Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзiмiн ұзарту қағидаларын бекiту туралы



бет1/3
Дата17.04.2016
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3
Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзiмiн ұзарту қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 26 қыркүйектегi № 750 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 05 қазанда № 8782 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" 01.02.2014 ж. № 22 (28246); "Казахстанская правда" от 01.02.2014 г. № 23 (27643);


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 54-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзiмiн ұзарту қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Авиация персоналы куәлiгiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6860 болып тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетiнде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259(26657) жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 711 бұйрығымен бекiтiлген, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi тiзбесiнiң 1) тармақшасы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7366 болып тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетiнде 2011 жылғы 19 сәуiрдегi № 164-168(27242) жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов):
      1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынуды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында және оны мемлекеттiк органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы 
Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң      
2013 жылғы 26 қыркүйектегi
№ 750 бұйрығымен    
бекiтiлген       

Авиациялық персонал куәлiктерiн беру және қолданылу мерзiмiн
ұзарту қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық персонал куәлiктерiн беру және қолданылу мерзiмiн ұзарту Қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға берiлген 1-қосымшаға (Чикаго қ., 1944 жылғы 7 желтоқсан сәйкес әзiрлендi.


      2. Қағида азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналының куәлiктерiн беру, күшiнiң мерзiмiн ұзарту тәртiбiн анықтайды.
      3. Осы Қағидада келесi терминдер мен анықтамалар және қысқартулар пайдаланылады:
      1) авиациялық персонал – әуе кемелерiнiң ұшуын, әуе тасымалдарын және авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi – ӘК ТҚ), әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару бойынша қызметтi жүзеге асыратын, арнайы және (немесе) кәсiптiк даярлығы бар жеке тұлғалар;
      2) авиациялық персонал куәлiгi (бұдан әрi – куәлiктер) - авиациялық персоналдың бiлiктiлiгiн және өкiлеттiгiн растайтын құжат;
      3) Авиациялық персонал куәлiктерiн беру тiзiлiмi (бұдан әрi – Тiзiлiм) – онда авиациялық персонал куәлiктерiн беру туралы жазба жазылатын құжат;
      4) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – Уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасындағы авиация билiгi;
      5) бақылаудағы әуе кемесiнiң командирi (Pilot-in-command under supervision (PIC/US) – ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы) – әуе кемесi командирiнiң бақылауымен азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган үшiн қолайлы бақылау әдiстемесiне сәйкес әуе кемесi командирiнiң мiндеттерi мен функцияларын орындайтын екiншi пилот;
      6) бiлiктiлiк белгiсi – куәлiкке жазылған немесе оған және осы куәлiкке қатысы бар ерекше жағдайлар, құқықтар немесе шектеулер көрсетiлетiн оның бөлiгi болып табылатын жазба;
      7) кабина экипажының мүшесi - қауiпсiздiк мүддесiнде және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктердi тасымалдау мақсатында оған пайдаланушы немесе әуе кемесiнiң командирi тапсыратын әуе кемесiнiң бортындағы мiндеттердi орындайтын, бiрақ ұшқыштар экипажының мүшесi болып табылмайтын, авиациялық персоналға жататын тұлға;
      8) ұшқыштар экипажының мүшесi – оған ұшу уақыты iшiнде әуе кемесiн басқарумен байланысты мiндеттер жүктелген, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлiгi бар, авиациялық персоналға жататын тұлға.
      4. Куәлiктер келесi авиациялық персоналға берiледi:
      1) ұшқыштар экипажының мүшелерi:
      пилоттар:
      аса жеңiл авиация пилоты;
      жеңiл әуе кемесiнiң пилоты (ұшақ);
      жеңiл әуе кемесiнiң пилоты (тiкұшақ);
      жеңiл әуе кемесiнiң пилоты (дирижабль);
      жеңiл әуе кемесiнiң пилоты (планерист);
      жеңiл әуе кемесiнiң пилоты (жылулық әуе шары);
      жеке пилот (ұшақ);
      жеке пилот (тiкұшақ);
      коммерциялық авиация пилоты (ұшақ);
      пилот коммерческой авиации (тiкұшақ);
      желiлiк пилот (ұшақ);
      желiлiк пилот (тiкұшақ);
      2) пилоттардан ерекшелетiн ұшқыштар экипажының мүшелерi:
      штурман;
      бортинженер (бортмеханик);
      бортрадист;
      2) кабиналық экипаж мүшелерi:
      бортоператор;
      бортсерiк;
      3) басқа авиациялық персонал:
      әуе қозғалысына қызмет көрсету органының диспетчерi (бұдан әрi – ӘҚҰ диспетчерi);
      әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi маман (бұдан әрi – ӘК ТҚ жөнiндегi маман);
      ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер/ұшқыштар диспетчерi;
      авиациялық станция операторы (теңiз қондырғысында орналасқан).
      5. Куәлiктер мамандыққа байланысты түстерi және сериялық әрiптiк кодтау бойынша ерекшеленедi.
      Авиациялық персонал куәлiктерiнiң әрiптiк кодтарының және түстерiнiң кестесi осы Қағидада берiлген 1-қосымшада келтiрiлген.
      6. Mедициналық қорытынды медициналық куәландырудан өткен күннен бастап төменде кезеңдерден аспайтын кезең iшiнде жарамды болып табылады:
      1) 24 ай – аса жеңiл авиация пилоты үшiн;
      2) 24 ай – жеңiл әуе кемесiнiң пилоты үшiн (ұшақ, тiкұшақ, дирижабль, планер немесе жылулық әуе шары);
      3) 24 ай – жеке пилот үшiн (ұшақ немесе тiкұшақ);
      4) 12 ай – коммерциялық авиация пилоты үшiн (ұшақ немесе тiкұшақ);
      5) 12 ай – авиакомпанияның желiлiк пилоты үшiн (ұшақ немесе тiкұшақ);
      6) 24 ай – бортоператор үшiн;
      7) 12 ай – штурман үшiн;
      8) 12 ай – бортинженер немесе бортмеханик үшiн;
      9) 12 ай – бортрадист үшiн;
      10) 24 ай – ӘҚҰ диспетчерi үшiн;
      11) 24 ай – бортсерiк үшiн;
      12) 3 жыл – ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер үшiн.
      Куәлiк берiлген күннен бастап немесе оны Уәкiлеттi орган 5 жылдан аспайтын кезең iшiнде ұзартқан күннен бастап жарамды болып табылады. Авиациялық станция операторының куәлiгi 12 айдан аспайтын кезең iшiнде жарамды болып табылады.
      Куәлiктiң қолданылу мерзiмi оның iшiндегi типi (санаты), класы (рейтингтерi) және медициналық қорытындысы бойынша бiлiктiлiк белгiлерiнiң жарамдылығы бойынша анықталады.
      Егер куәлiктi ұзартуға арналған құжаттар оның мерзiмi аяқталғанға дейiн берiлсе, куәлiктердiң қолданылу мерзiмдерi үзiлмейдi. Бұл жағдайда Уәкiлеттi орган куәлiктi оны берген күннен бастап (куәлiктiң мерзiмiн бiрiншi рет ұзартқанда) немесе куәлiктiң қолданылуы аяқталған күннен бастап (екiншi рет және келесi ұзарту кезiнде) ұзартады.
      Егер осы тармақтың талаптары бұзылған болса, онда куәлiктiң қолданылу мерзiмiн есептеу күнi қарастыруға ұсынылған құжаттар бойынша Уәкiлеттi орган куәлiктi ұзарту туралы шешiм қабылдаған күннен басталатын болады.
      7. Медициналық қорытындының қолданылу мерзiмдерi 6 айға дейiн қысқартылады:
      1) жасты 40-тан асқан бiр пилот басқаратын, коммерциялық әуе тасымалдарын орындайтын, авиакомпанияның желiлiк пилоты куәлiгiнiң (ұшақ) және коммерциялық авиация пилоты куәлiгiнiң (ұшақ) иегерлерi үшiн;
      2) коммерциялық әуе тасымалдарын орындаумен айналысатын және жасы 60-қа толатын, авиакомпанияның желiлiк пилоты куәлiгiнiң (ұшақ, тiкұшақ), коммерциялық авиация пилоты куәлiгiнiң (ұшақ, тiкұшақ) иегерлерi үшiн.
      8. Жеке пилот куәлiгiнiң (ұшақ, тiкұшақ), аса жеңiл авиация пилоты куәлiгiнiң иегерлерi, жасы 50-ден асқан диспетчер үшiн медициналық қорытындының қолданылу мерзiмi 12 айға дейiн қысқартылады.
      9. Егер пилоттар куәлiктерiнiң иегерлерi 60 жасқа толса, бiреуден артық пилотпен ұшуды орындаған жағдайда, «Әуе кемесiнiң командирi» бiлiктiлiк белгiсiнiң иегерлерi халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жiберiлмейдi.
      Егер куәлiктердiң иегерлерi 65 жасқа толса, пилот куәлiктерiнiң иегерлерiне халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат етiлмейдi.
      10. Егер ұшқанда көп мүшелiк экипажда екi пилот та жасы 60-қа толған жалғыз пилот болып табылатын жағдайлардан басқа, екеуi де 60 жасқа толса, пилоттарға халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарымен айналысатын, әуе кемелерi командирлерiнiң функцияларын орындауға рұқсат етiлмейдi.
      65 жасқа толған пилот куәлiктерiнiң иегерлерiне халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарында пайдаланылатын пилоттың функцияларын орындауға рұқсат етiлмейдi.
      11. Әуе кемесi командирiнiң немесе төменде берiлген әуе кемелерi түрiнiң кез келгенiнiң екiншi пилотының функцияларын орындау үшiн пилот куәлiгiнiң бар болуы қажет:
      ұшақ
      тiкұшақ
      аса жеңiл әуе кемесi.
      12. Пилот куәлiгiн бергенде куәлiкке әуе кемесiнiң түрi туралы белгi және бiлiмiн, дағдыларын (ептiлiктерiн) тексеру барысында пайдаланылған әуе кемелерiнiң класына немесе типiне сәйкес келетiн бiлiктiлiк белгiлерi енгiзiледi.
      13. Әуе кемесi командирiнiң немесе тип сертификатына немесе ұшуды пайдалану бойынша нұсқауға (оған балама құжатқа) сәйкес бiр пилоттан тұратын ұшқыштар экипажы пайдаланатын ұшақтағы екiншi пилоттың функцияларын орындау үшiн куәлiк иегерiнiң әуе кемесiнiң түрi туралы сәйкес бiлiктiлiк белгiсi болады:
      1) бiр қозғалтқышпен, құрлықтағы;
      2) бiр қозғалтқышпен, гидроұшақ
      3) көп қозғалтқышты, құрлықтағы;
      4) көп қозғалтқышты, гидроұшақ.
      14. «Пилот-нұсқаушы» бiлiктiлiк белгiсi және онда оқыту жүргiзiлетiн әуе кемесi командирiнiң функцияларын орындауға мүмкiндiк беретiн бiлiктiлiк белгiлерi бар пилот куәлiгiнiң иегерiне ұшуға оқытуды жүзеге асыруға рұқсат етiледi.
      15. Пилот куәлiгiн алу мақсатында оқытқанда оқытылатын тұлға бiрiншi немесе екiншi класты қолданыстағы медициналық қорытынды бар болғанда өз бетiмен ұшуға рұқсат етiледi.
      16. Пилоттарды даярлау жөнiндегi жоғарғы және орта азаматтық авиация оқу орындарында оқитын тұлғалардың бiрiншi класты медициналық куәлiктi иеленуi қажет.

2. Куәлiктердi беру және мерзiмiн ұзарту тәртiбi

      17. Осы Қағидалардың 4-тармағында аталған авиациялық персонал куәлiктерiн берудi Уәкiлеттi орган жүзеге асырады.


      18. Куәлiктердi беру жеке немесе заңды тұлғамен берiлген құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      19. ӘК ТҚ бойынша куәлiктi бергенде заңды тұлға куәлiктiң иегерi құқығында қажеттi құжаттама беру туралы рәсiмi бар ӘК ТҚ бойынша ұйым болып табылады.
      20. Уәкiлеттi орган келесi құжаттарды бередi:
      1) ерiктi нысандағы өтiнiш, ал ӘК ТҚ жөнiндегi маман үшiн – осы Қағидада берiлген 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      2) куәлiктiң түпнұсқасы (бар болғанда);
      3) өтiнiштi берген сәттегi сәйкес теориялық бiлiмiн растайтын құжаттар көшiрмелерi, практикалық оқуы мен тәжiрибесi. ӘК ТҚ жөнiндегi мамандарға – ӘК ТҚ саласындағы жұмыс тәжiрибесiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi.
      Жұмыс тәжiрибесiн бекiту үшiн ӘК ТҚ жөнiндегi маманның жеке журналының нысаны Қағидаданың 3-қосымшаға сәйкес берiлген;
      4) авиациялық персоналға ұсыным осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiлген. ӘК ТҚ жөнiндегi мамандар үшiн Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiлген.
      Ұсынымда объективтi деректер болады, ол қолмен және азаматтық немесе эксперименттiк авиация ұйымының мөрiмен куәландырылады;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшiрмелерi немесе Қазақстан Республикасында тұруға белгi қағаз;
      6) екi фотосурет (түрлi-түстi, күңгiрт, көлемi 3,5 х 4,5, фотоға қарап тұрған тұлға жақтан оң жақта бұрышы бар);
      7) ӘК ТҚ жөнiндегi мамандарды қоспағанда, авиациялық оқу орталықтарын (авиациялық ұшқыштар училищесi, авиациялық институт, авиациялық техникум, колледж, оқу орталығы (бұдан әрi - ОО)) бiтiргенi туралы құжаттардың көшiрмелерi. ӘК ТҚ жөнiндегi мамандар үшiн – базалық бiлiмнiң бiр немесе одан көп бағдарламалары бойынша (А, В1, В2 немесе В3 санаттары) азаматтық авиацияның авиация-техникалық орталығын, авиациялық институтты, авиациялық училищенi, авиациялық техникумды немесе авиациялық колледждi бiтiргенi туралы құжаттардың көшiрмелерi, олардан өту мерзiмi өтiнiш берушi өтiнiштi берген сәтте 10 жылдан аспауы тиiс;
      8) медициналық қорытынды көшiрмелерi (ұшқыштар экипажы, бортоператорлар, бортсерiктер және әуе қозғалысының диспетчерлерi үшiн);
      9) ӘК ТҚ жөнiндегi мамандарды қоспағанда, соңғылардың мамандық бойынша бiлiктiлiктi жоғарылату курстардан уақыт бойынша өткенi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
      10) ӘК ТҚ жөнiндегi мамандарды қоспағанда, қауiп-қатер мен қателер факторларын бақылау принциптерiн қоса алғанда, адамның мүмкiндiктерi.
      Авиациялық оқу орталықтарында тек теориялық курстан өткен пилоттар мен штурмандар жаттықтыру және ұшқыштар даярлығының актiлерiн қосымша түрде бередi.
      ӘК ТҚ жөнiндегi мамандар үшiн дипломы арқылы базалық бiлiм бағдарламалары бойынша «Адамның ӘК техникалық қызмет көрсетуге қатысты мүмкiндiктерi» курсынан өткенiн дәлелдей алмайтын өтiнiш берушiлер үшiн – Уәкiлеттi органға персоналды бейiндi даярлау курсынан өткенi туралы сертификатты бiр қайта ұсыну.
      21. Мемлекеттiк авиацияның авиациялық персоналын азаматтық немесе эксперименттiк авиацияға жұмысқа қабылдағанда оларға куәлiктер берудi Уәкiлеттi органға олардың қайта даярланғанын растайтын құжаттарды және осы Қағидалардың 20-тармағында аталған құжаттарды беру арқылы, Уәкiлеттi орган олар азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында қайта даярлаудан өткен соң ғана жүзеге асырады.
      Куәлiктер әуе кемелерiнiң бұрын игерiлген типтерiндегi жұмыс тәжiрибесi есепке алынып берiледi.
      22. Егер шетел азаматтары Қазақстан Республикасының авиациялық оқу орталықтарында арнайы және (немесе) кәсiптiк даярлықтан өткен және Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясында медициналық куәландыру Қағидаларымен анықталған, денсаулығы жағдайы бойынша талаптарға сәйкес келген жағдайда, осы Қағидалардың 4-тармағында аталған авиациялық персонал куәлiктерiн шетел азаматтарына беру жүргiзiледi.
      23. Азаматтық авиацияның ұшқыштар (кабиналық) экипажының мүшелерiне куәлiктердiң қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн Уәкiлеттi органға келесi құжаттар берiледi:
      1) ерiктi нысандағы өтiнiш;
      2) кешендi жаттықтырғыштағы (LPС) соңғы тексеру нәтижелерi туралы бланкiнiң (нысанның) көшiрмесiн және/немесе бiлiктiлiк деңгейiн сақтау бойынша ұшқыштарды тексеру нәтижелерi бланкiсiнiң (нысанының) көшiрмесi;
      3) теориялық бiлiмдi тексеру нәтижелерi бланкiсiнiң (нысанының) көшiрмесi;
      4) радиотелефон байланысында пайдаланылатын тiлдi бiлуге арналған тестiлеуден өткенiн растайтын сертификаттың көшiрмесi (халықаралық ұшуды орындайтын ұшқыштар экипажының мүшелерi үшiн);
      5) медициналық қорытынды көшiрмесi (1-класс немесе 2-класс);
      6) «Қауiп-қатер мен қателер факторларын бақылау принциптерiн қоса алғанда, адамның мүмкiндiктерi» курсы бойынша даярлықтан өткенiн растайтын сертификаттың көшiрмесi;
      7) азаматтық авиацияның ұшқыштар (кабиналық) экипажы мүшесi куәлiгiнiң түпнұсқасы.
      Егер дағдыларды тексеру кешендi жаттықтырғышта JAR FCL қағидалары бойынша жүргiзiлсе, онда соның iшiнде куәлiктердiң бiлiктiлiк белгiлерiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту осы Қағидалар бойынша жүргiзiледi (ұшқыштар экипажының мүшелерi үшiн).
      24. ӘК ТҚ жөнiндегi маман куәлiгiнiң мерзiмiн ұзарту үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
      1) осы Қағиданың 20-тармағында аталған қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) осы Қағидалардың 20-тармағының 10-тармақшасында аталған құжаттар;
      3) куәлiктiң түпнұсқасы.
      25. Азаматтық авиацияның әуе қозғалысына қызмет көрсететiн мамандар куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
      1) практикалық дағдыларды тексеру хаттамасының көшiрмесi;
      2) теориялық бiлiмдi тексеру нәтижелерi бланкiсiнiң (нысанының) көшiрмесi;
      3) медициналық қорытынды көшiрмесi (3-класс);
      4) персоналдың бейiндi даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесi;
      5) азаматтық авиацияның әуе қозғалысына қызмет көрсететiн маман куәлiгiнiң түпнұсқасы.
      26. Ұшқыштар (кабиналық) экипаж мүшесiнiң куәлiктерiне бiлiктiлiк және арнайы белгiлердi енгiзу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
      1) ерiктi нысандағы жолдама хат;
      2) рұқсат ету (шектеулер мен құқықтар) туралы бұйрықтың көшiрмесi;
      3) жаттықтыру бағдарламасынан өткенi туралы бланкiлердiң (нысандардың), ұшқыштарды тексеру және бiлiктiлiк (арнайы) белгiсiн алуға құқық беретiн сәйкес емтихандарды тапсыру нәтижелерiнiң көшiрмелерi.
      27. Уәкiлеттi орган бiлiктiлiк белгiлерiнiң (рейтингiнiң) қолданылу мерзiмiн олардың қолданылу мерзiмi тоқтатылатын айдың аяғына дейiн ұзарта алады.
      Олардың қолданылу мерзiмi өткенде бiлiктiлiк белгiлерiнiң қолданылуын жаңарту үшiн ұшқыштар экипажының мүшелерi Үкiметтiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 532 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында Ұшу жұмысын ұйымдастыру Қағидаларына сәйкес даярлықтан өтедi.
      Егер бiлiктiлiк белгiлерiнiң қолданылу мерзiмi 90 күннен бастап 1 (бiр) жылға дейiнгi шекте өтiп кетсе, бiлiктiлiк белгiлерiнiң қолданылуын жаңарту үшiн Уәкiлеттi органға осы Қағидалардың 27-тармағында аталған құжаттар ұсынылады.
      Егер бiлiктiлiк белгiлерiнiң қолданылу мерзiмi 1 (бiр) жылдан артық өтiп кетсе, бiлiктiлiк белгiлерiнiң қолданылуын жаңарту үшiн Уәкiлеттi органға осы Қағидалардың 24-тармағында аталған құжаттар ұсынылады.
      28. Құжаттарды қарастыру мерзiмi түскен күннен бастап 30 күнтiзбелiк күндi құрайды.
      29. Куәлiктер куәлiк иегерiне немесе азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысына немесе оның сенiмдi тұлғаларына берiледi.
      30. Куәлiк бүлiнген, толтыруға арналған беттер болмаған, қолданылу мерзiмi өткен жағдайларда және басқа себептер болғанда азаматтық және эксперименттiк авиация ұйымының, сондай-ақ куәлiк иегерiнiң өзiнiң куәлiктi қалпына келтiру немесе айырбастау туралы өтiнiшiнiң негiзiнде куәлiк айырбасталады.
      Куәлiктi айырбастағанда ескi куәлiктiң бiлiктiлiк (рейтинг) және арнайы белгiлерi бөлiмдерiне енгiзiлген барлық жазбалар тасымалдауға жатады, тасымалдағанда олардың жазбасының пiшiмi өзгертiлуi және осы «Қағидалардың» талаптарына сәйкес келуi мүмкiн.
      Куәлiктердi айырбастау үшiн азаматтық авиация ұйымы осы Қағидалардың 20-тармағының 1)-7), 10)-тармақшаларымен анықталған құжаттарды ұсынады.
      ӘК ТҚ жөнiндегi мамандар үшiн ескi куәлiктiң «Rating» бөлiмiне енгiзiлген барлық жазбалар тасымалдауға жатады. «Special Remarks» бөлiмiнде белгiленген жазбалар жаңа куәлiкке тасымалдауға жатпайды.
      31. Куәлiктердi беру Тiзiлiмде және электрондық базада (авиациялық персоналдың әрбiр мамандығы үшiн жеке) осы Қағидаларда берiлген 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiркеледi.
      32. Куәлiк 8,7х12 сантиметр өлшемiмен кiтап типтi болып жасалады.
      33. Азаматтық авиация куәлiктерi ағылшын тiлiне аударылып, қазақ тiлiнде шығарылады.
      Куәлiктерде 14 тармақ бар, олар рим цифрларымен бiркелкi нөмiрленедi және айқын және анық жазумен, қара тушьпен немесе қолмен сиямен толтырылады. Өшiруге, түзетуге және қолмен жөндеуге рұқсат етiлмейдi.
      Куәлiктiң әрбiр тармағына белгiлi ақпарат (мәлiметтер) сәйкес келедi.
      Куәлiктiң I бастап XI дейiнгi тармақтары – тұрақты, ал XII бастап XIV дейiнгi тармақтары айнымалы болып табылады, оларды куәлiктiң негiзгi пiшiмiнiң жеке немесе бөлiнетiн бөлiктерiмен шығаруға рұқсат етiледi. Әрбiр жеке немесе бөлiнетiн бөлiгi осы Қағидаларда берiлген 7-қосымшаға сәйкес куәлiктiң бiр бөлiгi ретiнде анық сәйкестендiрiледi.
      34. Куәлiктердi толтыру және ресiмдеу тәртiбi:
      1) I тармақта мемлекеттiң мемлекеттiк (қазақ) немесе халықаралық (ағылшын) тiлдердегi атауы (жартылай қалың қарiппен) көрсетiледi;
      2) II тармақта куәлiктiң атауы (қалың қарiппен) көрсетiледi;
      3) III тармақта куәлiктi берген азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген куәлiктiң сериялық нөмiрi (араб цифрларымен) көрсетiледi;
      4) IV тармақта қазақ және ағылшын тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi, туылған күнiараб цифрларымен (күнi, айы, жылы) көрсетiледi;
      5) V тармақта куәлiк иегерiнiң мекен-жайы көрсетiледi, ол «Қазақстан Республикасы» немесе «Republic of Kazakhstan» жазбасымен шектелуi мүмкiн;
      6) VI тармақта куәлiк иегерiнiң азаматтығы көрсетiледi. VI тармақта азаматтық ағылшын тiлiнде көрсетiледi;
      7) VII тармақта иесi өзiнiң қолын қояды. Сонымен бiрге осы бетте қолдың үстiне куәлiк иегерiнiң бас киiмсiз алдынан түсiрiлген фотосуретi желiмделедi. Фотосуретi және жеке қолы куәлiктi берген уәкiлеттi органның елтаңбалы мөрiмен куәландырылады;
      8) VIII тармақта авиациялық персонал куәлiгiнiң кiммен берiлгенi көрсетiледi;
      9) IX тармақта куәлiктiң қолданылу мерзiмi жазылады, Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасының қолы қойылады. Қолы Уәкiлеттi органның елтаңбалы мөрiмен куәландырылады. Ол күннен бастап куәлiк жарамды болып табылатын дата осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарымен анықталады;
      10) куәлiктiң Х тармағында куәлiктi берген Уәкiлеттi органның лауазымдық тұлғасының қолы қойылады;
      11) куәлiктiң XI тармағында куәлiктi берген Уәкiлеттi органның берген күнi және мөрi қойылады;
      12) XII тармақта пилоттардың, штурмандардың, бортинженерлердiң, бортмеханиктердiң, бортрадистердiң, бортоператорлардың, бортсерiктердiң куәлiктерiнде ӘК түрi, типi (ұшақтар үшiн бiр қозғалтқышты немесе көп қозғалтқышты, тiкұшақтар үшiн бiр бұрандалы немесе көп бұрандалы), құрлықтағы немесе гидроұшақ (тiкұшақ), берiлген бiлiктiлiгiне байланысты лауазымы көрсетiледi:
      әуе кемесiнiң командирi;
      екiншi пилот;
      штурман;
      бортинженер;
      бортмеханик;
      бортрадист;
      бортоператор;
      бортсерiк;
      жеке пилот;
      аса жеңiл авиация пилоты.
      ӘҚҰ диспетчерлерiнiң куәлiктерiнде онда куәлiк иегерiнiң жұмыс iстеуiне рұқсат етiлген диспетчерлiк пункттiң (пункттердiң) атауы көрсетiледi.
      Авиациялық станциялар (теңiз қондырғысында орналасқан) операторларының куәлiктерiнде онда (оларда) куәлiк иегерiнiң жұмыс iстеуiне рұқсат етiлген теңiз қондырғысы(лары) вертодромының атауы көрсетiледi.
      ӘК ТҚ жөнiндегi маманның куәлiгiнде ӘК типi және модификациясы, қабылданған халықаралық қысқартуларға сәйкес онымен ӘК пайдаланылатын қозғалтқыштың типi, сондай-ақ оның иесiне берiлген куәлiктiң бiр немесе бiрнеше санаты (В1, В2, В3 немесе С) көрсетiледi.
      ӘК ТҚ жөнiндегi мамандар үшiн 18, 19, 20-тармақтардың кез келгенiмен талап етiлген құжаттар осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетiлген.
      ӘК типiне оқытқанда теориялық курстардан өту және практикалық машықтанудан өткенiн растайтын құжаттардың мерзiмi өтiнiш берушi Уәкiлеттi органға өтiнiш берген сәтте 3 жылдан аспауға тиiс.
      Куәлiктерде «Ratings» бөлiмiне жазылған жазбалар лауазымды тұлғаның қолымен және Уәкiлеттi органның мөрiмен расталады.
      Куәлiктiң «Special Remarks» бөлiмiндегi жазбалар лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылады. «Rating» және «Special Remarks» бөлiмiне жазба енгiзу датасы Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасының куәлiкке жазба енгiзу туралы шешiм қабылдаған датамен анықталады;
      13) куәлiктердiң XIII тармағына рұқсат ету туралы келесi деректер енгiзiледi:
      метеорологиялық минимумдар бойынша (1, 2, 3-санаттар минимумдары бойынша) ұшу мен қонуды орындауға, радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тiлiн бiлу деңгейi туралы белгi.
      ӘҚҰ диспетчерлерiнiң куәлiктерiнде лауазымға тағайындау туралы деректер енгiзiледi және әуе қозғалысын ұйымдастыру, ағылшын тiлiнде радиоалмасу жүргiзу сияқты ерекше құқықтар туралы мәлiметтер, радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тiлiн бiлу деңгейi туралы белгi көрсетiледi.
      Авиациялық станциялар (теңiз қондырғысында орналасқан) операторларының куәлiктерiнде лауазымға тағайындау, ИКАО шкаласы бойынша радиотелефон байланысын жүргiзгенде ағылшын тiлiн бiлу деңгейi сияқты ерекше құқықтар туралы мәлiметтер көрсетiлетiн жазбалар жүргiзiледi.
      ӘК ТҚ жөнiндегi мамандардың куәлiктерiне куәлiкке қосымшаның жеке нөмiрi енгiзiледi (XV тармақ). ӘК ТҚ жөнiндегi маманның куәлiгi оған берiлген қосымшасыз жарамды емес болып табылады.
      XIII тармақтағы жазбалар қазақ, орыс немесе ағылшын тiлдерiнде жүргiзiледi. Жазба азаматтық авиация саласындағы Уәкiлеттi органның лауазымдық тұлғасының қолымен куәландырылады;
      14) куәлiктiң XIV тармағында азаматтық және эксперименттiк авиация ұйымының атауы көрсетiледi;
      15) ӘК ТҚ жөнiндегi мамандар үшiн ӘК ТҚ жөнiндегi маманның куәлiгiне қосымша толтырылады (XV тармақ), онда қосымшаның жеке нөмiрi, берiлген куәлiктiң санаты (санаттары), ол кезде куәлiк жарамды немесе тоқтатылған болып табылатын шектеулер мен шарттар көрсетiледi. Куәлiктiң XV тармағының нысаны осы Қағидаларда берiлген 9-қосымшада келтiрiлген.
      35. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi маманның куәлiктерiне келесi санаттар кiредi:
      A санаты;
      B1 санаты;
      B2 санаты;
      B3 санаты;
      C санаты.
      А1 және В1 санаттары ұшақтар, тiкұшақтар, реактивтi және пiспектi қозғалтқыштар комбинацияларына қатысты санат бөлiктерiне бөлiнедi:
      A1 және B1.1 – реактивтi қозғалтқыштары бар ұшақтар;
      A2 және B1.2 – пiспектi қозғалтқыштары бар ұшақтар;
      A3 және B1.3 – реактивтi қозғалтқыштары бар тiкұшақтар;
      A4 және B1.4 – пiспектi қозғалтқыштары бар тiкұшақтар.
      Куәлiктердiң ӘК ТҚ бойынша белгiсiнiң бiлiктiлiгi мақсаттары үшiн әуе кемелерi келесi топтар бойынша анықталады:
      1) 1-топ: құрама қозғалтқышты қондырғылары бар тiкұшақтар, ең көп пайдаланылатын ұшу биiктiгi 29000 футтан артық ұшақтар сияқты, көп қозғалтқышты ӘК, ұшақты қашықтан электр басқару жүйесiмен жабдықталған ӘК және Уәкiлеттi орган анықтайтын ӘК типтi бiлiктiлiк белгiлерiн енгiзудi талап ететiн басқа ӘК.
      2) 2-топ: 1-топқа жатпайтын басқа ӘК, олар келесi топ бөлiктерiне тиесiлi:
      2а-топ бөлiгi: бiр турбобұрандалы қозғалтқышы бар ұшақтар;
      2b-топ бөлiгi: бiр реактивтi қозғалтқышы бар тiкұшақтар;
      2с-топ бөлiгi: бiр пiспектi қозғалтқышы бар тiкұшақтар;
      3-топ: 1-топта көрсетiлмеген, пiспектi қозғалтқышы бар ұшақтар.
      36. Куәлiктердiң XII және XIII тармақтарына енгiзiлетiн бiлiктiлiк және арнайы белгiлер жазбаларының мысалдары осы Қағидаларда берiлген 10-қосымшада келтiрiлген.

Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын есепке қойылған шетелдік теле-, радиоарналардың 2014 жылғы 1 шілдегі жағдай бойынша тізімі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру қағидалары Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы"
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет