан өткен және Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясында медициналық куәландыру Қағидаларымен анықталған, денсаулығы жағдайы бойынша талаптарға сәйкес келген жағдайда, осы Қағидалардың 4-тармағында аталған авиациялық персонал куәліктерін шетел азаматтарына беру жүргізіледі.
      23. Азаматтық авиацияның ұшқыштар (кабиналық) экипажының мүшелеріне куәліктердің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Уәкілетті органға келесі құжаттар беріледі:
      1) ерікті нысандағы өтініш;
      2) кешенді жаттықтырғыштағы (LPС) соңғы тексеру нәтижелері туралы бланкінің (нысанның) көшірмесін және/немесе біліктілік деңгейін сақтау бойынша ұшқыштарды тексеру нәтижелері бланкісінің (нысанының) көшірмесі;
      3) теориялық білімді тексеру нәтижелері бланкісінің (нысанының) көшірмесі;
      4) радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді білуге арналған тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (халықаралық ұшуды орындайтын ұшқыштар экипажының мүшелері үшін);
      5) медициналық қорытынды көшірмесі (1-класс немесе 2-класс);
      6) «Қауіп-қатер мен қателер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері» курсы бойынша даярлықтан өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі;
      7) азаматтық авиацияның ұшқыштар (кабиналық) экипажы мүшесі куәлігінің түпнұсқасы.
      Егер дағдыларды тексеру кешенді жаттықтырғышта JAR FCL қағидалары бойынша жүргізілсе, онда соның ішінде куәліктердің біліктілік белгілерінің қолданылу мерзімін ұзарту осы Қағидалар бойынша жүргізіледі (ұшқыштар экипажының мүшелері үшін).
      24. ӘК ТҚ жөніндегі маман куәлігінің мерзімін ұзарту үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы Қағиданың 20-тармағында аталған қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) осы Қағидалардың 20-тармағының 10-тармақшасында аталған құжаттар;
      3) куәліктің түпнұсқасы.
      25. Азаматтық авиацияның әуе қозғалысына қызмет көрсететін мамандар куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) практикалық дағдыларды тексеру хаттамасының көшірмесі;
      2) теориялық білімді тексеру нәтижелері бланкісінің (нысанының) көшірмесі;
      3) медициналық қорытынды көшірмесі (3-класс);
      4) персоналдың бейінді даярлығын растайтын сертификаттың көшірмесі;
      5) азаматтық авиацияның әуе қозғалысына қызмет көрсететін маман куәлігінің түпнұсқасы.
      26. Ұшқыштар (кабиналық) экипаж мүшесінің куәліктеріне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) ерікті нысандағы жолдама хат;
      2) рұқсат ету (шектеулер мен құқықтар) туралы бұйрықтың көшірмесі;
      3) жаттықтыру бағдарламасынан өткені туралы бланкілердің (нысандардың), ұшқыштарды тексеру және біліктілік (арнайы) белгісін алуға құқық беретін сәйкес емтихандарды тапсыру нәтижелерінің көшірмелері.
      27. Уәкілетті орган біліктілік белгілерінің (рейтингінің) қолданылу мерзімін олардың қолданылу мерзімі тоқтатылатын айдың аяғына дейін ұзарта алады.
      Олардың қолданылу мерзімі өткенде біліктілік белгілерінің қолданылуын жаңарту үшін ұшқыштар экипажының мүшелері Үкіметтің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 532 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында Ұшу жұмысын ұйымдастыру Қағидаларына сәйкес даярлықтан өтеді.
      Егер біліктілік белгілерінің қолданылу мерзімі 90 күннен бастап 1 (бір) жылға дейінгі шекте өтіп кетсе, біліктілік белгілерінің қолданылуын жаңарту үшін Уәкілетті органға осы Қағидалардың 27-тармағында аталған құжаттар ұсынылады.
      Егер біліктілік белгілерінің қолданылу мерзімі 1 (бір) жылдан артық өтіп кетсе, біліктілік белгілерінің қолданылуын жаңарту үшін Уәкілетті органға осы Қағидалардың 24-тармағында аталған құжаттар ұсынылады.
      28. Құжаттарды қарастыру мерзімі түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.
      29. Куәліктер куәлік иегеріне немесе азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысына немесе оның сенімді тұлғаларына беріледі.
      30. Куәлік бүлінген, толтыруға арналған беттер болмаған, қолданылу мерзімі өткен жағдайларда және басқа себептер болғанда азаматтық және эксперименттік авиация ұйымының, сондай-ақ куәлік иегерінің өзінің куәлікті қалпына келтіру немесе айырбастау туралы өтінішінің негізінде куәлік айырбасталады.
      Куәлікті айырбастағанда ескі куәліктің біліктілік (рейтинг) және арнайы белгілері бөлімдеріне енгізілген барлық жазбалар тасымалдауға жатады, тасымалдағанда олардың жазбасының пішімі өзгертілуі және осы «Қағидалардың» талаптарына сәйкес келуі мүмкін.
      Куәліктерді айырбастау үшін азаматтық авиация ұйымы осы Қағидалардың 20-тармағының 1)-7), 10)-тармақшаларымен анықталған құжаттарды ұсынады.
      ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін ескі куәліктің «Rating» бөліміне енгізілген барлық жазбалар тасымалдауға жатады. «Special Remarks» бөлімінде белгіленген жазбалар жаңа куәлікке тасымалдауға жатпайды.
     31. Куәліктерді беру Тізілімде және электрондық базада (авиациялық персоналдың әрбір мамандығы үшін жеке) осы Қағидаларда берілген 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі.
      32. Куәлік 8,7х12 сантиметр өлшемімен кітап типті болып жасалады.
      33. Азаматтық авиация куәліктері ағылшын тіліне аударылып, қазақ тілінде шығарылады.
      Куәліктерде 14 тармақ бар, олар рим цифрларымен біркелкі нөмірленеді және айқын және анық жазумен, қара тушьпен немесе қолмен сиямен толтырылады. Өшіруге, түзетуге және қолмен жөндеуге рұқсат етілмейді.
      Куәліктің әрбір тармағына белгілі ақпарат (мәліметтер) сәйкес келеді.
      Куәліктің I бастап XI дейінгі тармақтары – тұрақты, ал XII бастап XIV дейінгі тармақтары айнымалы болып табылады, оларды куәліктің негізгі пішімінің жеке немесе бөлінетін бөліктерімен шығаруға рұқсат етіледі. Әрбір жеке немесе бөлінетін бөлігі осы Қағидаларда берілген 7-қосымшаға сәйкес куәліктің бір бөлігі ретінде анық сәйкестендіріледі.
      34. Куәліктерді толтыру және ресімдеу тәртібі:
      1) I тармақта мемлекеттің мемлекеттік (қазақ) немесе халықаралық (ағылшын) тілдердегі атауы (жартылай қалың қаріппен) көрсетіледі;
      2) II тармақта куәліктің атауы (қалың қаріппен) көрсетіледі;
      3) III тармақта куәлікті берген азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген куәліктің сериялық нөмірі (араб цифрларымен) көрсетіледі;
      4) IV тармақта қазақ және ағылшын тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі, туылған күніараб цифрларымен (күні, айы, жылы) көрсетіледі;
      5) V тармақта куәлік иегерінің мекен-жайы көрсетіледі, ол «Қазақстан Республикасы» немесе «Republic of Kazakhstan» жазбасымен шектелуі мүмкін;
      6) VI тармақта куәлік иегерінің азаматтығы көрсетіледі. VI тармақта азаматтық ағылшын тілінде көрсетіледі;
      7) VII тармақта иесі өзінің қолын қояды. Сонымен бірге осы бетте қолдың үстіне куәлік иегерінің бас киімсіз алдынан түсірілген фотосуреті желімделеді. Фотосуреті және жеке қолы куәлікті берген уәкілетті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады;
      8) VIII тармақта авиациялық персонал куәлігінің кіммен берілгені көрсетіледі;
      9) IX тармақта куәліктің қолданылу мерзімі жазылады, Уәкілетті органның лауазымды тұлғасының қолы қойылады. Қолы Уәкілетті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады. Ол күннен бастап куәлік жарамды болып табылатын дата осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарымен анықталады;
      10) куәліктің Х тармағында куәлікті берген Уәкілетті органның лауазымдық тұлғасының қолы қойылады;
      11) куәліктің XI тармағында куәлікті берген Уәкілетті органның берген күні және мөрі қойылады;
      12) XII тармақта пилоттардың, штурмандардың, бортинженерлердің, бортмеханиктердің, бортрадистердің, бортоператорлардың, бортсеріктердің куәліктерінде ӘК түрі, типі (ұшақтар үшін бір қозғалтқышты немесе көп қозғалтқышты, тікұшақтар үшін бір бұрандалы немесе көп бұрандалы), құрлықтағы немесе гидроұшақ (тікұшақ), берілген біліктілігіне байланысты лауазымы көрсетіледі:
      әуе кемесінің командирі;
      екінші пилот;
      штурман;
      бортинженер;
      бортмеханик;
      бортрадист;
      бортоператор;
      бортсерік;
      жеке пилот;
      аса жеңіл авиация пилоты.
      ӘҚҰ диспетчерлерінің куәліктерінде онда куәлік иегерінің жұмыс істеуіне рұқсат етілген диспетчерлік пункттің (пункттердің) атауы көрсетіледі.
      Авиациялық станциялар (теңіз қондырғысында орналасқан) операторларының куәліктерінде онда (оларда) куәлік иегерінің жұмыс істеуіне рұқсат етілген теңіз қондырғысы(лары) вертодромының атауы көрсетіледі.
      ӘК ТҚ жөніндегі маманның куәлігінде ӘК типі және модификациясы, қабылданған халықаралық қысқартуларға сәйкес онымен ӘК пайдаланылатын қозғалтқыштың типі, сондай-ақ оның иесіне берілген куәліктің бір немесе бірнеше санаты (В1, В2, В3 немесе С) көрсетіледі.
      ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін 18, 19, 20-тармақтардың кез келгенімен талап етілген құжаттар осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген.
      ӘК типіне оқытқанда теориялық курстардан өту және практикалық машықтанудан өткенін растайтын құжаттардың мерзімі өтініш беруші Уәкілетті органға өтініш берген сәтте 3 жылдан аспауға тиіс.
      Куәліктерде «Ratings» бөліміне жазылған жазбалар лауазымды тұлғаның қолымен және Уәкілетті органның мөрімен расталады.
      Куәліктің «Special Remarks» бөліміндегі жазбалар лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылады. «Rating» және «Special Remarks» бөліміне жазба енгізу датасы Уәкілетті органның лауазымды тұлғасының куәлікке жазба енгізу туралы шешім қабылдаған датамен анықталады;
      13) куәліктердің XIII тармағына рұқсат ету туралы келесі деректер енгізіледі:
      метеорологиялық минимумдар бойынша (1, 2, 3-санаттар минимумдары бойынша) ұшу мен қонуды орындауға, радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білу деңгейі туралы белгі.
      ӘҚҰ диспетчерлерінің куәліктерінде лауазымға тағайындау туралы деректер енгізіледі және әуе қозғалысын ұйымдастыру, ағылшын тілінде радиоалмасу жүргізу сияқты ерекше құқықтар туралы мәліметтер, радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білу деңгейі туралы белгі көрсетіледі.
      Авиациялық станциялар (теңіз қондырғысында орналасқан) операторларының куәліктерінде лауазымға тағайындау, ИКАО шкаласы бойынша радиотелефон байланысын жүргізгенде ағылшын тілін білу деңгейі сияқты ерекше құқықтар туралы мәліметтер көрсетілетін жазбалар жүргізіледі.
      ӘК ТҚ жөніндегі мамандардың куәліктеріне куәлікке қосымшаның жеке нөмірі енгізіледі (XV тармақ). ӘК ТҚ жөніндегі маманның куәлігі оған берілген қосымшасыз жарамды емес болып табылады.
      XIII тармақтағы жазбалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Жазба азаматтық авиация саласындағы Уәкілетті органның лауазымдық тұлғасының қолымен куәландырылады;
      14) куәліктің XIV тармағында азаматтық және эксперименттік авиация ұйымының атауы көрсетіледі;
      15) ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін ӘК ТҚ жөніндегі маманның куәлігіне қосымша толтырылады (XV тармақ), онда қосымшаның жеке нөмірі, берілген куәліктің санаты (санаттары), ол кезде куәлік жарамды немесе тоқтатылған болып табылатын шектеулер мен шарттар көрсетіледі. Куәліктің XV тармағының нысаны осы Қағидаларда берілген 9-қосымшада келтірілген.
      35. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның куәліктеріне келесі санаттар кіреді:
      A санаты;
      B1 санаты;
      B2 санаты;
      B3 санаты;
      C санаты.
      А1 және В1 санаттары ұшақтар, тікұшақтар, реактивті және піспекті қозғалтқыштар комбинацияларына қатысты санат бөліктеріне бөлінеді:
      A1 және B1.1 – реактивті қозғалтқыштары бар ұшақтар;
      A2 және B1.2 – піспекті қозғалтқыштары бар ұшақтар;
      A3 және B1.3 – реактивті қозғалтқыштары бар тікұшақтар;
      A4 және B1.4 – піспекті қозғалтқыштары бар тікұшақтар.
      Куәліктердің ӘК ТҚ бойынша белгісінің біліктілігі мақсаттары үшін әуе кемелері келесі топтар бойынша анықталады:
      1) 1-топ: құрама қозғалтқышты қондырғылары бар тікұшақтар, ең көп пайдаланылатын ұшу биіктігі 29000 футтан артық ұшақтар сияқты, көп қозғалтқышты ӘК, ұшақты қашықтан электр басқару жүйесімен жабдықталған ӘК және Уәкілетті орган анықтайтын ӘК типті біліктілік белгілерін енгізуді талап ететін басқа ӘК.
      2) 2-топ: 1-топқа жатпайтын басқа ӘК, олар келесі топ бөліктеріне тиесілі:
      2а-топ бөлігі: бір турбобұрандалы қозғалтқышы бар ұшақтар;
      2b-топ бөлігі: бір реактивті қозғалтқышы бар тікұшақтар;
      2с-топ бөлігі: бір піспекті қозғалтқышы бар тікұшақтар;
      3-топ: 1-топта көрсетілмеген, піспекті қозғалтқышы бар ұшақтар.
      36. Куәліктердің XII және XIII тармақтарына енгізілетін біліктілік және арнайы белгілер жазбаларының мысалдары осы Қағидаларда берілген 10-қосымшада келтірілген.
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет